Инфоурок Другое Другие методич. материалыШығарма "Ел теңдігі - ел бірлігі"

Шығарма "Ел теңдігі - ел бірлігі"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарма

«Ел бірлігі – ел теңдігі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар-2014

 Ел бірлігі – ел теңдігі

 

Жоспар

I Кіріспе бөлім. Егемендігің – елдігің,

                            Тәуелсіздігің – тұғырың.

II Негізгі бөлім. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

1.     Елбасы – татулық, бейбітшілік, бірлікті қолдайды.

2.     Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.

III Қорытынды. Бірлік – бәрімізді біріктірер құдіретті күш.

 

 

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Қазақ халқы тарихында көптеген қиындықты бастан кешті. Қазақ «мың өліп мың тірілсе» де, қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, өз арманын мақсат ретінде аманат етті. Абай атамыздың «Қалың елім, қазағымы», Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Жасыл жайлау, түкті кілемі», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің елімі» сияқты жүздеген, тіпті, мыңдаған шығармалар ұрпақтың санасына азаттықты, ел болуды, ту көтеруді, бірлікке ұмтылуды, ұлт ретінде сақталып қалуды, өжеттілік пен қырағылықты, батырлық пен қайраткерлікті насихаттап отырды.

Осы ата-бабаларымыз армандаған, қол жеткізу үшін сан түрлі қиындықтармен күресіп, аңсаған ел бүгінде – тәуелсіз! Бүгінгі күні  Қазақстан әлемге әйгілі, дүниеге танымал ел болды. Ал біздер – тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұландарымыз. Сондықтан еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріне мақтанышпен қарай отырып, артымызға да үңілуіміз қажет, шүкіршілік қылуымыз керек деп ойлаймын, себебі тәуелсіздік алып, егеменді ел болу үшін еліміз талай зұлматты басынан кешірген жоқ па? Бұл естен кетпес талай жол...

Жол! Қазақтар ақтап өткен!

Жол! Шыңғысхан таптап кеткен!

Жол! Қасымның қасқа жолы!

Жол! Есімнің ескі жолы!

Жол! Күлтөбенің басында кеңес өткен!

Ата-бабам тастап көшіп кеткен!

Жол! Ақтабан шұбырып,

Түгел сөздің түбі бір Майқы өткен!

Жол! Бір сөзді көтере алмай

Абылай кешкен!

Жол! Төле, Қазыбек, Әйтеке өткен!

Оны да тастап көшкен!

Жол! Отызда Шоқан өткен!

Жол! Дана Абай да кеткен!

Жол! Ақиқат іздеп Алыптар өткен!

Жол! Желтоқсанда боздақтар өткен!

Жол! Тәуелсіздікке жеткен!

Жолдар көп!...

Біздің еліміз тәуелсіздіктің 20 жыл-дан астам уақыты ішінде көптеген түрлі қауіп пен қатерлерге кезікті, алайда өзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе білді. Сонау 1991-де Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағанда біздегі көпэтностылықты ең қатерлі «бомбаға» балап, «Қазақстанның болашағы көпұлттылығынан бұлыңғыр» деп «сәуегейлік» айтқандардың теріс пиғылын тас-талқан етіп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тап сол «бұлыңғырлықты» ортасынан сейілтетін бірегей ұлттық стратегия – Қазақстан халқы Ассамблеясын өмірге әкелген болатын. Міне, бүгін күллі әлем Елбасы тудырған осы өміршең идеяның шешектеп гүл ашқанын, Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікпен бір халық болып ұйыса түскенін, орнықтылықты арқау етіп, орасан жетістіктерге жетіп отырғанына куә болып отыр десем артық айтқандық болмас.

Осындай көрегенділігімен тәуелсіздік жолында көшбасшы бола білген азамат –Елбасымыз. Біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасу және нығаю кезеңі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты, ол билік дегеніміз бәрінен бұрын жауапкершілік екенін іс жүзінде дәлелдеді. Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тарихыңың жаңа дәуірін суреттейді, ол – осы тарихтың бір бөлшегі! Тәуелсіз Қазақстанның өсуі мен көркеюіне, бүкіл әлемге танылуына бар күш жігерін аямай, ел тыныштығын сақтай отырып, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп келген Елбасымыздың еңбегі ерен.

Елбасы зұлмат жылдарда Қазақ топырағына қоныс аударылған сан түрлі ұлттың баласын бауырына басқан қазақ халқының дархандығын айтудан бір жаңылған емес. Осы дархандық емес пе еді – өзі де жарты, жарым құрсақ бола жүріп, жылап келген елдің жүзін жылытқан, жарты болып келген елді бүтін еткен!

Жаһандану түрлі елдер мен халықтардың тағдырларын тығыз байланыстырды. Біздің  мақсатымыз ортақ  – Жер шарындағы бейбітшілік пен келісім, прогресс пен өркендеу. Осы ретте, мен ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің ел татулығы, ынтымағы мен бірлігі туралы айтқан ойларын іздеп, оқи отырып түсінгенім: олардың бәрі де біздің ортақ үйіміз – Қазақстандағы бейбіт өмірді насихаттағанын түсіндім. Мәселен, Мұзафар Әлімбаев ағамыз «Ерден ердің артықтығы – білігі, Елден елдің артықтығы – бірлігі» десе, Міржақып Дулатов  атамыз да «Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман» деп бірліктің маңыздылығын баса айтқан. Ел тұтастығын әрдайым аузынан тастамай, барша халықты бірлікке шақыратын және солай болуына жағдай тудырып, өзінің көрегендігімен саясат жүргізіп отырған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны – ынтымақ үшін ымыраға бара алмау» деуі де мені ойландырды. Барлық Қазақстан халқы осы сөздердің мәнін ұғып, түсінуі керек, себебі бейбіт өмір – бәрінен де қымбат.

Елбасы Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халыққа жолдауында: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды, әсіресе, бүгінгідей дүние дүрбелең заманда» деген болатын.  Расында, «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»  деп халық даналығында айтылғандай әр қазақстандық азамат ұлтына немесе басқа да белгілеріне қарай жақсы, не жаман деп бөлмей, бірлікті сақтауға күш-жігерлерін салуы қажет. Барлық ұлт өкілдері тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі – баршамызға басты қағида болуы тиіс деп ойлаймын.

Елбасымыз жасампаз елдің жастарына қай уақытта да үлкен сеніммен қарап назарынан тыс қалдырған емес. Елбасы халқына арнаған Жолдауында жас ұрпақ, біздерге де ерекше үміт артып: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер» деп атап өтті. Бұл дегеніміз, ересектер ғана емес, біздер де ел болашағына өз үлесімізді қосуымыз керек деп есептеймін.

Мен телеарналарды қарап, газет-журналдары жиі ақтарып, өзім, менің отбасым, қоршаған ортама, Отаныма қатысы бар, елімде болып жатқан жаңалықтармен танысып отырамын. Сонда бір байқағаным, қазір бүкіл әлемде көптеген қиыншылықтар туындап, бір елде тұратын бауырлар өзара жауласып жатқанын оқып, жүрегім ауырады. Мәселен, Украина еліндегі қырғын, азаматтық соғыс қаншама қарапайым халықтың қабырғасын қайыстырды?! Сондықтан біз Отанымыздағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды сақтау үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын татулығымызды сақтауымыз керек. Бірлік – бәрімізді біріктірер құдіретті күш!

 Өз шығармамды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Құт мекен» өлеңімен аятағым келіп отыр.

Ақ жарқын қауым
Бірінің қамын бірі ойлап.
Жарандар,
Неткен ынтымақты еді бұл аймақ!
Тамаша ауыл,
Тап-таза көңіл, таза аспан
Тұрса екен өстіп,
Кетпесе екен лайлап.
Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн,
Осынау жерге кіндігімменен байландым.
Байырғы қазақ бастарыңа кеп бақ қонған,
Мерекелеріңнен, берекелеріңнен айналдым.
Қарттарын сыйлап, жастарын баулып түлеткен,
Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.
Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!

Ел тағдыры біздің қолымызда. Өлең жолдарында айтылған құтты мекенді сақтап қалу да біздің өз қолымызда екенін әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек. Бейбіт өмірдің қадірін түсінетін, оны сақтай білетін, ата аманатын орындайтын азамат болу – біздің перзенттік парызымыз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығарма "Ел теңдігі - ел бірлігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ел бірлігі – ел теңдігі

 

Жоспар

I Кіріспе бөлім. Егемендігің – елдігің,

                            Тәуелсіздігің – тұғырың.

II Негізгі бөлім. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

1.     Елбасы – татулық, бейбітшілік, бірлікті қолдайды.

2.     Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.

III Қорытынды. Бірлік – бәрімізді біріктірер құдіретті күш.

 

 

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек.Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2014 10477
    • DOCX 24.5 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Минап Гульбарша Минаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Минап Гульбарша Минаповна
    Минап Гульбарша Минаповна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 93286
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе