Инфоурок Всеобщая история Научные работыШығармашылық жұмыс. қазақ тілінде. " Ә.Бөкейханов алаш жаршысы" (8 сынып)

Шығармашылық жұмыс. қазақ тілінде. " Ә.Бөкейханов алаш жаршысы" (8 сынып)

Скачать материал

Қазақстан Республикасының  білім  және  ғылым   министірлігі

 

 

Жамбыл  облысы Қордай  ауданы  Алға  ауылы

№34М.Смағұлов  атындағы  орта  мектеп

 

Касенбай  Дильназ

Шығармашылық  жоба8 сынып  оқушысы

 

Тақырыбы:  «Әлихан  Бөкейханов   - Тәуелсіздіктің  жаршысы»

                                   Описание: Изображе_0.tmp

 

Пәні: Қазақстан  тарихы

Жетекшісі: Кененбаева А.Ж.

 

Алға  ауылы

2016ж

Аннотация

Жобаның  тақырыбы: «Әлихан  Бөкейханов  -  Тәуелсіздіктің  жаршысы»

Мақсаты: Алаш арысы Әлихан Бөкейханов туралы, ақынның шығармашылығы,  өміріне  тоқталып, Әлихан Бөкейхановтың  құпия  қалған  мұраларын зерттеу. «Алашорда » деректі  фильмінен  үзінділер арқылы  Ә.Бөкейхановтың  тәуелсіздікке деген талпынысын   ашып  көрсету.

Міндеттері:  Халқымыздың   Алты  Алаш арысы Ә.Бөкейхановтың  құпия қалған  мұраларын  зерттеу, тәуелсіздікке қол жеткізу  үшін  жасаған  еңбектерін  талдау.

Ұсынылып  отырған  жобаның  маңыздылығы:  Ә.Бөкейхановтың өмірі, саясатқа  деген  көз  қарасы,  еліміздің   ең басты құндылығы– Тәуелсіздікке  жетудегі  еңбектеріне,  шығармашылық   құпияларының  мағынасын  ашуда.   Әлихан Бөкейхановтың ғылыми жұмыстары келешек ұрпаққа үлгі.  Біртуар ғұлама атамыздың өмір жолы мен еңбектері өскелең ұрпақтың ұлтжанды, көреген болып өсуіне септігін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді.

 

Тәжірибелік  маңызы:  Ғылыми  жұмыс  ФотоШоу PRO  программасы   арқылы  жасалған, видиороликтердің  көмегімен   Әлихан Бөкейхановтың ішкі  жан  дүниесін  терең  түсінуге  арналған.  Ә.Бөкейханов  туралы  ізденіс  барысында ол кісі    туралы   СССР  кезеңдегі  құпия  сақталған  көптеген  құжаттарды  оқи  отырып  өз  білімімді  тереңдеттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

 

1.     Кіріспе                                                                                            3  

 

2.      І  тарау.  Алаш  қайраткері  Әлейхан  Бөкейханов

          1.1. Әлейхан  Бөкейхановтың  өмірі                                             5

 

3.     ІІ тарау. Саясаткер  реалист

2.1. Қазақ көсемі                                                                             8

          2.2. Әлихан Бөкейханға    қатысты жаңа деректерлер                10

 

     4.  ІІІ  тарау. Әлейхан  Бөкейханов   - Тәуелсіздіктің  жаршысы   

 3.1. Әлейханның  Тәуелсіздік  үшін  жасаған  еңбектері            14

 

     5.   Қорытынды                                                                                   15

 

     6.  Пайдаланылған  әдебиеттер                                                           17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Үздіккен  арманның,  Үзілмес  үміттің  мекені  болған  еліміздің  ең  басты  құндылығы -  Тәуелсіз  Қазақстан.  Алтыны   аспаннан,  байлығы  балақтан  шалған   , арманына  қол  жеткізген  елміз.  Таңдайы   жырға,  маңдайы  нұрға   бөленген  шайырлар  мекеніміздің  Тәуелсіздікке  қол  жеткізудегі  тарихы   тереңінен  жатыр. Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай   көреген  саясаткердің  ерен  еңбегін  дәл бүгін және әрқашанда айтып  өтеміз. Тәуелсіздік   күн   еліміздің  барлық   азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке деп  білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандап,  күтумен  өтті. Сол   армандарға  қол  жеткізу  үшін  барлық  күшін  салған  аса  бір  ардақты  Алты  Алаштың  арысы  Әлихан  Бөкейхановтың  саясатына  тоқталмай  кетуге  болмас. 

   Әлихан Бөкейханов 1870 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

   Ата-тегі:  Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Әкесі Нұрмұхамед.

   Білім алу жолдары:

9 жасында әкесі Әлиханды Қарқаралыдағы ауыл молдасына береді. Өз еркімен молданың білімін ұнатпай, 3 кластық бастауыш мектепке ауысады.  Содан  соң   Қарқаралыдағы  3 жылдық училищеге, Ресейдің Санкт-Петербург  қаласындағы   Орман  шаруашылығы  институтында оқиды.

Ә.Бөкейханов  көрнекті  қоғам  және  мемлекет  қайраткері, ғалым.

Бүкіл  саналы  ғұмырын  халқының  азаттық алып,  еркін  ел  болуына  арнаған.

          Қазақ  тарихындағы  тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын ұйымдастырған.   Сондықтан  еліне  Алаштың  арысы  атанған.

        1917 жылғы  шілденің 21-і қазақ  тарихындағы айрықша күн. Бұл күні тек қана  алғаш рет жалпы  қазақ съезі  ашылып, қазақ  мәселесін  тұңғыш рет заманауи  саяси  деңгейде  қазақ  зиялылары көтеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ,  бұл съезде  «Алаш»  партиясын  құру  туралы  шешім шығарылды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық мүддені көздеген, талап-тілектері тек қана ұлттың мұрат-мақсаттарына негізделген Алаш идеясы жүзеге аспады деген пікір қоғамда аракідік айтылады.
Алайда, бүгінгі Қазақстан Ресейдің 300 жылдық отарының санаға сіңген құлдық психологиясынан әлі де ажырай алмай келгендіктен . Алаш зиялылары  сол  уақытта  барлық  мүмкіндіктерді  пайдаланып тәуелсіздікке бір  табан жақындатқаны  бай  тарихымыздың  көптеген  деректерінен  табылады.

     Мақсаты: Алаш арысы Әлихан Бөкейханов туралы, ақынның шығармашылығы,  өміріне  тоқталып,  Әлихан  Бөкейхановтың  құпия  қалған  мұраларын зерттеу. «Алашорда » деректі  фильмінен  үзінділер арқылы  Ә.Бөкейхановтың  Тәуелсіздікке  деген талпынысын   ашып  көрсету.

   Ұсынылып  отырған  жобаның  маңыздылығы:  Ә.Бөкейхановтың өмірі, саясатқа  деген  көз  қарасы,  еліміздің   ең басты құндылығы– Тәуелсіздікке  жетудегі  еңбектеріне,  өлімінің  құпияларының  мағынасын  ашуда.

    Тәжірибелік  маңызы:  Ғылыми  жұмыс   ФотоШоуPRO  программасымен жасалған    видиороликтердің  көмегімен   Әлейхан Бөкейхановтың   ішкі  жан  дүниесін  терең  түсінуге  арналған.  Ә.Бөкейханов  туралы  ізденіс  барысында ізденіс  барысында ол кісі    туралы   СССР  кезеңдегі  құпия  сақталған  көптеген  құжаттарды  оқи  отырып  өз  білімімді  тереңдеттім.

Қойылған  мәселелерге  жету  үшін  келесідегідей  мәселелерді  шешу  қажет:

Халқымыздың Алты  Алаш  арысы  Ә.Бөкейхановтың  өмірін  зерттеу.

Ә.Бөкейхановтың  еңбектеріндегі  құпияларға  мән  беру. Ә.Бөкейхановтың  Тәуелсіздікке  қол  жеткізудегі  саясатының  тиімділігіне талдау  жүргізу.

Зерттеу  үшін  Ә.Бөкейханов  туралы  ақпараттарды,  ғаламтордан    және де   «Алаш» қозғалысы»,   Тарихи тұлғалар, мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған  басылымдардан,   Қазақстанның қазіргі заман тарихы,   Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулықтары пайдаланылды.

 

 






 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  тарау.  Алаш  қайраткері  Әлихан  Бөкейханов

Әлихан  Бөкейхановтың  өмірі

 

 

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

 

Изображе_0.tmp

 

        1866 жылы наурыздың бесінде  бұрынғы  Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқы рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл  қазіргі Қарағанды облысының  Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 ж. Ақтоғай аудандық кеңестің  шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

          Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы.  Бөкейден  Батыр, одан Мырзатай, одан  Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

          Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың  қолына оқуға  береді. Бір – ақ  зерделі бала молдадан оқығаннангөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып,  қаладағы  үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

          Бұдан  кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы  Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт  жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза  болғандықтан  мүмкіндік жасайды.

        Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының  200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі.

     Ол  мұнда  жүріп  күнделікті  сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға   жуық   Ресей   империясының   қол  астында  отырған халқының   ауыр   тағдыры  қатты  

толғандыра   бастайды.   Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін,   білімін  көтеруді  өзінің  алдына  мақсат   етіп қояды.

   Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық  автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. 
     «Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
     ХХ ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және  драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан  шығарды. Совет өкіметінің  қуғын-сүргініне  ұшыраған  Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында   болған  еді.

     Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. 1937 жылы қайтадан тұтқындалды.Өтірік жала жабылып, 67 жасында  Мәскеу қаласы Бутырская түрмесінде ату жазасына кесілген.  Осы бір   мұрағат  құжаттарына қарағанда,   Әлихан   Бөкейхан 1922 жылдан 1937 жылға дейін  кем дегенде үш  рет  тұтқынға  алынған. Ал  енді  Қазақстанның  сол кездегі басшылығына  қарсы куәлік  алу үшін, әсіресе  ол Мәскеудегі коммуналдық пәтерде  үй қамағында   отырған  1927  жылдың  қазан  айынан  1937 жылдың  шілде айына  дейінгі уақытта кезекті тергеуге алу үшін оны қанша рет уақытша  ұстағандары   бір  құдайға  ғана  аян.

     Қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалары, сондай-ақ... қазір Алматыда өмір сүретін немере туысының қолында сақтаулы тұрған насыбай шақша ғана қалды. 

                     

Әлихан Бөкейханұлын  өлім жазасына кесу туралы үкімнің көшірмесі
 1937 жыл,
27 қыркүйек

(үкім сол күні орындалған)

 

              

    Әлейхан Бөкейханов жазалану            Әлихан Бөкейханов ату жазасы

           алдындағы  суреті.                           алдында Бутырка түрмесінде,
                                                                               Мәскеу, 1937жыл

      Әлиханды 1933  жылы   Мәскеуде  бір-ақ  рет көрген   қазақ совет жазушысы  Сәбит   Мұқановтың  әйелі  Мәриям  2000  жылы  жеке  кітап болып  шыққан  өз  естелігінде   Алаш   көсемінің  тұлғасына  деген ерекше таңданысын:

       «Бөкейханов өте тартымды адам екен... Сырт келбетінен нағыз ақсүйектік қасиет байқалады. Маңғаз, жүзі суық» (Мәриям Мұқанованың «Сағынышым – Сәбитім» кітабында) деп суреттейді.

ІІ тарау Саясаткер - Реалист

2.1. Қазақ көсемі

 

      Патшалық Ресейдің отыршылдық саясаты жыл өткен сайын күшейіп, қазақ ішіне дендеп ене түсті, соның кесірінен хандық биліктің байырғы құрылымдары  жойылып,  қазақтың  салт-дәстүрі  мен  мәдениетіне және оның  өз жерінде  дербес  этнос  ретінде  өмір  сүруіне  қатер төнді.Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының   салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты. Оқуын бітіріп,  Омбыға оралғанда  Ә.Бөкейхан  Ресей империясының  қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан,  марксизмнің   экономикалық   қағидаларымен  қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық  жұмысына белсене араласады.

      1917 жылғы шілденің 21-і қазақ тарихындағы айрықша күн. Бұл күні тек қана алғаш рет жалпықазақ съезі ашылып, қазақ мәселесін тұңғыш рет заманауи  саяси  деңгейде  қазақ  зиялылары көтеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл  съезде  «Алаш» партиясын  құру  туралы  шешім  шығарылды.
     Тарихшы, алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді бірінші жалпы қазақ съезінің құжаттық хаттамасы сақталмағанын айтады. Бірақ ең маңызды мәселелер ретінде мемлекет басқару түрлері, автономия, жер туралы, оқу-ағарту,  әйел  теңдігі сияқты өзекті мәселелер талқыға түскен. Алайда, съезде көтерілген  жер  мәселесі  бүгінгі таңда да қазақ ұлты үшін өзектілігін жойған жоқ. Ал, съездің шешіміндегі жер мәселесі жөнінде тарихшы Мәмбет Қойгелді   мынандай   дерек айтты.  «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31 шілде күнгі санында жарияланған съездің қаулысында қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша, жер ешкімге берілмесін деді. Және қазақ даласында жарамды  жер аз  болғандықтан, қазақ  пайдасынан дворяндық, мал өсіру, сауда-өнеркәсіп, курорт, монастырь үшін деп алынған жерлер түгелдей қазақтардың өздеріне қайтарылып берілсін деді».  Мәмбет Қойгелдінің  айтуынша, 1913 жылы Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалин сияқты ұлт зиялылары жалпықазақ съезін шақыру, ұлттық партия құру туралы  әңгіме көтерген. Алайда, бұл әңгімеге Алашорданың көшбасшысы Әлихан Бөкейхан, «Қазақ» газетінің бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы тоқтау айтып «Қазақ» газетінде мақала жазған.
    «Ол кезде патшалық Ресейдің заңы бойынша, Мемлекеттік Думаға депутат партияның атынан түсетін болған. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі патшалық жүйе жағдайында және сол тұстағы саяси тәртіп жағдайында жалпықазақ съезін шақырып, онда саяси партия құру туралы бастама көтеру қателік болатынын, оның соңы патша өкіметі тарапынан репрессияға ұласатынын жақсы білді. Сондықтан да, Әлихан Бөкейхан «Қазақ»  газетінде жарық көрген мақаласында былай деді: ««Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген қазақтың сөзі бар. Сенің әрбір  қадамыңды, әр сөзіңді аңдып отырған билік бар. Жарайды, сендер жалпы қазақ съезін шақырасыңдар, онда саясат туралы сөз болмай қоймайды. Соның бәрі биліктің  құлағына  жетсе, сендердің әрқайсыңды жүргізбейді. Сондықтан бұл әңгімені қоя тұрыңдар. Уақыты келгенде көрерміз» деген. «Шынында, Бақытжан  Қаратаев,  Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалиндердің ұстаған  бағытының стратегиялық және тактикалық тұрғыдан дұрыс еместігін уақыт  көрсетті», - дейді Мәмбет Қойгелді.Әлейхан  Бөкейхановтың  осындай  көрегендік  саясаткерлігінің  арқасында  қазақ  халқының  жағдайы  біршама  жақсарды.

    Жалпықазақ съезін шақыру және онда саяси партия құру туралы мәселе қарау туралы сол тұстағы бастама алаш зиялыларының арасында үлкен әңгімеге  арқау  болған.  Зиялылар  бұл  мәселеге қатысты  өз ұстанымдары мен  көзқарастарын  «Айқап»  журналы  мен «Қазақ»  газетінің  бетінде мақала  арқылы  айтқан.

Осынау  стратегиялық   мақсаттарға  жету жолында ұлттық  зиялы қауымға да, қарапайым бұқара халыққа да жақын идея ауадай қажет еді.
   Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде  көргісі  келді.  Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан  Бөкейхан  Алаш  қозғалысы  пайда  болғанға дейін-ақ әрдайым айтып  жүрген  еді. Сонау 1910  жылдың  өзінде-ақ  «Қазақтар»  деп  аталатын   тарихи  очеркінде  қазақтардың  соғыс  ұраны  «Алаш деген мифтік  тұлға»  екені   айта  өткен  болатын.

 1913 жылы жазған  «Қазақтың тарихы»  деп  аталатын  мақаласында  Алаш атауына  тереңірек  тоқталып, Алаш  атауының астарында  «жетекші» деген мағына  жатқанын  айтады.  «Жошы  ханды халық  «Алаш»  деп  атап  кетті. Бұл  «Алаштың – алаш  жұртының  басшысы»  екенін  білдіреді»  деп  жазады «Түрік  баласы»  («Қазақ», 1913, № 7).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Әлихан  Бөкейханға    қатысты  жаңа деректер

 

     Әлихан Бөкейханов  қоғамдық істерге  белсене  араласуы   Омбы  қаласында   шығатын  бірнеше   газеттерде  мақала  жазудан  бастау  алады.  Нақтырақ  айтсақ  23  жастағы   автордың  бір  жылдың  ішінде  20 -  ға   жуық  мақаласы   жарық  көрді.  Петербурдағы  Орман   институтын  бітірген   Әлихан   Омбыға  қайта   келеді. Мұнда  ол  Орман  шаруашылығы   училищесінде  математика    пәнінен   сабақ  берді. Сондай – ақ сосциялистік  бағыттағы  «Степной   край  »  газетінің  қызметіне   белсене   араласып   оның  редакция  алқасының  құрамына   енді.  Кейіннен  яғни  1906  жылы  Омбыдағы  кадеттік  «Голос   степии», «Омичь»,  «Иртышъ»  газетін  шығарды.  1908  жылы  Петербургта   жарық  көрген  «Товарищ», «кодеттік  речь», «слова »  газеттерінде  редакторлық  қызмет  атқарды.  1913  жылы  жалпы  ұлттық  қазақ  газетін  ұйымдастырады.

    Мен бүгінде  Ә.Бөкейхановтың  қызмет еткен  редакциялық  орталықтарына  әлеуметтік  желілегден  және  кітапханада  жүргізген  зерттеулерімде    айтыла  бермейтін  көптеген  қызықты  оқиғаларды  оқыдым.  Толықтырсам   ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт көсемі Әлихан  Бөкейхан 1906-1907 жылдары «Иртыш», «Омич» және «Голос степи» (Ф. А. Брокгауз, И. А. Ефрон, Жаңа энциклопедиялық сөздік, 8-том. СПб., 1908 жыл) газеттерін шығарған және редакциялаған. Және де бұл газеттер бір шығып, бір шықпай қалып отырды, ол шығарушы мен редактордың  кінәсінен   емес   екен.

      Бейхабар   оқырманға   жаңағы   аталған   газеттердің редакторлары ретінде  әртүрлі  адамның  аталуы   түсініксіз  болып көріну мүмкін. Мәселен, Ресей мемлекеттік кітапханасы газеттер бөлімінің анықтамалығындағы   мәліметтер  бойынша, «Голос степи»   газетінің алғашқы қаңтарлық сандарында редактор-шығарушы ретінде Д. В. Ивановтың   есімі   көрсетілген, ақпан айындағы сандарында В. В. Кирьяновъ, ал, «Иртышъ» газетінің редакторы И. А. Поваренныхъ деп жазылған. «Омич» газетінің редакторы ретінде көрсетілген адам – В. И. Вереденко  деген   бәз   бір   әйел.

     Бірақ, бұл  жерде  үзілді-кесілді  түйін  жасауға  асықпау керек, өйткені, бұл аталған үш басылымның да тағдыры күрделі болды. «Жаңа  энциклопедиялық сөздік» бойынша айтатын болсақ, басылымдардың тағдыры олардың шын мәніндегі шығарушы редакторы болған Әлихан Бөкейханның  тағдырына ұқсас болған  екен. Ең қызығы басқада. 1906 жылғы  шілденің  соңында  Омбыда «Иртыш» газетінің бірінші саны шығады, сосын ол Далалық генерал-губернатор Сухотиннің өкімімен ««зиянды  бағытына» байланысты әскери жағдай тоқтатылған мерзімге дейін»  жабылады,  бірақ,  оның  ізі суымай жатып, сол жылдың қарашасының соңында оқырмандарға жаңа газет ұсынылады.
    «Иртыш»  басылымы  жабылысымен  бірінші саны шыққан «Омич» (бұл да мән-мазмұны жағынан тура сол басылым еді, тек аты ғана басқаша) газетінің  өмірі  одан  да  қысқа  болды.  Оның  оншақты  саны шығып үлгерді, ал, «Иртыш» газеті оқырмандарға 74-тен астам санын ұсынған еді.
    Ол  «Иртыштың»  ізімен 1906 жылдың  қарашасынан  желтоқсанына  дейін, Әлихан Бөкейханның сөзімен айтқанда: «орыс императорының далалық  сатрабы»  генерал Сухотин қайтадан тура сондай желеумен  және дәл солай белгісіз мерзімге жабуға өкім бергенше шығып тұрды.
    «Голос степи» газеті 1907 жылдың 1 қаңтарынан  шыға  бастады да, 42-інші  санынан  кейін, ақпанның  соңында шығуын тоқтатты. Бұл басылымның  да  тоқтауы әйгілі «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін Әлихан Бөкейханның Санкт-Петербург сотының арнайы қатысуымен сотталып,  үш  айға  түрмеге  жабылуымен дөп келеді. Сол кезде ол өз еркімен  Семейге  келіп, түрмеге отырып жазасын өтеген еді.  Бұл үш газеттің де оқырман қауымы кең және тұрақты болғанын атап айту керек.  Неге  Әлихан  Бөкейхан  әлгі  газеттерді  іс  жүзінде  өзі  редакциялай отырып,  өз  аты-жөнін  көрсетпеген  деген  заңды  сұраққа  оның 1906 жылғы 11 тамызда «Степной пионеръ» газетінде жарияланған өз мақаласынан   жауап   табамыз.

     Оның жазғаны «Обыватель-критиканъ» деген мақаласында мынандай жолдар бар: «…бұрынғы дума мүшелері құрған кез-келген қауымдастық қызметіне тыйым салынады. …Думаға мүше болғаны себепті... қоғамдық қызметпен айналысуға жаппай тыйым салынды!..»

Басылымдардың ішінде қаттырақ жапа шеккені «Омичь» газеті еді, оның барлық  санын  патша  әкімдігі  тәркілеп  алып,  жойып жіберген. 74-тен астам «Иртыш» сандарының екеуі ғана құдайдың құдіретімен сақталып қалған: №19 саны Химкиде Ресей мемлекеттік кітапханасында сақтаулы болса, 1906 жылғы 2 қыркүйекте шыққан №36 саны Санкт-Петербургтен табылған  екен.   Санкт-Петербургтағы Ресей ғылым академиясының кітапханасынан (БРАН) табылған «Иртыш»  газетінің  №36 санында редактор Әлихан Бөкейхан екі мақала шығарған. Оның  біреуі  редакторлық бағанға салынған, әдеттегідей қол қойылмаған. Екіншісін «К  петицям киргизъ» (әңгіме қазақтардың 1905 жылғы әйгілі «Қарқаралы петициясы» туралы өрбиді) деп  атап  көрсетілген  . Бұл  жаңалықтарды  мен   «ақшақұмар» мұрағат  шенеунегінің  мәліметі  бойынша  жазып  отырмын.

    Зерттеу  жүргізу  барысында  «Сүйінші! Әлихан Бөкейхан шығарған «Омичъ»  газеті  табылды»  деген  ерекше  жазуды  оқығанымда  , қуанғаным  сондай   ары  қарай  шығармаларында  қандай  жаңалықтар  бар  екендігіне  үңілдім. 

       Ұлттық  «Алаш»  қозғалысы  мен  партиясының  көсемі  Әлихан Бөкейхан   редакциялап  шығарып  тұрған «Иртышъ», «Омичъ» және «Голосъ степи» газеттерінің біріншісі – «Иртышъ»-тың  басым  көпшілігі Омбыда  сақталған  болып  шықты.  Ал  Томскіден – «Омичъ»  табылды – деп   жазылған  ТМУ-дың  Ғылыми  кітапханасы   директорының орынбасары Галина Ерохинаның  зерттеулерінде.  Ол кісінің  зерттеулерінше:  «Омичъ» газеті – Брокгауз бен Ефронның «Жаңа энциклопедиялық сөздігінің» мәліметі бойынша, қазақтың ұлт-азаттық «Алаш»  қозғалысы мен партиясының  көсемі  Әлихан Бөкейханның 1906-1907 жылдары  басушы-редактор болып шығарып  тұрған тізбекті үш газетінің   екіншісі  болып  табылады. 

      Ұзақ жылдар бойы таптырмай келген «Омичъ»-тің ізі, күткендегідей, шамамен 1906 жылдың қараша  айының   екінші  жартысынан   желтоқсанның соңына дейін өзі басылып шығып тұрған Омбы қаласына емес, Сібірдің  өзге  әкімшілік  әрі  ғылыми  орталығы – Томскіге  алып келді. 
     Бір өкініштісі, Томск мемлекеттік университетінің (ТМУ) Ғылыми кітапханасында  «Омичъ»-тің  бар-жоғы  3-ақ  саны  сақталыпты.  Ол  туралы мақала авторының өтініші бойынша іздеу жүргізген «Ресей қазақтары» қоғамының   белсендісі  Данияр   Шәріпов   хабарлады. Әйтсе де бір ғасырдан  аса  қарасын  көрсетпей  келген   «Омичъ»-тің   үш саны да, дау жоқ, үлкен олжа!  Ресейдің ең басты деген кітапханалары мен мұрағаттарында, атап айтқанда Ресейдің Мәскеудегі мемлекеттік кітапханасында (Химки), Ресей Ғылым академиясының Санктъ-Петербордағы  кітапханасы қорында және Петербордың Орталық мемлекеттік  тарихи  мұрағаты мен Ресейдің мемлекеттік тарихи мұрағатында   «Иртышъ»-тың  бар-жоғы   2-ақ   саны  жатыр.  Алайда «Омичъ»  газеті туралы ақпараттық анықтамадан басқа оның бірде-бір данасы жоқ болып шықты. Ал Ресейдің Петербордағы Ұлттық кітапханасында не «Иртышъ», не «Омичъ» ешқашан болып көрмеген. 
     Міне осындай жағдайда бірдей екі газеттің, оның ішінде әсіресе 104 жылдай үн-түнсіз жоғалып кеткен «Омичъ» басылымының  жер түбіндегі Сібірдің  қойнауынан   табылуы   еш  даусыз  зор табыс болса керек. Мен тіпті  «ғылыми сенсация» дер едім. 

    1889 жылы «Особое прибалтика»  «Акмолински  облыстың  ведомоствасы» газетінің қазақ тіліндегі қосымшасы – «Дала уалаятының газетінде»  жарияланған  өзінің  алғашқы  мақалаларында-ақ қазақ қоғамының жағымсыз жақтары мен қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып  жүрген  екі жүзді  ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алды.
     «Қырда кім болса да сол молда болады. Аз ғана оқу білетін қазақ, я қашқын  ноғай,  я сарт,  я тәжік. Сол адамдар бек надан һәм нәрсені... білмейді һәм солар надан болған соң қазақтарға ауып, оларды мейлінше бұзады.  Қай қазақ молдаға нанбайды, ашық күнді жауын қыламын деп тұрған  соң...  (Құдайындай иланады)... Бір сорлы қазақ бар ма екен... «жақсы» атанып жүрген қазақтар менен молдалардан көрмеген?.. Сол молдалар надандығыменен дінге қарсы өтірік айтады...» деп жазды «Қ. оязындағы молдаларының баяны» деген мақаласында.
Ол болыстарды, писарлер мен тілмәштарды «сұм», «залым» адамдар қатарына  жатқызды.

     Басқа бір мақаласында аутор былай дейді: «Қыр халқы бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей, мал шаруасыменен  күнелтіп  жүрді.  Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге  шейін  бір қазақ  мал  бағуды  түзеуге  ойлаған  жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады».
    23 жасар  Әлихан  сол  кездегі қазақ қоғамы мәдениетінің төмендігін, адами  әдеп пен ахлақтың жоқтығын өкіне отырып айтады. Халықтың жаппай сауатсыздығы, болыстық билік үшін ру аралық күрес, барымта, байлар мен күштілердің кедейлер мен әлсіздерді аяусыз езуі етек алды деп санайды.
      Бұл жылдары, Әлиханның көзқарасынша, қазақ халқы бай мен надан молдалардың және отаршыл биліктің үш жақтан бірдей езгісіне түсті.
    Бірақ   Әлихан   қазақтар туралы: «Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты   біліп,  еңсесін  көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң...», – деп жазды.

     Қорытындылай  келсем   осындай шындықпен  ұласатын  көптеген  мақалалары   жарық  көрген.  Кеңестік  жүйенің  қазаққа  жасаған  бір үлкен қиянаты - қазақ  қоғамында  бар  әулеттерді талқандады. Әулеттер - ұлттық өмірінде жағымды рөл атқарады. Ол - іргетас іспеттес. Кеңестік билік бір ғана Әлейхан  Бөкейхановқа  ғана  емес, Алаш зиялыларының бәрінің ұрпағына зиян жасады.  Ә.Бөкейхановтың   данышпандығы сол - саяси қайраткер  өзінің маңына топтасқан адамдар үшін жауап береді. Әлекең Алаш идеясының  жолында  құрбан болған, жапа шеккен азаматтардың бәріне де  шамасы  келгенше  көмектескен   екендігіне   көз  жеткіздім.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  тарау.     Әлейхан  Бөкейханов   - Тәуелсіздіктің  жаршысы

3.1. Әлейханның  Тәуелсіздік  үшін  жасаған  еңбектері

 

      Тәңірі  талабынан  айырмаған Әлихан  30 жасында  Шербина  экспидициясының  жұмысына   қатысады  .  Әлиханның  айтуынша  экспедиция жұмысына   қатысу  қазақ  халқы  үшін  ең  зәру  мәселеге  айналған.  Ол  экспедицияға  қатысу  барысында, қазақ  даласына  байланысты  Ресей  империясының  көздеген  мақсатына  бұрын  өзі  байқай  білмеген  жаңа  қырларын   көрді. Сондай – ақ, тайау  жылдары  отарлау  саясатын іске  асыруға   патша  билігі  дайарлық жасап  жатқандығын   аңғарады. Сол  себепті  Әлиханның  көзқарасы  Шарбина  экспедитциясына  қатысқан  1896 жылы  1903 жылдары  өзгергені анық. Қазақ  қайраткерлерінің  1905 – 1920  жылдардағы  іс -  қимылдары тәуелсіз мемлекет  құруға   ұмтылған  ұлттық  күрестің  алғашқы  баспалдағы  болды.  Оның  жарқын көрінісі  өзін-өзі  көп күттірген  жоқ. Мәселен  «Қоянды  жәрмеңкесіндегі»  бүкіл қазақтық  азаматтық  мойынсұнбау  қозғалысы  дербес қазақ  мемлекетін  құруды  көздеді.  Солардың  бірі  ретінде  1905  жылғы  17  ақпан  манифесін  атауға  болады. Қазақ даласындағы  азаттық  қозғалысының   өрістеткен   бастамасында  Әлихан Бөкейханмен  бірге  саясат  сахнасына  А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, Н.Хазірет,  Ж.Ақбаев сынды  тағы басқада  көптеген  азаматтар  шықты. Бұл жөнінде  Әлихан «Қазақтар » атты  мақаласында 1905 жылдың  маусымында  қазақ  даласының  қақ  ортасында  Қарқаралы  Оязындағы   «Қоянды  жәрмеңкесінде»  14500  қазақтың  атынан  министірлер  кеңесінің  төрағасына  жолданған  арыз - тілек  хат азаттық аңсаған қазақ  халқының  оянған  санасының  алғашқы  үн  қатуы  еді» - деп  жазады.
       Империяның  аяусыз  саясатынан  именбей,  ұлттық мәселе  көтере  білген  алаш  арыстарынан  жиналған  он  екі  азамат  Ресей Мемелекеттік  Думасына депутат  болып  сайланды. Өкінішке қарай  1907  жылы  патша  әкімшілігі  қабылдаған   3 – дивизияны Ресейдің  қол  астындағы қазақ  секілді  ұлттарды  бұратана  ретінде  танып  думаға  депутат  болу  құқығынан  мүлдем  айырып  тастады. Осы  кезеңдерде  Алаш  зиялыларының  «Алаш партиясын»  құруы  алаш  идеясын тастауы  ,   көтерілістерді  халыққа жол  көрсете  білуінің  арқасында  , КСРО  - ның ішінен   Қазақ  Кеңес  Социолистік Партиясының   құрылуына  үлкен  септігін  тигізді.  Сондағы  ұйыған мәселелер  арқылы  «Алаш  партиясының»  тәуелсіздік  идеяларына негіз болып қала  береді.

Әлихан Бөкейхановтың   ақырғы сөзінде өтініп  өзіне  кешірім  жасауды  өтінеген  жоқ,  бар  болғаны «Мен  Кеңес  үкіметін  жақтырмадым,  бірақ  мойындадым» -  деген  екен.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Алаш туы астында,

Куә болсын арымыз.

Көркейтуге Алашты,

Құрбандық біздің жанымыз.

Жасасын Алаш, жасасын!

(С.Торайғыров “Алаш ұраны”)

    Алаш  қозғалысы  «Алаш»  партиясы  Алашорда  үкметі.  Алаш  идеясы  бүгінгі таңда  қазақ  тарихының  күрделі  әрі  көкейкесті мәселелері  болып  саналады.   Жоғарыда  аталған  күні  кешегіге  дейін  лайықты  бағасын  ала  алмай  келген  ұғымдар  қазақ  қоғамындағы  ұлттық  оянудың  сана  қалыптасуының  өзінше  бір көрсеткіші  болды .  қазіргі  таңда  «Алаш  арыстары  »  ардақты  есімін  иеленген  зиялы  қауым  тарих  сахынасына  көтерілді.

 Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ - ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де,Алаш өлмес көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.

М.Жұмабаевтың  жырларынан  «Алаш  арыстарының елі  жері үшін  аянбай  еңбек  еткендігі  айқын  көрінеді.

Қинамайды абақтыға жапқаны,

  Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

  Маған ауыр осылардың бәрінен,

  Өз аулымның иттері үріп                                                                                    қапқаны....

А.Байтұрсынұлының  өлең  шумақтарынан кеңес  уақытының  зұлымдықтарын  аша  түскендей.

Ұлттық сана - сезім халықтың тарихи жады, ұлтымыздың даналары мен батырларын қастерлеу, өзінің рухани түп-тегімен байланысын күн сайын сезіну арқылы дамиды....

  Халықтың ұлт ретінде басын біріктіретін мәңгілік құндылық – осы.

Н.Назарбаев

    Ел  басымыз айтқандай  Алаш  зиялылары  біз  үшін ұлы  есімдер,  тұлғалар,  ұлт  мәселелерін  биіктете беретін  мәңгілік  құндылықтарымыз.

    Әлихан Алаштың шын көсемі болды және болашақ  ұлт көсемдеріміздің тұлғалық үлгісі һәм кісілік бейнесінің өлшемі келбетімен Алашпен бірге мәңгі жасай бермек.

       Алаш мемлекеттігі Әлиханмен басталады. Алаш мемлекеті мен халқы гүлденген сайын Әлиханның жарқын бейнесі тіптен жарқырай бермек. Әлиханды туған Алаш халқы Алаш мұратын жүзеге асыруды әсте тоқтатпақ емес.

 

 

Жамбыл облысы  Қордай  ауданы  Алға  ауылының

№34 М.Смағұлов  атындағы   орта  мектептің

8 – сынып  оқушысы    Касенбай  Дильназдың

«Әлихан  Бөкейханов   - Тәуелсіздіктің  жаршысы»

тақырыбына  орындалған  шығармашылық  жобаға

 

Пікір

          Жобаның  авторы  қосымша  деректерлер  арқылы   тақырыптың  мағынасын, тарихын  ашып қарастырған.  Ә.Бөкейхановтың   дербес  ел  болу  үшін  жасаған  еңбектеріне  өз  жас  ерекшелігіне  сай  мүмкіндігінше   мол қамтуға  тырысқан.  Жобаның   авторы      Әлихан Бөкейхановтың   қоғамдық істерге  белсене  араласуы   Омбы  қаласында   шығатын  бірнеше   газеттерде  мақала  жазудан  бастау  алағаны  арқылы,  Нақтырақ  айтсам  «Степной   край  » , «Голос   степии», «Омичь»,  «Иртышъ»  ,  1908  жылы  Петербургта   жарық  көрген  «Товарищ», «кодеттік  речь», «слова »  газеттерінде  редакторлық  қызмет  атқарып  жүріп,   нәтижесінде  тәуелсіздікке  қол жеткізу  үшін  жасаған  еңбектерін  айқындаған . 

       Жоба  барысында   автор    өздігінше   жұмыс  жасап,   жақсы  белсенділікпен    қызығушылық  танытты. 

     Жоба  оқушының  жас  ерекшелігіне  сай,  ескере  келе   ғылыми  тұрғыда    маңызы  бар  дүние  деп   бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№34 М.Смағұлов 

атындағы  орта  мектептің 

тарих  пәнінің  мұғалімі:                                                  Кененбаева  А.Ж.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995.-256б.
2. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу.- Алматы: Жазушы, 1978.-195-б
3. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. — 272-б.
4.  Нұрпейісов К.Н. 60 жыл айтылмаған ақиқат //Азия.1993 желтоқсан.№52. 4-5-б.
5. Қойгелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси қызметі. Докторлық дис. авторефераты. – Алматы:1994.-27-б
6.  Қойгелдиев М.Алаш өткен жол //Ақиқат.1994.№241-46-б.
7.  Қойгелдиев М. Отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері // Қазақ тарихы. 1993. № 1. 20-25-бб
8. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995.- 368-б
9. ҚойгелдиевМ. «Алашты»бұғаудан қашан босатамыз//Арай.1990қыркүйек.
10. Атабаев Қ. Ә. Бөкейхановтың деректанушылық көзқарастары // Қазақ тарихы. – 1999. №1. 23-27-бб

11. Ғаламтордан  «Алашорда » деректі  фильмдері.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығармашылық жұмыс. қазақ тілінде. " Ә.Бөкейханов алаш жаршысы" (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Материал подходит для УМК

  • «Всеобщая история. Новейшая история. XX - начало XXI века», Загладин Н.В.

    «Всеобщая история. Новейшая история. XX - начало XXI века», Загладин Н.В.

    Тема

    § 2. Революционное движение в Европе и Азии после Первой мировой войны

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 4424
    • DOCX 380.4 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кененбаева Айнур Жуманкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кененбаева Айнур Жуманкуловна
    Кененбаева Айнур Жуманкуловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 61117
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1352 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе