Инфоурок Другое Рабочие программы"Шәкәрім - 155" атты конференция сабақ

"Шәкәрім - 155" атты конференция сабақ

Скачать материал

Пән: Қазақ әдебиеті              Сынып:  9-11 сыныптар

Тақырып:  Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдық мерейтойына арналған "Шәкәрім - 155" атты оқушылар арасындағы конференция.

Мақсаты: Халқымыздың біртуар азаматы, жерлесіміз, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірлік және шығармашылық жолдарына тоқталып, жан-жақты ашу, жалпы қызығушылық таныту. Оқушылар бойында зерттеушілік қабілет дамыту.

Мұғалім:  - Әдебиетіміздің тарихында ұзақ жыл орны ойсырап келген, елге ежелден белгілі болған ақын-жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді айтамыз.

Биыл, ақын, философ ,сазгер, аудармашы. Абайдың немере інісі әрі шәкірті Ш. Құрайбердіұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Әдебиеттегі алып тұлға, айтулы сан. Ақынның өмірі мен шығармашылығын жан -жақты ашу үшін, бүгінгі "Шәкәрім - 155" атты конференция сабағына әр саладағы мамандар бас қосып отыр.

1) Тарих ғылымының докторы, белгілі тарихшы маман - Қарақас Ақылбек (11 сынып оқушысы)

2) Аудармашы - Кокенова Ақмарал (11 сынып оқушысы)

3) Саясаткер - Гайсин Ринат ) (11 сынып оқушысы)

4) Абайтанушы - Хамқаш Гүлдана (10 сынып оқушысы)

5) Дінтанушы  - Сембаев Еркебұлан (10 сынып оқушысы)

6) Сазгер - Баянды Бердімұрат  (9 сынып оқушысы)

7) Филология ғылымдарының докторы - Қайратова Мөлдір (9 сынып оқушысы)

8) Психолог, профессор - Мұхатова Қарлығаш (9 сынып оқушысы)

       - Жерлесіміздің айтулы мерейтойы құтты болсын, қош келдіңіздер дей отырып, бірінші сауалымызды тарихшы  ретінде Ақылбекке  бағыттамақпыз.

      Тарих пен әдебиет бірін - бірі қосақтап, жетелеп отырады. Өмір шындығын әдебиет көркем тілмен жеткізеді. Ал тарих, бұл - өткен өмір, көшіп кеткен керуен. Адамды танимыз десек, әуелі сол адамды тудырып отырған заманды танып алуымыз керек. Шәкәрім өмір сүрген заман туралы айта кетсеңіз.

(Тарихшы сөз алады)

"... Қайықпен кездім теңіз ауыр күнде,

Қанды оқпын, қара толқын, қара түнде.

Заманым заманыңа сәйкес келмес,

Сынап көр сол қайыққа сен де мін де.."

      Бұл өлең шумағында да ақын адамды сынамас бұрын, оның заманын білу шарт екенін ескертеді.

          М. Әуезов "Абай ақындығының айналасы" атты мақаласында Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар туралы айта келіп: "... Мұндай ақын - төртеу. Оның екеуі - Ақылбай, Мағауя. Абайдың балалары... Қалған екуі - Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абайдың аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан өлең де жазған. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады",-дейді Мұхтар өз мақаласында.

   Абай мен Шәкәрім арасындағы байланысты, Шәкәрімнің шыққан тегі туралы толығырақ Абайтанушы ретінде Гүлдана айтып берсеңіз.

(Абайтанушы сөз сөйлейді)

  Өзінің ұлы ұстазы - Абай ағасының "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адам үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың" деген өсиетін берік ұстанған.

   Шәкәрім ауылдан ұзап, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де  - Абай.

                                "... Мынау Абай - бір ғалым жол шығарлық,

                                Замандасы болмады сөз ұғарлық.

                                Амал жоқ, айналды енді бізге

Күн туды етегіне жабысарлық",-

 деп жырлайды ақын.

        "Өлең сөзді шеберлеп, айтқаным мақұл болар деп" ақылы кемелденіп, ой-өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастаған тұстары, жалпы ақындығы  туралы Мөлдір айта кетсеңіз.

(Филолог сөз сөйлейді)

  "Ақылмен таппай иман жоқ" деп Шәкәрімнің өзі айтпақшы, жүрегінде иманы бар адам, Ислам дінінде айтылған  парызын айту керек. Шәкәрім Меккеге барды, "қажы" атанды. Дін жолына түскен Шәкәрім туралы айта кетсеңіз.

(Дінтанушы сөз сөйлейді)

   Аударма - асқан шеберлікті қажет ететін сала. Ол қандай шеберлік? Аударманың қыр-сырлары туралы Ақмарал айта кетсеңіз.

(Аудармашы сөз сөйлейді)

   Шәкәрімнің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасы тұңғыш рет Ташкентте шығатын "Шолпан" журналының 1922-1923 жылғы сандарында жарияланды. Басылған "Ләйлі - Мәжнүн" поэмасының шырқы бұзылып, сапасыз болып шыққанына қатты ренжіген Шәкәрім Семейде шығатын "Қазақ тілі" тазетіне хат жазып жариялаған:

"... Баяғы түріктің атақты ақыны Фзули өлеңінің басында айтқан: " А, Құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі: ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп, байыбына бара алмайды. Екінші, күншілден сақта, оның себебі: жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазудан сақта, оның себебі: менің "көз" деп жазылғанымды "көр" деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді",- деген.

     Шәкәрімнің музыка саласындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Ол жиырмадан астам ән шығарған. Бір өлеңі былай аяқталады:

                                              Шығардым әндер жаңалап,

                                              Саларсың сынға саралап,

                                            Ұнаса, ойладым, әншілер салсын деп,

                                             Белгі болып бір мұра кейінгіге

                                             Әнімнен де қалсын деп.

  Сазгерлігі жөнінде Бердімұрат сізге сөз.

(Сазгер сөз сөйлейді)

   Бүгінгі жастар, ХХІ ғасырдың жас оқырмандары, Шәкәрім Құдайбердіұлының кім екенін, оның шығармашылығын біле ме, жоқ па деген сұрақ төңірегінде профессор, психология ғылымдарының докторы Мұхатова Қарлығаш мектепішілік, 1-11-сыныптар аралығында сауалнама жүргізіп, сараптама жасады. Сараптаманың қорытындысын тыңдасақ.

(Психолог сөз сөйлейді)

   Шәкәрімді Абайдай, Мұхтардай биік тұғырға көтеру үшін қандай жолдармен жүру керек. "Биік тұғырдағы Шәкәрім" атты кестені әр саланың маманы бірге отырып, талқылап, бір шешімге келіп толтырсаңыздар.

                                                                                                             Шәкәрім тұғыры

 

 

 

 

 

 


   Көрермендермен сайыс. "Шәкәрімтанушы" атағына лайық оқушыны анықтау. (Сұрақтар қойылады)

1) Шәкәрім Құдайбердіұлының туған жылы мен туған жері?

2) Шәкәрім кімнің қолынан қаза тапты?

3) Орыс классиктерін оқуға ықпал еткен кім?

4) Түрік, қырғыз, қазақ және тағы кімдердің шежіресін жазған?

5) Ш. Құдайбердіұлының бір өлеңін жатқа айт.

6) Орыс классиктерінен кімді аударды және қандай шығармасын?

7) Бірінші өлеңі қай сәтте және қандай жағдайда пайда болды?

8) Құдайберді Құнанбайдың қай әйелінен туған баласы?

9) Шәкәрім қай ғасырда өмір сүрді?

10) Шәкәрімнің өзі жазған және аударған дастандарын ата?

11) Шәкәрімге "қажы" атауының берілу себебі?

12) Шәкәрімге арналған ескерткіш қай жерде орнатылды?

13) Шәкәрім "Бес арыстың" құрамында. "Бес арысты" ата.                                                                                

     Бүгінгі өткізіліп отырған конференцияның мақсаты  - Шәкәрім  Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге біраз болса да үлесімізді қосу. Өйткені Шәкәрімнің аты , еңбегі елге ерте әйгілі болғанымен, оның өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеген еңбектер жоқтың қасы.

                                   Кетермін, артта жалған сөзім қалар,

                                   Кейінгі талапты жас қолына алар.

                                   Бірі жөн, бірі теріс айтыпты деп,

                                  Таласып өздерінше сынға салар.

- Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Биік тұғырдан көрініңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шәкәрім - 155" атты конференция сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 537 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 1283
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чукушева Альмира Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чукушева Альмира Алтаевна
    Чукушева Альмира Алтаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3111
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе