Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Шығармашылық кеш" зейнеткерлікке шығарып салу сценарий
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Шығармашылық кеш" зейнеткерлікке шығарып салу сценарий

библиотека
материалов

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,

Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.

Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі

Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.


Талай күндер төккен тер мен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.


Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…

Жаратқанның нұры сізде көктеген.

Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,

Көңілдеген көкркем кейіп көкдөнен.


Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.


Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы атам деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!


Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!


Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Жүргізуші:

Сіз-Ұстазсыз,барша жан ардақтайтын,

Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек,төккен тер жемістерін,

Көретін кезде келді ұлықтайтын-демекші сахнаға бүгінгі кештің себепкері

Омар Сүйіндік Рысқұлұлын сіздердің қошеметтеріңізбен шақырамыз.

(кештің иесі Омар Сүйіндік Рысқұлұлын көрерменмен қарсы алу)

Жүргізуші:

( Құрманғазының күйі «Алатау» орындалып тұрады).

Адам-өз өмірінің сәулетшісі.Даралар да,қаралар да,даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды.Оның мәнді де сәнді,мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты.Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.

(Өмір дерек).

Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де,қызықты,шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай Алатау батыр өңіріне белгілі, жақсы азаматтардың бірі –ардагер ана,ұлағатты ұстаз Ақжар Мария Хожамұратқызы.

Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы” деген сөз тегін айтылмаған. Әкеден – ақыл, шешеден мейір көріп өскен Сүйіндік Рысқұлұлы бойындағы асыл қасиеттерінің бәрін оның тектілігінен іздеген жөн шығар.

Кішкентайынан білім мен өнерге,спортқа қатысып жоғары шыңнан көрінген тұлға.

Омар Сүйіндік Рысқұлұлын 1952 жылдың 10 маусымында Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында дүниеге келген.Алғаш мектеп табалдырығын 1959 жылы ОҚО,Мақтаарал ауданы Ушинский атындағы орта мектептен бастады.1969 жылы Николай Островксий атындағы орта мектепті аяқтап 1970 жылы Сырдария қаласындағы Сырдария Мемлекеттік Инстетутының «ағылшын тілі» кфедрасына түсіп,1975 жылы бітіріп «ағылшын тілі» мамандығына ие болады.Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданына қарасты «Сүткент» совхозындағы Лермонтов атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін бастады.1976 жылы Шардара қаласындағы кәсіптік-техникалық училищесінде 2 жыл ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс атқарды.1978 жылы Шардара ауданы, «Целиный» совхозына қоныс аударып бастауыш комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды.1982 жылдан бастап осы уақытқа дейін қазіргі С.Каттабеков атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып келді.

Қазіргі таңға дейін С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде жас бүлдіршіндерге сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі – ол өзі үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Мектептегі бірлестік жұмысының дамуына үлес қосушы, жаңа істердің жаршысы болып жүретін ағамыз осы жылдар аралығында мұғалімдігімен қоса әкімшілік қызметін де алып жүріп, мектеп ұжымына да жол көрсете білді.

Омар Сүйіндік Рысқұлұлы негізгі оқыту бағыты – ұлттық педагогиканы оқушы бойына сіңдіру болатын. Осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен Сүйіндік ағамыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.

Тумасынан еңбексүйгіш те белсенді Сүйіндік Рысқұлұлы шығармашылық жұмыспен қатар, мектеп өмірінде болып жататын түрлі мерекелік шараларға, өнер сайыстарына ақылшы, әділқазы ретінде жиі қатысып отырады.Жас мамандарға өзінің кесімді пікірлерімен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісіп отыратыны көпшілікке мәлім.

Оның бойындағы “ақырын жүріп, анық басатын” байсалдылығы, жусаннан аласа, бетегеден биік кішіпейілдігі, құйса толмайтын, толса аспайтын парасаттылығы, зерделілігі, еңбекқорлығы, зияткерлігі – ұлы Абай бабамыз айтқандай, тамаша бес қасиеті жайлы да көп айтуға болады.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.


Тұрмыс! Тұрмыс ол отбасы.Отбасы ол шағын мемлекет. Омар Сүйіндік Рысқұлұлы тағдыр қосқан қосағы да өсіп-өнген елдің қызы Байбосынова Саламат апамызбен 40 жылдай отасып,3 ұл 2 қызды тәрбиелеп,ұлын ұяға,қызын қияға қондырды.

Жұбайы Байбосынова Саламат 1952 жылы 25 мамырда Ташкент облысында дүниеге келген.1975 жылы Өзбекстан Республикасы Сырдария қаласындағы Сырдария Мемлекеттік Инстетутын үздік аяқтап,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.Шардара ауданы,Целинный совхозында 15 жылға жуық «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып, содан зейнеткерлікке шыққанға дейін С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мекте

Саламат апамыз екеуі үш ұл,екі қыз тәрбиелеп өсірді.Тұңғыш баласы Умаров Ербол Сүйіндікұлы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университетін аяқтап қазіргі таңда Шардара қалалық кәсіптік-техникалық колледжде мұғалім-шебер қызметін атқарады.

2015 жылы мамыр айында колледж мұғалімдері арасында өткен облыстық байқауда жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Екінші перзенті Умарова Сұлушаш Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік Университеттің «Аударма ісі» факультетін «Үздік дипломмен» аяқтап,Шымкент қаласындағы Аймақтық-Инновациялық Университетінің «екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебінде «ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» болып қызмет атқаруда.

Үшінші перзенті Умаров Сапархан Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Құқықтану» факультетінің орыс бөлімін «Үздік дипломмен» аяқтап,Алматы қаласындағы аэроұтқыр бөлімшесінде әскер қатарында әскери борышын өтеп келгеннен соң Астана қаласындағы Қаржы полициясы Академиясында оқытушы,аға оқытушы қызметін атқарды.2013 жылы ҚР-ның Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясын Сот төрелігі Инстетутын «Үздік» аяқтап,ҚР-ның Президентінің 2014 жылдың 17 маусымындағы жарлығымен Шардара аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Төртінші перзенті Умаров Ерлан Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетін аяқтап,еңбек жолын Астана қаласындағы Қаржы полициясы Академиясында инспектор болып бастады.Қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттік Университетінің ІІ-курс магистранты.

Ең кенже қызы Умарова Фариза Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Ғылыми биология» факультетін аяқтап,қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы Аймақтық-Инновациялық Университетінің «Биология» мамандығы бойынша магистратурасында өз білімін жалғастыруда.Сондай-ақ қазіргі таңда С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектепте биология пәні мұғалімі қызметін атқаруда.

Ел игілігі жолында атқарған еңбегі елеусіз қалған жоқ.Бірнеше аудандық, облыстық «Алғыс хаттардың» иегері.

«Учитель-методист» дипломы, «Білім беру ісінің үздігі» медалінің иегері.

Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу - өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір сүрген адамның мақтанышты көңіл-күйіне толы болса да, оның жұмыс ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады.

Сондықтан да бір қыз,бес бала,бес келіннің, он үш немеренің анасы жаны жайсаң педагог апамызды зейнеткерлікке шыққан мерейтойымен шын жүректен құттықтап, өмір жасыңыз ұзақтығын, бақытының баяндылығын тілейміз.

Жүргізуші:

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз, сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл ұстаз, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Қадірлі Сүйіндік Рысқұлұлы ! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

Жүргізуші:

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.


Бүгінгі салтанатты кешті ашып беру үшін мектеп директоры Кәттебеков Нүркен Сырбекұлын сахна төріне қошеметпен шақырамыз.

(марапаттау рәсімі өтіледі).

Мерекелік ән шашу.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров21671
Номер материала ДВ-097808
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх