№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Шыншылдық-адалдықтың белгісі
Қызылорда қаласы
Тақырыбы:Шыншылдық-адалдықтың белгісі
Мақсаты:
-оқушылардың бойында адалдық және шыншылдық ұғымы жөнінде түсінік қалыптастыру;
-балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ынталандыру;
-оқушыларды өз-өзіне және айналасындағыларға жақсылық жасап жүруге үйрету арқылы адал болуға тәрбиелеу.
-ой белсенділігін,өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,түсіндіру,оқулықпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс.
Қажетті оқу құралдары:оқулық,дәптер,түрлі суреттер.
Сабақ барысы:
1.Көңілашар
Ø Балалар,мен сендерді ортаға шақырамын.Мына өлеңді айтып үйренейік.
Шындықты сақтаймыз, Өрге баспас өтірік,
Шыншылды жақтаймыз. Шындықты тек айтамын.
Достықты дәріптеп, Өз бойымнан бүгін мен
Шығарып мақтаймыз. Шыншылдықты байқадым.
2.Тыныштық сәті
Ø Ертеде қаз дауысты Қазыбектің аулына бір саудагер келіпті.Түстеніп,тамақ ішіп болған соң Қазыбекке:
- Би,бір сөз сұрайын деп едім,-депті.
- Сұраңыз,-дейді Қазыбек би.
- Біз өзара дауластық та.ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық.Сөздің атасы кім,анасы кім?-депті
Сонда Қазыбек би:
-Сөздің атасы-бірлік, анасы-шындық ,-деген екен.
Ø Балалар,бірлік дегеніміз -тату болу дегенді білдіреді.Ал шындық туралы сендер білесіңдер деп ойлаймын.
-Егер « шындық- сөздің анасы» деп түсінетін болсақ, онда ол қандай қасиет болғаны?
Балалардың жауаптары төмендегідей болды.
ü Шындық деген өтірік айтпау
ü Досыңды алдамау
ü Шыншыл болған жақсы
ü Өтірікшімен дос болмас едім
ü Абай ата да өтірік- бес дұшпанның бірі деген
3.Оқулықпен жұмыс
Шыншылдық
Естай екінші сыныпқа көшті.Бойы кіп-кішкентай,білетін адам болмаса,оны оқушы деп ешкім ойламайды.Жазғы каникулда олар басқа қалаға бармақ боп келісті.Естай:
-Әке,мен де барайын, -деді.Әкесі анасына көзін қысып қойып:
-Бұрын саған билет алмаушы едік.Сен енді есейдің.Саған билет алуға ақша жоқ .Сен бармайтын шығарсың,-деді.
- Әкесі,Естайды әлі мектепке барған жоқ деп билет алмасақ қайтеді,-деді анасы.
- Жоқ. Ұшқыштарды алдауға болмайды.Ешқашан өтірік айтпа деуші едіңіздер ғой,-деді Естай.
- Ендеше, үйде қал,-деді әкесі.
- Бармасам, бармаймын,-деді Естай өкпелеп.
Келесі күні ата-анасы жол жүруге дайындалып жатты.Естайда үн жоқ.
- Естай,бізбен бірге жүрсеңші,-деді әкесі.
- Билетсіз бармаймын ,-деді Естай.
Әкесі көк қағазды көрсеткенде Естайдың қуаныштан жүзі жайнап сала берді.Олар әуежайға келді.Ұшаққа отыру басталған екен.Естай билетін жолсерікке ұсынды.
- Сенде де билет бар ма?-деп таңданды жолсерік.
- Әрине.Мен 2 -сыныпта оқимын ғой,-деді Естай.
- Бізге қоярда қоймай өзі алғызды,-деді анасы.
- Балаңыз шыншыл екен.Бұл жақсы қасиет қой. «Жаным арымнан қымбат» деген бар емес пе?-деді жолсерік.
Естай аяғын адымдай басып,жоғары көтеріліп бара жатты.
Ø Әңгіме сендерге ұнады ма?
Ø Әңгіме кім туралы?
Ø Естай қандай бала?
Ø Егер сен Естайдың орнында болсаң, не істер едің?
Ø Осы әңгімеден қандай ой түйдің?
Ø Өтірік айтқан кездерің болды ма?
Балалардың жауаптары:
ü Өтірік айту- ең жаман әдет.
ü Мен де Естай сияқты билет алғызар едім.
ü Естай сияқты балалар көп болса екен.
ü Шыншыл болған жақсы.
ü Өтірік өрге баспайды.
ü Шыншылдық-адалдықтың белгісі.
4.Дәптермен жұмыс
Ø Әр жүрекшеге өзіңе ұнайтын жақсы қасиеттерді жазып шық.





5.«Шын ба,әлде өтірік пе?» ойынының шарты мынадай.Мұғалім әр сөйлем айтқан сайын «шын ба,әлде өтірік пе?» деп сұрайды.Балалар оның шын-өтірігін тез айтуы керек.
Ø Жазда қар жауды.
Ø Асан дәптерге бормен жазды.
Ø Сәуле он деген баға алды.
Ø Көктемде малдар төлдейді.
Ø Тазша бала тек шындықты айтады.
Ø Біздің сыныпта он екі қыз бар...
6. Дәйексөз
Шындықтың шырағы сөнбейді.
Өтірік өрге баспайды.
7.Жүректен жүрекке
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес алу үшін
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін
- Қызыл тіл не үшін керек?
- Тек шындықты айту үшін керек.
Ø Олай болса, шындықпен дос болайық,балалар.
Тақырыбы:Шыншылдық-адалдықтың белгісі
Мақсаты:
-оқушылардың бойында адалдық және шыншылдық ұғымы жөнінде түсінік қалыптастыру;
-балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ынталандыру;
-оқушыларды өз-өзіне және айналасындағыларға жақсылық жасап жүруге үйрету арқылы адал болуға тәрбиелеу.
-ой белсенділігін,өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,түсіндіру,оқулықпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс.
Қажетті оқу құралдары:оқулық,дәптер,түрлі суреттер.
Сабақ барысы:
1.Көңілашар
ØБалалар,мен сендерді ортаға шақырамын.Мына өлеңді айтып үйренейік.
Шындықты сақтаймыз, Өрге баспас өтірік,
Шыншылды жақтаймыз. Шындықты тек айтамын.
Достықты дәріптеп, Өз бойымнан бүгін мен
Шығарып мақтаймыз. Шыншылдықты байқадым
В каталоге 6 753 курса по разным направлениям