Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / Шығармашылық тақырып "Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің маңызы" (5 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Шығармашылық тақырып "Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің маңызы" (5 класс)

библиотека
материалов



«Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі









Шығармашылық тақырып



Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің маңызы







2014-2015 оқу жылы





Дайындаған:

Музыка пәні мұғалімі Н.У.Исагалиева









Ақтау-2015



Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің маңызы

Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде.

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады.

«Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының жанын сезілтіп оятатын құбылыстар».

Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.

Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау.

Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады.

а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта);

ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;

б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;

в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;

г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді.

Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.

«Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.

Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасы бар. Оның дамуы ұлттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа деген көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Соның ішінде ауыз әдебиеті шығармаларында қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, тұрмыс-салты, эстетикалық өз көзқарасы бейнеленген. Яғни, қазақ халқының көшпелі өмірі оның көркем шығармасы дамуына әртүрлі ықпал жасады. Осы кезеңдегі өнердің көптеген түрлерінің – ауызша поэзияның, халық музыкасының, тағы басқа да тұрмыстық өнердің қарқынды дамуы болды. . Халқымызда ауыз әдебиетінің ішінде ең көп тарағаны - өлең. Оның адам өміріндегі маңызы туралы ұлы Абай былай деген:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кіреді денең.

Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең».


Бұл жерде ақын сөзінің өлеңге, өскелең өмірімізге тікелей қатысы бар. Ана әлдиі, бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы – бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуы мен байланысты.

Бұрын қазақтың көшпелі дәуірінде ауыл-ауыл болып жиылып, ел мақтанышы болған ақындарды, жыршыларды, әншілерді қонақ қылып, айлап жібермей өнерін тамашалаған. Елдің қабілдетті жастары хат танып, қағазға түсіре білмесе де, өлең-жырларды, термелерді қағып алып, кейіннен өздері нақышына келтіріп айтып жүрген. Ақын-жыраулар қабілетті жастарды қастарына ертіп, үлкен өнерге баулыған. Сонау ежелден келе жатқан өлең-жырлар мен шешендік сөздердің, ән-күйлердің қазақ елінің барлық түкпіріне кеңінен таралуы халқымыздың өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінен екені белгілі. Мұндай ұлы дәстүрді біз күй атасы Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Сүгір күйшінің, ән атасы Біржан салдың, Қанапияның, Ақан Серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Естай ақынның, Жаяу Мұсаның, Мұхит әншінің, Жамбылдың, Кененнің, Исаның, Әсеттің, Мәдидің тағы басқа қазақ халқының ақын-компазиторларының, өнер мектебінен өткен ұлы адамдар шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан көреміз.

Кезінде халық Біржанды «сал», Ақанды «сері» деп атап кеткен. Бұл жай емес, өнер адамдарын, аса дарынды перзенттерін халық еркелетіп, осылай деп атауы сол кездегі дәстүрге айналған.

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз өздерінің сүйікті құралы – домбыраға үлкен мән берген. Атақты компазиторлар Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап ел аралап, өз күйлерін домбырамен орындағанда, жиылған жұрт рухани азық алған.

Халық музыкасы – рухани қазына, таусылмас тәрбие бұлағы.

Кез-келген оқу-тәрбие жұмысы сол мәдени – музыкалық мұрамызға негізделуі шарт. Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп көркемдік аталуына, шынайы сезінуге, одан рухани ләззат алуға, өмір жолы ой толғауға ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. Ақынжанов М. «Қазақтың тегі туралы», Алматы, ҚБМБ, 1956ж.

2. Асқарбекова Ғ. Қазақстан мектебі «Айтыс өлеңдерінің тәрбиелік

мәні» 2001 ж, №2, 40-43 б.

3. Балтабаев М.Х. «Педагогическая культурология». - А., 2000. 178.-183 б.

4. Басенов Т.К. «Орнамент Қазақстана в архитектуре». - А., Изд. Ан.

КазССР, 1957, 7-126 б.

5. Ғабдуллин Ж. Таңдамалы 2 бас. – А., «Жазушы» 1985, 177 б.

6. Еңсепов Ж., Ысқақов Б., «Музыка жалпы орта білім беретін мектептің

5-6- сыныптарына арналған бағдарламалар» Алматы: РОНД, 2003.

7.Есжанов Г. «Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш мектеп». 2000 ж. №3 9-10 б.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров182
Номер материала ДБ-225269
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх