Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Ұшқыр ой мен шешен тіл"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ұшқыр ой мен шешен тіл"

библиотека
материалов

Сыныптан тыс шара

Күні: 28.01.2016ж

Класы: 3 «А», «Ә», «Б», «В»

Жауаптылар: Н.Д.Калмурзаева, Г.Абаева

Тақырыбы: Интеллектуалды ойын "Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Мақсаты:
- Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
- Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
- Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын - сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға
4 топ қатысады. Ойын VІ айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.
І Таныстыру

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.


Енді ойынымыздың ІІ - айналымын бастаймыз.
ІІ - айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
І топ
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай
сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)


ІІ топ
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
5. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

ІІІ топ
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
4. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
5. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)


ІҮ топ

1.Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

2.Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
3.Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс.
( у )

4.Оқушы сөзін сөз құрамына талда? (оқу-түбір, шы-жұрнақ)

5.Сын есім дегеніміз не? (Заттың сынын білдіретін сөздер)


ІІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек.
Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1 - топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
1 - топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
2 - топ: Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)


2-топ: Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
3-топ:Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
3-топ: Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
4-топ: Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
4-топ: Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

ІҮ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын - жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1.
Балалар, бұл жол басы – даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!
( «Оқуға шақыру» өлеңі. А.Байтұрсынұлы)

2.
Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
(«Бір кесе меруерт». Ш. Құдайбердіұлы)

1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А. Құнанбаев)

2. Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы. Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б. Майлин)

1. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы. Алтынсарин)

2.
«Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқындықтан жарыққа шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?»
Баланың айласы». Ыбырай Алтынсарин)

1.Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

( «Ана» Ғали Орманов)

2.Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып, жүріп кетті.»

( «Нағыз адам» Орыс жазушысы В.Сухомлинский)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

V айналымды бастаймыз

«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)


1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
3. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
4. Көзді ашып - жұмғанша (тез, лезде)

Ойынымыздың соңғы айналымы
«Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

1.... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2.... қошақан,
... қалмайды.
Сүп - сүйкімді момақан,
... аумайды.

Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. «Ертегілер»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.



Автор
Дата добавления 11.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДБ-075941
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх