Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Ұшқыр ой мен шешен тіл" интеллектуалды ойын
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ұшқыр ой мен шешен тіл" интеллектуалды ойын

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты:- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

  • топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;

  • математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап,

мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, фигуралар қиындысы,

топтық есептер парағы, Төле би портреті, сыйлықтар.


Сабақтың түрі: аралас сайыс сабақ

Сабақтың әдістері:сайысу, топпен жұмыс, дәлелдеу, ойлау, жапсырмалау,жүйелі сөйлеу.

Сабақтың өтілуі: (интерактивтік тақтадан көрсетіледі)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсатымыз:

  • Топпен шешім таба білу;

  • Жауабымызды толық әрі дұрыс шешендікпен дәлелдеу;

  • Шапшаң ойлап, тез жауап беру;

  • Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;

  • Логикалық тапсырманы тереңнен ойлау;

  • Барлық есептердің орындалуын есімізде сақтап қалу;

  • Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;

  • Топтың ұйымшылдығын көрсету;

  • Бәріміз де қатысуға тырысу.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 топ қатысады. Ойын 7 айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер,
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

І -айналым «Қатесін тап»

ІІ -айналым «Ұшқыр ой»

ІІІ айналым «Құпия сандық»

ІV айналым «Ойлан, тап»

V айналым «Айшықты сөздер»

VI айналым «Көрерменнен базарлық»

VII айналым «Тапқыр топ»


Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

Сайысты қай топ бастайтынын анықтау үшін мынадай жұмбақ шешуге тура келеді.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.

«Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да сол сан шығады. Ол қандай сан?» (қырық)


«Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады?» (қырық)

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.


ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.


ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.


Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.


І -айналым «Қатесін тап»

Қырық санын халқымыз

Бақ дәулетке балаған

Талай дәстүр салтымыз

Осы атаумен тараған.

Шығарамыз қырқынан

Сәбиді де той жасап,

Ұлттық әдеп –ғұрпында

Ұлылық бар ойласақ.

өрнектерді тексеріп, қатесін шығару. Оны дұрыс дәлелдеп беру.

1-топ:

450:9+800-50= 700 (800)

900-600:3:1=70 (700)

2 топ

90-36:4*10= 10 (0)

81: ( 24-15)*8=70 (72)

3 топ

(680-30-150) :100= 6 (5)

(250+30-80) :4 =20 (50)


ІІ -айналым «Ұшқыр ой»

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

  2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

  3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

  4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

  5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

  6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына:

  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

  2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

  3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

  4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

  5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

  6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

  2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)

  3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )

  4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

  5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

  6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)




ІІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)


1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)


2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)


3-топ: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква).

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)


5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)


6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)


7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)


8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)


9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


ІV айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)

1. Кей адам әдет қылған киікті атып,

Мүйізін пайда қылып шетке сатып.

Сандалған бір киікке ұшырастым,

Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.

( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)


2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.

( «Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)


  1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)


2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

(«Күлпаш». Б.Майлин)


1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)


2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.

- Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.

(«Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов)


Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

V айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)


1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)


1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)


1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

VI айналым «Көрерменнен базарлық»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат Киіз үй Жол
Кітап Сандық Сәби
Той Жұлдыз Телефон
Жалау Қалам Көгершін
Балмұздақ Мектеп Хат

VII «Тапқыр топ» Постермен жұмыс

(Әр топ берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)

(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық,ыс, сатқын,Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық,ана,зат,атыз, стақан)
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен осы ойынды тамамдасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Марапаттау

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.











Сараптама


3 сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды жарыс сабақ өткізілді. Әр сыныптан алты оқушыдан қатысты. Әр топтың өз аты мен ұраны болды. Ойын жеті кезеңнен құрылған.

Мақсаты:

- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

-топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;

-математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап, мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров648
Номер материала ДВ-492500
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх