Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды, тамақ ішетін үстелдерді, ирек сөрелерді жəне шкафтарды практикалық түрде құрастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды, тамақ ішетін үстелдерді, ирек сөрелерді жəне шкафтарды практикалық түрде құрастыру

библиотека
материалов

11 сыныл 10 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды, тамақ ішетін үстелдерді, ирек сөрелерді жəне шкафтарды практикалық түрде құрастыру

Мақсаты: а) білімділік: Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды, тамақ ішетін үстелдерді, ирек сөрелерді жəне шкафтарды практикалық түрде құрастыртуралы түсінік беру.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: жиһаздардың алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс : әдебиет

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер: жиһаз суреттері, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Қаламызда жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһаз, диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың түрлері мен ерекшеліктері.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ағаш жиһаздың эволюциясы

Ағаш жиһаз адамзат өркениетінде көп мыңжылдықтан бері бар. Материалдың қолжетімділігі, төмен жылуөткізгіштігі, экологиялық тазалығы, ағаштың қайталанбас суреті және функционалды зат қана емес, сырттай қарау және қолмен ұстаудан эстетикалық ләззат алуға болатын тұрмыстық керек-жарақтарды жасау – мұның бәрі жиһаз таңдау кезінде біз үшін өте маңызды болып табылады.

Бәлкім, бірінші жиһаз тұрғын жайға әкелінген ағаштың бос қуысты (шіріп кеткен) діңгегі болған шығар. Оны сақтауға арналған ыдыс ретінде пайдаланған. Қақпағының болуы оған отыруға мүмкіндік берсе, кейіннен ол сандыққа айналды.

Ағаштан жиһаз жасаған бірінші адамдар мысырлықтар болған. Біздің заманымызға жеткен суреттер мен археологиялық олжаларға қарасақ, олар табуреттер мен үстелдер жасаған. Кейіннен, құрал-саймандардың жетілдірілуімен, металлургияның дамуымен және қоладан темірге көшуімен адамзат қатаң функционалдық міндеттерді шешуден шебердің жұмысынан эстетикалық ләззат сыйлайтын интерьер бұйымдарын жасауға кірісті.

Көптеген жаугерлік жорықтар жиһаз жасау жөніндегі конструктивтік және дизайнерлік шешімдерге ықпал етті. Мәдениеттердің тоғысуы орын алып, біртума шешімдер басқа жерлерге тарады.

Батыс Еуропа әлемдік теңіз кеңістігін игеру мен жаңа құрлықтарды ашу кезінде ағаштың экзотикалық түрлерінен жасалған және осы өркениеттердің өкілдері болып табылатын адамдардың дүниетанымдарын бейнелейтін тұрмыстық заттармен және жиһаздармен танысты. Еуропа мәдениетінен өзгеше ағаш өңдеу тәсілдерін меңгерген, өзгеше мыңжылдық тарихы бар Америка, Африка, Үндістан мен Қытай халықтарының өзіндік мәдениеті еуропалықтардың үйлерінен орын теуіп, жиһаз бен интерьер бұйымдарын өндірушілердің кейінгі дизайнерлік және конструктивтік шешімдеріндегі пропорциялар мен пішіндерге әсер етті.

ХV ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың соңына дейін қайта жаңғырту дәуірінің кезеңінде, барокко және рококоның гүлденген шағында ағаш өңдеу станоктары мен құрал-саймандары жетіле түсті. Еуропалық ақсүйектердің қымбат эксклюзивті ағаш жиһазға тапсырыс беруге және төлеуге деген ниеттері мен мүмкіндіктері алуан түрлі шкафтар, секретерлер, банкеткалардың пайда болуына итермеледі. Үстелдер мен орындықта отырып тамақ ішетін функционалды интерьер бұйымдарынан өнер туындыларына айналып кетті. Олар бүгінгі таңда да ұмытылмас әсер қалтырып, өнеге тұтылады, кез келген топтаманың тамаша үлгілері болып табылады.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы технологиялар мен жабдықтардың ары қарайғы дамуымен ерекшеленді. Бір жағынан, жаппай жиһаз өндірісіне маманданатын кәсіпорындардың құрылуы болса, екінші жағынан – қалаларда тұратын адамдар санының артуы. Барлық осы факторлар бөлмеде аз орын алатын, бірақ алуан түрлі заттар мен киімдерді көптеп салуға мүмкіндік беретін қатаң функционалдық жиһаз – комодтар мен көпфункционалдық шкафтардың (стенкалардың) жасалуына алып келді.

Жоғары технологиялардың дамыған шағында, әртүрлі пластиктердің түрлерін жасау жөніндегі органикалық химиядағы жетістіктердің заманында басқа материалдар табиғи ағаштың барлық жағымды қасиеттерін бере алмағандықтан, біз ағаштан жасалған жиһазды таңдаймыз.

 Ас үй мебелі — тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді. Жылжымалы мебель құрамына тамақ ішетін стол, орындықтар, қосымша шағын шкафтар қосылады. Ас үйдің тұрақты мебелі еденге қойылатын, ыдыс жуатын, қабырғаға ілінетін шкаф тарлан тұрады. Тұрақты мебель жиынтығына сондай-ақ, плита, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш,ауа тазартқыш, электр шамы, сағат, таймер т. б. енеді. Еденге қойылатын шкафтар қолданылуына және құрылысына қарай шкаф-стол, ыдыс жуатын шкаф, тоңазытқыш астына қойылатын шкаф, шаруашылық шкаф-колонкасы т. б. шкафтар деп бөлінеді. Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын антресоль шкафы жатады. Ас үй жабдықтары мен мебель жұмыс түріне ғана емес, сонымен бірге әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта бойлы әйелдер (158—160 ем) үшін жұмыс істейтін тақтаның биіктігі 85 ем, ені 60 ем болғаны қолайлы. Қабырғаға ілінетін шкафтардың ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу орны мен қабырғаға ілінетін кез келген элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі жағының арасындағы қашықтық 45 см-ден кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтардың үстіңгі сөресін еденнен 190 см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының ең дұрыс биіктігі 210 ем, одан биікке сирек қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын биіктігі 85 ем шкаф-столдар азық-түліктер өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге; шкаф-столдардың төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптармен ассулықтар сақтауға арналған. Шкаф-столдар, жылжымалы пластмасса жәшіктерімен, бөлгіш тақтайлармен, алмалы- салмалы сөрелермен; бұрышқа қойылатын шкаф-столдар айналмалы сөрелермен жабдықталған. Отырып жұмыс істеу үшін шкаф-столдардың еденнен биіктігі 65 ем суырмалы тақтайы болады. Ыдыс жуғыш та сыртынан шкафпен қаралады; мұндай шкафтың төменгі бөлігіне, есігінің ішкі жағынан қалдықтарға арналған қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын контейнер орнатуға болады. Шкафтың ауа бүйір қабырғаларына ыдыс тазалауға және ыдыс жууға арналған заттар қойылатын сымнан жасалынған ілгіштер бекітіледі. Биіктігі 210 немесе 240 см шкаф-колонка консервіленген және бөлме температурасында сақталынатын құрғақ азық-түлік және ас үй машиналары мен аппараттарын сақтауға арналған. Бұл шкафтың үстіңгі бөлігі алмалы-салмалы сөрелермен, астыңғы бөлігі жылжымалы тор жәшіктермен жабдықталған. Тоңазытқыш астына қойылатын шкаф көкөністер мен жеміс-жидектер сақтауға арналған; оның да жылжымалы тор жәшіктері болады. Еденге қойылатын шкафтар мықты да төзімді болуы керек және жылжытуға ыңғайлы болуы үшін артқы аяқтарына дөңгелек орнатылады. Қабырғаға ілінетін шкафтар құрғақ азық-түлік салынатың ыдыстар мен дәмдеуіш қоспалар сақталатын алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған. Ыдыс жуғыштың үстіне ілінетін қабырға шкафы ыдыс келтіруге арналған. Оның да сөрелері, пластикаланған сымнан жасалынған тұғырлары, табақша қойылатын ұялары бар. Ас үй мебелінің құрамына (сатып алушының қалауы бойынша) ыдыс жуғыш, ауа тазартқыш, белгілі бір жұмыс орнына жарық беруге арналған, қабырғаға орнатылатын электр шамы. электромеханикалық сағат, таймер және қалдықтар салынатын контейнер енгізіледі. Ауа тазартқыш көбінесе қабырғаға ілінетін шкафпен бірге құрастырылады да, газ немесе электр плиткасының үстіне бекітіледі. Люминесцентті лампасы немесе қалпағы бар қабырға электр шайы қабырғаға немесе шкафтың астына қондырылады (Жарық беру мақаласын қараңыз). Әсем панельге бекітілген сағат пен таймер де ас үй мебелінің құрамына енеді. Оны қабырғаға қыстырылатын шкафтың астына, ас әзірлейтін столдың үстіне қондырған ыңғайлы. Ас үй мебелін әсемдеуге полимерлі әсемдеу материалдары — өрнекті қағаз қабатты пластик, текстуралы пленкалар, эмальдар мен лактар кең қолданылады. Еденге қойылатын шкаф-столдардың жұмыс істеуге арналған беті, алдыңғы жағы, олардың үстіңгі беті мен аяқтарын бекіткен кергіш жиектері өрнекті қағаз қабатты пластиктермен қайт алады. Алдыңғы жақтарының, сондай-ақ текстуралы пленкалармен — түрлі түсті суретті немесе нақты ағаш сияқты материалдармен де қайталаушы бар. Столдың бет жақ фурнитурасы үшін түсті металдардың қорыгпасы, пластмасса, ағаш қолданылады. Көкөніс және құрғақ азық-түліктер салуға арналған ыдыстар, сөрелермен штангалар, жабдықтардың т. б. бөлшектері тез сына қоймайтын полистиролдан жасалынады. Ас үй мебелін әсемдеу үшін қанықтығы 40%- тен аспайтын, жалтырау коэффициенті 20— 50% ашық түс ұсынылады. Ас үйі асхана ретінде пайдаланылатын пәтерлерде беттің көлемі 60X110 немесе 80X120 стол мен бірнеше орындық болғаны дұрыс. Қолдан жасалынатын тақтай орындықтар (табуретка) пайдаланудың қажеті жоқ. Оған отыру, біріншіден, ыңғайсыз, екіншіден қатты шаршатады. Тар жерде аз орын алатындықтан, шағын ас үйлерде жайылмалы немесе қайырмалы столдар пайдаланған жөн.[

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

Жұмсақ жиһазға қандай жиһаздар жатады?

Ағайынды төрт батыр,

Көтергенi бiр шатыр.    (Үстел)


Төртеу адамы,

Бiреу алаңы.    (Үстел)


Үстi жазық –

Төрт қазық.   (Үстел)

Үйге тапсырма.

http://mdknn.ru/wp-content/uploads/2015/06/171.jpghttp://www.on-lan.ru/image/121939_11_1.jpeghttp://vsekuhni.net/wp-content/uploads/2013/08/13.jpghttp://www.komod.ru/pic/catalog/big/25084_1352378013.jpghttp://www.bestmebels.ru/images/WPimages/2011/06/stol7.jpghttp://magazin-mebeli.dp.ua/images/stories/virtuemart/product/kuhonniy-stol-sofino-komplekt.jpghttp://fashionforyou.ru/img/jurnal/dom_i_semy/5c56ae95296b9beb046db9f727ee2a1b.jpghttp://mebeltak.ru/products_pictures/cache/data/stenki_shkafi/stoika_pod_tv26-500x500.jpg

полки для книг угловые



фото полки

http://kuhnyamoya.ru/wp-content/uploads/2014/09/Shema-kuhonnogo-garnitura.jpghttp://mebel-10.narod.ru/images/22.gif

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров470
Номер материала ДВ-500118
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх