Инфоурок Другое КонспектыШәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Скачать материал

Уақыты: 23.10.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымын талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты , көкем сөздерді қолданып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Нағыз адамға тән мәіндеттерді дәріптей отырып, оқушылардың бойына сіңіру. Өз елінің , жерінің қамын ойлайтын, өз ісіне жауап бере алатын адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Сабақ түрі: ашық ойлар, жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ- жауап, оқыту

Көрнекілігі: слайд, портрет, ақын жайлы ұлылардың сөздері

Пәнаралық байланыс: тарих, әдеп, өзін – өзі тану, музыка

Сабақтың барысы:

1.                 Ұйымдастыру кезеңі;

2.                 Үй тапсырмасын сұрау, бекіту:

Абай Құнанбаев өлеңдерін жатқа оқу.

3.                 Жаңа сабақ:

Шәкәрім Құдайбердіұлы Шыңғыстау өңірінде 1858 ж 14 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбай , әкесі Құдайберді Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішеінен дүниеге келген. 5 жасында оқуға беріліп, 7 жасынан бастап, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болды. Абайдың талантты шәкірті. Әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салғаннан кейін Абай ағасының тікелей қамқорлығын көріп, Абайдың тәрбиесі арқылы талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасты. Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп, Абай ағасының басшылығымен өз заманындағы білімдер, ғұлама ойшыл азаматтардың бірі атанды. Араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білуі, орыс тілінен жетік білуі, 1905 – 1906 жылдары Меккеге барды.

Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор тұлға. Ол заманының озық ойлы демократы, ірі ағартушысы. Арнайы оқу бітірмегенімен Шәкәрім Абайдың басшылығымен түрік, араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, өз заманының білімпаз, озық ойлы азаматы болып қалыптасты. Екі рет қажыға барып, ол сапарларын өзінің ғылым – білімін толықтыруға да пайдаланады. Орыс әдебиетінің ұлы классигі Л.Н. Толстоймен пікірлес болып, хат жазысып тұрады. Бір сәт Толстой идеясына беріліп,  елден аулақтанып, таза әдеби жұмыспен айналысады. Ұлы ақын 1931 жылы нақақтан қазаға ұшырап, шығармалары қапаста ұсталып келді. Адамшылықтың ақ жолын жыр еткен ақын шығармалары еліміз тәуеліздік алғаннан бері ғана халық игілігіне айналып келеді.

Шәкәрім шығармаларының тақырыбы – адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз) әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата – ана алдындағы борышы туралы түсінік.

«Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Өлең құрылысына талдау:

Авторы: Ш.Құдайбердіұлы

Негізгі тақырыбы: адамзат міндеті

Идеясы: артына үлгі боларлықтай із қалдыру

Жанрлық түрі – поэзия

Шумақ – 6 шумақ

Бунақ – 63

Тармақ – 24

Дәптермен жұмыс

Адамдық борыштарды жазамыз.

1.                 Адал еңбек ету

2.                 Білім мен өнер үйрену

3.                 Келешекке жол көрсету

4.                 Үлгі болатын іс қалдыру

Тақтада сөздер берілген: білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата – ананы сыйлайды.

Балалар, адамаға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайық.

Жақсы қасиеттері:                                             Жаман қасиеттері:                    

білімді                                                                     мақтаншақ

арлы                                                                        білімсіз

еңбекқор                                                                 мансапқор

шыншыл                                                                 айлакер

өнерлі                                                                      жалқау

жомарт                                                                    өсекші

ата – ананы сыйлайды                                           өтірікші

                                                                                  сараң

Сергіту сәті:

Жарайды, оқушылар, біздің бүгінгі өтіп жатқан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі  Абайдың сендер білетін қай өлеңіне ұқсайды?

-                     «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдеріне

2. Осы өлеңдері арқылы Абай мен Шәкәрім жұртты қандай қасиеттерге үндейді?

- адамгершілікке, халыққа қызмет етуге, өнер – білім үйренуге, арлы болуға т.б.

3. Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?

Сөздікпен жұмыс:

Мансап – атақ, дәреже

Нәпсі – жаман іс

Тұл – ешнәрсесі жоқ

Ғибрат – үлгі

Балалар, белгілі бір құбылысты айқындау, астарлау мақсатында қолданып, сөз мағынасын әсерлі ете түсу үшін жүзеге асатын сөздер бар. Олар: эпитет, теңеу, метафора, қайталау т.б. Осы өлеңдерде қайсысы бар екен?

-                     Еске түсірейік, эпитет, теңеу, метафора дегеніміз не?

4.                 Өлеңді мақал мәтелермен байланыстыру

 

Еңбек туралы

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Білім туралы

Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,

Батырмын деп баптанба, барып қайтпай

Ар – намыс туралы

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар

Өнер туралы

Еңбек ерлікке жеткізер

Ерлік елдікке жеткізер

Мақтаншақтық туралы

Жігітке абыройдан айырылғанша

Жанынан айырылған артық

 

Сабақты бекіту:

Деңгейлік сұрақтар:

Жоғары деңгей сұрақтары:

1.                 Адамдық борышың туралы өз пікірің?

2.                 «Менің борышым» өлең жазу

          Орта деңгей сұрақтары:

1.                 «Ақ жолдан айныма» сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2.                 Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?

Төмен деңгейдің сұрақттары:

1.                 Адамдық борыштарды ата

2.                 Қандай істерден аулақ болу керек?

Қорытындылау:

Бүгінгі сабағымызды Шәкәрімнің «Бостандық таңы» атты өлеңінің шумағымен қорытындылайық.

Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер,

Арға ие адамның соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер

Арамдық , аразды түбімен жойыңдар,

Өтірік – өсекті біржола қойыңдар.

Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар, - дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма:

 «Адамдық борышың» өлеңін жаттау. «Менің борышым» тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау:

Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын. Назарларыңызға рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 1291
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтмаганбетова Гулшат Хафизоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12735
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек