Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "Шырайлы аты елімнің" тақырыбында эссе

"Шырайлы аты елімнің" тақырыбында эссе

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Бұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









«Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің»

















2014-2015 оқу жылы

Бақыт тұнған күндер-ай!

Жұлдыз тамған түндер-ай!

Өзің куә өмірде ,

Кімдер өтті,

Кімдер-ай!

Атамекен-ай!

Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
- Айпырай! Туған жер - ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым – ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - деп ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай, өзімнің кіндік кескен, туып - өскен мекенімді қастерлей, оның тыныс - тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақшымын.
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, - дей келе туған жердің тамашасы мен ғаламатын сөз еткелі қолыма қалам алып отырмын.

Бір заманда қазақ көшпенді өмірден отырықшылыққа ауысып еді. Осы заманда қазақ өз көшінің бағытын урбанизация дүрмегімен ауылдан қалаға қарай шұғыл бұрды. Бұл да заман талабынан туған заңды құбылыс. Бірақ қандай дүбірлі дәуір болса да, ауылдың топырағында дүниеге келіп, көк шалғында аунап-қунап өскен біз үшін атамекеніміз - ауылымыздан артық жер жоқ. Қандай қия-қияда жүрсек те, бар ой-қиялымыз жұлдызды ауыл түнін кезіп, енді бірде ауыл сыртындағы дөң басына шығып арманға батқан балалық кездердің ортасында жүресің. Сол бір тәтті күндерді сағына еске аласың. Сөйтіп, тап қазір біздің орнымызды басып, болашағы жөнінде ойға шомып отырған бала оған дейін де бұл ауылда арманы асқақ талай баланың болашағы өткенін,тарихты адамдар жасайтынын, оны кітапқа да адамдар енгізетінін біліп өссін дейді екенсің.

«Ауыл» деген сөзді естігенде менің өн бойымды қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран, шұбат, құрт мол. Ауылда менің отбасым тұрады. Онда тұратын адамдар мал шаруашылығымен айналысады. Көктемде төрт түлік мал төлдейді. Қозы, лақ маңырап, құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдап жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері жақсы дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол өзінің төрт түлік малдарымен, ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен, табиғатының әсемдігімен ерекшілінеді. Және жазық жерлер көп. Мен нағыз байлықтың бәрі ауылдан шығады деп ойлаймын. Сол үшін де біз ауылдың қадірін түсініп, экономикасын көтеруіміз керек.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласынан онтүстік-батысқа қарай 140 шақырымдай жерде Бұлақ, Ақтас, Қарағай ауылдары орналасқан ертеде бұл жер өте көрікті, орман-сулы өңір болса керек. Осы күнгі ауыл ортасындағы ой-шұңқырлар ол кезде айналасы ақ қайың, тал-теректері араласа өскен жасыл желекті айдын көлдер болса, қазір батпақ болып жылға тап-таза мөлдіреп, көздің жанарын арбап ағып жатқан бұлақ екен. Қарттардың айтуы бойынша, сол орманды алқап қазіргі Корнеевка ауылы орналасқан жерге дейін көсіле созыла жатыпты деседі. Бұдан 40-50 жыл бұрын ұзын көшенің бойындағы, бүгінгі Бөкен ата үйінің жанындағы шұңқыр томарлы көл екенін көз көрген.

Ауылымыздың оңтүстік-шығысыңда 10 шақырым жерде Жалғызтау тұр мұнартып. Теңіз деңгейінен бар болғаны 238 метр болса да бізге одан биік жер жоқтай көрінетін.

Еліме” деген өленіңде батыр ағамыз Жәлел Қизатов:

Жалғызтау мұндалаған қиялары,

Қырандар тау жаңғыртып ұялады,

Тебіреніп толғанамын,ойланамын

Туған жер, өскен өлке сағындырды.

Қарағай, Бұлақ, Ақтас-ауылдарым,

Құлтабар, Төлек, Шуаш-бауырларым.

Қарауыл Жақсылықтың балалары

Ата бабам, аруағына сыйынамын,-

деп толғанады, тәу етеді. Өйткені, туған жерде айтып жеткізе алмайтын қасиет, кие болады.

Орыстар бұл тауды Жамансопка деп атап кеткен. Себебі осы таудың төңірегінде тұратын халық осы маңнан өтіп бара жатқан келімсек керуендеріне, басқа да жат жұрттықтарға шабуыл жасап, тыныштық бермеген көрінеді. Жер-су атауларында да тарих, тағдыр болады. Жамансопка атауы содан пайда болған.

Ол тау туралы Сәбит Мұқанов та өзінің “Аққан жұлдыз” кітабында қазақы жатық тілмен өте ұғынықты етіп суреттеп берген. Кезінде онда арқар-киігі аралас аң-құстың сан түрі мекен еткен екен.

Енді оңтүстігіне көз тіксек, Әулие Ата шоқысын көреміз. Әулие Ата аталу себебі, бұл шоқының үстінде Абылай ханның сенімді серігі болған батыр, көзі тірісінде әулие атанған Құлсары бабамыз жерленген. Мұндағы адамдардың айтуы бойынша Құлсары батыр осы жерге саяхаттап келгенде, осы жерге жерлеу керектігін айтып кеткен дейді.

Елімізде Сопақ деп атап кеткен, шын аты Қабдолла бақсы болды. Сол Сопақ алдына ем іздеп келген ауруларды зікір салып емдегеннен кейін осы Әулиеге апарып түнететін. Ол кісіге алыс-жақын жерлердің бірінен емделуге кісілер күн құрғатпай ағылып келіп жататын.

Ауылдың іргесінде оңтүстікке қарай «Сәбит қонған» деген жер бар. Кезінде ол жерге Сәбит Мұқанов атамыз келгендігін көрсетеді.

Ауылдың іргесінде «Әшім жылаған» деген жер бар. Ертеде Әшім деген бір кісі қой бағып жүріп, бір тұнып тұрған жидектерді көреді, сол жидектерге қойлары жайылып кетіп сол жидектерді жеп, сол жердің астаң-кестеңін шығарады, сол кезде қатты жылаған екен, міне содан бері «Әшім жылаған» деп аталып ел ауызында қалады.

Ауылдан көп ұзамай, тас лақтырым жерде «Бес шоқ» деген жер бар. Оның бұлай аталуы мың бұралып сыңғыр қаққан биші қыздардай кайың ағаштарында. Мұнда бір шоқ қайың артынан екінші, сонсоң үшінші, төртінші, бесінші шоқ қайыңдардың бірінің артынан бірі тұруынан «Бес шоқ» деп аталып кеткен.

Ауылдың жанында Үскі деген төбе болатын, 1983 жылдары жолға ұсақ тас керек деген сылтаумен сол төбені бульдозермен қазғылап қопарған кезде бір кісінің сүйегі шығып қалады. Ауылымызда жалғыз бір орыс болатын, бульдозердің жүргізушісі, өзі де ірі жігіт еді, сол жігіт табылған сүйектің ортан жілігін өзінің ортан жілігіне қойып өлшесе, 10 см-дей ұзын болып шығады. Қарттардың жобалауы бойынша бұл жерде жерленген адам Естектердің адамы болуы тиіс. Мүмкін одан да ертеректе өмір сүрген адамдардың бірі шығар, бірақ оны елеп-ескеріп, зерттеген, тиісті орындарға хабарлаған кісі болмады.
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы, суы балдай, - деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Бұлақ ауылы - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебім, үйім, бәрі-бәрі осында. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Менің ауылым өте бай, табиғатында Менделеев кестесінің тең жартысы бар десем де болады. Биылғы жылдын бастап «Әулие Голд Майнинг» компаниясы алтын рудасын өндіруге кірісті. Ол жерде алтынмен қатар гранит, уран, тағы да көптеген пайдалы қазбалар бар.
Тәуелсіз ел болдық. Біз тәуелсіз елдің балаларымыз. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қатарына қосылмақ. Ол кезде біз де ержетіп, үлкейеміз. Сонда біздер де ағалар мен аталардың жақсы істерін жалғастырамыз. 

Әрине, менің шығармамды оқыған жандардың бәрінің көңілдерінен шығады, бәрі-бәрін қамтыдым деген асығыс ойдан аулақпын. Өйткені өңіріміздің өткені мен бүгінін түгел қамту мүмкін емес. Қай-қайсымыздың да білгенімізден білмейтініміз аз емес. Сондықтан талай жеткіншектің жүрек қылын тербеп, өлке тарихы туралы баяндалған оқиғалардың ауқымын кеңейтіп, тереңдете түседі. Бұл шығармадан соң туған жеріміз, асыл аймағымыз туралы тағы да тың дүниелер жазылады деген үміттемін.

Менің мақсатым – ойлы азаматтарға түрткі болу, туған топырақтың тарихын мен тағдырын тұлғалау. Ниетім қабыл болып, діттеген ойым көңілдеріңізден шығып жатса, еңбегімнің жанғаны деп білемін.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 20.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров622
Номер материала ДA-053751
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх