1276622
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспекты"ШЫҒЫСТЫҢ ҚОС ШЫНАРЫ" тәрбие сағаты

"ШЫҒЫСТЫҢ ҚОС ШЫНАРЫ" тәрбие сағаты

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.



Облысы: Оңтүстік Қазақстан

Ауданы: Шардара ауданы

Ауылы: Алатау батыр ауылы

Мектеп атауы: «№3 Қазақстан бастауыш мектебі» мемлекеттік комуналдық мекемесі

Бағыты: «Азаматтық-патриоттық,құқықтық және полимәдениеттік тәрбие»

Тәрбие сағат тақырыбы: “Шығыстың қос шынары”



Сынып жетекшісі: Мырзаева Баян Адырбайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі.

Сынып: 3 «а»








Тақырыбы: «Шығыстың қос шынары»

Мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру; елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Тәрбие сағаттың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлу

Суреттермен бөлу.Көгершін-бейбітшілік,жұлдызша-жеңіске 70 жыл,күн-аспанымыз әрдайым ашық болсын.

Қызығушылықты ояту.

«Ұлы жеңісті сыйлаған Ұлы батырлар» слайд

Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты. Сан мыңдаған ер заматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор.Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерд і қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ағайлар мен апайлар. Біздің әрқайсымыздың жадымызда өзінің өшпес ізін қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты жүректен шыққан ең шынайы құттықтауды қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:Жер бетіндегі барша ізгі ниетті адамзат екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 67 жыл толуына зор тарихи оқиға ретінде атап өткелі отыр.
1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.
2-жүргізуші:Суық хабар сол күні-ақ байтақ жерімізге жер-жерден, ауыл-аймақтағы радиодан әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен түгел тарады (Үнтаспадан Левитанның үнін естиді). Ер азаматтар өздері сұранып майданға аттанады.
1-жүргізуші: Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті. Қаршадай қазақ қыздары темір мәшинені жау шоғырына бағыттаған танкисттер Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмилә Талқанбаева, сержант Жамал Байтасовалар да болды.

Мәншүк туралы бейне көрсетілім

Алия туралы бейне көрсетілім

Ал енді А.Молдағұлова,М.Мәметова жайлы білейік.

І топ. Әлия мен Мәншүктің өмірбаяны.
II.топ. Арулар отты жылдарда: (арнаулар)
III топ. Ерлік отын алаулатқан қазақ қыздары (ерліктері туралы көрініс).




1 топ. Әлия Молдағұлова.
Қаһарман қыз Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ ауылында 1923 жылы шамамен 15 маусымда Нұрмаханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың

отбасында өмірге келген. 1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде, апасының сіңлісі Сапурамен бірге тең дәрежеде жүрді. Нағашы ағасы Әубәкір қызмет бабымен Әулие-Атаға көшіп келеді. Сол жерде №11 темір жол мектебіне Әлия 1-ші сыныпқа 1934 жылы қабылданады. Молдағұловтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді де Әлия мен Сапураны 1935 жылы №35 Мәскеу орта мектебіне береді. Сол жерде 1938 жылдың наурызына дейін оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Молдағұловтар Әлияны Ленинградтағы №46 балар үйіне береді. Ол №140 орта мектепте оқиды. Әлия бір беткей, әділетті шындықты көзге айтатын, қорықпайтын, сыныпта староста болған. Мектепте пионер вожатый қабырға газеті редакция алқасының мүшесі болған. Тәртібі мен білімі үшін «Артек» лагеріне жіберілді. Соғыс басталғанда Әлия комсомол қатарына қабылданды.

Мәншүк Мәметова Жансығали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал обылысы, Жасқұтта Нарын ауданында туған. Отбасында 5-еу болған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Алматыда апасының қолында болады. Мектепте оқиды, одан кейін Мединститутта оқиды. 1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп, 1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады.

2.топСілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан атты жолын.
Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,
Жауына қанар тігіп, қатуланған.
Отан үшін шайқаста ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі жасымаған.


Болса да күткені таң, аңсары - нұр,
Он тоғыз жаспен бітті барша ғұмыр
Он тоғыз жас тағы сол Әлияны
Күтумен сарғайды бел, шаршады қыр.
Сағынса жер шалғында, аспан - қазды,
Күтті ол бейбіт сәуле шашқан жазды,
Алия майдандағы ерлігімен
Он тоғыз жас туралы дастан жазды.
Оранды жайсаң күндер, тұнықтаңдыр
Есімін батырлардың, ұлықтардың
Он тоғыз жас толған балғын ұрпақ
Салмағын он тоғыздың ұмытпаңдар

Хор: Ән “Мәншүк”

2-жүргізуші:Көрініс. «Мәншүктің жұлдызды сәті».
1-ші: Мәншүк Мәметова
2-ші: генерал Галицкий

3-ші: подполковник Баймолдин
4-ші: жауынгерлер
Үнтаспадан соғыс даласында жүріп жатқан үндері естіледі.
Генерал Галицкий дүрбімен майдан даласын қарап тұрды. Жанында подполковник Баймолдин. Атқыштар ортасының оң қанатымен жүріп отырып, аға сержант Мәметованың пулеметшілер бөлімшесі алға жылжып барады.
1. Г.Г- Жарайсың пулемет бөлімшесінің командирі. Қараңдар жолдастар өзінің бөлімшесін қалай жақсы бастап барады, өзі кіп-кішкентай екен.
2. П.Б- Жолдас Генерал сіз қазір көріп тұрған бөлімшені қыз бастап барады. Ол - пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәншүк Мәметова.
3. Г.Г.- Солай ма? Оны маған таныстырыңыздар.
4. П.Б.- Бөлімшелер сапқа тұрыңдар! (Мәншүк бастаған бөлімшелер сапқа тұрады).
5. Г.Г.- Сәлеметсіздер ме жауынгерлер! (Сапқа таяп келіп).
6. Жауынгерлер – Саулығыңызды тілейміз жолдас генерал.
7. Г.Г.- Жарайсыңдар жолдастар. Дұшпанға аямай соққы бердіңіздер. Барлық жауынгерлер мен командирлерге алғыс жариялаймын.
8. Жауынгерлер – Отанға адал қызмет етеміз.
9. Г.Г.- Шабуыл кезінде пулеметшілер бөлімшенің аға командирі аға сержант Мәметова өз пулеметін дұрыс пайдаланды. Жолдас Мәметова бері келіңіз.
10. М.М.- Жолдас генерал, аға сержант Мәншүк Мәметова (генералға таяп келіп).
11. Г.Г.- Рахмет саған, қазақ халқының қызы, сен жақсы пулеметші екенсің!
12. М.М.- Отаныма адал қызмет етемін!
13. Г.Г.- Жасың нешеде, әрі сен майданға қалай тап болып жүрсің?
14. М.М.-20 жастамын, жолдас генерал, майданға өз еркіммен келдім. Ал өзім Алматы қаласындағы Медицина институтында оқыдым.
15. Г.Г.- Ал пулемет ісін қайдан, қай жерден үйреніп жүрсің.
16. М.М.- Осында жолдас генерал.
17. Г.Г.- Алдағы шайқастарда саған табыс тілеймін.
Мәншүк туралы ән көркем фильмінен үзінді
1-жүргізуші: Көрініс: «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі».
1. Әлия Молдағұлова
2. Командир Попов
3. Жауынгерлер
Майдан даласы, пулеметпен атысып жатқан дыбыстар естіліп тұрады. Немістер пулеметпен оқ жаудырып, бас көтертпей тұрады. Әлия Молдағұлова 54 атқыштар бригадасының мергені болып жүріп, талай ұрысты басынан кешіреді. Әлиялардың батальоны жауды Казачиха деревнясынан қуып, Новосоколник-Дно теміржолын кесіп тастау туралы бұйрық берді. Жауынгерлер қарсыласқан жау тобына лап қойды. Жаудың пулемет, зеңбірек, минометтері зарлап қоя берді. Рота командирі Попов еді.
1. К.П.- Отан үшін алға! (автоматы көтеріп алға ұмтылады, сол сәтте оқ тиіп құлап түседі).
2. Ә.М.- (Жүгіріп келіп командирдің басын сүйеді) Жолдас командир, жолдас командир көзіңізді ашыңызшы (командир жауап қатпайды).
3. Ә.М.- Автоматты қыз жолындағы жауды баудай түсіреді. Отан үшін алға!
4. Жауынгерлер -(қазақтың жаужүрек қызының артынан уралап ілеседі). Ура! Ура! Отан үшін алға!
5. Н.О.- (Әлияның оғынан жараланған.Әлияны артынан пистолетпен атады).
6. Ә.М.- (құлап бара жатып неміс офицерін атады). Бұл оның өлтірген соңғы немісі еді
7. Жауынгерлер - Бәрі де тыныш тұра қалады. Құлап жатқан Әлияның алдында ант береді; Қайталанбас қаһармандық көрсеткен қазақ халқының батыр қызының кегін жаудан алуға ант береміз. Отан үшін алға!


Отан туралы мақалдың

Жалғасын табу

1.Топ

2.Топ

3.топ


Топтық жұмыс:

1-топ. Ассоцация құру

2-топ. Топтастыру

3-топ.“Қызы батыр ел-ұлы ел”эссе

2-жүргізуші:1945 жылдың 30-шы сәуірінде Рейхстаг үстінде Жеңіс жалауы желбіреді. Жеңіс! 8-мамыр Берлин де фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды. 9 мамыр күні Жеңіс Мәскеуде тойланды.

1-жүргізуші:Қамықпаған қиындықтың түсінен, Қамықпаған қиындықтың түгінен. Өздеріңе жинап қырдың гүлінен, Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан, Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Қорытынды.
Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ - біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз.

Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау - әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде Талас - тартыстың болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты Әлияша сүюден басталады.
Әлия - өмір ерліктерден құралған,
Тарихүшін қас - қағым сәт мұң алған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын шығарған

Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді». Отанымыздың – өр сезім батыр қыздары. «Шығыстың қос шынары» - атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ұлы Жеңістің 70-ші көктемі құтты болсын !

6



Общая информация

Номер материала: ДВ-071887

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.