Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Шығармашылық жұмыстың «Болашақтың 10 мамандығы»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Шығармашылық жұмыстың «Болашақтың 10 мамандығы»

библиотека
материалов

Автор: Кенебаева Аружан Қанатқызы

9 сынып оқушысы.

Жетекші информатика пән мұғалімі: Кульбаева Дана Торебковна

Шығармашылық жұмыстың тақырыбы:«Болашақтың 10 мамандығы»


ҰСЫНЫМ

Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты сапасы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңдек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Мамандық – адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

Болашақтың 10 мамандығы

  • IT-технология

  • Жаңаша білім беру

  • Виртуалды оқыту

  • Медицина

  • Инженер транспорттаушы

  • НАНО технология

  • Маркетинг және сатылымдар

  • Космос экскурсоводы

  • Метеорг полицейлер

  • Электронды қоқыс мамандыар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Жобаның тақырыбы: «Болашақтың 10 мамандығы»

Жобаның авторы: Кенебаева Аружан Қанатқызы

Сынып: 9 «Ә»

Жобаның жетекшісі: информатика пән мұғалімі Кульбаева Дана Торебековна

Жобаның мақсаты: Оқушылардың мамандық туралы түсініктерін кеңейту, бұрынғы және жаңа мамандықтар туралы мағлұмат беріп, қазіргі таңда қандай және болашақта қандай мамандықтар болатынын болжап анықтау.

Жобаның міндеттері:

  • Мамандық түрлерін таныстыру;

  • Мамандық таңдаудың алдын алтын алғашқы баспалдақтан, оқушылардың болашақ өмір жолдарының «оң» басталуына ықпал ету мақсатында – өзін-өзі тануды дамытады;

  • Заман талабына сай икемділікті дамыту-әлеуметтік ортадағы өзгерістерге тез бейімделуіне ықпал ету;

  • Мақсат қойып, оған ұмтылуға баулу, белсінділікті арттыру.

Зерттеу әдәстері: Сауалнама,мониторинг, фото суреттер мен бейне жазбалар.

Зерттеушілер: Болашақ мамандықтарды болжау бағытында 9 –сынып оқушыларымен жүргізілетін бейімделу жұмысына психологиялық көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже: болашақ манадықтарды дұрыс болжап, бетбұрыс алып, соған қарай бейімделген, уақыт-заман талаптарына тез үйретенін, өзгенің пікірін силайтын, құзіретті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал ету.

Жобаның өзектілігі: ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек. Осы мақсатты іске асыру барысында оқушылардың кәсіптік бағдарын анықтап, оларға мамандық таңдауға байланысты психологиялық көмек беру.


Кіріспе

Әсеппаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеде

Кетігін тап та, бар қалан !

Абай Құнанбаев


«Мамандық» сөзі латынның сөзінен шаққан «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» ұғымын білдіреді.

Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен еркектерге деп бөлінетін жұмыстар болған.

Заман өзгерген сайын, адамда жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келеді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзініндік шарттары бар: бір маман атануыңыз үішін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестатты не сертификатты алуыңыз керек болса, екіншісі-еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі.

Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі меніңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істеген жұмыс қашанда нәтиже бермек.

«Болашақта қандай мамандықтар болуы мүмкін, қандай мамандықтар нарық заманнында ең көп сұранысқа ие болады?» деген ой әр жасөспірімнің санасында. Мамандық таңдау жасөспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Мен қандай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Үлкен өмірге қадам басқан жасұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алды жоспар да құрғысы келмейді. Сондықтан адам өзінің жеке қасиетін, өзін – өзі тануын және жетістікке жетудің бір жолы өзіңе сұрақ қойып оған жауап іздеу болып табылады. 

Статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар көрінеді. Әрине, бұл 40 мыңның ішінен өзіңе лайық біреуін таңдау оңайға соқпауы мүмкін. Алайда жүрегің қалаған, қоғамда сұранысқа ие кәсіп иесі болуға мүмкіндік мол. Ол үшін нарықты зерттеп, яки қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетіңше сараптама жүргізуге болады.

Мамандыққа деген сұраныс қоғамдағы өзгерістерге қарай әр алуан болады. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде мектеп бітіруші түлектердің дені мұғалім, мал дәрігері, мал технигі секілді мамандықтарға оқытатын оқу орындарын жағалайтын. Өткен он жылдықта заңгерлер, қаржыгерлер, кеденшілер оқытатын оқу орындарының таразысы төмен тартты. Олардың тым көп даярланғаны соншалықты, жұмыссыз заңгерлер мен экономистердің армиясы қалыптасты. Бұлар амалсыз мамандығын өзгертуге, не басқа салада жұмыс жасауға мәжбүр болды.

Соңғы жылдары информатика, ақпараттық технология саласы мамандары, мұнайшылар, IT мамандары, инженерлер, нанотехнологтар, маркетинг, электроника, биотехнология саласының мамандары секілді кәсіп иелеріне сұраныс артты.

Дегенмен, қай мамандықты таңдасаң да, өз салаңда кәсіби білікті, білімді маман болсаң, сені жұмыс беруші жүздің, мыңның ішінен өзі тауып алады.

Сонымен мектеп ішілік зерттей жүргізіп, сауалнама бойынша жаңа, нарық заманына қажетті, сұранысқа ие 10 мамандықтарды реттеп алдым.

Сауалнама

Аты– жөні:

Сыныбы:______________________________________________

Болашақта қандай мамандықтар болады деп ойлайсыз?


1)

2)

3)

4)

5)

6)

7)

8)

9)

10)


  

 


D:\ДАНА\АПТАЛЫК\Семинар 2015\IT технологии\20150514_121813.jpgD:\ДАНА\АПТАЛЫК\Семинар 2015\IT технологии\20150514_122037.jpgD:\ДАНА\АПТАЛЫК\Семинар 2015\IT технологии\20150514_122024.jpg

 


Негізгі бөлім


Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Меніңше жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік.


Болашақтың 10 мамандығы


  1. IT-технология - компьютерлік ақпараттық қамтымды әзірлеушілер. Бағдарламашы – бағдарламалық қамтымды жасайтын, оның жұмыс қабілеттілігін ретке келтіретін және оған қолдау жасайтын маман. Қазіргі заманда фирма имиджі және сайты - ұйымның сенімділігі мен деңгей көрсеткіші өте маңызды. Нәтижесінде, веб-дизайнер – ең жоғары төленетін «компьютерлік» мамандықтардың бірі. Көптеген компаниялар Интернет пайдаланушылары оларға көңілін аудару үшін аз емес ақша төлеуге дайын.

  2. Жаңаша білім беру - Ертеден келе жатқан заңнама бойынша: балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орыны және мамандық бойынша жұмыс жасаумен шектелетін. 21 ғасырда бұл алогоритм жарамайды, қазіргі таңда жоғарыда айтылған алгоритм циклы өмір бойы қайталанады. Себебі қазіргі заман жаңару заманы, күн өте жаңа технологиямен жұмыс жасау үшін әрдайым білімін жетілдіріп отыру қажет.

  3. Виртуалды оқыту - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.

  4. Медицина - Өмірді ұзарту құралдарын іздеумен байланысты медициналық мамандықтар. Медицина бүгінгі таңда тек ашылып, зерттеліп жатқан электроника, биотехнологиялар облыстарындағы жетістіктерді табысты пайдаланып жатыр, мүмкін 10 жылдан кейін тәжірибеге еніп, медицинадағы үйреншікті іс болатын шығар. Және де онжылдықтан кейін де бұл өте қымбат технологиялар болатыны түсінікті. Оларды көпшілік үшін мүмкіншілікті ету үшін, белсенді жұмыс басталады. Және мұнда сәйкес мамандар қажет болады.

  5. Инженер транспорттаушы - Мамандар болжамдары бойынша өнеркәсіп өндірісімен байланысты инженерлік мамандықтар алдыңғы орындарға шығады. Батыс капиталы ресейлік нарыққа кіру бойынша бірінші қадамдарын енді істеп жатыр және негізінен тек астаналарда және миллионшы-қалаларында бар, бірақ қазір кәсіби инженерлердің, техникалық мамандардың және өндірістегі орта буын басқарушыларына өткір тапшылық туындады. Әсіресе техникалық және экономикалық немесе заңгерлік үйлестіруі, ағылшын немесе кез келген басқа еуропейлік тілді білуі бағаланады. Инженер-маркетологтардың және менеджерлердің талап етілуі өнеркәсіптің барлық салаларында өсіп жатыр.

  6. НАНО технология - Болашақтың келесі ең талап етілген мамандықтар нанотехнологиялармен байланысты. Нанотехнологиялар - бұл молекулалармен және атомдармен жұмыста негізделген технологиялар, бұл заттың ең жасырылған және бағалы қасиеттерін қолданатын технологиялар. Нанотехнологиялар – үш бөлікке бөлуге болатын үлкен сала: микроүлгілерді өндіру, наноөлшемдегі роботтарды шығару және атомдық деңгейдегі инженерия. Болжамдар бойынша, нанотехнологиялармен байланысты барлық мамандықтар талап етіледі. Қазірден белгілі, нанотехнологиялар барлық салаларды қамтиды: машина жасау, ғарыш технологиялары, тағамдық өнеркәсіп, медицина және т.б. Нанотехнологиялар дамуында олқалыққа жеткен елді әлемдік озаттық күтеді деп есептеледі.

  7. Маркетинг және сатылымдар - Қазіргі пиар-менеджерлері Сарапшылар ресейлік тауарлар мен қызметтер нарығынла 9-10 жылдан кейін аса қанығу пайда болатынын болжайды. Маркетолог – ол ең біріншіден компания стратегі. Маркетолог ісі - әр алуан игіліктерді өндіруге және өндірушілер мен тұтынушылардың қызығушылығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйені басқару. Ол нарықты зерттейді, өнім ассортиментін және көлемін жоспарлайды, бағаларды анықтайды, өткізуді ынталандырады. Маркетинг облысындағы жоғары білікті маман бизнес-жоспарларды жасайды, кәсіпорын ақшасын тиімді салу нұсқаларын ұсынады.

  8. Космос экскурсоводы - Космос экскурсаводтары - бұл мамандық иегерлері жақын маңда орналасқан космостарға космостық саяхат жүргізеді.

  9. Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.

  10. Электронды қоқыс мамандары - бұл мамандар жылдам әрі тез Интернет бетіндегі керексіз адамдарды өшіреді. Мысалы компьютерлік вирустар, теріс намымдар мен сенімдер, порно материалдар т.б.


Мамандықты сәтті таңдау – әрі қарайғы өмірінің жақсы болу кепілі. Әрбір адам өз болашағын елестетіп, мүмкіндіктері туралы армандайды.

«Мамандықты өмірлік етіп бірақ рет таңдайды» деген пікір бар, бірақ бұл дұрыс емес. Адамдар өмір бойы таңдау жасайды.

Қазіргі кезде мамандықты ауыстырумен ешкімді таңдандыра алмайсың. Еңбек нарығындағы жағдаят жыл сайын өзгереді. Егер бұдан үш жыл бұрын жұмыс берушілер сату бойынша менеджерлерді іздеген болса, бір жыл өткен соң экономика жағынан білімді, сауатты мамандар қажет болды. Сарапшылардың болжауынша осы жақын жылдары еңбек нарығын басқарушы, менеджмент, құқық фаультеттерін бітірген мамандар толықтырады. Ал өнеркәсіпте технологтер, инженерлер, металтанушылар жетіспейді. Болашақта нанотехнология, электорника, биотехнология салалары бойынша жаңа мамандықтар сұранысқа ие. Адамдардың өмір сүру жасын ұзартумен байланысты денсаулығын жақсартуға дәрігер өте қажет мамандық болып қала береді. Сол сияқты болашақта отынның балама түрін шығару химиктердің жауапкершілігінде. Өмір салтымызға компьютердің енгені соншалықты, оған байланысты мамандықтар болашақта да сұранысқа ие болады. Халықтың материалдық жағдайы жақсаруына байланысты, оған сәйкес сапалы қызмет көрсетуге де сұраныс артуда. Сондықтан қызмет көрсету саласына сұраныс көбеюде.

Қазіргі кезде еңбек нарығында сауда саласындағы мамандықтар алдыңғы қатарда тұр. Компанияға сауда өкілдері, сату бойынша, коммерция бойына директор, маркетинг саласы бойынша мамандар ауадай қажет. Бұл копанияның не фирманың шығаратын немесе сататын тауарына байланысты. Бір қарағанда еңбек нарығында барлығы тез өзгеретін сияқты, дегенмен бұл сала жөнінде болжам жасауға болады.

Заман талабына сай бір немесе бірнеше мамандықты игерген қызметкер жақсы бағаланады, олар жұмыстың жаңа түрін меңгереді, фирма жұмысының профилінің өзгерісіне бейім келеді және т.б. Әрбір кәсіби ортаға қызығушылығы , өмірге көзқарасы ортақ адамдар жиналады. Өзін сол ортада еркін сезінетін адам жұмысқа қиналмай келеді. Белгілі американдық психолог Д.Голланд: « Адамның кәсіби ортасына сәйкес келуі еңбек жолында жақсы табыстарға жетуіне, өсуіне кепілдік береді», - деген теория ұсынады. Д.Голланд кәсіптік бағдарды алты типке бөліп көрсетеді: реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік және кеңселік.

 

Қорытынды


  Егер адам өз-өзін еркін сезініп, өзін -өзі тұлға ретінде талдай алатын болса, мақсат қойып оған жету құралдарымен қамти алатын болса, жағдайды  саралап оны өз қызығушылығымен салыстыра алса, ақпараттармен жұмыс жасап оны білімге және таңдауына айналдыра алса  – бұл өзіне не керек екенін білетін құзіретті тұлғаның қалыптасқанын білдіреді.

Өмірде әрбір адамның мамандық таңдау мен жар таңдауда қателеспеуге қақы жоқ. Себебі, зейнет жасына дейін маңдай термен еңбек етіп өзінің материалдық жағдайыңды өзің сүйіп атқаратын қызметтің және ынтымақ пен берекеге ұйыған, жас жарастығы сақталған отбасың болса ғана өмірің маңызды да мағыналы болмақ. Сондықтан да, еліміздің ертеңгі тірегі, сенім артар болашағы саналатын, егемен Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жолында аянбай еңбек ететін келешек маман иесі жастарымыз мектеп бітірген сәттен өз мамандықтарын дұрыс таңдауы керек. Әсіресе, әрбір мектеп бітіруші түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын болса, болашағы жарқын болары сөзсіз. 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Бектаев Қ. Үлкен қазақша – орысша, орысша – қазақша сөздік. Алматы: алтын қазына. 1999.-704 б.

2.     Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.  М., 1968.

3.     Журнал «Мектеп психологы». Баспа үйі «Первое сентября». РФ, Москва. 2006-2007 ж.ж.

4.     Е.Ерминова, Н.Адамқұлов, И.Товченик. 9 сынып ( ұл балаларына арналған) Технология. Алматы « Мектеп» 2013 ж, 144б

5.     Кон И.С. Психология юношеского возраста. М.,1979.

6.     Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер.- Астана, 2006.-73 б. Ресми басылым.

7.     Мольц М. Я - это Я, или как стать счастливым. М. , 1994.

8.     «Мир профессий»: Человек – человек, М.:Молодая гвардия, 1986.-300с.

9.     «Мир профессий»: Человек – художественный образ, М.:Молодая гвардия, 1987.-383с.

10.                       «Мир профессий»: Человек – знаковая система, М.:Молодая гвардия, 1988.-351с.

11.                        «Мир профессий»: Человек – техника/ М 63-М.Мол.гвардия, 1988. -335 с.

12.                        Пряжников Н.С.Профоринтационные игры, упражнения в школе. М.,2006.

13.                        Путеводитель по профессиям. Краткий справочник для молодежи, выбирающей специальность и работу. Алматы:  Аль-Фараби.1998.-192с.

14.                        Резапкина Г.В. Я и моя профессия: Программа профессионального самоопределения для подростков:учебно-методическое пособие для школьных психологов и педагогов.-М.: Генезис,2004.

15.                        Ресми – іскери тіл: Қазақша – орысша тіркесімдер сөздігі. Алматы.Арман ПВ. 2005,-376 б.

16.                        «Руководство практического психолога». Психологические программы развития личности в подростковом и старшем школьном возрасте. Издательский центр «Академия». Москва, 1998г.

 









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-141367

Похожие материалы