Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "Шындық және ақиқат" сабақ жоспары

"Шындық және ақиқат" сабақ жоспары

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Төлеби ауданы Ханарық ЖОМ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Рахмеджанов


Мектеп:Ханарық Мерзімі №19


Тақырып:Шындық және ақиқат


Құндылық «Ақиқат» Қасиеттер Адалдық,шындық,барлығынан жақсылық көру.


Сыныбы « Оқушылар саны 25


Сабақтын мақсаты: оқушыларға шындық және ақиқат туралы түсініктерін ақиқат құндылығы арқылы ұғындыру.

Сабақтын міндеттері:

-қоршаған ортадағы адалдық туралы түсінік беру;


-оқушылардың бойына байсалдылық, парасаттылық қасиеттерін дамыту;


Оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:

Материалдар,

дерексөздер,

ұнтаспа,

оқулық,

дәптер



Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты жағымды күйге келтіру.

(Жай,баяу жағымды музыка қойылады).

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңізді орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қаузын ашты.

Нұр сәуле сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестеңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді. Және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.




Ескерту:


«5»-Т


Тыныштық


Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап



Әуенді


бейне жазба

2.Үй тапсырмасын тексеру:

l А.Айтбайдың «Балалық» өленін оқып келу.

ll Дәптерге берілген жұмысты қарап,тексеру,жасаған жумысына баға беру.



Стикерлер

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

« Дүниеде шындық және ақиқатты айта алатын адамдан артық еш кім жоқ »

Ш.Уәлиханов

1.Дәйексөзден қандай ой түйдің?

2.Сіздің достарыңыз ақиқатты



4.Әңгімелеу.(балаларға сыйлық)

«Ақиқат»

.

Бұрында бір кісі көп қиыншылықтарды кездестіреді. Ол өз өміріне ренжіп, бір пайғамбарға келеді. Ол кісі пайғамбарға қарап: О Алланың елшісі, Бұл дүниеде әділдік,шындық бар ма? деп сұрақ қойыпты.

Пайғамбар – әрине бар деді.

Мен өмір бойы ақиқатты таппадым, маған ақиқатты көрсет деп айтыпты. Мақұл, сен ертең бұлақ бойына барып, бекініп отырсаң ақиқатты табасың, бірақ не көрсең де қозғалма депті пайғамбар. Айтылған күні бұлақ бойына барып, бір жерге тығылып отырады.Не керемет болар екен деп ойлап тұрғанда, бір шабандоз келіп,бұлақтан су ішіпті. Сол кезде шабандоздың бір дорба алтыны суға түсіп қалды.Шабандоз алтының түскенін білмей,атына мініп кетіп қалды. Бір бала қой бағып жүріп,судағы алтынды тауып алады да, кімдікі, кімдікі, кімдікі деп үш мәрте сұрайды да үйіне алып кетеді.

Сол кезде бір шал судың бойына келіп, дем алуға отырады. Алтынын жоғалтқан шабандоз келіп,шалға алтынды қайтар дейді. Мен алтын көрмедім деген сөзіне сенбеген шабандоз, шалды өлтіріп, атына мініп кетеді. Бұндай әділдікке таң қалған кісі пайғамбарға барады да, О Алланың елшісі бұл қандай әділдік алтынды біреу тапса,ал басқа адам зардап шексе дейді.

Сонда пайғамбар Алтын жоғалтқан шабандоз ,баланың әкесіне жұмыс істетіп ақысын төлемеді.Сол үшін құдай баласына әкесінің ақысын алып берді.

Ал шал болса, ол атақты қарақшы еді. Бұрын шабандоздың әкесін бейкүнә өлтірген. Ал енді баласы әкесінің құнын алды, деп жауап береді.


Оқушылар сабақтағы ақиқат туралы алған білімдерін толықтыра түсү үшін, төмендегі сұрақтар төнірегінде әңгіме жүргізіледі:

1.Кісі пайғамбарға не үшін барды?

2.Ол кісі дүниеден нені іздеді?

3.Кісі бұлақ бойында нені көрді?

4.Бала не деп үш рет айтты,не үшін?

5.Ақиқат жүзеге асты деп ойлайсыздарма?






Суреттер


Стикерлер

5.Шығармашылық жұмыс

-Балалар,барлығыңа мынадай тапсырма беремін,бірақ әр-кім өз бетінше орындау керек.

Ақиқат.Осы сөйлемның мағынасыны қалай тусындыңыз?

Өз түсініктеріңізді қысқаша жазыңыздар.



Үлестірмелі

қағаздар


Стикерлер


6.Төппен ән айту. Асан Пердешовтың «Достық» әнін орындаймыз.

Достықты силаған,достарын қимаған,

Қуанған сәттерде достарын жинаған.

Іс туссе басыңа досыңнан жасырма,

Адал дос қалады қол беріп қасыңда.


Қайырмасы

Сырғып өмір өзен,

Орнында тұрмайды.

Жастық шақ өтеді,

Бір күн қол бұлғайды.

Силастық қалады,

Достар әлемінде.

Достық пен ынтымақ,

Болсын бар еліңде.

Достықтың нышашы сіз бізден басталған,

Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан.

Досың барда қайға қардай еріген,

Әнді достық жайлы шырқа менімен.

Қайырмасы

Сен адал досымсың берік сенімге,

Тек достар қосылсын өмір төрінде.

Кел досым жаныма өткенді еске алайық,

Балалық шағына кел бірге барайық.




Үнтаспа

7.Үй тапсырмасы

1.Ақиқат туралы дәйексөз құрастыру.

2.Келесі сабақ:№29.Қызғаншақ ертегісін оқып келу.





8.Соңғы тыныштық сәті

8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет!



Әуенді


бейне жазба

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Өзін-өзі тану».Оқулық.5-сынып. «Бөбек» Алматы,2010.110-118б

2. «Өзін-өзі тану» журналы №2,(50) 2014жыл

3. «Өзін-өзі тану» журналы №1,( 61) 2015жыл

4. . «Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 5-сынып. «Бөбек» Алматы, 2010


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 06.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров19
Номер материала ДБ-325294
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх