Инфоурок Физика Научные работыШығармашылық жұмыс;ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Шығармашылық жұмыс;ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ шыгармашылык жумыс.doc


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:


ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ




Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Абай.



Оқытудың интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты – жалпы орта мектеп мұғалімдеріне интербелсенді оқытудың негізгі идеялары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдермен сабақ өтуді үйретеді.

Ұстаз өтілетін тақырыпқа шәкіртінің қызығушылығын тудырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, өзіндік білім құрастырады. Мұғалім берілген сұрақтарға дайын жауап беруге ұмтылмай, оларға шәкірттердің жауап беруіне оңтайлы жағдай жасайды.

Ұстаз мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары:

-Дәстүрлі білім беру - білімді жинақтауға негізделеді. Оқыту, үйрету, білім беру.

-Интербелсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді. Оқу, үйрену, білім алу.

Президент Н. Ә. Назарбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді., ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді».

Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан білім беру жүйесі реформасының негізін құрайды.

Бұл реформа білім беру жүйесінде басты назарды нәтижеге бағыттап отыр. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр.

Нәтижеге бағытталу оқу процесінде шәкіртті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір ұстазға шәкірттерді белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады. «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады».

Міне, осы себептерге байланысты оқу процесінің негізін интербелсенді (интерактивті) әдістемелер құрауы керек., әрбір педагог интербелсенді құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің төрінен көруі қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 1-қыркүйегінде Білім күнін интербелсенді сабақ түрінде өткізуі Елбасының интербелсенді әдістемесінің тұлғаны дамыту мен маман қалыптастырудағы ерекше маңызын баса көрсеткендігі деп түсіну керек.

Интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты - ұстаздар мен шәкірттердің назарын интербелсенді оқу/оқытудың ерекшеліктеріне аударып, осы әдістеменің негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдері ауқымында құрастырылған сабақ жоспарларымен таныстыру. «Интербелсенді оқу/оқыту» ұғымы жан-жақты, кең мағыналы болғандықтан, оның философиясы мен әдістемесін көптеген оқу/оқыту жүйелерінен көруге болады. Олардың қатарына біздің еліміздің педагогикалық жұртшылығы арасында кеңнен танымал, педагогикалық қолданыста жан-жақты көрініп жүрген «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасын, М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» және де басқа жобалар мен бағдарламаларды жатқызуға болады.

Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте диалогқа негізделген.



НЕЛІКТЕН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУ/ОҚЫТУ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕМЕГЕ АЙНАЛҒАН?


Алдымен қазіргі күннің негізгі ерекшеліктері мен проблемаларын айтар болсақ:

1. Динамика – қазіргі әлем дамуының негізгі ерекшелігі.

-Бүгінгі күні әлемдік экономика және саясат тұрақты (статистикалық тұрғыда) әрі болжауға тұрарлықтай дамыған.

-Бүгінгі күннің негізгі ерекшелігі - динамика, яғни өзгерістер, тұрақсыздық, белгісіздік және болжаусыздық.

2. Ақпараттың мейлінше өсуі.

-Бүгінде ақпараттың жетіспеушілігі емес, керісінше, оның адам миының мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып табылады.

-Әр салада ақпарат әрбір 4 жылда ескіріп, екі есе ұлғайып отырады.

-Дамудың мұндай қарқыны сақталатын болса, онда, ғалымдардың пікірі бойынша, жақын болашақта ақпарат әрбір 76 күнде екі еселенетін болады.

3. Ақпараттық коммуникациялардың жаңа формалары.

-Коммуникациялық жылдам құралдардың дамуы (Интернет, ұялы байланыс және т.б.).

-Интернет арқылы сауда жасау және оқу.

-Жоғарғы технологиялар

4. Постиндустриалды заман экономикасының ерекшеліктері.

-Экономикалық шекаралар жойылған әлем (жаһандану).

-Әлем деңгейінде еңбек бөлу процесінің дамуы.

-Кәсіптер әр 4 жылда 25% -ке өзгеріп отырады.

5. Әлеуметтік ерекшеліктер.

-Адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналу.

-Адамдардың бос уақытының ұлғаюы және демалу мәдениетінің дамуы.

-Гендерлік саясат (әйелдер рөлінің өсуі).

-Қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі.

6. Интеллектуалдық өзгерістер.

-Адам миының мүмкіншіліктерін бұрынғыдан тиімді пайдалану.

-«Өзің жасап ал!» идеясының кең етек алуы.

7. Білім жүйесіндегі өзгерістер.

-Репродуктивтік оқытудан конструктивтік оқуға көшуі.

Адам енді өндірістің элементі емес, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда. Экономика бүгін экономика үшін емес, адам үшін дамуда.

-ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;

-проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

-өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

Бұл мәселені тағы да нақтылай түсетін болсақ, білім алушылар оқуды аяқтағанда мынандай құзырлылықтарды меңгеруі керек:

-Проблемаларды шешуге дайын болуы.

-Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы.

-Тұлға аралық қарым-қатынасқа дайындық (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Бүгінгі күні интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту барлық дерлік дамыған елдердің білім беру жүйелерінің басты әдістемесі ретінде танылып отыр. Бұл әдістеменің басты ерекшелігі үйренушіні белсенділендіру.

«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

  1. барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

  2. әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талққылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

-терең ойлануға;

-ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

-ақпаратты жан-жақты талдауға;

-өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;

-пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін ділелдеуге;

-жауапкершілікке (өз білімен, өміріне);

-басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.

Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

-бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныптың),

-жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,

-ситуативтік және рөлдік ойындар,

-ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.);

-шығармашылық жұмыстар, т.б.

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.













Интербелсен оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары


Қағидалар

Мақсаттар

Орта қалыптастыру

-білім алушы оқып/үйренуге өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

-Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;

-Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Бірлескен әрекеттер арқылы үйрету/үйрену

-Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттері арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетінін дәлелдеу;

-Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.

Өмірмен

байланыстыру

Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу

-Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау);

-Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақп араттан әртүрлі мағынаны көре білу, өзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру).






Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері


Бірінші ереже. Сынып бөлмесін жұмысқа дайындау.

Екінші ереже. Топқа бөлу. (шағын 4 топқа)

Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.

(Біреу сөйлегенды тыңдау, көзқарас пен пікірді сынау, кешікпеу, қысқа да нұсқа сөйлеу, уақытты үнемдеу, тақырыптан ауытқымау, әрбір пікір құнды, бір-біріне бөгет жасамау.)

Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Ойсергектер арқылы сыныпта оқушылар өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы бірлескен жұмысты атқаруға дайындалады.

Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.\

Оқушыны сабаққа түгел қатыстырудың басты тәсілі топтық жұмыстар.

Жетінші ереже. Тыңдай білу:

Барлық пікірлер тыңдалуы керек.

Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар. (жазба жұмыстары ойлаудың шарықтау биігі. Жазу жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны).

Тоғызыншы ереже. Кері байланыс. (Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақ қойып олардың пікірлерін білу, келесі сабақты оқушылардың пікірлері негізінде құрастыру).

Кері байланыс ұстаз бен шәкірт арасында сенімге негізделген қарым-қатынас.




















Сабақ кезеңдері және қолдануға тиімді тәсілдер


Сабақ кезеңдері

Мақсаттары

Тиімді тәсілдер


Проблеманы айқындау

Мұғалім:

-Оқушылардың жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді.

Оқушылар:

-Өздерінің бұрынғы білімдерін естеріне түсіреді, салыстырады, байланыстырады.

-«Не білемін?», «Не білгім келеді?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.

Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Венн диаграммасы, Кластерлер, Оңай ж/е қиын сұрақтар кестесі,

Ойлан, жұптас, пікірлес.

Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат.


Проблеманы шешу





Жаңа білімді іздену жіне зерттеу кезеңі.

Мұғалім:

-Оқушының өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне жағдай жасайды.

Оқушылар:

-жаңа ақпаратпен танысады.

-мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады.

-«Қалайша жаңа білімге үйренемін, оны түсінемін, игеремін?» сияқты сұрақтарға жауап іздейді.

Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Венн диаграммасы, Кластерлер, Оңай ж/е қиын сұрақтар кестесі,

Ойлан, жұптас, пікірлес.

Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат.Қос жазба күнделігі. Бірін-бірі оқыту.


Проблема шешімін қолдану

Үйренгенді айқындау және бағалау, шешім қабылдау.

Мұғалім:

-Оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, пікір алмасу, талқылау жұмысын ұйымдастырады.

Оқушылар:

- «Не білдім, үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын?», «Тағы не білгім келеді?» т.б. сұрақтарға жауап беруге ізденеді.

-Өзінің жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.

Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Венн диаграммасы, Кластерлер, Оңай ж/е қиын сұрақтар кестесі,

Ойлан, жұптас, пікірлес.

Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат.Эссе, Пікірталас, Еркін жазу.











2. Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы

(А. Маслоудың идеялары бойынша Н.Сандерстың кестесі)



Оқу әрекеттері


Есте сақталу көрсеткіші



Лекция


5%


Мәтін оқу


10%


ОТҚ (аудио- және видео құралдар) қолдану


15%


Көрнекілік (жобалар, кестелер, схемалар, суреттер)


30%


Пікірталас


50%


Практикалық іс-әрекеттер


75%


Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету



90%




















Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі Интербелсенді оқыту технологиясы, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары физика пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

  • мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;

  • білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

  • жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

  • білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;

  • құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

  • ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Интербелсенді оқыту технологиясының бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм, дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына, синквин, т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

  1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  2. Сенімділікке тәрбиелеу.

  3. Қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

  4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

  5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

  6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

  7. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

«Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады «сұрақ қою», екінші «мағынаны тану» кезеңінде жауаптар іздеу, мәселені зерттеу, мәтінді жан-жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді (ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау). Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді.

Интербелсенді оқыту технологиясы бойынша «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

Интербелсенді оқыту технологиясының бағдарламасын физика сабағында қолдана бастағаныма көп уақыт болмаса да, мынандай пікірге келдім. Тек осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа, елге, айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттері қалыптаса бастады. Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты. «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын», - деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн.










ҚОРЫТЫНДЫ


«Білім - бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ - әлдекімнің азығы» дегендей мұғалім өзінің шәкірттерін білімге құмар, жақсы істерге ықыласты етуге тырысуы керек. Оның әрбір ісі, сөзі оқушыға үлкен өнеге болуы тиіс. Сондықтан мұғалім оқушыларының бәрімен де ортақ тіл табысып, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқан қағиданы жадында тұтқаны жөн.

Мектептің өз дәстүрі, салты болады. Оны айқайлау, жазалау түрінде жасауға болмайды, балалардың өздерін ұйымшылдыққа үйрете отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жасауға болады. Сонда ғана тентек балалар сыныптағы жолдастарынан өнеге алып, солардың қалпына түсіп, жат қылықтардан біртіндеп безіне бастайды. Адам болатын бала аз сөйлеп, көп тындайды, жолдастарын, ұстаздарын сүйе біледі. Баланы шеттету, жек көру, ызғар көрсету, бағаны әдейі төмен қою өте зиянды.

Сабақтың мақсаты - баланы оқуға қызықтыра білу. Сабақты тыңдамай отырған оқушыны орнынан тұрғызып, жылы пішінде сұрақ берсең айта алмай қалса, ақыл берсең, екінші сұрақты ол айта алатын болады.

Оқытудың құралы - мадақтау, көмектесу, үйрету, дағдыландыру, білімге қызықтыру, жаттықтыру. Тәжірибесі аз мұғалім баланы айқайлап қорқытумен тәртіпті етемін деп ойлайды деген Н.К. Крупскаяның пікірі өте дұрыс айтылған.
























ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері

А. Х. Әлімов

  1. Оқытудың интербелсенді әдістемесін колледждерде оқыту әдістемесі. Әлімов Асхат.

  2. Н. Ә. Назарбаев Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. - Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

  3. Педагогикалық ізденіс. Алматы-Рауан. 1993.

  4. «Физика және астрономия» әдістемелік журнал. 2011 № 7,2012 №10

  5. М. Байжанов. «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары» Қызылорда. 2000.

  6. «Физика және математика» ғылыми-педагогикалық журнал.

2008 №3, 2010 №1, 2005 №5.

  1. Мектеп директорының орынбасары. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2009 № 2, 2009 №3

12


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығармашылық жұмыс;ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 5642
    • RAR 22.6 кбайт
    • 94 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джуманкулова Нурбала Касымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15760
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 64 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе