Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Шиелі ауданының тарихы және халқының әлеуметтік жағдайы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Шиелі ауданының тарихы және халқының әлеуметтік жағдайы ҒЫЛЫМИ ЖОБА


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Кіріспе

Ғылыми жұмысымның тақырыбы өз туған өлкем, киелі мекен «Шиелі аудынының халқы және еңбек ресурстары». Белгілі бір аумақта (елде, аймақта, қалада, ауылда) өмір сүріп жатқан адамдар сол жердің халқын құрайды.

Елді, аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін, халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтың қай саласымен айналысатынын, ұлттық құрамын,еңбек ету дағдысын, әдет-ғұрпын білудің маңызы зор. [7] Бұл деректер ертерек уақытта да (мысалы, салық жинау мен әскерге жарамдыларды есепке алу үшін) және материалдық игіліктер жалпы түрде орталықтандырылып таралатын жоспарлы экономика жағдайында да қажет болды. Олар қәзіргі уақытта да керек. Оларсыз елдің дамуы мен халық санына, қаржыға болжам жасау, еңбекке жарамды және үкімет тарапынан көмекке зәру адамдарды, мектеп пен мектеп жасына дейінгі бала санын анықтау мүмкін емес. Осындай мәліметтерді алу үшін халық санына ағымдық есеп жүргізіледі.


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Азаматтарды хал актілерін жазу мекемесінің (АХАЖ) және көші-қон саясаты бөлімдерінің мәліметін пайдалана отырып, аудан халқы туралы олардың жынысын, әлеуметтік тегін, жас шамасын, санын анықтау ғылыми жұмысымның басты мақсаты. Сондықтан берілген жұмыстың міндеттері төмендегідей:

  • Ауданның халық санын білу;

  • Ауданның еңбек ресурсы, яғни экономикалық белсенді халықтар жөнінде білу;

  • Ауданның ұлттық құрамы және жастық-жыныстық құрамын білу;

Жұмыстың өзектілігі: Бұрынғы кезде мұндай кішігірім аудандарды зерттеуге аса көңіл бөлінбесе керек, сол себепті Шиелі ауданының Қазақстанның экономикасы мен саяси жағдайына байланысты қазіргі кездерде осындай кішігірім ауданға көп көңіл бөлінуде. Сонымен қоса Қызылорда облысының дамуында Шиелі ауданының атқаратын ролі және облыстағы 9 ауданнан өзінің халық санының көптігі, экономикалық жағдайының жоғарылығы мен өндіріс ошақтарының көп болуымен ерекшеленуі тақырыптың басты өзектілігі болып табылады.

Зерттеу әдістері:

  • Тақырып бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;

  • экономикалық географиялық тұрғыдан кешенді зерттеу;

  • арнайы мекемелер құжаттарына талдау жасау.


Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


ІІ. Негізгі бөлім



2. 1 Шиелі ауданының тарихи географиялық сипаттамасы


Шиелі ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Шиелі ауданы – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысында орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаhары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қазақтың тауының атасы қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін сырлы өзен Сарысу «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты «Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан. Түстігінде байырғы сары жел өлке – Қызылқұм [1].

Шиелі жерінің арғы тарихы – жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих. Тарихшылардың, археологтардың ой-пікірі мен тарихи жазбаларға қарағанда Сыр бойы тарихы, оның ішінде Сыр өзенінің орта ағысына орналасқан Шиелі жері қай жағынанда болса да жұрт назарын аудартып, тарихы арыда жатқан өлке екені даусыз. Ежелгі Сыр – сонау Бегабаттан бастап Фараб пен Яссы, Сығанақ пен Бестам, Ташкент пен Жент, бір кездегі көк теңіз Хазар немесе қазіргі Арал теңізіне дейінгі ұлы алқаптың бүкіл әлемдік жылнамада өзіндік орны, өзіндік тарихы бар екені даусыз.

Бір мыңыншы ғасырдың ортасынан-ақ тарихта қыпшақ даласының Гаваны атанған Сығанақ қорғанының, Х ғасырда Оғыз хан мен Оқшы батырлар өмір сүрген әйгілі Бестам қаласының, Түркістандағы Яссауи кесенесіне дейін ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі қыпшақтардың бекзат азаматтарын жерлейтін пантеон болған «Оқшы ата» әулиелер мазаратының, Афрасиаб заманынан келе жатқан мортықтар мен обалардың, біздің дәуірімізден бұрын Сейхун дарияның арнасы болған Нәнсайдың осы Шиелі жерінде болуының өзі бізге көп жайды аңғартады. Шиелі аумағында бұдан басқа да қаншама қасиетті жерлер мен белгілер бар. Тоқтала кетсем, Жүніс әулие, Бақты ата, Қабыл ата кесенелері мен Ақ бикеш, Ақ сүмбе белгілері, кейін келе бой көтерген Қызыл там, Жөлек қорғаны, ата-бабамыздың қолымен тұрғызылған, солардың табаны тиген, ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қасиетті жерлер. Қорқыт қобызының сарыны осы Шиелі жерінен басталса, Бестамның тұсынан дарияның үстіне

hello_html_m4bbfcfa6.png


1 сурет [1] Шиелі ауданының карта үлгісі


кілем төсеп, қобызын сарнатып, қазіргі Қорқыт станциясына жеткенде дүние салады деген аңыз бар. Сонау Жәнібек пен Керейге ренжіп, Желмаясымен жер ұйық іздеп, ең соңы Шиелі жеріне жетіп дүние салған Асан ата (Асан қайғы) кесенесі осы Шиелі қаласынан 18 километр жерде, темір жол бойында тұрса, Қыш күйдіретін зауыт соғып, Сығанақ пен Бестамның құрылысына қыш дайындаған Қыш ата мен ғайыптағыны болжайтын, көріпкел әулие болған, жаугершіліктің қайдан болатынын болжайтын Ғайып аталар мүрдесі осы Шиелі жерінде жатса, XVI ғасырдан бері қазақтың өмірінің Гимні атанған «Елім-ай» әні осы Шиеліден, Шиелінің Қаратауынан, соның етегіндегі Бестамда өмірге келген-ді.

Шиелі жерін 1808 жылы Қоқан басшылары басып алады. Ал Орынбор генерал губернаторы Перовский 1853 жылы Ақмешітті, 1854 жылы Жөлекті алып, Қоқан хандығын қуып шығады да, Жөлек бекінісін соғады.

Қоқан басшыларына қарсы көзей Досбол, бұлтың Бала билер де күреске шығып, туған жердің азаттығы үшін күреседі. Осы жылдары шиелілік шағыр қыпшақ Жаназар батыр, бәйбіше Жарсайын, Баспақ батыр, Бәубек батырлар елдің қорғаны болады.

Аудан тарихы Жөлектен бастау алады. Табиғаты бай, Сырдария өзенімен де, жермен де оңды-солды қатынас орнатуға қолайлы мекен болғандықтан, Жөлек қорғаны соғылып, ең үлкен базар – «хан базары» осында болған.

1853 жылы Перовский Ақмешітті алғаннан кейін Скоблев басқарған отряд осы Жөлек үстімен жүріп Черняевтың отрядына қосылу үшін бара жатып,

5 (бес) орысты осында қалдырады. Жерді Скоблев деп атап, кейін болыстық құрылады. Перовский Ақмешітті алған соң, оны уезд етіп екіге бөледі. Жөлек бөлімінде 12 болыс, 5 поселке болады. Сөйтіп, мұнда Сорқұдық, Сұлутөбе, Қоғалы, Жөлек, Телікөл, Өзгент, Жаңақорған, Сауран, Ақөрік, Приреченский болыстары мен Тартоғай, Шиелі, Жөлек, Жаңақорған, Герасимовка поселкелері болады. Скоблев болысы 1919 жылы 10 мамырда ғана Түркістан Республикасы Комиссарлар Советінің №63 бұйрығымен Шиелі болысы болып аталады. 1928 жылы қыркүйек айында бұрынғы Скоблев болысы Шиелі ауданы болып құрылып, республикадағы 180 ауданның біріне айналады. 1930 жылы 27 шілдеде Шиелі Жаңақорған ауданына қосылып, орталығы Жаңақорған болады. Ал, 1934 жылы аудан орталығы Шиелі поселкесіне көшіріледі. Ал, 1938 жылы Қызылорда округі облыс болып қайта құрылуына байланысты Шиелі Жаңақорғаннан бөлініп, өз алдына дербес аудан болады. Шиеліге бұрынғы Қызылорда ауданынан Тартоғай ауылдық Советі қосылып беріледі. Сөйтіп, 2 поселке (Шиелі мен Жөлек), 31 ауылдан тұратын 9 ауыл советті қамтиды. Халқы 19111 адам болады. Ауданда 24 ферма, екі МТС, 6785 гектар егіс көлемі болды. Бір МТС 21 колхозға қызмет жасады. Ауданда колхоздастыру 1925 жылы басталды. Алғашқы 3 серіктестік 1928 жылы беске, 1929 жылы 8-ге жетті. 17 үйі, 35 еңбеккері бар « Еңбек» колхозы ең алғаш серіктес еді. Содан кейін құрылған «Шайлаға» - 40 адам, «Ынтымақшыға» - 70 адам бірігіп, «Сорқұдық» колхоздары алғашқы артельдер болды. 1927 жылы бүкіл Қазақстанда әкімшілік-территориялық өзгерістер енгізілді. Бұрынғы уездерден кіші, болыстардан үлкенірек территориясы бар аудандар ұйымдастырылды. Аудандарды құру 1928 жылы аяқталды. Аудан құрылғанда Шиеліде ірілі-уақты 59 ауыл болды. Жоғарыда аталғандардан басқасы «Восток» (Жөлектен), «Ақмая», «Қарғалы», «Байзақ көлі», «Сорқұдық», «Батырақ», «Қызыл Көкшоқы», «Сайманды көл», «Алғабас», «Жаңаталап», «Бау», «Ақтөбе» (Жөлек), «Төңкеріс», «Бостандық», «Бағжай», «Құмжарма», «Талаптан» (Бәйгеқұм), «Жаңа Бақыт», «Тегісшіл», «Ортақшыл», «Жиделіарық», «Ленин», «Голощекин», «Ақ қамыс», «Қызыл дихан», «Жуантөбе», «Октябрь», «Красночилинец», «Құмшық», «С.Ө.З.», «1 Май», «Рисовод», «Қызыл ту», «Социализм» (Жөлек), «Ұйымшыл», «Гигант», «Большевик», «Авангард» (Ақмая), «Үлгілі», «Ақтоған» (Сұлутөбе), «Ленин» (Тартоғай), «Ащықұдық», «Кеңес», «Еңбекші дихан», «Айбек», «Жиделі», «Қолқа көл», «Бұлақты», «Тайкеткен», «Бегімбетова», «Жігербай» ауылдары болды.

Сонымен бірге аудандағы күрделі оқиғалардың бірі Шиелі каналының қазылуы болды. Ел отырықшылыққа мойынсынды, егінге көшті.

Неміс фашистерінің қанқұйлы соғысы енді еңсе көтеріп келе жатқан халықты есеңгіретіп кетті. Бір ғана Шиелінің өзінен 3200 азамат соғысқа аттанып, оның 1900-дайы майдан даласында қалды. Осы соғыс жылдары бір ғана «Авангард» колхозынан 16 Социалистік Еңбек Ері шықты, Жақаев әр гектардан 171, Ким Ман Сан 150 центнерден өнім жинап, дүниежүзілік рекорд жасады. Егер, 1928 жылдары қоғамдық сектор 50 гектар күріш егіп, 27 бас мал болса, 1929 жылы 3735 га-ға, 1930 жылы 5640 га-ға жетті. Кейін тек күріштің өзі 16 мың га-ға дейін өсті. Ауданнан 40 Социалистік Еңбек Ері шықты. 1943 жылы аудан комсомол жастары азат етілген Орлов облысына 219 центнер астық, 12 мың сом ақша, 91 кг май, 1390 пар шұлық, 171 қолғап, 10көйлек, 27 пима, 18 пар ботинка, 55 свитер жіберді. 1945 жылы ауданның оқушы жастары Мәлік Ғабдуллин атындағы жауынгерлік машина жасауға 100 мың сом беріп, Сталиннен алғыс хат алды.

Өткен 70 жылда ауданда білім беру жүйесі, мәдениеті өсті. Сонау 2 кластық түземдік мектептен басталатын білім жүйесі қазір 36 орта мектепті қамтиды, мәдени жүйе құлашын кеңге жайды.

Аудан негізінен ауылшаруашылықты аудан болғаннан кейін егіншілікке, мал басын молайтуға үлкен бетбұрыс жасады. Аудан алғаш құрылған жылы барлық егіс көлемі 605 мың га ғана болып, оның 1900 га-на күріш егілсе, 1991 жылдарға дейін күріш дақылының өзі 16 мың га-дан асты. Оның әр га-нан 39-42 центнерден өнім алынып жүрді. 1969 жылы аудан 7600 га күріш егіп, оның әр га-нан 39 центнерден өнім алса, 1968 жылы мемлекетке 155 мың, одан кейінгі жылы 160 мың, 1970 жылы 207 мың центнер, ал 1980-1991 жылдар аралығында жыл сайын 550-600 мың центнерден тұрақты күріш сатуды қамтамасыз етті.

Мал шаруашылығы саласында өрлеу жылдары болды. 1980 жылы ауданда 187 мың қой, 23 мың ірі қара, 4246 жылқы, 1377 түйе болды. Сарысу мен Сегіз сайдан 37 мың га жер игеріліп, 37 скважина қазылды.

1hello_html_m6695d57e.jpg
991 жыл бұрынғы ССРО елдері сияқты Қазақстанға да ұлы өзгеріс әкелді. Егемендік алып, өз байлығы өзіне, өз билігі өзіне тиді. Әрине, тосыннан келген жаңа қоғамдық құрылым, жаңа нарықтық бағыт біраз қиындықтар келтірді. Елде басталған жекешелендіру саясаты жоспарсыз, негізсіз жүргізіліп, біраз шаруаны шайқалтып тастады. Бар ауырлық халықтың мойнына түсті. Алайда, бұл қиындық бірте-бірте орнына келе бастады. Ел есін жинап, жаңа бағытқа құлшына кірісіп кетті. Шиелі ауданы да осы кезеңдердің қиыншылығын түгел бастан кешірді. Бұрынғы 13 колхоз, совхоздың орнына 322 шаруа қожалығы, 700-ге жуық шағын және орта тектес субъектілер мен жеке кәсіпкерлер қалыптасып, қазір жемісті еңбек атқарып келеді [18].

1991 жылы басталған жаңа нарық қиындығын аудан 4-5 жылдың ішінде артқа салып, тек ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласында ғана емес, әлеуметтік, мәдени салада да ілгерілеу болды.

Шиелі ауданы – Қызылорда облысының шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер көлемі 34,3 мың км2. Аудан ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шахары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені бар. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке –Қызылқұм алып жатыр. [1]


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Аяған Б.Ғ. «Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005.-544 бет.


  1. Аяпұлы М., Қасымұлы Н. «Ата мекен» (Шиелі өңірінің шежіресі)- Алматы: «Қайнар», 1998. – 224 бет.



  1. Шежірелі Шиелі: Энциклопедиялық тарихнама.- Алматы: «Кітап», 2000.-384 бет.


  1. Шиелі Аудандық Әкімдігінің «Ішкі Саясат» бөлімінің мәліметтері, 2010 – 2011 жж.



5. Шиелі Аудандық Статистика бөлімінің мәліметтері, 2011 жыл.


6. Шиелі Кент Әкімдігі мәліметтері, 2010 – 2011жж.


7. www.kyzylorda.kz




Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!


8



Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров342
Номер материала ДБ-083602
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх