Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Шырағын жаққан білімнің Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі - Ыбырай Алтынсарин туралы эссе

Шырағын жаққан білімнің Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі - Ыбырай Алтынсарин туралы эссе



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

Акционерлік қоғамының филиалы

ШҚО бойынша педагоикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты











Шырағын жаққан білімнің

Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі -

Ыбырай Алтынсарин туралы эссе



















Орындаған: «№3 Күршім гимназиясының» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі-

Маликова Нургуль Рафхадқызы

Тексерген курс тренері: Зайсанбаева Гүлнар Нығметқызы


2016-2017жыл

Кел, балалар, оқылық!


Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас.

Ы.Алтынсарин


Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді бұрын-сонды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындаған. Өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, оның болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ы. Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын»,- деп Н.И.Ильминскийге (1884жылдың 14 сентябрі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады.

Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен-балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді [1].

Ыбырайдың жазған әңгімелерінің бір ерекшелігі қазақ халқының тұрмыстық өмірін мысал ете алып, келесі буын ұрпақтың өсіп өркендеуіне қажетті үлес қоса білген. Ыбырай әңгімелерінің негізгі мазмұны: балаларды білімге, өнерге, адамгершілік пен тәрбиеге баулу болып табылады. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады.

Расымен де, осы өзін-өзі тану пәнінде Ыбырай атамыздың көптеген әңгімелерін мұғалім сыйы ретінде өз сабақтарымда қолданудамын. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің басты кейіпкері – Сейітқұлдың еңбекқорлығын, тапқырлығын, қиыншылыққа мойынсымауын балаларға «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында үлгі көрсете, іздендіру, кішігірім зерттеу жұмысын жүргізу арқылы қолдануға болады.

Бала кезімнен өзіме әсер еткен «Бай мен жарлы баласы» әңгімесін бүгінгі күні қайта қолыма алып оқығанымда, бұрын-сонды жүрген ойымды жалпыадамзаттық құндылықтар сүзгісінен бір қарап өзгерттім. Әңгіме барысында, екі бала қиын жағдайда екі түрлі мінез көрсетті. Үсен ішкі тыныштығына сүйеніп, әкесінің берген білімді, яки ақиқатты, білімпаздылығын сүйіспеншілікпен нәрлендіре, дұрыс әрекеттер жасап, өзіне және досына қиянат жасамады. Асан болса, әуел бастан ақиқатты білместен, ішкі тыныштығы бұзылып, не істерін білмей даңғұрып қалды. Екеуін аман алып қалған, сол Үсеннің әкесінің айтқан ақылдарын мұқият тыңдап, білуінде жатыр, яғни «Ақиқаттан туындағанның бәрі Дұрыс әрекет» десем жаңылмаспын.

Осы дара да, дана тұлғаны ізгілік педагогика классиктерінің бірі ретінде таңдап алуыма бір де бір себеп, алғаш екі кластық мектептің меңгерушісіне жазған нұсқау хаты қатты әсер етті: «Оқытушы кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы керек екенін осы арада ескертпей кете алмай отырмын. Ол балалармен істес болып отыр, егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеуі, шыдамды болу керек…» .

Яғни, қазіргі біздің рухани-адамгершілік білім беру бағдарламысының мақсатын сол он тоғызыншы ғасырда өмір сүріп, қазақ балаларының ізгі білім алуына жан беріп жүрген Ыбырай атамыздың қосқан үлесі зор екеніне көзім жетті. Ғұламаның ойы, сөзі, ісімен бірлікте өмір сүргеніне дәлелім осы деп білемін.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ыбырай Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы: «Жалын». – 1991. – Б. 3





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров26
Номер материала ДБ-303773
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх