Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Шын дос болу бақыт

Шын дос болу бақыт



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:


Аудандық оқушылар үйінің «Көркемөнер» үйірмесінің

ұйымдастыруымен өткізілетін «Шын дос болу бақыт» тақырыбындағы

ашық тәрбие сағатының


Ж О С П А Р Ы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.

Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан,

шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сезінуінен, біріне-бірі тірек, медет

болуынан, қам қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде

іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін

ұғындыру.


Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, сызба нұсқалары.


Сабақтың барысы:


І. Кіріспе бөлім.

а) Ұйымдастыру жұмыстары



ІІ.Негізгі бөлім.

Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары

  1. «Дос» деген сауалына сызба арқылы жауап беру

  2. Досың бар ма? Ол қандай?














Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті оқушылар, ұстаздар. Мен бүгінгі сабағымда ұлы ғұлама аталарымыздың айтқан сөзінен бастағым келеді.

«Дос табу оңай, сақтауы қиын, жауласу оңай, тоқтауы қиын» деп Жүсіп Баласағұн айтса,

Жақсымен дос болсаң алдыңнан шығар елпеңдеп.

Жаманмен дос болсаң , сыртыңнан жұрер өкпелеп- деп Махамбет Өтемісұлы айтқан екен.

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген — адамның көрігі екен
Достық деген — ақылдың серігі екен .- деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда «ДОС» туралы әңгімелесетін боламыз. Жалпы дос дегеніміз не?, Қандай болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікіріміз бар екені белгілі. Ал осы «ДОС» деген сөздің мәні неде екен. (Оқушылар пікірін тыңдау

Мөлдір *Аталарымыз айтқандай адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан да жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейді. Бұл өте қажетті табиғи тілек. Әйтпесе халық даналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» демес еді.


Жансая * Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гаухар тас. Жұлдыз да, асыл таста кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкімде, еш құдіретте кірлете алмайды. Сондықтан да осыларға теңеген екен.


Айсұлу *Достық сезімі адамдар бірін-бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы, біріне-бірі тірек болып, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.


Ақбота * Дос - ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет.


Нұршат. *Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, зор қуаныш – сырыңды айтатын адамыңның болуы. Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу - нағыз достықтың белгісі.

Дильназ *Өзің жақсы болсаң досың көп, ал егер жаман болсаң досың жоқ.Бір-біріне пейіл ықыласы түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады.


Маржан *Дос! дос дегенің бір тылсым дүние, жаныңда саған демеу болатын достарың болса одан асқан бақыт жоқ деп білемін, дос тек кана 2 немесе 3 адам болмайды олар көп, тек солардың ішінде сені қиын жағдайда жалғыз қалдырмайтын, қуанышыңды да қайғыңды да бірге бөлісетіні болады, достарыңды кұрметтей біліңдер




Анель Достық қасиетті сөз , қасиетті сезім , ол тек жөні түзу адамдар арсында ғана болады, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Егер біздің бақытымызды ешкім бізбен бөліспесе , ол бақыт соншалықты мәнін жоғалтар еді. Біздің бақытсыздығымызды бізден де қатты қиналатын дос болса , оны көру де бізге сондай қиын болар еді.

Мереке Дос үш әріптен тұратын сөздің анықтамасы, қиналғанда қол ұшын беретін анаңнан кейінгі адам дегенді білдірсе керекті. Досты қадірлейтін әр адам өзінің тектілігі мен адалдығын аңғартады. Достық сені сыйлайтын қадір тұтатын адамның ыстық ықыласы десек те болады.


Дос деген не екенің білетін болсақ енді балалар мақал мәтелдің жалғасын табайық 1) Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.

  1. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

  2. Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

  3. Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

  4. Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

  5. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам

  6. Жолдасы көптің – олжасы көп.

  7. Күлме досқа, келер басқа.

  8. Жолдасың соқыр болса, Сен де бір көзіңді қысып қой.

  9. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы.

  10. Өз басыңды дауға берсең де, Жолдасыңды жауға берме

  11. Қимас досың сұраса, Қимасыңды бересің.

Мөлдір Дос дегенің өкпе менен бауырың, Білесің бе дос жолының ауырын. Достық деген-адамның көрігі екен, Достық деген- ақылдың серігі екен.

Жансая Дос емес достың сөзін көтермесе Салған жерде түбіне жетем десе. Не қылып дос атына қосылады, Көрмей бір сөзіңді бүйтем десе



Айсұлу Достық екен өмірде ең керегі, Достық болып дүние дөңгеледі. Өзендегі толқындар дос болып ақты, Қанымыздай жүгіріп кеудедегі

Ақбота Ағаш біткен дос болып тербеледі, Тағдыр досқа бақытты тең бөледі. Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол, Бірнеше қол осынау жерде мені

Нұршат.5. Достық деген таусылмайтын қазына Көктемдегі солып қалар гүл емес Қарамайды ол сыйдың көппен азына Нағыз достар тіпті сыйда тілемес

Жанерке Досым менің бәйшешектей гул шашқан
Досым менің актарылып сыр ашқан
Досым менің ажыраспай көп жылдар
Қос өзендей катарласып бірге аққан 

Нұршат. 7. Түсіне білген адамға достық қымбат
Бірге ойнап кулген жастық қымбат
Ал егер досы жоқ адам болса
Ол адамға өмірдің несі қымбат 

Дильназ Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.



Маржан Досың сенің ақ жүректі асыл жан
Әр кездерде табылатын қасыңнан.
Досыңды аялай біл бірге жүрген
Сыйласатын шын көңілмен жасыңнан

Анель Тусіне білген адамга достық қымбат
Бірге ойнап кулген жастық қымбат
Ал егер досы жоқ адам болса
Ол адамга өмірдің несі қымбат 

Мереке Жалындасын достық алауы
Желбіресін мәңгі достық жалауы
Сол емеспе ең тәтісі өмірдің
Сол емеспе жүректінде қалауы!

  1. Жалғастырып көр ойыны 1) Әрбір адамға дос керек. Өйткені................ 2) Менің сыныптастырыма, немесе досыма тілегім................ 3) Нағыз достықтың белгісі . Ол.................

  2. Сыйластық бар жерде.........................

  3. Досқа жақсылық жасасаң.........................

  4. Жаман дос көлеңке, өйткені........................

Жағдаяттан шығу 1. Сен асығып бара жатырсың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған келіп кетші бір жағдаймен өте қысылып тұрмын дейді. Сенің әрекетің? 2. Досың қатты ауырып ауруханада. Оған өте қымбат дәрілер керек. Дәрі алуға жағдайы жоқ. Сен не істер едің? 3. Сенің досыңа үлкен балалар күш көрсетіп жүр. Сеніңде оларға күшің жетпейді. Сен не істер едің?





4. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер нан әкеледі деп күтіп отыр. Досың анаң берген ақшаны жоғалтып алды, сенің ендігі әрекетің қандай? 5. Сенің досың жағымсыз әрекет жасап, сынып жиналысында талқыға түсіп жатыр. Ол сенен көмек сұрап отыр. Сен не айтар едің?



Ертеректе Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандасы:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет айтқан екен:

  • Достықтың екі түрі болады: бірі- адал дос, екіншісі – амал дос

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

  • Адал достық өмірлік нұсқа болады,

  • Амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.

Сендер «АМАЛ ДОС» «АДАЛ ДОС» дегенді қалай түсінесіңдер?






hello_html_m42000418.gifhello_html_m42000418.gif

hello_html_m786d84bd.gif

hello_html_1575c7f8.gifhello_html_m64554563.gifhello_html_1575c7f8.gif

hello_html_m62c3eaa9.gifhello_html_502883c7.gif


hello_html_6b11c135.gifhello_html_m144fe10a.gifhello_html_m144fe10a.gifhello_html_6b11c135.gif

hello_html_57fd0fcc.gifhello_html_1514ed48.gif

hello_html_m2df47aa7.gifhello_html_m31963839.gifhello_html_37862b01.gifhello_html_m2df47aa7.gif









Қорытынды

«ДОС» Күн шапағын құрастыру.


Солнце 11









Енді барлығымыз бір- бірімізбен қол алыса отырып, бүгінгі өз ұранымызды айтайық.

Дос болайық бәріміз.

Жарассын достық әніміз

Иықтасып жүрейік

Қиындықта бәріміз /Қимылмен көрсету/

Осымен бүгінігі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көппен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
- деп бүгінгі тәрие сағатымызды осымен аяқтаймыз

«Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі: Сериева Сауле Абдулдақызы






АДАЛ ДОС




































Чсфыв ч



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДВ-367160
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх