Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Шығармашылық жұмыс "Оқу-тәрбиелеу үрдісіндегі денсаулық сақтау білім беру технологиялары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Шығармашылық жұмыс "Оқу-тәрбиелеу үрдісіндегі денсаулық сақтау білім беру технологиялары"

библиотека
материалов

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» ММ













Оқу-тәрбиелеу үрдісіндегі денсаулық сақтау білім беру технологиялары.





Дайындаған: Мамаев Ерлан Бораншыұлы




















Обаған ауылы, 2015ж.





Мазмұны

  1. Кіріспе.

Денсаулық сақтау бағытындағы көкейкесті мәселелер. 3-5

2. Негізгі бөлім.

2.1. Салауатты өмір салтының маңызы. 6-7

2.2. Әдістеме және технология. 8-10

2.3. Оқу-тәрбие үрдісіндегі денсаулық сақтау білім беру

технологиялары. 11-14

  1. Қорытынды.

Денсаулық сақтау білім беру технологияларын

қолдану - басым бағыт. 15-18

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 19

























Денсаулық сақтау бағытындағы көкейкесті мәселелер.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасының төртінші ұзақмерзімдік басымдықта: «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты деп анықтап, салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және  бағытталған» деген.

      «Денсаулық – зор байлық» -дейді қазақ халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой – пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық екені айқын. Ұлттың денсаулығы мемлекетіміздің нығайып, белгілі орынды иеленуімен тікелей байланыстылығы белгілі.. Денсаулық адамға бірақ рет беріледі, уақытында түзетіп, аурулардың алдын-алу іс-шараларын жүргізіп отырмасақ ағзамыздың сыр беретіндігі де бізге мәлім. Денсаулық тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үнемі өзгерістерде болады. Ауырмаудың қамын жасау үшін, оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау мүмкіндігі төмен.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеттінің бірі, өйткені мемлекеттің денісау ересектерінің негізі балалық шақта қаланады. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының болашағы, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, мәдениет дәне ғылымның даму деңгейі бүгінгі балалардың денсаулығының нәтижесі болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының күйі мемлекетке үлкен әлеуметтік және экономикалық зиян келтіреді, оның себептері:

Балалар мен жасөспірімдер қоғамның негізгі тәртіптік қауіп факторларына, өзіне нашақорлық, темекі және алкогольдің әсерін сынап көруге ынтазарлық - осал құрамдас бөліктерінің бірі.

Туған жағдайды әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелер тереңдете түседі. Жаңа ойын-сауық түрлерінің дамуы, жаңа идеология мен субмәдениеттің туындауы, сауықтыру кешендерінің базасының нашарлығы, бос уақытты өткізу мен қосымша білімге деген шығынның жоғарылығы.

Барлық созылмалы аурулардың пайда болуы және дамуы 20-29 жасқа қарай қалыптасады. Жастар арасындағы тәртіптік факторлардың кеңінен тарауы:

  • Алкоголизмге салынудың жасының «жасаруы». Республикадағы балалар арасында жүргізілген статистикаға жүгінсек, 11-14 жас арасындағы балалардың 7,2 пайызы ішімдік ішсе, 15-17 жас арасындағылардың 37,1 пайызы ішімдік ішеді.

  • 11-14 аралығындағы балалардың 4,1 пайызы темекі тартады, 15-17 жас аралығында 11,4 пайыз.

  • Нашақорлыққа тоқталсақ, 11-14 жас арасындағы 8,4 пайыз, 15-17 жас арасындағылардың 13,8 пайызы әуес.

Жоғарыдағы жағдайлардың тууы балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы деңгейінің төмендеуі себеп болып отыр. Оқушыларда көп кездесетін аурулар: қан аздығы, тыныс алу мүшелерінің аурулары, ас қорыту мүшелерінің ауруы, жүйке жүйесінің аурулары, жарақаттар, улану және кездйсоқ жағдайлар болып отыр.

      Бұл қауіпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлер мен ғалымдарды толғандыруда.

      Қазіргі кезде бұл мәселені шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында  «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» -деп атап көрсетті.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардын 50% өмір сүру қалпына, 20% -тұқымқулаушылыққа, 20% - сыртқы ортаның жағдайына, 10 % - дәрігерлік көмектің денгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін  күрестің негізгі бағыты –салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.

      Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат  жұмыстарына негіз салды.

    





















Салауатты өмір салтының маңызы.

  Салауатты өмір салты –денсаулықты сақтаудын және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. 

     Бүгінгі таңда Қазақстан азаматының денсаулығын қорғау мәселесі мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Барлық дамыған елдерде тұрғындардың, оның ішінде жастардың денсаулығы негізгі ұлттық құндылықтардың бірі және мемлекет саясатының басты бағыты болып саналады.  Соған қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақсыздығын айтпағанда, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемнің 80 астам елдерінде тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында мемлекеттік саясат ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаған. Денсаулық сақтау жүйесін жақсартудағы мемлекеттің жүргізіп жатқан белсенді шараларына қарамастан, Қазақстандағы жағдай тек жақсылық тілегенді қажет етеді. Бұл жағдайда экологиялық проблемалар, нашақорлық пен ішімдікке салынудың кең таралуы сияқты басқа да проблемалар қазақстандықтардың денсаулығының төмендеуіне, түрлі эпидемиялық аурулардың таралуына әкеп соқтыруда.

  Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмiр жасын ұзарту – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының ең басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылатынын ескере келе, Елбасы Қазақстан халқына Жолдауларында да саламатты өмiр салтын насихаттау мiндетiн үнемі қойып келеді.
   Президентiмiз салауатты өмiр салтын қалыптастыру, адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгiн тәрбиелеу, әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға барынша назар аудару - денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты бағыты болуы тиiс деп белгiледi. 
    «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз» атты Елбасы Жолдауының басымдықтары: саламатты өмiр салтына жағдай жасау, денсаулықты нығайту, халық денсаулығының әлеуетiн дамыту және дене мәдениетiн қалыптастыру, саламатты өмiр салтын қалыптастырудың кешендi, үздiксiз және тұрақты жүйесiн құру, саламатты өмiр салтын насихаттауға мемлекеттiк органдар мен ведомстволар, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдарды тарту болып табылады. Менiң пiкiрiмше, бұл үшiн жұмыс орындарында, университеттер, мектептер мен балабақшаларда спортпен айналысуға жағдай жасалып, жұмыс күндерi дене жаттығуларынан басталуы қажет, өйткенi дене белсендiлiгi – салауатты өмiр салтының бiр көрiнiсi. 
   Бiздiң елiмiзде мемлекет тарапынан әр адамның спортпен айналысуына мейлiнше жағдайлар жасалған. Жыл сайын халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа спорт нысандары пайдалануға берiлiп жатыр, сондықтан бұқаралық спортпен айналысу үшiн қолда бар барлық қорлар мен мүмкіндктерді белсендi пайдалану қажет. Сонда ғана бiз, Елбасы талабына сай, қазақстандықтардың 30 пайызына дейiн бұқаралық спортқа тарта аламыз.  Кең көлемді реформаның жүзеге асуы прцесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр.












Әдістеме және технология.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында денсаулығынан ақауы бар балалар саны күндеп қатары өсуде. Бұған болар себептер заман ағымынадағы әлеуметтік, макроәлеуметтік, экологиялық, техногендік, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың көбейуі   немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін тигізді. Мектептегі шамадан тыс оқытудың нәтижесі ретінде түлектердің 2/3-сі мектеп қабырғасынан созылмалы аурумен және физикалық дамуындағы ақауы мен шығатынын атауға болады.

Аталған мақсатқа жету бүгінгі таңдағы мектептерде денсаулық сақтау педагогикасы арқылы мүмкін болып отыр. Өз кезегінде денсаулық сақтау педагогикасы оқу-тәрбие үрдісін мектеп оқушылары мен педагогтардың денсаулығына нұқсан келтірмейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады. Заманауи педагог  оқушылармен, олардың ата-аналарымен, медицина қызметкерлерімен және өз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста педагогикалық үрдіске оқушылардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың артықшылықтарын ескере отырып, өз жұмысын жоспарлайды.

Соңғы жылдары оқу үрдісін ұйымдастырудың сабақтық дәстүрлі жүйесіндегі кейбір шектеулердің мәні ашылып келеді, бұл заманауи білім беру технологияларын анағұрлым тиімді қолданудың өзекті міндеттерімен байланысты туындап отырған жайт.

Технология – бұл, ең алдымен, бүкіл оқыту мен білімді игерту үрдісін құрудың, қолдану мен анықтаудың жүйелі әдісі, бұл ретте білім беру түрлерін оңтайландыру міндеті жүктелген техникалық және адам қорлары мен олардың өзара байланысы ескеріледі.

Әдетте «педагогикалық технологияға» мәндес «әдістеме» термині жиі қолданылады, себебі бұл ұғым педагогтың нақты әрекеттерінің жиынтығы ретінде түсініледі, сондай-ақ мағынасы жағынан «білім беру технологиясы» ұғымына жақын. Алайда, негізінен әдістеме мұғалім жұмысының ұйымдастырылуы мен жүйелілігін сипаттайды, ал технология  оқушының жұмыс жүйесін алға қойылған білім беру мақсатына жету әрекеті ретінде сипаттай отырып, педагогтың жұмыс жүйесін оқушы жұмысын жағдаймен қамтамасыз етуші әрекет ретінде қарастыруды қамтамасыз етеді.

Денсаулықтың қандай да бір әмбебап технологиясы жоқ. Денсаулық сақтау білім беру үрдісіндегі бір міндет ретінде көрінеді.

  • Бұл медико-гигиеналық бағыттағы (мұғалім, дәрігер және оқушының әрекеттесуіне байланысты іске асырылады);

  • денешынықтыру-сауықтыру (денешынықтыруға қажетті білімге артықшылықтар беріледі);

  • экологиялық (табиғатпен өзара үндестікте болу) және т.б. бағыттағы білім беру үрдісі болуы мүмкін. Оқушылардың денсаулықтарын қалыптастыру мен нығайту міндеттері мектеп оқушыларын кешенді түрде оқытудың арқасында ғана шешілуі мүмкін.

Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары – бұл көпшілік педагогтарға етене таныс жұмыстың психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы.  Біз қолданылып отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау міндетін шешуді жүзеге асырған жағдайда ғана оқыту мен білім беру үдерісі денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз.

Сауықтыру педагогикасы үшін негізге алынатын артықшылар төмендегідей:

1. Дені сау бала – бала дамуындағы іс жүзінде қол жетімді мөлшер.

2. Сауықтыру – емдеумен алдын-алу өлшемдердің жиынтығы емес, керісінше балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің даму түрі.

3. Жеке -дифферциациялаушы ыңғай – оқушылармен сауықтыру-дамыту жұмыстарының негізгі құралы.





























Оқу-тәрбие үрдісіндегі денсаулық сақтау білім беру технологиялары.

Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсаты – оқушыға мектеп қабарығасында өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік жасау, оқушы бойында салауатты өмір салты бойынша қажетті білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру. Білім берудің денсаулық сақтау технологиясын ерекшелейтін көрсеткіш – оқушылардың жағдайын үнемі экспресс-диагностикадан өткізу және оқушылардың денсаулық жағдайлары туралы сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ағзаның динамикалы дамуының негізгі параметрлерін тексеру.

Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей құралдар тобы қолданылады:

  • Қозғалыс бағыты құралдары;

  • Табиғаттың сауықтыру күші;

  • Гигиеналық факторлар.

Аталған құралдарды кешенді түрде қолдану сауықтыру педагогикасының міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қозғалыс бағыты құралдарына оқытудың білім беру денсаулық сақтау технологияларының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қозғалыс әрекеттері жатады. Бұл – қозғалыс; физикалық жаттығулар; физмәдениминуттар мен жылжымалы үзілістер; эмоционалды разрядтар мен «бір минуттық тыныштық»; гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақ және сергектік үшін салқын тиюмен байланысты ауруларға қарсы, оның алдын алу үшін тыныс алу гимнастикасы); емдік денешынықтыру; баланың қозғалыс белсенділігі үшін арнайы ұйымдастырылған қозғалмалы ойындар (сауықтыру денешынықтыру сабақтары, қозғалыс дағдысына негізделген заманауи талаптарға сай даму); сылап-сипау; өзіндік сылап-сипау; психогимнастика; тренингтер және т.б.

Табиғаттың сауықтыру күшін пайдалану оқытудың білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізуге айтарлықтай септігін тигізеді. Таза ауада сабақ жүргізу оқыту үрдісі кезінде жүретін биологиялық үрдістердің белсенділігі қамтамасыз етіледі, ағзаның жұмыс істеу қабілеті артады, шаршау үрдісін төмендетеді және т.б.

Денсаулық және жұмысқа қабілет жағдайының өзгеруіне әкелетін адам ағзасындағы белгілі бір биохимиялық өзгерістерге әсер ететін метеориологиялық жағдайларды (күн сәулесі, ауа және су температураларының ықпалы, атмосфералық қысымдағы өзгеріс, ауаның қозғалысы мен иондануы және т.б.) ескеру оқушыларда оқытудың теріс ықпалының болмауына мүмкіндік береді.

Сауықтырудың біршама ерікті құралы ретінде күн және әуе ваннасын, су процедураларын, фитотерапияны, аромотерапияны, ингаляцияны, дәруменді терапияны (ас мөлшерінің дәруменденуі, ауыз судың иодталуы, оқушылардың есте сақтау қабілетін күшейту мақсатында глицинді аминоқышқылдың жылына екі рет – желтоқсан айында және көктемде қолдану) бөліп көрсетуге болады; сондай-ақ мектеп өміріне жаңа элементтерді – фитобарларды, физиотерапия кабинетін, педагогтар мен оқушылар үшін сауықтыру тренингтерін қосуға болады.

Денсаулықты нығайтумен және ағзаның бейім қасиеттерін дамытуды бағыттаумен байланысты оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына жетудің гигиеналық құралдарына жататындар:  санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормалармен бекітілген санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау; жеке және қоғамдық гигиена (дененің тазалығы, сабақ өтетін орын мен ауаның тазалығы және т.б.); бөлмені желдету және сулап тазарту; жалпы күн режимін, қозғалыс белсенділігінің режимін, тамақтану және ұйықтау режимін сақтау; балаларды қол жуудың, жөтелу және түшкіру кезінде қол орамалды пайдаланудың және т.б. қарапайым дағдыларына баулу; балаларға салауатты өмір сүру салтының қарапайым тәсілдерін, кесіп алу, күю, тістеу және жаралану жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің қарапайым дағдыларына үйрету;   инфекциялардан сақтандыру мақсатында оқушыларды егудің тәртібін ұйымдастыру; қатты шаршаудың алдын алу үшін оқу жүктемесінің шамасын шектеу.

Сабақтарды өткізу барысында гигиеналық талаптарды сақтамау оқытуда білім берудің денсаулық сақтау технологиясының оң тиімділігін төмендетеді.

Жоғарыда аталған құралдарды қолдануда қойылатын ең басты талаптардың бірі профилактикалық әдістерді; функционалды музыканы; жоғары және төменгі қозғалыс белсенділігін кезектестіре отырып, сабақта аудиоматериалдарды пайдалану, сауықтыру шараларын; кең көлемдегі сауықтыру шараларын, спорттық-сауықтыру мерекелері түрінде өткізу; табиғат аясына, экскурцияға шығу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында отбасымен жұмыста, ата-аналар жиналасының ұйымдастырылған теориялық және практикалық жүйесінде, инновациялық білім беру мекемелерінде педагогикалық ұжымды оқыту түрінде педагогикалық ұжыммен бірге жұмыста жүйелі әрі кешенді түрде түрде қолдану болып табылады.

Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Кез келген педагог бала денсаулығына зиянды әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыру қажеттілігі айқын. Педагогикалық факторлардың ішінде анағұрлым маңызды болып табылатыны педагогикалық әсердің күйзелісті әдісі. Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге байланысты күйзелісті сезінеді: сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттың шектелуі, жауаптарына, мінез-құлықтарына және т.б. мұғалімдердің қанағаттанбауы, ата-аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына және т.б. көңілдерінің толмауы. Қайда барса да еститіні айқай, ескерту, мін тағу, психологиялық қысым. Бұл қалыпты жағдайдай болды, ал ересек адамдар бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма деген қорқыныш, қобалжу, орынсыздығын айыптау – күйзеліс көзі болып табылады. Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған сыныпқа қарағанда,   педагогы қатаң, мейірімсіз болған сыныптарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық жүйке аурулары 1,5-2 есеге көп. Күйзеліс факторы, физиологтардың пікірінше, белгілі бір қызмет уақытының шектелуі. Біздің дәстүрлі мектептерімізде жетістік, білім сапасы, сауаттылық сандық көрсеткіштермен ауыстырылып отыр. Бұл сондай-ақ жазу жылдамдығы мен оқу жылдамдығына да қатысты, оларды жылдамдату  жас ерекшелік физиология институты зерттеулерінің мәліметтері бойынша олардың психофизиологиялық құрылымын бұзады.   Қорытындысында педагогтың барлық педагог қауымға салауатты өмір салтын ұстанушы ортаны дамыту, денсаулық сақтаудың алдын алу жөніндегі мәселелері және орындау, шешу жолдары жайында біліктілігіне деген қажеттілік туындап отыр.



















Денсаулық сақтау білім беру технологияларын қолдану - басым бағыт.

Денсаулық сақтау білім беру технологиялары – психолого-педагогикалық әдіс-тәсілдер, технологиялар, олар тікелей немесе жанама денсаулыққа зиян тигізбейді.

Оқу жоспарындағы оқу үрдісінің жиілігінің теріс әсерін белгілі бір мөлшерде өтей алатын жалғыз пән бар, ол - денешынықтыру. «Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.

Оқыту мақсаты: қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

  • оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

  • денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

  • дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

  • акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

  • жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

  • жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

  • жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;

  • әрекет ету тәсілі бала қозғалыстары арқылы дамитындығын қарастырады;

  • денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.

Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі әзірлейді.

Осылайшы мемлкеттік стандарт талаптарын орындау нәтижесінде әр мұғалімде сұрақтар туындайды:

- Оқушылардың даярлығын, жас ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысының дене дамуын ескеруді ұмытпай оның сабақ барысындағы қызметін қалай ұйымдастыру керек?

-Оқушылардың өміріндегі қызығушылықтарының пайда болуына сәйкес, олардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыруды, салауатты өмір слтын ұстануға тәрбиелеуді қалай жүзеге асыру қажет?

-Барлық оқушыларға ұнайтын сабақ қалай өткізу қажет? Денешынықтыру қызметіндегі оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттеріне қалай жетуге болады?

Осы мәселерді шешу барысында көптеген қарама-қайшылықтар туындайды. Бір жағынан мұғалім сабақ үрдісін жоспарлау барысында сабақтың көпфункционалдығын ескеруі қажет, екіншіден оның валеологиялық бағытына деген талапты жоғарылату, үшіншіден оқушының дене даярлығына деген жоғары талаптың болуы, осылайша оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Осылайша педагогика ғылымы үшін көкейкесті мәселелердің бірі, оқушы денсаулығына зиянсызоқу үрдісін қалай тиімді ұйымдастыруға болады? Бұл сұраққа жауап валеологияның үш принципі тұрғысы: сақтау, нығайту және денсаулықты қалыптастыру арқылы ұйымдастыру арқылы табылмақ.

Педагогикалық тәжірибемді сараласам, денсаулық сақтау технологияларын табысты іске асыру көп нәрселерге байланысты:

  • бұл үрдіске оқушылардың белсенді қатысуы;

  • денсаулық сақтау ортасын құру;

  • педагогтың жоғарғы кәсіби құзіреттілік пен сауаттылығы;

  • ата-аналармен жоспарлы жұмыс;

  • әлеуметтік-мәдени саламен тығыз байланыс;

Денсаулықты сақтау білім беру технологияларын қолданы әр білім ордасының басымбы бағыты болуы қажет. Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету үшін келесідей жағдайлар ескерілуі қажет:

  • Дене шынықтыру сабағында тазалық тәртібі орнатылу қажет.

  • Табиғаттың денсаулыққа пайдасын кеңінен қолдану.

  • Дене шынықтыру сабағында адам физиолгиясына қажетті қозғалуды қамтамасыз ету.

Бірақ, барлық оқушыларды зорлау арқылы дене шынықтырумен айналыстыру арқылы денсаулығын түзету мүмкін еместігін де ұмытпаған жөн. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін оқушылардың ішкі уәжін сауатты қалыптастыра білудің мәні зор.

Дене шынықтырумен айналысуға деген ішкі уәжді қалыптастыру үшін:

1. Ата-аналар мен оқушыларға денсаулық сақтаудың мәні мен, салауатты өмір салтын ұстанудың маңзыдылығымен таныстырып отыру.

2. Денсаулық сабақтарымен, сюжетті-рөлдік ойындар түрінде дәстүрлі емес сабақтар өткізу.

3. Ойын, жарыс және шеңберлі әдісті қиыстыра қолдану. Комбинирую игровой, соревновательный и круговой метод.

Осылайша, сабақтар барысында оқушының дене шынықтыру мен спортпен айналысуға деген «тәбетін оятатын» әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға тырысамын. Бірақ оқушылардың дене белсенділігін тек қана дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру арқылы да жүзеге асыратынымызды ұмытпаған жөн.

Бағдарламадағы жалпы бақылау тестілерінен басқа президенттік тестідегі спорт түрлерін қосып бір жылда екі рет емес, әр тоқсан сайын өткіземін. Тестілер негізгі қозғалыс сапаларын дамытуға бағытталған, олар - төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік.

Тестілеу нәтижесінде түзетуді қажет ететін оқушылар бөлініп алынып, жұмыс жүргізіледі. Түзету үшін жетілмей қалған дене қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар кешенін құрастырамын.

Өз жұмысымды талдау нәтижесінде бақылайтыным, денсаулық сақтау білім беру технологияларын жүйесі жұмысын тәжірибеме енгізу арқылы жеткенім:

  1. Пән бойынша үлгірім сапасының жоғарылауы;

  2. Оқушылардың дене дамуының даярлық динамикасының өсуі;

  3. Дене шынықтыру сабағына оқушылардың қызығушылығын ояту мен салауатты өмір салтын ұстануға деген ішкі уәжді жоғарылату;

  4. Оқушылардың денсаулық күйінің динамикасының жоғарылауы.

Дене шынықтыру сабағы денсаулықты нығайтумен тікелей байланыс болғандықтан, денсаулықты сақтау технологиялары оқу-тәрбие үрдісімен сабақ барысында үнемі қолданылуы қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Рухани байлық және мәдениет – қоғамның басты құндылықтары.  // Егемен Қазақстан //. 2012 жыл.

  2. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы.

  3. Әдістемелік нұсқау хат. 2015-2016 оқу жылында ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Астана -2015.

  4. Турсынов А.Ж. Нравственно-духовное просвещение.-Алматы: Фараби-фонд, 1995.

  5. Құлшынбай П. Бала денсаулығы – қоғам байлығы //Б мен балаб. – 2012.

  6. Абзал К.Ж. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп //Спр.рук.ОУ – 2012 - №11 35, 81б.

  7. Ахутина Т.В. Здоровьесберегающие технологии обучения: индивидуально-ориентированный подход // Школа здоровья. 2013.

  8. Зеленкевич И.Б., Ивашкевич М.З., Пилипцевич Н.Н.Общественное здравоохранение и его место в системе охраны здоровья населения // Вопросы организации и информатизации здравоохранения. – 2001. –

  9. Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в современной школе.- М.: АПК и ПРО, 2002..

 


Автор
Дата добавления 08.11.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров799
Номер материала ДВ-134466
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх