Инфоурок / История / Научные работы / Шығармашылық жұмыс тақырыбы: "Оқушыларға тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану "
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Шығармашылық жұмыс тақырыбы: "Оқушыларға тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану "

библиотека
материалов











Жоспары :



І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім.

ІІ. 1. Тарих сабағында сындарлы оқыту тәсілдерін қолдану - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың негізі.

ІІ. 2. Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы

ІІІ. Қорытынды























Оқушыларға тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану



Мектепте тек қана бір мақсат- білім беру,

Мұғалімде тек қана бір мақсат – сапалы сабақ.

Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд

Оқытушы – үйретуші ғана емес, әрі үйренуші. Үйрене білу мұғалімнің басты қасиеті. Ол өз пәнінің зерттеушісі болмақ. Сабақта бірсарындылықты білім үдерісінің тиімді жолдарын қарастырып, сабақ жоспарларына шығармашылық тұрғыдан қарап жаңа технологияларды сабақтарда кеңінен пайдаланғаны айтарлықтай нәтиже береді.

Бала қандай нәрсеге ынталы болмақ. Бұрын таныс емес, тың нәрсеге ынтасы болмайды, бұрын білетін ескі нәрсеге де ынтасы болмайды. Ынтаны қоздыратын жаңа мен ескісі аралас нәрсе. Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрселерде бір жаңалық болу керек. Ол жаңалық бұрынғы ойда бар нәрсені не толықтырғандай, не дәлелмен бекіткендей, не бұрынғыны бекерге шығарғандай, болмаса күшейткендей бір өзгеріс кіргізетін болу керек. Бір күндегі көз үйренген таныс нәрсеге көңіл қойып қараймыз, егер ол нәрсеге азырақ өзгеріс пайда болса, әуес қып, қызығып қарай бастаймыз. Бір нәрсенің өзімен таныстырмай тұрып, әуелі оның мүшелерімен (неден құралғандығы) таныстырып, жаттықтыру керек. Олай етілмесе, соңғы берілетін мағлұматтар орнықсыз, үстірт болып, бала ілгері қарай барғанда соқыр кісіше қармалып, әр нәрсенің басын шалып кетеді: ол мағлұматты білуге зауқы соқпайды, мұғалімге сенімі де жойылады. Сондықтан да жаңа нәрсемен баланы таныстырады, әуелі бұрынғы білетін нәрсенің мүшелеріне сүйеніп, оның арасындағы байланысын көрсетіп, содан кейін барып білім шығару керек. Оқыту нақ, айқын әрі тетелес болу керек. Оқу нәрселерінің бәрін бірдей көрнекі етіп ұқтыру да мүмкін емес, мысалы, алыстағы жерлерді, әлдеқашанғы тарихи оқиғаларды көзге көрсетуге болмайды. Ондай жерлерде бала бұрын көрген, естіген мағлұматтары арқылы қиналмай өзі-ақ туғызып аларлық етіп ұқтыру керек болады. Сондай-ақ, ғалымның «Оқу нәрселерінің бәрін бірдей көрнекі етіп ұқтыру мүмкін емес, мысалы, алыстағы жерлерді, әлдеқашанғы тарихи оқиғаларды көзге көрсетуге болмайды» деген тұжырым да бүгінгі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар арқылы оқытуда мол мүмкіндік беріп отыр.Кез келген нәрсені түсіну немесе түсіндіру үшін мұғалімнің өзі оның негізін біле білуі керек. Мұғалім балаға жаңа білім бермес бұрын, ең алдымен баланың ынтасын аударар нәрсені жақсы білуі тиіс.

Білімді және тәрбиелі , дүниетанымы кең , ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшіні - сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат - мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай :

оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру

оқушының шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету

оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

сабақ үдерісінде АКТ –ны тиімді пайдалану

тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру

оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

ІІ. 1. Тарих сабағында сындарлы оқыту тәсілдерін қолдану - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың қайнар көзі.

Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге бағыттап тәжірибеге енгізеді.

Топтық оқыту, өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

Өзара оқыту (жұптық оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды .

Сындарлы оқытуда оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.

Мен де сәтті сабақтың алты сипатын басшылыққа ала отырып, сабағымды оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулу үшін, ойын еркін жеткізетін, пікір алмаса алатын оқушы шығару үшін жұмыстандым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін, достық қарым-қатынастары артуы үшін сабақты бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Нәтижесінде оқушылар тың ойымен жаңа сабаққа кіріседі. Сабағымды бастамас бұрын құзырлы мұғалімге тән үш көмекшіні өзіме серік етіп алдым. (Бас – кәсіби түсінік, қол- оқытудың тәжірибелік дағдылары, және жүрек кәсіби өнегелілік тұтастық Шульман 2007) осы қасиеттер болған жағдайда оқыту жақсы болып саналады деп көрсетілген [1,8]. Сабақты қызықты әрі тартымды етіп өткізуді ойладым. Алдын-ала сынып бөлмесін безендіріп керекті құрал-жабдықтарымды дайындап, оқушыларды түстер арқылы топқа бөліп отырғыздым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сергіту сәтін өткізбекші болдым. Ортаңғы сынып болғандықтан сергіту сәтіне «Сағат» тренингін өткіздім. Топ ішінен топта белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы орындаушы, белсенді, ал мұғалім-ұйымдастырушы: түсіндір-салыстыр-қорытынды жаса десе, оқушы өз пікірін қорғайды, басқалармен ақылдасады, пікірлеседі, ой бөліседі, санасады, сынайды, шындыққа жету үшін ізденеді. Осы айтылғандардың дәлелі ретінде жаңа сабақты оқушыларды сыни тұрғыдан ойланту мақсатында оқушыларға «Сиқырлы сұрақ» әдісі бойынша интерактивті тақтадан төрт суретті көрсеттім. Суретте глобус, карта, кітап және аққан жұлдыздың суреті бар болатын. Оқушыларға екі минут уақыт ойлануға уақыт беріп оны дәптерлерлеріне жазып, кейін топта талқылап, кейін ойларын ортаға салуын өтіндім. оқушылар сиқырлы сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Түрлі жастағы балаларда сипатталатын ойлау деңгейі балалардың жас шамасына бейімделген. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келесі тапсырмада «Қоржындағы сұрақ» бойынша 1 топ «Суретші Шоқан» тақырыбында тапсырма алса келесі топ «Әдебиетші Шоқан» тақырыбында топ болып бірлесіп жұмыстар атқарды. Екі топта өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады. Постермен жұмыс жасап қорғады . Бұл сабақта әр топтың алдында ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер және ұялы телефондар тиімді қолданылды . Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім . енді оқушылар тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір –бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты. Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді,нені меңгермегенін анықтау мақсатында «Жедел жауап»сайысы арқылы өз білімдерін тексерді.Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы іс-әрекетіне «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы баға беруін сұрадым. Кері байланысқа түсе отырып сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді. Яғни бұл келесі сабақта алдыңғы сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс тәсілін өз сабағымда пайдалана отырып мен бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім.Бұл тәсіл оқушылардың бір-бірін тыңдай білуіне, сөйлеу мәдениетіне, өздерін сенімді ұстауына, ұйымшыл болуға тәрбиелейтінін байқадым. Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым :

- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс–амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу–танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.

Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады . Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады. Мен осы бағытта өз қолданысымдағы тақырыптық электронды оқулықтан көрсетілген, «Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру», «Қазақстандағы индустрияландыру », «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» тағы басқаларын атап көрсеткім келеді. Сондай-ақ «ыстық орындық», «Ассоциация» әдістері, диалогтік оқыту әдістері оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық.Сонымен бірге тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға, олардың ой-пікірлеріне,көзқарастарына,атқарған еңбектеріне сын тұрғысынан баға беруге дағдыланады.

ІІ. 3. Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы .

Білім беруде ақпараттық коммуникациялық-технологияларды қолданғанда оқушыны оқыту үдерісіне, сабақты басқаруда, жоспарлау және өткізуде, бағалау мәселелерінде қамтылды. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейне көріністер алып талдау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды. Мысалы мен «Қазақстанның 17-18 ғасырлардағы мәдениеті» тақырыбын өткенімде қазақ халқының ұлттық киімдері мен әдет-ғұрып,салт-дәстүрін оқытып үйрету кезінде «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсеттім.Оқушыларға сұрақ қоя отырып ұлттық киімдер,зергерлік бұйымдар,әдет-ғұрыптар жайлы өздерінің көргендерінен ой –пікірлерін айтуды сұрадым.Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге,бір-бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің орталықтары» тақырыбын өткенімде 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясынан шығарылған алғашқы дыбысты фильм «Амангелдіні » оқушылар өздері тауып, Амангелдінің орыс оязына айтқан пікірлерін тыңдады, яғни жанды мәлімет алды . Бейне роликтер алу барысында тарихи кейіпкерлердің жаңа заманда қалай зерттеліп жатқанын біліп отырады.

АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыны мына қадамдарға бағыттайды

1.Оқушы танымын кеңейтеді

2. Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды .

3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады.

Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

  1. оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.

  2. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.

3. Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.

4. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.

5. Тарихты оқуға және үлгерімді жоғарылату қызығушылығы туады.

6. Теориялық материалды толық игеру болады.

7. Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.

8. Өз көзқарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы.

Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнінде еңбек өнімінің жоғарлауы болады.

ІІІ. Қорытынды

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады :

1.оқушының белсенділігін арттыру

2.шығармашылық қабілетін дамыту

3.оқушы дарыны мен талантын анықтау

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты- өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаның орны айрықша. Қазіргі білім берудің мақсаты да- жан-жақты жетілген, рухани өр тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет екені сөзсіз. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.

ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе .Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы,бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін

















Пайдаланылған әдебиеттер



1. ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептерi педагогтерiнiң бiлiктiлiгiн арттырy кyрсының бағдарламасы бойынша мұғалiмдерге арналған нұсқаyлық үшiншi (негiзгi) деңгей. Үшінші басылым. «НЗМ» ДББҰ, 2012ж

2.Ақылдың кені/Ұлағатты сөздер/-Алматы,2008 жыл.

3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл



10




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-573387

Похожие материалы