Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Статьи / Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек

Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы. Қызылорда қаласы.

М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі

Тарих пәнінің мұғалімі Қуанышбаева А



Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек

Қазақ халқының алып тұлғалы,терең ойлы азаматы Мұстафа Шоқайдың бүкіл мұрасын жинақтап,елімізге әкелуге тәуелсігіміздің арқасында ғана қол жетті .Оның бас-қасында тікелей Елбасымыздың тапсырмасымен И.Тасмағанбетовтің жүргендігі көпшілікке аян .Ал,осы саладағы мұраны жан-жақты зерде сүзгісінен өткізе саралап,бұрын ғылыми айналысқа түспеген мұрағат деректері мен жарияланған еңбектерге терең деректанулық талдау жасаған-белгілі ғалым Көшім Есмағамбетов. Алдымен М.Шоқай оның туған жері Наршоқыдан басталып,Парижге жерленгенге дейінгі кезеңі тұтастай алғаш рет кешенді түрде зерттелген.Соның ішінде тұлғаның Кеңестік биліктің орнығуынан бастап,шетелге кетуі,Түркия,Германия,Париж,Польша,Англия,т.б елдердегі қызметі хронологиялық жағынан гақты көрініс тапқан.Әсіресе,оның әйелі Мариямен біргеГурьев арқылы Кетікке,одан Бакуге аттануы,Бакуден 1919 жылдың наурыз айының басында Красноводск және Ашхабадқа оралып,«түркімендер жерін большевиктерге қарсы күрес орталығына айналдыруды»көздегені,бірақ оның мүмкін еместігіне көзі жеткеннен кейін ,Бакуге қайтып оралып,осы жерде Тбилисиге де жиі барып,соңында 1921 жылы ақпанда Батумиде Италияның кемесіне отырып,Түркияға кеткендігі жан-жақты ашылды.Автор М.Шоқайдың елден кетуінің басты себебі,Кеңес өкіметінің«ешқандай демократиялық қозғалысқа жол бермейтінін көре білуінде»деп түйіндейді.Зерттеуші ғалым К.Лекерұлы М.Шоқайды «барар жері,басар тауы»қалмаған соң Түркияға кетті деушілерге ,Мұстафаның қолында сол уақытта АҚШ-қа да баруға визасының болғандығын алға тартуы,ондай визаны пайдаланған ь В.Лебедовтің АҚШ-қа,Францияға жетуін деректермен айғақтауы өте сенімді.1921 жылы наурызда Мұстафаның Парижге келіп ,Италияға,Германияға барып,Түркістанның тәуелсіздігі үшін батыс елдердің моральдық және материалдық көмегіне сүйенуді көздегені кейін түпкілікті «саяси эмирация астанасы»саналатын Парижге тұрақтануы тұлға өмірінің күрделі кезеңдерінен сыр шетеді.Оқырмандар үшін М.Шоқайдың Лондонға бірнеше рет барып,Король институтында Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы баяндамалар оқуы ерекше қызықты.Өйткені сол кезеңге дейін бірде-бір қазақ баласы жоғары мінбеден ұлт үшін жар салып,әлемнің назарын аудармаған-ды.Зерттеуші М.Шоқайдың 1941жылы желтоқсан айында қайтыс болғанға дейінгі оқиғалардың ізімен жүріп,оны өзара байланыстыра білуі,тарихи деректерді терең талдауы,әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше пікірлерді салыстыра алуы,ғалымның тақырыпқа терең бойлағандығын айғақтайды. Екіншіден, М.Шоқай Алаш қайраткерлеріне деген айрықша құрметін,олармен рухани үндестігін ,небір қыспаққа қармастан өзара сенімде болғандығын дәлелдей білді. М.Шоқай Алаш қайраткерлері үлгісінде ұлт зиялысын қалыптыстыру мен тәрбиелеудегі елдің болашағы ретінде көре білді.Ол таза «батыс тәрбиесін алғандар рухани жағынан өз халқына өгей болып қалады »сондықтан,«батыс білімін» «шығыс рухымен ұштастыру» қажеттігін дер кезінде ашық айтты.Бұл мәселе бүгінгі жағдайда да өз маңыздылығын жойған жоқ. Үшіншіден, Мұстафа біртұтас Түркістан,барлық түрік халықтарының бірлігі идеясына назар аударады. «М.Шоқай өз тарапынан Анадолыдан Алтайға дейінгі аумақты қамтитын алып империя құру идеясын ешқашан ұсынған емес»деген қорытынды пікірі бүгінге дейін Мұстафаның ішкі сырын түсінбеушілерге жауап деуімізге әбден болады.М.Шоқай түрік халықтарының өз ерекшеліктерін ешқашан жоғалтпауын армандады.Соның жолында 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзінде«Сендердің бірліктерің,сендердің бір-біріңе күш қосуларың еліміздің бақытына қызмет етпек...Түркістан үшін өлу,Түркістан үшін жан беру-бәрімізге бір мақсат»деп жар салады.М.Шоқайдың алдына қойған түпкі мақсаттарының бірі де Кеңес Одағындағы түрік халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының заңдылығын батыс елдердің тануы,оған моральдық қолдау көрсетуі болатын. М.Шоқайдың тар жол,тайғақ кешу жылдарында көтерген мәселелері,ұлы армандары,қазіргі таңда толық жүзеге асып жатыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлем елдерімен тығыз қарым-қатынасты дамытуда көп векторлы саясатты ұстануы өзара бір-бірімен үндесіп жатыр.Бір кезеңдегі А.Я.Шульгиннің «азат Түркістанға басшылық ету жазғанда М.Шоқай Ататүрік ізімен жүретін еді,бірақ оған түгелдей еліктемес еді.Ол азат Түркістан өзінің ұлттық кескін келбетін сақтай отырып,басқа мемлекеттермен бәсекелестікке қабілетті болу үшін батыс елдерінен көп нәрселерді үйрену тиіс»дегені бүгінгі күн шындығына айналды. Төртіншіден, алғаш рет Мұстафа Шоқайға қатысты деректер мен барлық тілдегі зертеулер оның маққалалдары тұңғыш рет бір орталыққа жинақталып, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізілді. М.Шоқайдың Кеңес өкіметі орнауы кезіндегі қоғамдық саяси қызметі, шетелдік кезеңнің толық көрініс таппаған тұстары, Фашистік Германияның оны өзіне тарту әрекеттері, тұлғаның фашизмге көзқарасы, өлімі мәселелері жан-жақты ашыла түсті. Соның ішінде 1940 жылға дейін жұмыс жасаған Түркістан Ұлттық Бірлігінің, оның орталықтарының қызметтері деректер негізінде оқырманға жетті. Әсіресе, ТҰБ-тың баспасөз органдары- «Иени Түркістан», «Яш Түркістан» журналдары , оның әрбір беті жаңаша талдауға ие болады. Журналдар Үндістан, Ауғаныстан, Сирия, Финляндия, Франция, Италия, АҚШ, т.б. көптеген елдерде қолдан-қолға таралып, оқылған. Жаңа мұрағаттық деректер Мұстафа Германияға қызмет етті дегенді толық жоққа шығарды. Автордың «оның Түркістан легионына» қатысының жоқтығы жөні барлы ғы айдан анық өйткені, Германия «саяси мұрағаттардағы» Түркістан легионының құрылуына қатысты 1941-1942 жж. Бұйрықтарда, есепті баяндамаларда, анықтамаларда, т.б. құжаттарда М.Шоқай аты мүлде аталмайды. Мұндай мәліметті КСРО мемлекеттік Қауіпсіздік министірлігі өзінің Берлиндегі 4 оперативтік секторының 2-бөліміне М.Шоқайға байланысты жинақталған «Наличие компрометирующих материалов» деген құпия сұрауына да алады. Олай болса, автордың М.Шоқай немістерімен қарым-қатынаста тұтқындағы Түркістан азаматтарын (1941 жылы 13 желтоқсанда бір ғана Польшаның Ченстахов лагерінде ашыққан, ауруға шалдыққан 32 мыңнан астам түркістандық болған) аман сақтауды және өз арманы Түркістан тәуелсіздігі идеясы үшін пайдалануды көздеді деген қорытынды пікірі толық қолдауға тұрарлық. Еңбекте түркістандықтарды ашық майданға шақырып қырғынға айдауды үгіттеуге көнбеген М.Шоқайды Шығыс министірі Розенберігтің тапсырмасы бойынша у беріп өлтіргені анықтала түседі. Бесіншіден, бүкіл Түркістан жұртты қамын жеген М.Шоқайдың азаматтық, қайраткерлік, кісілік келбетін сомдай білді. Оның мінез көрсету, астамшылық, билікқұмарлық, сияқты қасиеттерден биік болғандығы, сын пікірді қабылдай біліп,«өзін кінәсізбін деп санау жақсылықтың белгісі емес» деген принципті ұстануы, «Алла елімнің тәуелсіздігіне қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім» деген арманының өзі ұлттық идеологияны зерттеушілерге қазіргі таңда аса маңызды.

Қорыта келгенде, бұл ғылыми зерттеу-тарих ғылыми-ойының әлемдік деңгейдегі талабына сай ұлт тарихын жазар ғалымдар үшін үлгі аларлық сүбелі еңбек. Қыр баласы Мұстафаның әлемдік биіктегі тұлғалар қатарынан көрініп, алған асаулары мен халқы үшін жасаған жанқиярлық еңбектері ұлтын сүйер бүгінгі азат ұрпақ үшін ауадай қажет. Адамзат тарихындағы аса өзекті мәселе-ұлт мәселесінің белгілі бір тарихи кезеңдегі барша көкейтестегі жайлары мен оң да әділ шешімі –Мұстафа Шоқайдың қайраткерлік ғұмырымен астасып жатыр. Оның азаматтық ұстанымы-ұлт мүддесі, ұлт мұратымен шындалып, ұлтын сүйген ұлы жүректен шыққан шығармашылықпен өрістеген айқын күрескерлік бағыт.





Пайдаланылған әдебиеттер:

Шоқай М. Таңдамалы.-Алматы.-Т.1.-1998.-512 бет.

Нүрпейісов К.Алаш һәм алашорда.-Алматы, 1955.-256 бет

Ақынжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы.- Алматы, 1955.-95 бет.

Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері.-Алматы, 1994.-120 бет.

Ақиқат. 9-2006.49-53бет.

Ақиқат. 7-2014.58-67бет.

«Айқын» газеті, №228.05.12.2009.

Қазақстан тарихы. 1-2010. 34бет.






Автор
Дата добавления 01.06.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров110
Номер материала ДБ-106237
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх