Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Шын дос болу-бақыт" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

"Шын дос болу-бақыт" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Шын дос болу-бақыт»

Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту, толеранттылық дегенді ұғындыру.

Міндеті: адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

КІРІСПЕ.

І. Сәлемдесу.

Оқушылар: Үленге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз»,

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз.

Сабақтың ұраны: Мұғалім: Әрбір адам-

Оқушылар:Туысым, досым, жұрағат.

Мұғалім:Әрбір сабақ-

Оқушылар:Үйрену, ұғу, ұлағат.

Мұғалім:Әрбір ісің-

Оқушылар:Тірлік, тірек, адалдық.

Мұғалім:Әрбір сөзің-

Оқушылар: Шындық, бірлік, адамдық.

 

Мұғалім: Досым, саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен, -деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда «дос» туралы әңгімелесетін боламыз. Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікіріміз бар екені белгілі. Ал осы «дос» деген сөздің мәні неде екен?

   Аталарымыз айтқандай адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан да жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейді. Бұл-өте қажетті табиғи тілек. Әйтпесе халық даналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» демес еді.

   Аристотель айтқандай «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім, ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес».

  Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Ал адалдық деген-рухани тазалық.

ІІ.Психологиялық дайындық. «Мен тілектеспін!»

-Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір-бірімізге тілек айту арқылы ұсынып отырайық. (Оқушылар «Мен тілектеспін!» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады. Мысалы: Бес алуыңа тілектеспін! Көңілді болуыңа тілектеспін! Ата-анаңа бәрі жақсы болуына тілектеспін! Жақсы бала болуыңа тілектеспін! т.б.)

 

ІІІ. Толеранттылық дегенді ұғындыру. Толеранттылық дегеніміз-достық, сабырлық, бұл бейбіт көңіл күй арқылы ашыла түседі және ол агрессия, өшпенділік, ашу дегендерге қарсы тұрады.

Толерантты таныстыру. (Әркім өзінің көршісінің есіміне сын есім қосып таныстырады.) Мысалы: Әдепті Жүзік, Оқымысты Ерұлан, Ажарлы Мадира, Ақылды Ақмаржан деген сияқты таныстырасыңдар.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Бүгінгі сабағымызда мына сұрақтарға жауап іздеп пікір алысамыз.

ІҮ . 1) «Дос», «дос болу», «достық» дегеніміз не? Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсыңдар?

 

Таңшолпан: Дос емес, достың сөзін көтермесе,

Салған жерден түбіне жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

 

Ерұлан: Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы-жаман айтар деп елемейді,

Ақ-дәулет сол адамнан айрылмайды.

 

Берік:Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей қылып моймаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

 

     -Міне, балалар достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, сырыңды айтатын, қуаныш-қайғыңды бөлісетін адамның болуы. Бұл жөнінде ұлы В.Шекспир былай деген: Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады-сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң-ұйықтамайды ол дағы.

 

«Дос болу-киелі ұғым». (Слайд арқылы  көрсетемін).

1)Скифтер дос болу үшін арнайы келісім-шартқа  отыратын болған.

  Дос болуға ықылас білдіргендер қылышпен саусақтарынан   қан шығарып, бір ыдысқа құйып ант қабылдаған. Осыдан соң    оларды ешкіім де, ешнәрсе де айыра алмайды деп сенген.

2)Капказдықтар дос болу үшін үш қадамға барған. Алдымен жасы үлкендердің алдында ант қабылдаған. Бірнеше жылдан кейін екінші  дәстүрді жасаған:

достықты тот баспау үшін алтын жүзік салынған ыдыстан сүт ішіскен.

3)Үндістер достық шартын бүкіл ел алдында қабылдайтын болған. Бір ерекшелігі үш реттен ант қайталап, ант қабылдаған достардың жынысына көңіл бөлінбеген. Ер мен ер не әйел мен ер де жолдас бола алады дескен. Бірақ дос боламыз деп ант берген ер мен әйел кейін қосыла қалса, “қан араласты” деп қарсы болған.

4)Австралия аборигендері тек өздерінен үш рет бір нәрсе сатып алған адамды ғана

дос деп санаған.

 

Келесі сұрақ: Достық сезімі дегеніміз не? Ол нені білдіреді?

Жүзік: Достық-аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды. Сондықтан да осыларға теңеген екен. Досыңның кішкене сыйын көптей көр, досыңа қанша көп берсең де аздай көр. Нағыз досың адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Сондықтан да достыққа ешқашан сызат түсірмеу керек.

   Достық сезімі-өмірде адамдар бірін-бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы, біріне-бірі тірек болып, әсіресе қиын-қыстау күндерде бірге болып жанынан табылуы.

 

Ү. «Ойлан, тап!»  (мақал-мәтелдерді жалғастыру)

Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.

2.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

3.Күлме досыңа, келер басыңа.

4.Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

5.Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

6.Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

7.Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.

8.Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

9.Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

10.Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы

 

ҮІ. Келесі сұрақ. Нағыз достықтың белгісі не?  (оқушылар пікірін тыңдау)

Исламбек: Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.

  Жақсы адам-тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң бір жақсыға ілесе аласың.

  Нағыз достықтың бір белгісі-шыдам, сабыр. Ежелгі грек философы Биастың «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады» дегені рас.

       Шын дос болу үшін қалайда

       Тік қатерге басыңды.

      Айыра біл алайда

      Досың менен қасыңды,-дегендей досты асықпай таңдап, оның қадірін білу керек.  Мен де жан достарымның қадірін білемін. Менің достарым Ерасыл мен Шахризада. Ерасыл сыр сақтай алатын, сабырлы , ең жақын досым. Ал, Шахризада керісінше ашық, ақкөңіл досым. Ер бала мен қыз бала дос болмайды деген ереже жоқ.  Шахризадамен сабаққа бірге келіп, бірге қайтам. Сабақ туралы, метепішілік іс-шаралардың  өтілу барысындағы қызықты жайттар туралы әңгімелесіп, пікірлесіп қайтамыз.

 

Келесі сұрақ: Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

Таңшолпан: Бір-бірне пейіл ықыласы түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. «Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» деген екен ғой бір дана адам жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы достар жан-дүниесі, ой-өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенді меңзейді.

   Достасу-ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып, іс-әрекетке ортақтасуы. Достасу-игі қасиет. Ол ізгілікке әрбір әдепті адам пейілді болады.

 

Жүзік: Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

 

Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерде мені.

 

Мадира: Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

 

Сырлас болсаң есігімді кір қақпай,

Шын дос болсаң шақырмай кел-тілегім.

Шын шақырсам саған ұқсап тіл қатпай,

Жауымның да келетінін білемін.  Т.Айбергенов

 

«Құм мен тас» аңызы.

 (слайдтан бейнеолик көрсетемін және оқушылардың пікірін тыңдаймын)

 

Келесі сұрақ: Қалай ойлайсың, досқа сын айту жақсы ма?

Ерсайын: Менің ойымша, егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір-біріңе шынымен сенбейсіңдер, біріңді-бірің түсінбейсіңдер, құрметтемейсіңдер дер едім.

   «Адам алдымен айнаға қараған сияқты басқа адамға қарайды. Демек әр адам басқа бір адамның қылығына сын көзбен қарай алса ғана өз мінез-құлқына терең үңіліп, өзінің жаман-жақсы жақтарын салыстыра алады» деп К.Маркс дұрыс айтқан. Сондықтан әр адам өзінің мінез-құлқындағы кемшілігін, қателігін түсінгенде ғана досына сын көзбен қарай алады.

 

Әсел: Жақсыменен дос болсаң

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп. М.Өтемісұлы

 

Гүлназым: Пайда жоқ бұл заманда толы достан,

Жақсы ғой жұртпен сирек жолығысқан.

Біреуге серігім деп сене қалсаң,

Алдымен саған соның өзі дұшпан. Омар Хайям

 

Ақбота: Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады-сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң-ұйықтамайды ол дағы.

 

Шахризада: М.Шаханов. Достық туралы

Айқындалмас жақының мен алысың
Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін
Өз көңілінен сезім таба білмеген
Досқа досша ұсына алмас қол ұшын

Доссыз менің өмірімде бар ма сән
Досым барда арманға асам, айға асам
Мақтау күткен адамдық арыңды
Көкірегімді оққа тосып қорғасам

Адам деме жалған күліп алдасам
Не берсем де сеніп бере алмасам
Тар кезеңде талшық етер жанымды 
Жарты құртты бөліп бере алмасам

Дос құшақтан босамасын қолдарым
Осы менің осы менің арманым
Достығыма сенетін жан аз болса
Онда құрбым менің әлсіз болғаным        

 

Ерасыл:Достық-ең алдымен шынайылық, жолдастың қателіктерін сынау. Достар жолдасын өзінің қатесін түзей алатындай болуы үшін бірінші болып қатаң сынауы керек.

Келесі сұрақ: Сеніңше достықтың қандай түрлері бар?

Ақмаржан: Сенің өмірдегі жаныңды түсінетін, саған қиындық туғанда көмектесетін, әрдайым арқа тұтатын ең сенімді адамың-ол сенің досың.

  Ел аузындағы мынадай әңгімеге құлақ түрейік. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

 -Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық.

-Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз дегенге:

-Адал достық-өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, -деп жауап берген екен.

  Ал, менің қасымдағы Мадира мен Гүлназым адал достарым деп білемін.

 

ҮІІ. «Жіпті шешу» ойыны

Сынып оқушылары жұптасып отырады. Әр жұпқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Жұптасқан оқушылар сол қолдарын артына ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек. Қане, қай жұп жеңімпаз атанар екен?

 

ҮІІІ. Жағдаяттар.

1-жағдаят. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды, өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Сенің ой-пікірің.

 

2-жағдаят. Досың сенің үйіңе қонаққа келді. Оған саған ағаң сыйлаған әдемі сувенир ұнады. Қайта-қайта  сувенирді қызықтаумен болды. Сенің іс-әрекетің. Қимас досың сұраса бересің бе?

 

3-жағдаят.Жақын досың сенің жақсы көретін киіміңді үтікке күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

 

4-жағдаят.Саған досың өкпелі, неге екенін білмейсің. 2 күн болды, ол сен көрсе үндемей қашқақтайды. Сенің іс әрекетің.

 

ІХ. «Қасиеттер жәрмеңкесі»  ойыны. Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ  таратылып беріледі.

І бағанаға  «Сатамын», ІІ бағанаға «Сатып аламын» деген сөздер жазылады.

Музыка ойналады. Оқушылар өз бойындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.

   Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.

   -Қандай қасиеттер көбірек  сатылуға ұсынылды?

  -Не себепті сатып алғыңыз келеді?

-Не себепті сатқың келеді.

Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі.

«Кемшіліксіз адам болмайды. Өзіңнің кемшілігіңді мойындау-ол да бір ерлік».

 

Овал: шыншылХ.Балалар, сендер достарыңның бойынан қандай қасиеттердің табылғанын қалайсыздар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ХІ. Қрытынды бөлім.

Достық-алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген-рухани тазалық.

  Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап кешіре білмеген адам нағыз дос та бола алмайды. Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды, қатесін, кемшілігін кешіре біледі. Ондай адам жан дүниеңді түсініп, әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады. Бұл-нағыз достық.

  Балалар, бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық.

   Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:

-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.

-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:

-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Жұбаева

 

 

 

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі

 

 

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

 

 

 

Тақырыбы: «Шындос болу-бақыт»

 

 

 

 

 

Класы: 4

Дайындаған:  Қанатбаева Саманта Жаназарқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатамын:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатып аламын:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шын дос болу-бақыт" тақырыбында ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 6442
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 44 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канатбаева Саманта Жаназаркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6523
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе