Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Статьи / Шуберт шығармашылығындағы романтизм леб

Шуберт шығармашылығындағы романтизм леб


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Шуберт шығармашылығындағы романтизм лебі


Романтизм бағытының сүйікті жанры саналатын әнде халықтық негізге, адамның ішкі рухани сұлулығын ашуға деген ұмтылыс бар. Міне, сол ән жанры да Шуберттің жанына жақын еді.

Шуберттің вокалдық шығармалары өз негізін халықтық музыка өнерінен бастау алатындықтан, өз төл туындысы болғанымен, халық әндеріне қарапайымдылығы, шынайылығы, түсініктілігімен жақынырақ. Шынайы халықтық тақырыпты еш уақытта қолданбаған Шуберт туындыларында әрқашан халықтық негіз бар.

Ал осы оның әндерінің кейіпкерлері – өзі секілді кішкене, бақытсыз қарапайым адам. Сырласары тек қана табиғат болғандықтан, Шуберт әндерінен бұлақтың сылдырын, орманның сыбдырын, құстардың сайрағанын естейміз.

Шуберт өзінің қысқа өмірінде 600-ге тарта ән жазған. Композитордың сол кездегі шығармаларының ішінде неміс ақыны Гетенің өлеңіне жазылған шынайы вокалдық лирикалары – «Маргарита тоқу үстінде» («Маргарита за прялкой») және «Орман патшасы» айрықша танылады.

Маргарита әні – Гетенің «Фаустынан» үзінді. Аталған туынды - Маргаританың Фаустқа деген сүйіспеншілігін, оның мұңын, айырылысуды алдын ала сезуі, жалғыздық және азабы туралы баяндайтын миниатюралық драма. Осы сезімдерді жеткізуде тоқыма қозғалысына ұқсас фортепианолық сүйемелдеудің маңызы зор. Алайда, бұл тоқыманың қарапайым гуілі емес, сүйемелдеу алғашқы тактіден-ақ мазасыздық пен жасырын үрей сезімін жеткізеді.

hello_html_m28d05d62.gif

46 мысал.


Ал «Орман патшасы» балладасы ¹ мүлде өзгеше жазылған. Бұл қарапайым ән емес, ат үстінде шауып келе жатқан әке, оның қолындағы науқас сәби және орман патшасы қатысатын драмалық көрсетілім. Мұнда жұмбаққа толы, сұрықсыз қараңғылыққа оранған орман және сол орман ішінде қолына әл үстіндегі сәбиін қысып, шауып келе жатырған әкесі мен сандырықтап жатырған сәбиді өзінің қорқынышты патшалығына еліктірген қатыгез орман патшасының фантастикалық бейнесі айқын берілген.

Балладаның әр кейіпкерінің өз музыкалық мінездемесі бар. Сәбидің сөзінен қиналғандық, қорқыныш, жалыныш үні естілсе, орман патшасының сөзінен ұрланымдылық байқалса, әкесі баласын жұбатумен келеді.

hello_html_73f9fb73.gif

47 мысал.


Фортепианолық сүйемелдеу - барлық бөлімдерді жинақтап, бүтіндей біріктіретін негіз. Ол, аттың шабысына еліктегенді сездіре отырып, бірыңғай моторлық қозғалыспен бүкіл балладаны бойлата түседі. Баллада1 әңгімешінің «Оның қолындағы сәби өлі болатын» деген трагедиялық қайғылы баяндауымен аяқталады. Бұл баллада да - Шуберттің ең бір әсерлі шығармаларының бірі.

Аталған туындылармен қатар, даңқты композитордың «Форель», «Серенада» секілді танымал дүниелері әлемге аян.


«Форель» - Шуберт табиғат бейнесін сомдаған жіңішке келген вокалды миниатюра. Ол музыкада таң қаларлық шеберлікпен таза тау бұлағының сылдырын суреттейді, көңілді форель шалқиды. Мұндай балықты ұстап алу оңай емес, тап-таза судың ішінде ол қауіпті бірден сезеді. Бірақ, балықшы да қу. Балықты ұстап алу үшін, ол бұлақ суын лайлайды.

hello_html_m77467325.gif

48 мысал.


Жарқын әрі арманға толы вокалдық лириканың ең үздігі –Ф. Шуберттің «Серенада» ¹ шығармасы. Нәзік би әуені гитара шырқалымына еліктегендей ырғақты мінезділікпен сүйемелденеді.


hello_html_m7a160fa9.gif

49 мысал.

Шуберт шығармашылығында оның вокалдық циклінің алар орны ерекше.

Шуберт «Ғажайып диірменші сұлу» («Прекрасная мельничиха»), «Қысқы сапар» («Зимний путь») аталатын екі вокалды цикл жазды. Дегенмен көп жағдайда оның вокалдық циклі деп оның романстарының бірі – «Аққу әнін» («Лебединая песня») айтады. Бірақ, сюжеттік жазба болмағандықтан, оны цикл деп атауға болмайды. Бұл әндер композитор қаза болған соң ғана жинаққа біріктірілді.

Шуберттің екі циклі де неміс ақыны Вильгельм Мюллердің өлеңдеріне жазылған. Аталған туындылар кейіпкер атынан баяндалған өмірбаяндық жазба болып табылады. Олар сюжеттері жағынан да ұқсас. Екі циклдің кейіпкері де - өмірден бақыт пен махаббат іздеуші кезбе жандар. Бірақ өмір жолында ол үнемі түсінбестікке, кедергілерге кезігеді. Бірінші циклде – «Ғажайып диірменші сұлу» - бұл өмірге жаңа қадам басқан бозбала кескінделсе, «Қысқы сапар» циклінде тауы шағылып, өмірі артта қалған адам бейнеленген. Шуберт әндеріндегі кейіпкердің толғанысы адамзат өмірінің кезеңдерімен байланысты табиғат өмірімен тығыз өрімделген. Бірінші циклде көктемгі табиғат бейнесі негізге алынса, екіншісінде – қысқы қатал көрініс бейнеленген.

«Ғажайып диірменші сұлу» («Прекрасная мельничиха») циклі 1823 жылы жазылған. Мұнда жас диірменші жігіттің өмірі, махаббаты мен күйзелісі ашып көрсетілген. Өз диірмен қожайынының қызына ғашық болған жас жігіт махаббаты мен алғашқы сезімін білдіру жолында бар күшін салады. Алайда сұлу диірменші қыз аңшы жігітті сүйетінін білдіреді. Қайғы мен мұңға бөленген жас диірменші таза бұлақ суына секіріп, соның түбінен мәңгілікке жан тыныштығын таппақ болады.

Осы циклдің ішінен ерекше танымалдыққа ие болған «Сапарға» («В путь»), әні. Бүкіл цикл бойына дерлік жас, жігіттің сенімді досы және сапарласы сылдырлаған бұлақ үнінің бейнесінің үлкен маңызы бар. Бірінші әнде ол жас жігітті өзінің соңынан сапарға жетелегендей болады.

hello_html_66c42b8e.gif

50 мысал.


Ал әннің соңғы циклінде – «Бұлақ тербету жырында» («Колыбельная ручья»), бұлақ бейнесі өзге мінезде байқалады. Мұнда бұлақ сылдыры жас жігітті тербетіп, оны жұбатып, қайғысын басады.

hello_html_m331da568.gif

51 мысал.


«Қысқы сапар» («Зимний путь») циклі төрт жыл өткен соң 1827 жылы пайда болды. Ол «Ғажайып диірменші сұлу»(«Прекрасная мельничиха») циклінің өзіндік ерекшелігі бар жалғасы еді. Алайда оның кейіпкері - әбден қартайған, жалғызбасты, ешкімге қажеті жоқ кезбе еді. Ол өзінің кедейлігінен сүйген адамын тастап, басы ауған жаққа кетуге мәжбүр болды. Жалғызбастылық бейнесі мұнда көп реңкпен берілген. Оның жанында тағы да өзі үйренген табиғат. Табиғат та бұрынғыдай емес, жабырқау, қысқы жел, боран, ысқырық аяз, қарқылдаған қарға.

Бірінші ән – «Тыныш ұйықта» («Спокойно спи») кейіпкерді жаңа күйзеліске қарай жетелейді. Ол өзінің өткен өмірімен қош айтысып, болашаққа үміт артады. Алда – ұзақ, қуанышы аз сапар күтуде.

hello_html_m3d439726.gif

52 мысал.


Әннің соңы циклі – «Шарманщик» - барлық даму барысынан қайғылы, қорқынышты, амалсыз шығу. Шарманшы бейнесінде – үй- күйсіз, кедей бейнесі арқылы Шуберттің өзінің мүшкіл халі сомдалған. Циклді автордың: «қаласаң, қайғыға да бірге төзелік, қаласаң шарманкамен ән айталық?» деген сөзімен аяқталуы да тегін болмаса керек.

hello_html_333b66a4.gif

53 мысал.


Шуберт шығармашылығында тағы жетістік әкеліп, мерейін өсірген сала – фортепианоға арналған туындылар. Оның фортепианолық миниатюралары жан рахаты үшін жазылып, өте қарапайым, мәнерлі, шырқалымды, үйде ойналуға арналған. Композитордың фортепианолық шығармаларының басым бөлігі Шуберттің балдар мен «Шубертиадаларда» ойналған импровизацияларынан туындаған. Осы импрозацияларды ол соңынан қағазға түсіріп, нәтижесінде 250-ге жуық вальстер, 50-ге тарта марштар, 15 соната және 7 аяқталмаған соната, 8 «экспромттар», 6 «Музыкалық моменттер», фантазиялар... тектес жаңашылдық лебі соққан дүниелер легі келді.

Бұл жаңашылдық алдымен Шуберттің билерінен, соның ішінде вальс пен лендлерлер, марштарда байқалды.

Вальстің фортепианолық музыкаға енуіне оның демократияланып, өнер сүйер көпшілікке арналуы, қарапайымдылығы, қол жетімділігі себепкер болды. Бұл би Венаға мейрамханалар мен би залдарында, көшелер қиылыстарында ойнайтын ауылдық музыканттар ансамбльдер әкелген еді. Шуберттің вальстері тұрмыстық билерге жақын болғанымен, оның вальсі жеңіл, көңіл көтеруге арналған музыкадан жоғарырақ, олар – камералық миниатюра, нағыз поэма, мұнда лирика, әдемілік, қайталанбаcтық, нәзік бояу өте көп. Оның айқын мысалы – атақты си минор Вальсі.

hello_html_6656752d.gif

54 мысал.


Шуберт маршты негізінен төрт қолға арналған фортепианолық туындыларда жиі қолданды. Бұған дейін еш ірі композитор маршқа дәл мұндай көңіл бөлген емес. Осындай ансамбль үшін композитор марштар, полонездер, рондолар, дивертисменттер, сонаталар жазды.

Шуберттің төртқолдық миниатюрасына тән ерекшелік – маршпен және марштық ырғақпен қаныққандық. Олардың ішінде «Мінезділік марштары», («Характерные марши») «Марш формасындағы дивертисмент» («Дивертисмент в форме марша») және т.б. бар. Солардың ішінде ең танымалы - «Әскери марш» («Военный марш») , ол жеке дауыста орындауға арналған .

hello_html_m46e3367b.gif

55 мысал.



Шуберт шығармашылық жолының соңында романтикалық фортепианолық миниатюралар шығарды. Бұлар сегіз «Экспромттар» және алты «Музыкалық мезеттер». Сол кезең үшін жаңалық болған осы атаулар нақты авторлық идеяны білдірді.

Шуберттің фа минорлы «Музыкалық мезеттер» («Музыкальные моменты») және ми бемоль мажорлы «Экспромты» анағұрлым белгілі.

hello_html_79c1322f.gif

56 мысал.


Жалпы Шуберттің фортепианолық шығармашылығы оның әндеріне ұқсас. Мұнда да сол әдемілік, мәнерлілік кестеленген. Көптеген миниатюралар әндер секілді ортаңғы бөлімдегі қарама-қайшылық тәрізді үшбөлімдік формада жазылған.


1Баллада – бұл халықтық шығарма жанрларының бірі. Романтизм өнері халықтық өнерге үлкен қызығушылық тудыра отырып, поэзиялық балладаны өмірге әкелді. Баллада дегеніміз – баяндау, әңгімелеп беру. Алайда, мұның ішінде міндетті түрде фантастика элементі болуға тиіс.


Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров124
Номер материала ДВ-511134
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх