Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Шыңғыстаудағы Қырықүңгір қорымында жургізілген зерттеулер"

"Шыңғыстаудағы Қырықүңгір қорымында жургізілген зерттеулер"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Шыңғыстаудағы Қырықүңгір қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулер


Шыңғыстау тарихы көптеген әдеби шығармаларға арқау болғанмен, ғылыми ортада бұл аймақ жайлы зерттеулер жоқтың қасы. Аталған аймақтағы археологиялық қазба жұмыстарының маңызы зор, себебі Таулы Алтай мен Сарыарқа сияқты, дамыған екі өркениеттің арасында орналасуы бұл өңір жайлы көптеген мәлімет беретіні сөзсіз.

2014 жылғы жазғы далалық зерттеулер Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Сыдықов Ерлан Батташұлының қолдауымен «Шыңғыстау археологиялық экспедициясы» жасақталды. 2014 жылғы кешенді археологиялық – этнологиялық зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты: аймақтың көне дәуірін, археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін зерттеу сонымен қатар, Шыңғыстау өңіріндегі халықтың этногенезі және этникалық тарихы жайлы мәліметтерді жинастыру болып табылды.

Шыңғыстау ауданында осыған дейін зерттеу жұмыстары негізінен Сарыкөл маңында ғана жүргізілді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін белгілі ғалым ұзақ жылдар Алматы қаласы Орталық Мемлекеттік музейді басқарған Абусағит Жиреншиннің бастауымен Шыңғыстау аймағында өлкетанушылық жұмыстар жүргізді. Алматы қаласы Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері Л.К. Нифонтова Сарыкөл маңы ескерткіштерінің бірқатарын ғылыми айналымға енгізді.

1980 жылдардың соңында Шыңғыстау өңірінің тумасы, белгілі археолог А.М.Оразбаев Сарыкөл, Көлденең, Базаралы аймақтарында ерте темір дәуірінің қорғандарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін де аталған аймақта зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Семей мемлекеттік университетінің профессор ғалымдары әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Толеубаев А.Т., Омаров Ғ.Қ сында белгілі профессор, археологтарымен бірігіп зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция құрамында тарихшы ғалым Амантай Исин, жергілікті өлкетанушы Кәкен Шылғаубаев, Қазақ ұлттық университетінің археологтарымен бірге осы мақаланың авторы да қатысты.

Шыңғыстау аймағында 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Шыңғыстау өлкесіндегі түркі дәуірінің ескерткіштері» атты жобасымен Зейнолла Самашевтің басшылығында археологиялық қазба жұмыстары 3 жылға созылды. Қазба жұмыстарына Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының кіші ғылыми қызметкері Ерден Оралбай жетекшілік жасады.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, зерттеушілердің барлығы Шыңғыстау бөктерінің оңтүстік бөлігін, Сарыкөл аймағындағы ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Шыңғыстау өңірінде Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлы жетекшілігімен соңғы үш жыл көлемінде археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі аралықты қамтитын 500 – ге жуық ескерткіштер тіркелді. Солардың бірі, қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі ескерткіштерден тұратын - Қырықүңгір жерлеу кешені.

Қырықүңгір жерлеу кешені – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Тоқтамыс батыр (Бестамақ) елді мекенінен солтүстікке қарай 2 км жерде, екі мұсылман зиратының арасында орналасқан. Қырықүңгір тауынан батысқа қарай 350 м, қорым мен таудың арасында Шаған өзені ағып жатыр. Таудың «Қырықүңгір» деп аталуы тау беткейінде көптеген үңгірлер орналасуында, соған байланысты қазақтың «қырық» және «үңгір» деген сөздерінің бірігуіне байланысты аталған.

Қырықүңгір жерлеу кешенінде бір шаршы шақырым аймақта орналасқан қола дәуірінің, сақ, ғұн – сармат, түркі дәуірінің ескерткіштері кездеседі. Оңтүстік - шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан Қорымның құрамында 100 – ге жуық ескерткіштер анықталған. Ескерткіштердің негізгі бөлігін қола дәуірінің қоршаулары құрайды (андронов кезеңіне жататын қола дәуірінің классикалық қоршаулары), сонымен қатар, соңғы қола дәуірінің құрылысы күрделі болып келетін қоршаулары, ерте темір дәуірінің қорғандары және түркі кезеңінің қоршаулары. Осылардың ішінде өлшемдерімен ерекшеленіп тұрған биіктігі 3-4 метрді, диаметрі 35-40 метрді құрайтын ерте темір дәуірі қорғандары және биіктігі 2,5 метрді құрайтын пішіні тіктөртбұрышты келетін қорған орналасқан.

Археологиялық қазба жұмыстары әр кезеңге жататын үш ескерткішке жүргізілді. Олар: сақ дәуірінің мұртты қорғаны және қола дәуірінің екі қоршауы.

«Мұртты» қорған – қорымның шығыс бөлігінде, Тоқтамыс батыр ауылынан солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан. Қазба жұмыстарына дейін қорған тас және топырақ араласқан пішіні дөңгелек үйінді тәріздес болған. Өлшемдері: диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 11м, шығыстан батысқа 12 м, биіктігі 0,5 м. Мұрттың ұзындығы : солтүстік бөлігі – 47,5 м, оңтүстік бөлігі - 41,7 м, солтүстік бөлігінің ені – 3 м, оңтүстігі – 2,5 м.

Қорғанның беткі бөлігіне тазалау жұмыстарын жүргізгеннен кейін орталық нүктеден оңтүстік – шығысқа қарай жер бетінен 0,3 м тереңдікте үй жануарларының сүйектері табылды. Қорғанды тазалау жұмыстары біткеннен соң басқа құрылымдық ерекшеліктер байқалмады. Қорғанның орталық бөлігінен оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған, жақсы сақталған қалпында жылқы сүйегінің артқы бөлігі табылды. Біздің пайымдауымызша, сол дәуірдің ғұрыптық және дүниетанымдық ерекшеліктеріне байланысты жерлеу құрылысы болған.

Аталмыш қорған Тасмола археологиялық мәдениетінің бір нұсқасы болып табылады.

Қоршау I – мұртты қорғаннан оңтүстік – батыс бағытына қарай 65 м жерде орналасқан, пішіні шаршы тәріздес әрбір қырының ұзындығы 6 м – ге жетеді. Қоршау дөңгелек тастарды жерге қадап орнату арқылы тұрғызылған, тастардың диаметрі 25 – 35 см, жер бетінен 0,4 – 0,5 метр сыртқа шығып тұр. Қазбаға дейін қоршаудың беткі бөлігін қалың шөп басып жатты.

Қоршау толық шым қабатынан тазаланғаннан соң, ортаңғы бөлігінен ұзындығы 3,7 м., ені 2,7 м. құрайтын қабіршұңқырының ізі табылды. Қабіршұңқырды тазалау барысында 0,7 м, тереңдікте таспен қаланып қоршалған құрылыс (циста) анықталды, тас қоршаудың ұзындығы - 2,5 м, ені – 1,7 м, биіктігі – 1 м, құрайды. Қазу барысында тас қоршаудың ішінен ретсіз, шашылған кейпінде адам сүйектері және қыш ыдыстың сынықтары табылды, сонымен қатар, батыс бөлігінің дуалға жақын жерінде орташа сақталған адамның бас сүйегі анықталды. Қоршаудың ішін тазалау барысында еденнен киіздің қалдықтары табыла бастады. Біздің ойымызша жерленген кісіні киіздің үстіне жатқызған болуы мүмкін.

Қоршау II – қорымның орталық бөлігінде, «мұртты» қорғаннан батысқа қарай 13 м жерде орналасқан. Қоршау жақпартастарды тігінен жерге қадап орнату арқылы тұрғызылған диаметрі 6,5 м құрайды, тігінен орнатылған жақпартастардың жердің бетінде көрініп тұрған бөлігі 0,15 -0,2 м, құрайды. Қазбаға дейін қоршаудың беткі бөлігін қалың шөп басып жатты. Қазба барысында оңтүстік – батыстан солтүстік – шығыс бағытына қарай бір тізбек бойында орналасқан 3 тас жәшік табылды. №1 және №2 тас жәшіктердің арасына ортақ, жақпартастан қабырға тұрғызылған.

1 тас жәшік – қабырғалары жерге тігінен қадау арқылы орнатылған 4 жақпартастан тұрғызылған. Жақпартастарды бір – бірімен жабыстыру құралы - саз балшық. Тас жәшіктің өлшемдері: ұзындығы - 1,9м, ені – 1,1 м, биіктігі – 0,72 м. Тас жәшіктің ішін тазарту барысында 70 см тереңдіктен ретсіз, шашыраңқы түрде орналасқан қыш ыдыстардың сынықтары мен адамның сүйектері, қоладан жасалған әшекей бұйымдардың қалдықтары табылды. Жәшіктің солтүстік бұрышында еңбек құралдары, ал батыс бөлігінде адам сүйектерімен қатар қола пластиналар табылды. Осы тереңдікте тас жәшіктің оңтүстік – шығыс бөлігінде жиналған түрде 36 асық табылды.

2 тас жәшік – жерге тігінен орналастырылған 3 тас плитадан тұратын қабырғалы жәшіктің оңтүстік қабырғасы № 1 тас жәшікке де ортақ. Плиталар саз балшықпен жабыстыралған. 70 см тереңдікке тазалау жұмыстарын жүргізген соң, Ұзындығы – 1,9 м, ені – 0,9 м, биіктігі 0,7 м болатын жәшіктің ішінен керамикалық ыдыстардың бөлшектері, адам сүйегінің қалдықтары және жәшіктің солтүстік – батыс бөлігінде шашылып жатқан дененің жоғарғы бөлігі, ал дененің төменгі бөлігі өз қалпында сақталған.

3 тас жәшік–жерге тігіненорналастырылған 4 плиталы қабырғадан тұратын жәшік. Плиталы қабырғалар саз балшықпен жабыстырылған. Өлшемдері : ұзындығы – 1,4 м, ені – 0,8 м, биіктігі – 0,53 м болатын жәшіктің бетіне тазалау жұмыстарын жүргізген соң жануарлардың қалдық сүйектері табылды. 0,5 м тереңдікте тас жәшіктің ішкі бөлігінде керамикалық ыдыс қалдықтары, шашылған адам сүйегінің қалдықтарынан басқа ештеңе табылмады.

Қырықүңгір обасының жаңалығы асықтар тек егде адамдардың қабірінен , тас жәшіктің ішінен, жерленген адам аяғының қасында үйілген түрде табылды. Ежелгі адамдардың өмірінде асықтар тек ойын ретінде емес, олардың күнделікті өмірдегі наным – сенімдеріне тікелей қатысы бар деп ойлаймыз.

Барлық жерлеу орындарының бізге дейінгі дәуірлерде тоналса да, табылған заттар сол дәуірдің материалдық және рухани өмірінен беретін деректердің кілті болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:


  1. Ковалева И.Ф. Срубные погребения с наборами альчиков. Исследования по археологии Поднепровья. Отв. ред. И.Ф. Ковалева. – Днепропетровск. – «ДГУ». – 1990.

  2. Кирюшин Ю.Ф., Папин Д.В., Позднякова О.А., Шамшин А.Б.
    Погребальный обряд древнего населения Кулундинской степи в эпоху бронзы. Аридная зона юга западной Сибири в эпоху бронзы: сб. науч. трудов. – Барнаул. – «Алт. гос. ун-та». – 2003.

  3. Калиев Б.А.Об обряде захоронения детей у андроновских племен. Материалы республиканской научно-практической конференции/ чтения Козыбаевские. – Петропавл. – 2014.

  4. Калиев Б.А. Специфические обряды жертвоприношения в детских погребениях бронзового века на территорииСеверного Казахстана. Сибирский сборник 1 Погребальный обряд народов Сибири исопредельных территорий Книга 1. – СПб. – «Музея антропологии и этнографии им. Петра Великого (Кунсткамера) РАН». – 2009.

  5. Рослякова Н.В. Погребальные комплексы с костями животных из могильников срубной культурно-исторический общности Самарского поболжья. Диссертация на соискание кандидата исторических наук. Автореферат. – Казань. – 2014.

  6. Сотникова С.В. Детские погребения с наборами альчиков и роль игры в обществах степного населения эпохи бронзы. Вестник археологии, антропологии и этнографии. Электр. журн. №2(25) Глав. ред. А.Н. Багашев. – Тюмень. – «ИПОС СО РАН». - 2014.

  7. Үмітқалиев Ұ.Ү. Шыңғыстауға археолого-этнографиялық саяхат. Абай журналы. – Семей. – 2015.










DSC08111 DSC_0644


1.сурет №1.қоршау Шым қабаты 1.сурет №2 қоршау. №1(оң жағы) және

тазаланғаннан кейінгі батыстан №2(сол жағы) тас жәшіктер.

шығысқа қарай көрінісі.


C:\Users\Fora\Desktop\чертежи\Проверенные\Курганы с усами общий вид.jpg C:\Users\Fora\Desktop\чертежи\Проверенные\Могильник Кырык унгыр объект № 4(1).jpg


C:\Users\Fora\Desktop\чертежи\Проверенные\Могильник Кырык унгыр объект № 4, разрез.jpg C:\Users\Fora\Desktop\чертежи\Проверенные\Могильник Кырык унгыр объект № 5.jpg


C:\Users\Fora\Desktop\чертежи\Проверенные\Мог Қырық үнгір об № 5,разрез.jpg C:\Users\Fora\Desktop\чертежи\Проверенные\Без названия, кости животного.jpg

Автор
Дата добавления 31.10.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров203
Номер материала ДВ-111405
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх