Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Шылау". 4 сынып. Семинар сабақ

"Шылау". 4 сынып. Семинар сабақ

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шылау

Сабақтың мақсаты: 1) Сөз табы- шылау туралы алғашқы түсінік беру. 2) Сөз құрамын талдауға, ойын жүйелі жеткізе білуге, шығармашылық қабілетін дамыту. 3) Ұқыптылыққа, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, орыс тілі, математика, дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық

Міндетіміз білім алу, Еңбектеніп ерінбей. Мақсатымыз еңбек етіп Беске қолды жеткізу. (Оқушылардың назарын сабаққа аудару.)

Бүгінгі сабағымызда сөз таптарына саяхатқа шығамыз. Әр аялдамадан тапсырмаларды орындай отырып белгілі жерге оралуымыз керек.

1.Зат есім аялдамасының тапсырмасы

Үй тапсырмасын тексеру. 1. Жаттығуды дәптерден оқытып тексеру. Өткен сабақты пысықтау барысында «Ой қозғау». Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

1.Сын-қимыл үстеулері дегеніміз не? (10) 2.Мекен үстеулері дегеніміз не? (20) 3. Мезгіл үстеулері дегеніміз не? (30)

4. Сөз таптарын ата. (10) 5. Септіктерді ата. (20) 6. Сөйлемнен үстеуді тап. Асан ерте тұрды.

Үстеудің ережесіне тоқталып айтып кету. Құрамын қарай дара, күрделі болып, мағынасына қарай мезгіл, мекен, сын-қимыл үстеулері болып бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүше, оның ішінде пысықтауыштың қызметін атқарады. Етістікпен байлынысады.

2. Сын есім аялдамасы Жаңа сабаққа қадам

Сөзжұмбақты шешу: Қ Ұ Р М А Ш Ц В Е Т Ы Г Л О Б У С А Т А У У А Қ Ы Т

1.Көксеректің иесі кім? 2.Гүлдер сөзінің орысшав аудармасы 3. Жер шарының кішірейтілген үлгісі. 4. Кім? Не? Сұрағына жауап беретін септік. 5. Қашықтыққа жылдамдықты бөлгенде не шығады? Сөзжұмбақты шеше отырып шылау деген сөзді шығардық. Демек жаңа тақырыбымыз «Шылау» деп аталады.

Дәптер ауыстырылып,күннің жады, тақырып тақтаға жазылады.

Жансая мен Арай сабаққа келді. Талдату. Шылауды табу. Ережені түсіндіру. Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз. Шылаулар- сөз бен сөзді сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Шылаулар: мен, пен, бен, ма, ме, ба, бе, та, те, үшін, дейін, шейін, туралы.

3. Сан есім аялдамасы . Жаңа сабақты бекіту

1-ж. Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылғансөздерді көшіріп жазу. Ережені хормен оқыту.

Сергіту сәті

4. Етістік аялдамасы 2-ж. Өлеңді оқып 1-шумағын жатқа жазу. Шылауларды табу. Қазақстан туралы сұрап кету. 3-ж. Суретті пайдаланып мен, туралы, дейін шылауларына сөйлем құрау.

5. Есімдік аялдамасы 5-ж. (Тақтамен жұмыс.)Көп нүктенің орнына шылауларды қойып көшіру.

Шығармашылық тапсырма 1- қатар- шылауды пайдалана отырып, 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыр.

2-қатар – ішінде шылауы бар мақал-мәтел айт.

3-қатар- Көп нүктенің орнына шылауларды қойып сөйлемді оқы. Дана ...., Сая .... озат оқушылар. Омар досы .... көмектесті.

6. Үстеу аялдамасы. Қорыту

Не үйрендік ? не білдік? 1.Шылау дегеніміз не? 2. Сөйлем мүшесі бола ала ма? 3. Басқа сөз табынан айырмашылығы қандай? 4. Қандай сөз таптарын білеміз? Бөліктерді толтырсақ бір адмның бейнесін көреміз. Ол адам Тоқтар Әубәкіров Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

7. Шылау аялдамасы Үйге тапсырма

Ереже жаттау. 6- ж

Бағалау

12-сәуір ғарышкерлер күніне байланысты «Өте жақсы» қатысқандары үшін Тоқтар Әубәкіровтың СОЮЗ ТМ -13 ғарыш кемесімен, «Жақсы» қатысқаны үшін СОЮЗ ТМ-32 ғарыш кемесімен бағалаймын.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров208
Номер материала ДВ-344887
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх