Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы«Шуағын шашқан - аялы алақан»

«Шуағын шашқан - аялы алақан»

Скачать материал

«Шуағын шашқан - аялы алақан»

Жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар,әжелер,қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.  «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.

 

 

Санжар

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Дарина

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.

Құралай

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Мадиана

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

 

 

 

Альбина

   Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы

   Ана – шырақ, мен –  сұрақ санадағы.

   Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

   Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

Қайсар

    Ана біздің күніміз,

    Ана біздің гүліміз.

    Ұланды ана қуантып,

     Ұзақ өмір сүріңіз.

Аяулым

     Ақыл құйған санама

     Күннен артық расында

     Күн алыста, ал анам

     Ылғи менің қасымда.

Жүргізуші:

– Жарайсыңдар балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар: Ана,ана,ана.

Жүргізуші:

Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ, жоқ!

2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары : Бар,бар!

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар, Осы біздің ардақты аналарымызға ән орындап берейік.

«Ақ мамам»

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

Мадиана

 Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы ,ай әжем

 

 

 

 

Санжар

 Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Құралай

Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа барса ұмытпай

Кәмпит әкеп береді

Альбина

Тірегі болып жанында

Бірге еріп жүремін

Жанашырым жанымда

Тек әжем деп білемін

Дарина

 Ақ әжемді арқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

 

 

 

Аяулым

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Қайсар

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін» деп . 

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Ал құрметті әжелермен,аналар сіздер үшін балалардың орындауында Вальс биі.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,ал келесі тамашалайтындарыңыз  Құралайдың орындауында Ертегілер әні.

 

Енді біз құрметті аналар сіздермен ойын ойнайық

Тосын сый ата - аналарға арналған. (ойын)

2 шарт орындалады.

1. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.

2. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.

Келесі сыйлығымыз Гамгамстайл биі қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді  біз ән  қонақтарымызға  орындап берейік.

Ойын:  Ананың  даусын тану.

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

Жүргізуші:Құрметті әжелермен,аналар сіздер үшін балалардың орындауында би.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,керемет өнер көрсетіңіздер.

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.Қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Ал енді сөз кезегі мектеп директоры Темірлан Нұрлановичке беріледі.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Шуағын шашқан - аялы алақан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 384 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2019 728
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулейменова Айнаш Кенжегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1226
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 523 человека

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 400 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и практические основы проведения творческих занятий с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе