Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / "Шыгармашыл педагог" атты шыгармашылык сайыс

"Шыгармашыл педагог" атты шыгармашылык сайыс

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған іс – шараның технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тақырыбы: «Шығармашыл педагог»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Бейнелеу

Қатысушылар: Балабақша мұғалімдері

Түрі: Сайыс

   Мақсаты: Мұғалімдерге бейнелеу өнерінің бейтаныс қыр-сырын жан-жақты таныстыру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.Жылдамдыққа,жеңіске жетуге деген талпынысын арттыру.
  
Әдісі: сайыс, сұрақ-жауап, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушылар!

Бүгінгі бейнелеу өнері оқу іс – әрекеті бойынша мұғалімдер арасында ұйымдастырылып отырған «Шығармашыл педагог» атты шығармашылық сайысымызға қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші үш топпен танысып алайық.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

 Сайыстың өткізілу барысымен, ережелерімен таныстырылады.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Қызықты сурет»(Сол қол көмегімен 3—ке бөлінген бір суретті бейнелейді)

  2. «Шашылған бейнелер» (қиылған суреттерді құрау)

  3. «Портрет шебері» (қарама – қарсы отырып бір – бірінің суреттерін салу)

  4. «Ойлан,тап!»(Үстел үстінде жануарлар бейнеленген суреттер тұрады.Сол жануарлар суреттерін салу тапсырылады.Әр топтан бір мүшесі шығып,жасырылған суретті қимыл- қозғалысымен қатысып отырған топтарға көрсетіп түсіндіруі тиіс.барлық топтар түсінгендері бойынша бейнелеп болғаннан кейін,суретті жасырып тұрған қатысушы жануарын көрсетеді)

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

  1 кезең. Мұғалімдер сол қолдарын пайдалана отырып топқа берілген ортақ суретті бірлесе салып аяқтайды.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\тоты садик\тоты сайыс\Шығармашыл педагог.jpg

 2 кезең.Топтарға 3 түрлі қиылған суреттер беріледі,сол суреттерді құрастыру тапсырылады.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\тоты садик\изо оформление\f_4cf561f307afd.jpgC:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\тоты садик\фоны для слайдов\post-33310-1201801256.pngC:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\тоты садик\Транспорт\Наурыз\Detskiy_sad.jpg

3 кезең. Портрет жанры бойынша сайысқа қатысушылар қарама – қарсы бағытта отырып,бір- бірлерінің суреттерін салу(сайысқа қатысып отырған қай қатысушы өзіне бейнелеуге оңайырақ болса,сол адамды салады)

http://www.artykova-t.ru/im/im/DSC09212,1.jpghttp://risuemportret.artykova-t.ru/DSC090091,1.jpg

4 кезең. «Ойлан, тап!».Жасырылған суреттерді мимикамен немесе қимыл- қозғалысымен қатысушы басқа қатысушыларға түсіндіреді.Сөзбен айтылмауы керек.Бірінші қатысушыға шошқа жануарының суреті келсе,

http://clip-arts.ru/data/media/69/foto_svin_07.pngекінші топтың қатысушысына жылқы суреті келуі мүмкін, https://img-fotki.yandex.ru/get/9760/54042467.106/0_b38b1_b6e8758c_L.jpgал үшінші топқа иттің суреті http://solnushki.ru/images/clipart/animal/dogs/dog004.thumbnail.jpg



Кезеңдеріміздің соңғысы осы болатын.Ендігі кезекті әділ бағасын беретін әділқазы алқаларына сөз берсек.

  • Сайысты қорытындылау.

  • Жалпы ұпай сандарын шығару арқылы жеңімпаз топты анықтау.

  • Көңіл – күй фишкаларын тарату.

  • Бірінші, екінші және үшінші орындар бойынша марапаттау арқылы дипомдар таратылады.

Сіздерге көп – көп рахмет! Біздің осымен «Шығармашыл педагог» атты шығармашылық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Мұғалім: Дінисламова Ақтоты



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.09.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров377
Номер материала ДA-034701
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх