Инфоурок Другое Научные работыШуағын төккен 4-көктем (4-СЫНЫП)

Шуағын төккен 4-көктем (4-СЫНЫП)

Скачать материал

Бастауышпен қоштасу кешіне арналған « Шуағын төккен 4- көктем»

Мақсаты: 4-жыл бойы білім алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін,өнерлерін ортаға сала  бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып ,жоғарғы сынып мұғалімдеріне , ата-анасына әр оқушының  өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд  « Шуағын төккен 4-көктем», Оқушылар өмірінен  түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, әртүрлі    деңгейлі дипломдар,  мадақтама қағаздар,нақыл сөздер,күнбағыстар.

БАСТАУ:

МҰҒАЛІМ: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!

Білім деген қауыздан гүл ашылған,
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы,
Бастау алар бастауыш сатысынан.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар адасқанда.
-деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып ,оң мен солын тануды үйренген шәкірттерімнің ұйымдастырумен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Бесіктегі баланың ,

Күлгенін көрген –бір мұрат.

Алдына түсіп ананың ,

Жүргенін көрген бір мұрат –дегендей ,бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз ,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда?
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,
4-ші «Б» сыныпты ортамызға.

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. (гүл шашу )

Мұғалім.

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 б  сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне ,ес біліп, етек жиған шәкірт.

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді ,талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық,талай жайды.

Ірге тасын каладым,білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.

Мен бүгін осы кешті жүргізуді сыныбымыздың озат оқушысы Сауыт Темірлан мен Жанабай Гаухарға тапсырамын.

Темірлан

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай,бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен ,алғаш қолымызға қалам ұстатып ,оңымызбен солымызды танытқан,төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа,адамдыққа тәрбиелеп, білімнің ,ғылымның арнасында жол ашқан  алғашқы ұстазымызбен қоштасып,орта буын табалдырығын аттағалы отырмыз.

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге бой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Гаухар
Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағың күнде өзіңнен бата алар,
Ел дәстүрін мәңгі сақтап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар!

Темірлан
Армысыздар ер тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасад(ы,)
Азамат болып кешегі сәби еркелер.

Гаухар

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз,ұстаздар,ата -аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға

Темірлан
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл  –әнім.

1.     ХОР:Мектебім

Гаухар.Иә,достар, алтын ұя мектептен атамыз да,әжеміз де ,әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей  тәлім алудамыз.

Темірлан.  Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың мектепке арнаған   жырларын тыңдайық.

1.Жандос.

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар ,

Ақыл ,білім жетіліп санасында.

2. Нұрайым

Мектеп үйім, ұстаздарым,ата-анам,

Сенен өсіп ,сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

3.Ильяс.

Мектебім-білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім,артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

4.Өтеш.

Мектебім,алтын ұям ,нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5.Марғұлан.

Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

6.Томирис

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

7. Іліяс

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл

Темірлан

Ақырын жүріп ,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға –деп  Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ,бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, баллардың ұстаз туралы не айтатындарын тыңдайық.

 

Камила.

 Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей ,оқуға,жазуға үйреткен   мұғалім  еңбегі шексіз. «Мұғалім –мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған екен.

Карина.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де ,бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Т. Аяжан

Ия, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да ,ғалымын да ,еңбекқор егіншісін де ,кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. 

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап арнап ән салам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Олай болса осы  «Бала тілегі» әнімді сіздерге арнаймын  ардақты да ,аяулы ұстаздар.

Ақбота

Ұстазымыз анабызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып ,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмеді.

Жомарт

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік ,ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Ө. Аяжан

Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Аслан.

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

Диас.

Басса бұрыс ,жол сілтеп қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап мәпелейсің.

 

 

Сабрина

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

Шұғыла

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінерміз

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Темірлан. Енді  ұлы ғұламалар ұстаздар туралы не айтты екен  соны тыңдап көрейікші.

Дана. Әл-Фараби былай деген. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.

Севинчой. Мәлік Ғабдуллин былай деген. Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

хормен

Мың алғыс  сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Темірлан

3.«Мейірбан ұстаздар» әнін тамашалаңыздар.

Темірлан

Ия ,осыдан 4 жыл бұрын ,біз 6 жастағы сәби-балалар едік .Сөмкемізді зорға көтеріп ,мектеп табалдырығын жасақана аттаған едік.

Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған  бастауыш сыныппен қоштасып ,орта буын қатырына қосылғалы отырмыз.

Гаухар

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Темірлан

Ендеше   бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?

Нұрдаулет

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан  кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Назым

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым,

Азық болар ,мәңгі талай жырдарға

Гаухар.

4.  «Бастауышым-балбұлағым» әнін қарсы алыңыздар.

 

 

Темірлан

Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып ,ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің жетістіктерімізге бірге қуанып жүрген,бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген ұстаздар қаншама десеңізші! Сол ізгі ниетті ардақты жандарға арналған лебізімізді білдіруге рұқсат етіңіздер!

Жандос

Орыс тілін үйреткен Бисенова Құрбангүл апай мен Букабаева Жанар апайға арналады.

Орысшаны оқыдық ,тілін білдік

Дыбыстарды талдадық, сырын білдік.

Соның бәрін жалықпай түсіндірдің,

Соның бәрін біздерге ұғындырдың.

Диас.

Бейнелеуді құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Сурет салып үйреткен.

Мұхамет ағайға мың алғыс.

Ару

Өз-өзіңді танытып,

Үйреткен бізді тануға.

Төлтай апайға

Рахметіміз көп біздің.

Севинчой

Кейде жайлы мінезіне қызығасың

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер әрқашан Еділ ағай

Жан-жүрегін қашан да ұғынасың

Гаухар.

Осы ұстаздарға арналған Шұғыланың үнді биін тамашалаңыздар

Темірлан  Біздің жамандығымды жасырып, жақсылығымды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Карина   Ана.Үш –ақ әріптен құралған. «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі ,мейірімнің кәусар бұлағы –Ана есімінен артық қасиетті,киелі ештеңе жоқ.

Камила. Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінездерден аулақ болайық. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Аналар, сіздерге шат көңіл ,мықты денсаулық тілей отырып, «Абзал ана» атты әңімді осында отырған барлық аналарға арнаймын.

Камила.Ән. «Абзал ана»

 

Шұғыла

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген-дегендей әкенің орны бөлеу ау.

Ару.

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

Ақерке.

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.

Мирас.

Дүниеге әкелген , ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген,ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын ,аман болшы  анашым!

Нұрайым

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.

Іліяс.

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Сабрина.

Ақ сүт берген ақ жаулықты аналарды,

Қастерлейік әрқашан бабаларды.

Қадірлейік аталар мен даналарды,

Сыйлайық барлығымыз аналарды

ХОР: Ақ мамам

АНА ТУРАЛЫ КӨРІНІС

 Темірлан

Отаным кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың,шаттықтың мекені.

Қолдаймыз,қорғаймыз Отанды,-деп келесі өлең жолдары Отанға арналады.

 

 

 

Ақбота.

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Не тыңдырдың басымды иемменен.

Оңай сөз ғой,құрбым-ау оңай сөз ғой,

«Отан үшін өлемін күйем» деген.

Т.Аяжан

Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей-ақ қой бос сөздің керегі не?

Егер Отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын  терегіне.

Назым

Самалы бол Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол сайратсын алтын далаң.

Семсері бол Отанның қынабында

Сертке ұстаса селт етпей жалтылдаған.

Марғұлан

Шетсіз,шексіз қиырсыз ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй, Отанды ,

Шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына ,қырына да.

Томирис

Жүз толғанып, күніне мың ойласам,

Ақ басты анаммен шырайласам.

Қалай оны сүйем деп айта аламын

Бірге күліп,қуанып ,мұңаймасам?!

Мирас

Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген,

Іс тынбайды жанамын, күйемменен.

Өгей әке емес қой Отан деген ,

Отанды мен Атамдай иемденем.

Нұрдаулет

Отаным деп тәй-тәй өмір басстағам,

Отанымсыз Әліппені ашпағам.

Отан деген қастерлі сөз болған соң

Оны жиі қайталауға жасқанам.

Камила

Атамекен ,саған деген бір сезім бар лаулаған,

Талай жылдар мазамды алған, жүрегімді жаулаған.

Сол бір сезім өлең болып көкірегімнің түбінен,

Бұдан бұрын дәл осылай нөсер болып жаумаған ,-деп «Қазақ жерім осындай» әнін қабыл алыңыздар

Камила. «Қазақ жерім осындай!»

 

 

Гаухар.

Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,

Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан.

Бал құрақтай көлге біткен балауса,

Би құдірет мың бұралып ырғалған-деп келесі кезекте 4 б сынып оқушыларының « Мектеп вальсін » тамашалаңыздар.

 

Темірлан

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден .

12 –ші мектепті отырсыз ғой басқарып

Бастауышты біз бүгін бітіріп те тастадық.

Табиғат апай сіздей басшы тұрғанда

Гүлденіп мектеп кетер әлі жақсарып -дей келе құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Ибраимова Табиғат Төлеуқызына береміз.( сөйлеп болған соң Темірлан гүл шоғын апарып береді)

Темірлан

Батима апай бастауыштың жүрегі,

Барлығы да мұны жақсы біледі.

Шәкірттерім білімді боп өссін деп,

Қашан көрсең тыным таппай жүреді-деп бастауыш сыныптардың  оқу ісінің меңгерушісі Жақыпақынова Батима Бексұрсынқызына  келесі сөз кезегін береміз. (Батима апай сөйлеп болған соң Ильяс  гүл шоғын апарып береді)

Гаухар. Темірлан,айтпақшы бізге 5 ші сынапта кім жетекші болар екен ә?

Темірлан. Кім болушы еді. Білімі-жоғары, 23 жыл еңбек өтілі бар, 2-ші санатты, орыс тілінің маманы Бисенова Құрбангүл Куанышбаевна болады. Бірақ, Құрбангүл апай оқушылар қалай екен, ата-аналары қалай екен деп ойланып жүр.

Хормен.

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып мақтаулы.

Өйткені біз сүйеміз,

Дәйім тәртіп сақтауды.

Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып өнерлі.

Жақсы үйреніп алғанбыз,

 Талай би мен өлеңді .

Нұрай мен Аяжан ортаға шығып айтады.

Нұрай

Бастауыштан түлеп ұштық топтасып,

Кеткен жоқпыз мектеппен біз қоштасып.

Өнер,білім тұнып тұрған бойында,

Құрбангүл апай кетеміз сізбен достасып.

Т.Аяжан

Бастауышты бітіріп ,алдыңызға келеміз,

Жас түлекті ұшырасыз ,оны жақсы білеміз.

Өзі көркем, көпті көрген ,парасатты,білімді,

Құрбангүл апай енді сізге сенеміз.

(Тоқтасынова гүл апарып береді)

Гаухар. . Ендеше ,алдарыңызға біздің болашақ сынып жетекшіміз  Бисенова Құрбангүл Куанышбаевнаны шақырамыз. (сөйлеп болған соң Аяжан гүл апарып береді)

Темірлан.

Үлкенді сыйлау  ең алдымен-әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз басын ,өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды.

О, аналар,

Сұлу әсем, әсем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап, барам мен.

Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған,

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам мақтанам-дей келе  келесі сөзді сыныптың ата-аналарына береміз.

Гаухар.

Ұстазым-ұлағатым,сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін беріп,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым

Темірлан.

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де -дей отырып,сөз кезегін  алғашқы ұстазымыз Оразимбетова Баян Нусиповнаға береміз.

Мұғалім.

Бастауышпен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты сапалы біліммен аяқтаған оқушыларыма осы сапалық құрамын сақтап үнемі жақсы жағынан көріне берулеріңе тілектеспін. (ата анаға алғыс сөз керек)

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен ,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кез .

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен  мен тілеймін,

Тек сәттілік-шәкірттерім ертеңіне.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Темірлан.

Енді сыныптың қыздары мен ұлдарының орындауында Серік Ибригимовтың «Жаяу» әнін қабыл алыңыздар

Темірлан.

Қыздардың орындауында «Ризамын» әнін тамашалаңыздар

 



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шуағын төккен 4-көктем (4-СЫНЫП)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2017 1041
    • DOCX 40.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразимбетова Баян Нусиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразимбетова Баян Нусиповна
    Оразимбетова Баян Нусиповна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1123
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой