Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Шобанақ" жалпы орта мектебінің тарихы мен жетістіктері

"Шобанақ" жалпы орта мектебінің тарихы мен жетістіктері

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_31660133.gifhello_html_6a33d40.gifhello_html_m49175a91.gifhello_html_6f07ea8d.gifhello_html_m37e370b3.gifhello_html_33928f9e.gifhello_html_m19790cf6.gifhello_html_e4ace0e.gifhello_html_e047f3f.gifhello_html_m48a5a169.gifhello_html_83f9e81.gifhello_html_m2fea2e54.gifhello_html_m60c4ff50.gifhello_html_751962d.gifhello_html_m17c2bfb3.gifhello_html_4a965762.gifhello_html_dd0bec5.gifhello_html_mf7bc2ec.gifhello_html_2c83ff7c.gifhello_html_m7890f641.gifhello_html_m12ee0cb1.gifhello_html_m35018017.gifhello_html_m1eb60fbd.gifhello_html_m21e0acab.gifhello_html_m1ed70025.gifhello_html_m653a2cc.gifhello_html_2e0520e.gifhello_html_71e1f0b3.gifhello_html_m15946b77.gifhello_html_m313a6062.gifhello_html_6f0eb348.gifhello_html_m5671102c.gifhello_html_5cc9ed4b.gifhello_html_3d1fcdd5.gifhello_html_m56613452.gifhello_html_b1645bd.gifhello_html_70f8ce14.gifhello_html_dda5d1a.gifhello_html_m6ea5772c.gifhello_html_4c2592f.gifhello_html_187a5817.gifhello_html_780c1d38.gifhello_html_6f3f112e.gifhello_html_28ef6589.gifhello_html_63d9ce66.gifhello_html_6212e349.gifhello_html_67b7bdeb.gifhello_html_m3e95f32f.gifhello_html_m6af296ea.gifhello_html_3178d413.gifhello_html_m691eb831.gifhello_html_m552c11cd.gifhello_html_183deadf.gifhello_html_44a9a50d.gif

Түркістан қаласының шығыс жағында жеті шақырым жерде Шобанақ ауылы орналасқан. Деректерге сүйене отырып, бұл ауылдың 1000 жылдық тарихы бар көне және тарихи құндылықтарға бай ауыл екенін аңғаруға болады. Демек, Шобанақ ауылының негізі ұлы ғұлама Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрген заманда қаланған деген сөз.Осы мекенде Қожа Ахмет Яссауидің замандас достарының бірі Имам Марқозы (Көк тонды ата) өмір сүріп, халыққа ислам дінін насихатттап, оны таратқан. Кей деректерде Шобанақ ауылы шөбі шұрайлы, жайлауы мал шаруашылығы үшін қолайлы болғандықтан, бұл өңірді «Шобанақ» деп атаған. Ал Кеңес Одағы орнаған кезден бастап,бұл елдімекен «Еңбекші дихан» деп өзгертілген.

Қаратау етегінде орналасқан шөбі шүйгін, халқы еңбекқор көне Шобанақ ауылында , қазіргі Еңбекші- Дихан ауылында «Шобанақ» жалпы орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесі орналасқан.

Ауылымыздағы алғашқы білім ошағы 1930 жылы ашылып, бұл мектеп –медреседе ауыл тұрғындары сауаттарын ашқан. Бұған Дүйсенов Мәулен басшылық жасап,кейіннен яғни, 1931-1933 жылдары әрі ұста,әрі ұстаз Идрис Байметовтің басшылығымен «Шобанақ »мектебі құрылып,оған Идрис ағаның өзі алғаш басшылық жасады.Міне, ауыл балаларын алғаш білім нәрімен сусындатқан ,жаппай сауат ашу жолында ерінбей еңбек еткен ,орасан қызмет атқарған бірегей тұлғалардың бірі Мәулен аға мен Идрис аға болды.Ал 1955-1989 жылдар аралығында ауыл балаларының сауатын ашуда, мектепті қайта жөндеуден өткізуде ,мектеп ауласын бау-бақшаға айналдыруда өз үлесін қосқан білімді де білікті азамат, марқұм ұстаз Аманулла Тажибаев болған. Содан кейін 1970 жылы осы кісінің басшылығымен асарлатып, саз-балшықтан 180 оқушыға арналған мектептің екінші ғимараты салынды. Бұл мектеп алғаш сегіз жылдық болып ашылып, Жданов атауы берілді, кейіннен он жылдық білім беруге көшкен. Ал 1985 жылдан бастап мектептің атауы Хамза болып өзгертілді. Бұл атау тәуелсіздік алғаннан кейін «Шобанақ» болып өзгертіліп, он бір жылдық орта мектеп болып қайта ашылды .

Білім ордасының өсіп-өркендеуін 1989 жылы өз қолына алған Турметов Егемберді Турметұлы өзінің ерекше іскерлігінің арқасында толағай табыстарға жетіп, 2004 жылға директорлық қызметін абыроймен атқарды. Қазіргі таңда ұстазымыз Турметов Егемберді Турметұлы құрметті зейнеткерлік демалыста.


Өз ісінің білгірі, ұлағатты ұстаз Наршабаев Зубайдила 2005 жылдан бастап «Шобанақ» орта мектебіне басшы болып келгеннен кейін, сол кісінің еңбегінің арқасында 2008 жылы мектепте спорт кешені салынса, 2012 жылы 300 орынды 3 қабатты жаңа мектеп ғимараты бой көтерді.

Сонымен қатар, осы мектепте талай еңбек етіп, қазіргі кезде зейнеткерлік демалыстағы ұлағатты ұстаздарымыз да бар. Атап айтсақ, Бабанов Хусан, Сатибалдиев Атахан, Юсупова Мастура, Ахмедов Журахан, Абдусаметова Шаходат, Алимханов Ибрахим, Исақов Бабахан, Исақова Мехрибан, Халметова Хатира білім ошағының жоғарыдан көрінуіне, қаншама ел перзенттеріне білім нәрін беріп , өздерінің міндеттерін абыроймен атқарып келді.



Дүниеде өлмейтін- ғалымның хаты мен оның есімі.Өзінің бүкіл ғұмырын білім беру саласына арнап, оны абыроймен атқарып,көпшіліктің ықыласына бөленген ұстаздарымыздың есімі, жарқын бейнесі өзімен қызметтес болған адамдар мен шәкірттерінің есінде және  әрбір шобанақтықтың мәңгілік жүрегінде сакталғаны сөзсіз.Атап өтетін болсақ, Тажибаев Аманулла Тажибайұлы, Ходжаев Рахым Қожахметұлы, Тажиметов Бахтияр, Абдулхамид Умаров, Османов Иса.Енді осы азаматтардың өмірбаянына қысқаша шолу жасасақ.

Тажибаев Аманулла Тажибайұлы 1929 жылы 26 сәуірде Шобанақ ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді ұстаз Қазақстан Республикасының «Оқу ісінің үздігі» наградасымен марапатталған. 1955-1989 жылдар аралығында осы мектепке басшылық жасаған. «Шобанақ» мектебі ғимаратын салуда ұйытқы болған азамат. Ұлағатты ұстаз 1989 жылы зейнеткерлікке шыққан.Қаншама білімді жастарды тәрбиелеген ұстаз Аманулла Тажибаев 1992 жылы 19 тамыз

күні дүниеден озды.


Ходжаев Рахым Қожахметұлы 1936 жылдың 16 тамызында Шобанақ ауылында туған. Ауылдағы сегіз жылдық мектепті бітіріп, Түркістан педагогикалық училищесінде оқыды. Қызылорда педагогикалық институтының тарих және география факультетін сырттай оқып тәмамдады. Білікті педагог өзінің 40 жылдық өмірін ұстаздыққа арнады. Ұлағатты ұстаз Рахым Қожахметұлы 1994 жылдың 12 қазанында 58 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.


Тажиметов Бахтияр 1938 жылы 10 қаңтар күні Шобанақ ауылында туылған.8 жылдық мектепте білім алып, Түркістан педагогикалық училищесінде білімін жалғастырған.Одан кейін Низами атындағы ТГПИ-ді бітірген.33 жыл мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.Ұлағатты ұстаз 2003 жылы 27 мамырда дүниеден өтті.



Абдулхамид Умаров 1958 жылы 20 наурызда Шобанақ ауылында дүниеге келген.10 жылдық мектепті бітіріп,Қоқан мемелекеттік институтының математика мамандығы бойынша білім алған. Математика пәнінің мұғалімі Абдулхамид Умаров өзінің жоғары деңгейдегі біліктілігінің арқасында қала мен облыста озат педагогокалық тәжірибесі таратылып, өнегелі ұстаз Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің съезіне делегат ретінде қатысқан. 30 жылдық ғұмырын ұстаздыққа арнаған ұлағатты ұстазымыз 2009 жылы 19 мамыр күні дүние салды.


Османов Иса 1955 жылы 26 қыркүйекте Шобанақ ауылында дүниеге келген. Түркістандағы техникалық училищесінде білім алған.Одан кейін Низами атындағы ТГПИ-ді еңбек мамамындығы бойынша бітірген. «Шобанақ» жалпы орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде 2014 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Талай шәкірттерді тәрбиелеген ұстазымыз 2014 жылы 2 қыркүйекте дүниеден озды.



«Еңбек түбі-зейнет» демекші , бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнап ,қазіргі таңда құрметті зейнеткерлік демаласына шыққан ұстаздарымыз да баршылық. Бұл ұстаздардың өмірлік ұстанымы, көздеген мақсаты – өз халқына адал қызмет көрсету, жас ұрпақтарға тәлімді тәрбие, ғылыми және кәсіби шеберліктерін арттыруға шын жанашырлық таныта білу болды. Солардың бірі- ұлағатты ұстаз, білгір басшы болған Турметов Егемберді Турметұлы.Бұл ұстаздың,басшының мектепті көркейтуде,білім сапасын арттыруда атқарған жұмысы мектеп тарихында ерекше орын алады..

Турметов Егемберді Турметұлы 1940 жылдың 31 қазанында Шобанақ ауылында дүние есігін ашты. Жоғары биология пәні мұғалімі білімін Қызылорда педагогикалық институтында алды. 1982 жылы «Шобанақ» мектебінде мұғалім болып педагогикалық қызметін бастаған ұстаз 1989-2004 жылдар аралығында директорлық қызметін атқарды. Білікті ұстаз Қазақстан Республикасының «Оқу ісінің үздігі» және «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» наградаларымен марапатталды. Ұлағатты ұстаз 2005 жылы абыроймен зейнеткерлікке шықты.


Мектеп түлектерінің кейбіреулері зейнеткер болса , кейбіреулері ел таныған азаматтар. Солардың бірі- Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор ұстазы Турметов Батырхан осы мектептің түлегі. Өзінің ЖОО-да ұстаздық ету жолында 50 жуық ғылыми мақаласы, «Maple жүйесін математика пәндері есептерін шешуде қолдану», «Математикалық физика теңдеулері пәнінен есептер мен тапсырмалар жинағы», «Интегралды есептеуде Maple жүйесін қолдану» атты ғылыми және әдістемелік еңбектерін жарыққа шығарды.

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Сондай қасиетті ұғымның жүгін көтеріп жүрген жандардың бірі, ел таныған азаматтарымыздың бірегейі ,білгір басшы Наршабаев Зубайдила да- осы мектептің түлегі.Алғашқы еңбек жолын ұстаздық етуден бастаған ұстаз 2005 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Шобанақ» жалпы орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесіне басшылық етіп келеді. Еңбексүйгіштігімен, білгірлігімен өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып, білім беру саласында толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Осы азаматтың көмегімен 2008 жылы мектепте спорт кешені салынса, 2012 жылы 300 орынды 3 қабатты жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Осы атқарған елеулі жұмыстарының нәтижесінде облыстық ,қалалық білім бөлімінің, «Нұр Отан» ХДП-ның, облыс әкімінің мақтау,алғыс қағаздарымен марапатталды.


Сонымен қатар,бүгінгі таңда осы мектептің түлектері Абдухалиқова Мусрат , Азимова Тожихан сынды аға-әпкелеріміз білім беру саласында,ал Пирметов Әлишер, Саркулов Абдулхаким секілді ағаларымыз басшылық жұмысты абыроймен атқарса, Исаков Фахриддин ,Тажибаев Рустам ағаларымыз болса медицина саласының білікті мамандары болып жұмыс істейді.


Қазіргі таңда «Шобанақ» жалпы орта мектебінде оқушылар қазақ және өзбек тілінде екі ауысымда білім алады. 85 жылдық тарихы бар бұл мектепте бүгінгі таңда бес жүзге жуық шәкірт тәрбиеленіп, елу жеті мұғалім жұмыс істейді. 57 мұғалімнің 8 –і жоғары санатты, 24-і І санатты, 17-сі ІІ санатты, 8-і жалпы санатты мұғалім .Барлық кабинеттер заманауи үлгіде жабдықталған. Ақпараттық технологиямен жабдықталған 4 кабинет бар. Сол кабинеттердің 1-еуі ғаламтор желісіне қосылған.




«Шобанақ» жалпы орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің ұжымы «Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру,жаңа педагогикалық технологияларды ендіру» бағытында жұмыс атқарып келеді.Мектеп әкімшілігі мен ұжымы мектептің білім деңгейін көтеру мақсатында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ұйымшылдықпен біршама жұмыстар атқарып, жоғарыдан көрініп келеді.

Ұстаз –мектептің жүрегі.Яғни , «Көп білген кісі кемеңгер емес, білгені елге пайда келтірген кісі – кемеңгер» деп ойшыл Эсхил айтқандай, бар ғұмырын шәкірттеріне арнау, егеменді еліміздің ертеңгі иелерін білім нәрімен аянбай сусындатып, ерен еңбектің жемісін көру – ұлағатты ұстаздың ұлы арманы. Мектебімізде өзінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде талай жетістіктерге жеткен мұғалімдеріміз баршылық.Өз пәнінің нағыз шебері атанған мұғалімдеріміз қалалық, облыстық, республикалық байқауларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, Абдухалиқова Мусрат,Азимова Тажихан облыста баяндамалар жасап, оқушылыры республикалық олимпиадада 1-орынды иеленіп, ҚР-ның білім және ғылым минстрлігінің «Құрмет грамотасымен», Абдухалиқова Мусрат «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен,Умаров Абдурасул», Республикалық «Абай оқуларына» қатысып, ҚР-ның мәдениет және ақпарат министрлігінің «Алғыс хатымен», Жұмабаев Илхам қалада баяндамалар жасап, Республикалық пән олимпиадасында оқушысы 3 –иеленіп, Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», Умаров Қадырдың оқушысы Республикалық пән олимпиадасында 2-орынды иеленіп, Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», Жұмабаев Жолдастың оқушысы облыстық дойбы жарысында 1-орынды иеленіп,




Облыстық спорт басқармасының «Алғыс хатымен» Убайдуллаев Бахадырдың оқушысы жеңіл атлетикадан 1-орынды иеленіп, Облыстық спорт басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.


Кәсіби шебер мұғалімдеріміз






Қазіргі таңда білім беру әлемдік стандартқа сай болу мақсатында мұғалімдеріміз ПШО-да және «Өрлеуде» 3 айлық курстан өтіп,өз білімдерін жетілдерді. 1-деңгейлік бағдарламасын оқып келген Жұмабаев Илхам,2-деңгейлік бағдарламасын оқып келген Османов Халдар мен Айтметов Сұлтан , 3-деңгейлік бағдарламасын оқып келген Османов Бабырхан, Жумадуллаев Әнуар,Наршабаев Шералы,Худайбергенов Шавкат курс талаптарын орындап, арнайы Сертификатқа ие болды.

Озат тәжірибе –көпке ортақ.Яғни, озық педагогикалық тәжірибе – білім берудегі, соның ішіндегі педагогикадағы жаңашылдық пен зерттеушілік тәжірибеге сүйеніп, нақты деректер мен соңғы жаңалықтарға негізделген теориялық талдау және жинақтаудан құралған  білім беру мекемесінің немесе үнемі ізденісте болатын тәжірибелі педагог—маман еңбегінің жемісі. Осы мақсатта мектебімізде білікті де білімді мұғалімдерімізден Абдухаликова Мусрат, Азимова Тажихан, Абуталипова Гүлнар, Хатамбаева Мухаббат, Наршабаев Шералы облыс көлемінде өз іс-тәжірибелерін таратты.

Бүгінгі уақыт талабы- мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.Яғни, қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз — аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес,керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс. Оқытудың өзекті мәселесі — оқушының жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту. Интеллектуалды жоғары, қоғамға жаны аши білетін азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Ендеше жаңа ғасыр мектебінің алдында тұрған міндет-дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады.Осы тұста «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады»,-деген нақыл сөзді ұстанған ұстаздарымыз талай дарынды оқушылырмен жұмыс жүргізу нәтижесінде шәкірттеріміз қалалық, облыстық, Республикалық байқауларға, олимпиадаларға қатысып , талай белестерді бағындырып, биік шыңдардан көрініп, жүлделі орындарға ие болған мына оқушыларымызды мақтанышпен айта аламыз.


Оқушының аты-жөні

Байқау түрі

Жүлдесі

Рахимова

Ең үздік шығарма

Мақтау қағазы

Абдурашидов А

Табиғат айнасы

Мақ қағазы

Асенов Н

Мен -Түркістан ұланымын

Мақтау қағазы

Худайбергенова Ф

Мен Елбасымен мақтанамын

Мақтау қағазы

Абубакирова Р

Мен табиғатты қорғаймын

Мақтау қағазы

Абдурашидов А

Бейнелеу өнері

Диплом

Ахметов Б

Ақбота-2013

Диплом Іорын

Аманова Д

Ақбота-2013

Диплом ІІорын

Аметов С

Самұрық

Диплом

Асанбаева Ш

Самұрық

Диплом

Асенова А

Қазақ тіл мен әдебиеті

Диплом Іорын

Умарова Е

Ұлттық мектептерде қазақ тілі

Диплом Іорын

Умарова Г

Ұлттық мектептерде қазақ тілі

Диплом Іорын

Омарова Д

Орыс тілі

Диплом ІІорын

Тажибаева Г

Өзбек тіл, әдебиетінен

Диплом ІІ орын

Марипов Д

Тарих

Диплом І орын

Аширбаева З

Өзбек тілі, әдебиеті

Диплом І орын

Исмаилова Н

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мақтау қағазы ІІІ орын

Мутенова Н

«Ең үздік шығарма» конкурсы

Мақтау қағазы

Асенова А

Қазақ тілі мен әдебиеті

Диплом ІІ орын

Асенова А

Респ. Олим. қаз тілі мен әдебиеті

Диплом ІІІ орын

Абубакирова Р

Мен табиғатты қорғаймын

Мақтау қағазы

Зайниддинова Д

Президенттік сынақ

І оырн

Зайниддинова Д

Жең атл. 1500 м жүгіру

ІІІ орын

Зайниддинова А

Шақырады көктем

Лауреттық диплом

Абубакирова Р

Төрлет, Наурыз, төрлет

Мақтау қағазы

Абубакирова Р

Тіл-халықтар досты дәнекер

ІІорын

Абубакирова Р

Тіл-халықтар досты дәнекер

Алғыс хат

Омарова Д

Тест білгірі

2-орын

Шайхиддинов Қ

Шақырыды көктем

Диплом ІІІ орын

Аширбаева З

Өзбек тілі

Диплом І дәрежелі

Умарова Е

Республикалық пән олимпида қазақ тілі

Алғыс хат

Умарова Е

Республикалық олимпиада қазақ тілі

Диплом ІІ дәрежелі

Марипов Д

«Яссауи» пән олимпиада

Алғыс хат

Аширбаева М

Русский медвежонок

Диплом ІІІ орын

Марипов Д

«Ясауи» пәндік олимпиада

Диплом ІІ орын

Марипов Д

«Ясауи» пәндік олимпиада

Сертификат

Ахметов Б

І.Жансүгіров оқулары

Алғыс хат

Азимов Алишер

Золотое руно

Диплом

Мектебімізді республика,облыс деңгейінде көрсеткен оқушыларымызды ерекше атап өткен жөн.Олар: Асенова Айгүл Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында 3-орынды, Умарова Еқутхан Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында 2-орынды, Мутенова Севара, Ергешбаева Рахима, Аширбаева Зулхумар, Абдуманнапова Муниса Республикалық өзбек тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында 1-орынды, Марипов Давлат «Яссауи» пәндік олимпиадасында 2-орынды, Азимова Гулхая,Мамаджанов Захриддин,Исмаилова Сайера «Мемлекеттік тілді білу-парызың» байқауында 1-орынды, Ахметов Батырбек «Ақбота» интеллектуалдық ойынында 1-орынды,Аманова Диана 2-орынды, Қудратуллаев Рахматулла жеңіл атлетикадан 1-орынды, Матенова Мадина дойбыдан 1-орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары





Халықаралық «Ақбота» интеллектуалды ойынының жеңімпаздары




Облыстық спартакиада жеңімпаздары



Білім беру саласын жоғары деңгейге көтеруде басты бағыт болып отырған еліміздегі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - білім сапасын анықтауда қоғамдық саяси және әлеуметтік мәні бар жалпы мемлекеттік шара болып табылады. Тәуелсіз еліміздің түлектерінің білім деңгейін таразылайтын бұл сынақта мектеп бітірушілеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, қала көлемінде алғашқы бестіктің ішінде көрінді. 2010-2014 жылдар аралығында мектеп түлектері жеті алтын белгі, тоғыз үздік аттестат иегері атанды.



2014 жылғы «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлері


Асенова Айгүл Паччаханова Шахиста Омарова Дилнура Турметова Севара

Үздік аттестат Алтын белгі Үздік аттестат Алтын белгі


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы елімізді көгалдандыру бағытындағы « Жасыл ел » бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мектебімізде тәрбиелік іс-шаралар жоспары дайындалып, сол бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, мектебімізде білім беруді дамыту бағдарламасымен қатар «Жасыл ел » бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп ауласына 100 астам алма көшеті,жасыл желекті ағаштар, әр түрлі гүлдер егіліп, талапқа сай жайнап тұр.



Мектебімізде осындай жұмыстардың атқарылуы нәтижесінде ағымдағы мектепті жаңа оқу жылына дайындау бойынша 2010 жылы 1-орынды, «Жасыл ел» бағдарламасын орындау бойынша 2012 жылы 1-орынды, білім сапасын арттыруда жоғары нәтиже көрсеткені үшін 2013,2014 жылдары «Ең үздік мектеп» номинациясымен марапатталды.

Қорыта келгенде, мектеп басшысының білгірлігінің арқасында, ұжымның ұйымшылдығының, бірлігінің арқасында, білім де білікті мұғалімдердің арқасында мектебіміз жоғарыдан көрініп, білім ордасының атағын аспандатары сөзсіз.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров435
Номер материала ДВ-088841
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх