Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыШығармашылық есеп қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Шығармашылық есеп қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Скачать материал

Павлодар облысы Ертіс ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әбигузина Әсем Балтабайқызының

Шығармашылық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж

 

Мен, Ленин жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әбигузина Әсем Балтабайқызы.  Білімім - жоғары.  2005 жылы  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтадым. Педагогикалық  өтілімім – 9 жыл.

  2012 жылдан бастап «Әдебиет сабақтарында әдебиетті оқытудың тиімді оқу жолдарын қолдану» атты өздігінен білім көтеру тақырыбымен жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты:

Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау және тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Міндеті: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденісін, ойлау және қабылдау қабілетін дамыту, өздігінен өлеңдер мен шығарма мәтіндерін талдай алуы.

Болжам: оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылығын дарытады. Танымдық қызығушылықтары, ой-өрістері артады.

Өзектілігі: Қоғам талабына сай оқушылардың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі қоғамға сай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

-         Ақпараттарды қабылдап, есте сақтайды;

-         Зерттеу, іздену жұмыстарын жүргізеді;

-         Өзін-өзі бағалайды, бір-бірін бағалап, ұсыныс таратуға машықтанады;

-         Өзгенің пікірін тыңдап, көзқарасын қоса білуге үйренеді.

-         Қарама-қайшылықтарды көреді, түсіндіреді, сипаттайды, машықтанады;

-         Өз бетімен жұмыстанады;

-         Соңғы 3 жыл ішіндегі қазақ тілі және әдебиет  пәндері бойынша сапа көрсеткіші:

 

2011-2012 оқу жылы-62%

2012-2013 оқу жылы-68%

2013-2014 оқу жылы-75%.

  Жыл сайын оқушыларды  ҰБТ дайындық жұмыстарын жүргізіп келемін. ҰБТ нәтижесі:

2012 жылы: 17,6 балл

2013 жылы: 20 балл

2014 жылы: 20 балл

Оқушыларды сайыстар мен конкурстарға дайындау жұмыстарын жүргізіп келемін:

-         2011 жылы Никитенко Альбина « Тіл - адам жанын танудың кілті» атты аудандық конкурсына қатысып, 3 орынға ие болды;

-         2012 жылы Никитенко Альбина аудандық пән олимпиадасында

3 орынға ие болып, облыстық  пәндер олимпиадасына қатысты;

-         2012 жылы оқушыларым «Болашақ жастардың қолында» атты жарысында «Ең үздік ойыншылар» номинациясына ие болды;

-         2013 жылы оқушыларым аудандық  Қазақ КВН лигасының финал ойынына қатысып, «Бас жүлдеге» ие болған.

-         2014 жылы  Никитенко Альбина аудандық пән олимпиадасында

1 орынға ие болып, облыстық  пәндер олимпиадасына қатысушысы болды;

-         2014 жылы Асқар Нұрислам аудандық «Мүбәрәк» оқуларында 1 орынға ие болды;

-         2013 жылы аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталдым;

-         2014 жылы « Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жабдықталуы бойынша аудандық конкурсында оқу-әдістемелік кешенінің мазмұндылығы мен кабинет безендірілуінің тартымдылығы үшін»

          1 орынға ие болдым.

-         2014 жылы « Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жабдықталуы бойынша облыстық конкурсында оқу-әдістемелік кешенінің мазмұндылығы мен кабинет безендірілуінің тартымдылығы үшін»

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың орталығының алғыс хатыпен марапатталдым.

-         2014 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталдым;

Ғаламтор желісінде proшколу.ru  шағын сайтын аштым. «Е пошта. Үстеу. Сын-қимыл үстеу» , «Әдебиет сабақтарында әдебиетті оқытудың тиімді жолдарын қолдану» , «Сөздердің байланысу түрлері. Матасу» тақырыптары бойынша Ustazim.kz cайтына орналастырдым.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалмай, жұмысымды жалғастыру мақсатында 2012 жылы 10 қыркүйектен бастап  Көкшетау қаласында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасынан өтуге аттандым. Бұл бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. Осы жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған 3-айлық біліктілікті арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының «Бетпе-бет» кезеңінде алған білімдерімізді іс-тәжірибеде жүзеге асыру үшін мектебіме оралдым.  Мектептегі тәжірибеден өтуге келген күннен бастап  өз жұмысымды бастап кеттім.

Мектептегі әріптестермен кездесу

Алдымен тізбектелген сабақтар топтамасының  төрт сабаққа арналған орта мерзімді жоспарын құрудан бастадым. Тізбектелген сабақтардың жоспарында өзіміз оқып-танысқан жеті модульді енгіздім. Сабақ барысында қолданылған  барлық модульде оқушылар өзін-өзі реттейді, бағалайды, бақылайды, ойларын ашық айта алады, өздері шешім қабылдайды, бір-бірімен пікір таластыра алады.Жалпы осы курстың алғашқы «бетпе-бет» кезеңінде алған білімдерімді, түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді, модульдарды сабақта пайдалана отырып оқушыларды арасында ынтымақтастыққа қол жеткіздім. Олардың қызығушылықпен, бар ынта-жігерімен жұмыс жасауға жағдай жасадым.

Тізбектелген сабақтардан көрініс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

·        Ынтымақтастыққа үйренді,

·        Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді,

·        Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді,

·        Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді,

·        Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді.

      Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкесоқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бөлім: Іс-әрекеттегізерттеугеарналғантақырыбым: Сынтұрғысынанойлауарқылыоқушылардыңшығармашылыққабілетіндамыту

 

Заман  талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс . «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың  біліктілігін арттыру курсының ұсынған модульдерінің ішіндегі мен үшін ең маңызды модулі  сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және синтездеуде қолданылатын  әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін» (мұғалімге арналған нұсқаулық 42-бет)

 Іс-әрекетті зерттеу жүргізу барысында   мектептегі зерттеуге алған нысаным - 5 - сынып оқушылары. Сыныптағы оқушыларды зерттеудегі басты мақсатым -  белсенділіктері төмен оқушылардың  ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру. Сыныптың жалпы үлгерімі жаман емес. Бірақ берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жалаң жауап береді, шығармашылық тұрғыдан ойлау деңгейі төмен. Сондықтан заман талабына сай креативті ойлай алатын. Зияткерлік пайымдауы жоғары тұлға қалыптастыруды  алдыма қойған басты мақсат . Сыныпты зерттеу барысында бұл оқушыларға тапсырмаларды басқаша берсем олардың ойлау әрекеттерінде өзгеріс енгізем бе деген ой мазалады. Осы  мәселені шешуде мен  сын тұрғысынан ойлау модулін  әдебиеті оқыту  барысында қолдану өте тиімді.  Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау шығармашылыққа бағыттау арқылы  өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар механикалық жаттандылықтан арылтып, өз бетінше іздену жұмыстарын жұмыс жүргізуіне жағдай жасадым. Глейзердің  айтуы бойынша сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе  болжанатын білім нысанын    зерделеу үшін табанды күш жұмсау» (мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет Біздің мақсат – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін тұлға болуы тиіс.  Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Осыған байланысты  мен оқушының пәнді терең түсінудегі қабілетін дамытуды, сын тұрғысынан ойлау  стратегиялары арқылы жүзеге асыруды көздедім.Конструктивті оқыту барысында  сын тұрғысынан ойлау арқылы   басымдылық мұғалімнен гөрі  оқушыға тән құбылыс. Мұғалім  сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылады.  Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалім қызметіндегі маңыздысы - оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында өздерінің қалай ойлау арқылы білім алу  керектігіне назар аудара, олардың өз ойлары мен дәлелдемелер арқылы көздеген мақсаттарына жетуге ұмтылады.. Мектептегі тәжірибе кезінде мен не туралы айтуды, нені көрсетуді олардың оқу туралы ой-пікірлеріне қалай әсер етуі туралы көп ойландым.  «Сын  тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы  білім сапасын арттыра алауға бола ма?   Осыған байланысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік отырысында Кембридж университеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ бірлесе әзірлеген бағдарламада негізделген жеті модульді жүзеге асыру  ерекшелігі туралы жалпы қысқаша таныстырылым жасадым, осы жеті модуль жайлы алған білімімді қайта қарап  зерделеп шықтым.  Мектептегі әріптестеріммен талқылау, білген нәрсені қайтадан ой елегінен өткізу- мені сын тұрғысынан ойлау модулін таңдауға итермеледі. Сондай-ақ мен қызмет атқаратын  мектептің ауқымды мәселенің бірі мектеп оқушыларының  пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, т.б. жарыстарда өздерін көрсете алмауы. Бұл мәселе мені ғана емес әріптестерімді де қатты толғандырады. Сондықтан да оқушының қызығушылығын арттыратын,  өз бетінше шығармашылықпен айналысуға итермелейтін - сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі менің тәжірибем мен оқушыларымның білім сапасын арттыруға ең тиімді және қолайлы деген қорытындыға келдім.  Осы мәселелерге байланысты мен өз іс тәжірибеме өзгеріс енгізе отырып мен сабақ  барысында  «сын тұрғысынан ойлау» модулін пайдалану ең оңтайлы тәсіл- балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 45 бет)  сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушыларды шығармашылық, яғни шағын эссе жазуға үйренді, өз ойларын еркін жеткізуге жетелеу балалар шығармашылығын шыңдауға еркіндік берді. Сабақтың соңында рефлексия ретінде сабақ барысындағы тапсырмалардың қиындығы туралы жазбаша жазып өткізді. Оқушылардың жауаптары мынандай болды «берілген тапсырмалар қиын, бірақ біз жауабын бірлесе, ақылдаса отырып іздедік» немесе  «жаңа сабақты өзіміз оқып, бір-бірімізге түсіндірдік» мен өз жұмысымның шағын болса да нәтижесін осыдан байқадым.  Болашақта сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу басты міндетім

 

"Пунктуация" 9 сынып қазақ тілі

Сабақтың   тақырыбы :      Пунктуация 9 сынып қазақ тілі

Сабақтың   мақсаты :                                                                                      

1. Білімділігі – оқушыларға  тыныс  белгілері  туралы  түсінік беру, теориялық    білімдерін  практикамен   ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.                                                                                                                2. Дамытушылық - әдеби жанрлардың  түрлерінен  мысалдар келтіру арқылы  пәнге деген қызығушылығын  дамыту, ізденімпаздылық  қасиетін  қалыптастыру.  

3. Тәрбиелік – оқушыларды  адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, шапшаңдық-қа  тәрбиелеу, ұлттық  салт –дәстүрді  қадірлеуге баулу, өз елін, тілін сүюді үйрету.  

Сабақтың  түрі :            аралас   сабақ

 Сабақтың  әдісі :           сұрақ-жауап,  шығармашылық   іздену

 Сабақтың   көрнекілігі :       кеспе   қағаздар,   суреттер

 Пәнаралық   байланыс :       әдебиет,   орыс тілі

 Сабақтың   барысы :

 I.  Ұйымдастыру   кезеңі:  оқушылармен  амандасу,  түгелдеу, оқу  құралдарын тексеру.  Сыныптың  тазалығына   көңіл бөлу.   Оқушылардың  зейінін сабаққа  аудару

II.  Үй  тапсырмасын   пысықтау :  үйге  берілген  тапсырманы  сұраймын .   Оқушыларға   өткен   тапсырма  бойынша  бірнеше  сұрақтар  қоямын           

 Ізденіс  жұмыстары:  «Стильді  анықта! »   (берілген   сөйлемдерді  стиль түріне ажырату, анықтамасын  еске түсіру.)                                                                                 

 1. Күміс толқын  бетіндей  боп,  кейде жылтырай  түсіп, сәл  сыбырдай ғана болымсыз  жыбыр  қағады.   ( көркем   әдебиет стилі )    

   Көркем  әдебиет  оқиғаны  сурет бейнесінде  баяндайды,  танытады:   оқиға, кейіпкерлердің  іс-әрекеті, сөзі , мінезі,   келбеті   қатысып   баяндалады.

 2. 32- бап : Азаматты  қандай да болсын  құқығы мен бостандығынан  айыруға немесе  олардан  шектеуге   ешкімнің   қақысы  жоқ, мұны  осы  Конституцияға сәйкес  қана   істеуге   болады. (ресми іс-қағаздар стилі)         Іс –қағаздар   дегеніміз - жеке  адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің  атқаратын  қызметіне  байланысты пайда болатын  жазбаша  /ауызша/ қарым –қатынас  құралы.                                      

3. ....Толқын  теңіз. Кішкене  қайықтағы  жалғыз әйел,                                        

Түпсіз,  шексіз  толқын ...... алыста,  көкжиекте  бұлттар .                      Толқын   қайықты   қисайтып,   аударуға  тақалған .(публицистикалық  стиль)   

Публицистикалық   стиль  жұртқа  үндеу,  үгіт  айтуда  пайдалынады. Мұндай үндеуге ,үгітке   қоғам   үшін  және  дәл  сол   кезеңде  зор  мәні бар мәселелер тақырып   болады.                                                          

4. Алтын  адам   Есік қорғанынан   табылған   болатын.  Адамды  осылай алтынмен  апталған сауытпен   жерлеуіне  не себеп?   ( ғылыми  стиль)      Ғылыми  стиль  адамның  ең озық  интелектуалдық  әрекетіне  қызмет етеді. Бұл адамның  ғылыми  ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа  жеткізу  мақсатында   қалыптасқан  стиль түрі. 5. Геометриялық  фигуралар өмірде де жиі  қолданылады.(ғылыми стиль) 6. Айналайын   қалқашым , қайтып келіп  қалдың ба, и-и айналайын – ай!  ( ауызекі сөйлеу стилі )                                                     

Ауызекі  сөйлеу  стилі  бірнеше  түрге бөлінеді:                                 

1.  дидарластық  сөзі   /  әңгімелесі, сұхбаттасу/                                 

2. полемикалық / дауласу/ сөзі    

3.  көпшілікке арналған сөз  /баяндама,  лексика /      

 III)  Жаңа   сабақты   түсіндіру.

Тыныс белгілері автордың ойын дәл, түсінікті , тиянақты етіп жеткізуде нақты рөл атқарады. Біз жазба тілдегі тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса айтушының көңіл күйі мен айтылмақ ойын өз дәрежесінде қабылдай алмаймыз. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация ( лат. – нүкте )деп аталады

Пунктуа- ция 

 / punctum - нүкте деген латын сөзі/

 

Айтылған ойды  екі ұшты  етпей  дәл , түсінікті  жеткізу

 

  негізгі   қызметі

 

Мәтінді  оқығанда адам  көңіліндегі  жан –дүние  өзгерістері мен  ым- иш-ара, кідіріс арқылы берілетінін

 

 

  
                                 қосымша,

                                көмекші

                                қызметі        

Пунктуация  - жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Ол жазба тілдің барлық мән- мағынасын ашып түсінуге мүмкіндік береді. Жалпы қазақ тілінде қолданылатын тыныс белгілер төмендегідей

Негізгі тыныс белгілері

 

нүкте

сұрау  бел-гісі

леп  белгісі

қос  нүкте

көп  нүкте

нүктелі үтір

үтір

сызықша

тырнақша

жақша

-Жазуда тыныс белгілері үш ұстаным бойынша қойылады.               

Олар: 1)Грамматикалық  ұстаным.                               

 Мысалы: Шығыс кітаптары арқылы танып білген аңыз –дастандар негізінде Абай «Масғұт», «Ескендір» «Әзім» тағы басқа көлемді дастандар жазады.          

                                        Абай жазады

Грамматикалық негіз-біреу,ой біршама тиянақты , жай сөйлем, сондықтан тыныс белгісі сөйлемнің соңында қойылған.

Құдайберді арғы шеткі көшке жеткенше ,Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды.                                                                                      

 Құдайберді жеткенше ,аттылар жиылып қалды.

  Күрделі ой, грамматикалық негіз – екеу, тыныс белгісі жай сөйлемдердің аражігіне , сөйлемнің соңына қойылады.   Сөйлемдегі негізгі ойды даралап , айтылмақшы ойды оның грамматикалық негізінің айналасына жинақтау

2. Мағыналық  ұстаным. Тыныс белгілерін сөздердің мағыналарын ашып,айқындау қызметі мағыналық ұстанып болып табылылады

Міне, балам, осы менің батам   болсын. Ол – Барластың

ақын шәкірті.

 

 

                                                                           

  Ойдың  кімге  арналғандығы және сөйлемдегі  ой иесі айқындалып тұр.                                        

 Бірақ, керегі не, қазір сол Құлынсаз жоқ, жер бетінен өшіп кеткен.

 

 Айтушының өкініші анықталған.  

 Содан соң қырмандағыларды

тегіс жинап /балаларды да  қосып/, жиналыс өткізді.

 

  Автордың  қосымша  ойын байқатады.

 3. Интонациялық ұстаным.  Тыныс белгілерін дауыс ырғағына қарй қою түрі.        

Абай : -Бұл кісі кім , аға? –деп еді. Анау таңданып: - Е, білмеуші  ме ең,  Шөжікеңді ?..  Бұл  Шөже ақын емес пе? –деді.

IV.«Миға шабуыл»

Төмендегі өлеңде тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып ,ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.                         

Тәтті  шөпті  таңдап   жеп  жылқы-сиыр                                          

 Тың-тоңы тұяқ  кесті емес  шиыр

Тай-тана  бота тайлақ серкеш – тоқты                                                   

 Барлығы тояр  соның  толып  бүйір                                       

Тойған  мал  көтерілді  асыр  салып                                                 

( -Неліктен мына өлең жолдарының тыныс белгілері қойылмаған, неліктен сіздер тиісті жеріне тыныс белгілерін қойдыңыздар, қоймай оқығанда қалай естіледі,  қойып оқыған да ше? )

Тәтті  шөпті  таңдап   жеп,  жылқы сиыр,

Тың-тоңы, тұяқ  кесті емес   шиыр.

Тай-тана,  бота тайлақ, серкеш – тоқты

Барлығы тояр  соның,  толып  бүйір.

Тойған  мал  көтерілді  асыр  салып

Торпақ,   бұқа,  тай - құнан  үйір  алып.

 Малдың,   жанның   барлығы   көтеріңкі ,

Қыстан   көрген   зардабы  ұмыт   қалып. 

Алты   ай   қыс ауырған   көп   жөтеліп, 

Төсек   сал , төсек   кемпір   бас   көтеріп. 

Қалың  қар,   қатты   боран  сары аяздың,

Барлығы   бір-ақ   күнде   кетті  өтеліп.                                                                            

 V. «Өз жұбыңды тап!» (оқушылардың қолына бөлек –бөлек үлестірмелі қима қағаздар беру, сол қағаздарға жазылған сөздер арқылы жұптастыру, тыныс белгісін ерекшелеу )

1.  Ертең ел жайлауға көшеді.     /нүкте/

2. Есен – саумысың?                 / сұраулы/

3. Қош келдің, ағатай!               /леп/

4.Сен келгенде.....

 Ә, оны айту міндетті емес.    /көп нүкте/

5. Осылай  боларын білдім бе мен?!  /сөйлем соңына қаббаттасып қойылатын/

6. Мен Айдын,Әсем үшеуміз келдік.   /үтір/

7. Айтарын білдім: тас- түйін боп алған. / қос нүкте/

8. Толғауы тоқсан қызыл тіл    /Абай/

9. «Жас келсе іске» деген сөз  / тырнақша

10. Үйде шешен ,-дауда жоқ.  / сызықша/

VI. Ой толғау.                                                                      

1. Балалар, сендердің ойларыңша тыныс белгілерінің сөйлем ішінде, сөйлемнің соңында қойылуы деген не,  қандай маңызы бар?

2 Олар қандай қызмет атқаруы мүмкін?

Топтастыру

 Нүкте                                                                Үтір

Қос нүкте                                    Жақша

Сұрау                                             Леп

белгісі            Сөйлем соңына     белгісі                            

 Сөйлемнің  ішіне қойылатын              

  Көп нүкте                                          Тырнақша                        Сызықша

 /Даралаушы қызмет атқарады/                               / Ерекшелеуші қызмет атқарады/

  VII.Сабақты бекіту: «Кім шапшаң?»                             

 Тапсырма  « Дүние  кілті – білімде» тақырыбында ойтолғау жазыңыздар. Білім туралы  жазылған 11 мақалды тап, мәнерлеп оқы, мазмұнын айқында , тыныс белгісінің қойылу себебін анықта.

Оқу                                                                    Өнер

Білім                                                                  білім

Ақыл                                                                 Өнер

Оқу                                                                    оқусыз

Оқу                                                                    Жеті

Оқу                                                                    ағып

Қына                                                                  жанып

Білім                                                                  алды

білу                                                                   жұрттың

Білім                                                                  жатқан

таусылмайтын                                                 тұрған

түбі                                                                   білім

құдық                                                               тілін

Білім                                                                бұлақ

тасқа                                                                 қызыл

тон                                                                    жоқ

Білім                                                                 біл

тоқу                                                                  шырақ

қымбат                                                             тіл

тозбайтын                                                        Жеті

бітеді                                                                білімсіз

басқа                                                                түрлі

қазғандай                                                         күнің

білім                                                                 азығы                                                             жоқ                                                                   бітеді                                                                біл                                                                     қиын

Білім                                                                 Кен                                                         білім                                                                 қазығы                                        Инемен                                                            өмір                                                  шырағы                                                           ырысы

Оқу  -1                                          1. Оқу   инемен  құдық  қазғандай.

Білім  -2                                        2. Білім  қымбат, білу  қиын.

Ақыл -3                                         3. Ақыл – тозбайтын  тон,

Оқу - 4                                               Білім – таусылмайтын  кен.

Оқу  - 5                                          4. Оқу – білім  бұлағы,

Оқу - 6                                                Білім - өмір  шырағы.

Қына  - 7                                        5. Оқу – білім  азығы,

Білім   - 7                                            Білім – ырыс  қазығы.

білу – 2  

Өнер - 9                                          6. Оқу – түбі  тоқу.

Білім - 3

таусылмайтын – 3                          7.  Қына  тасқа  бітеді,

түбі – 6                                                 Білім  басқа  бітеді.

Өнер – 8

Жеті - 11

құдық  - 1                                        8. Өнер – ағып  жатқан  бұлақ,

Білім – 4                                              Білім – жанып  тұрған   шырақ.

тасқа – 7

жұрттың - 11

Оқусыз – 10                                    9. Өнер  алды – қызыл  тіл.

алды - 9

тон, - 3                                            10. Оқусыз  - білім  жоқ,

білім – 5                                                Білімсіз - күнің  жоқ.

білім – 10

тілін - 11

тоқу. – 6                                          11. Жеті   жұрттың –  тілін  біл,

ағып – 8                                                Жеті  түрлі – білім  біл.

қызыл – 9

біл, - 11

қымбат -  2

жоқ, - 10

тозбайтын – 3

Жеті - 11

бітеді, - 7

тіл. - 9

басқа – 7

түрлі - 11

Білімсіз - 10

жатқан - 8

Білім – 8

білім - 11

тұрған - 8

қазғандай. – 1

біл. - 11

бұлағы, - 4

күнің - 10

азығы, - 5

бітеді. - 7

бұлақ, - 8

жоқ. - 10

қиын. - 2

Білім – 4

шырақ. - 8

кен. - 3

Білім - 5

қазығы. - 5

инемен   - 1

өмір  - 4

шырағы. - 4

ырыс - 5

жанып - 8

 VIII.  Нүкте

Негізгі қызметі

1. Хабарлы сөйлемнен   кейін нүкте қойылады.

2. Жай, лепсіз айтылған  бұйрық, тілек мәнді кейін  қойылады.

IX. Қосымша    қызметі

1. Адамның  аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда.

2. Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін нүкте қойылады.

3. Тағы басқа, тағы сол сияқты деген сөздер қысқартылып алынғанда. Т.б., т.с.с.

4. жыл, сағат, минут, ғасыр сөзі қысқартылып алынса нүкте қойылады.

ХІ ғ., 25 мин., 1988 ж.

X. Жаттығумен  жұмыс:     158-жаттығу       Тыныс   белгілерінің қойылуы  мен қандай қызмет атқарып тұрғанын талдап айтып беріңдер.  

  XI   Білімді  бекіту :  Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   159-жаттығу.http://89.218.18.41/E6DCE6DEBDD75F39/66094E42A6D6AB35/1.jpg

 

 http://89.218.18.41/E6DCE6DEBDD75F39/66094E42A6D6AB35/2.jpg

Автор: Р. Бекенова

 

Advmedia.kz - Рекламная сеть Казахстана

Леп белгісі, қойылатын орындары

·         Кайрат

 

·         8 қыркүйек 2013

 

·         5829

 

·         0

·         0

Сабақтың мақсаты.

Білімдік:
 Оқушылардың леп белгісі қойылатын орындар, леп белгісін қоюдың себептері жөніндегі пунктуациялық дағдыларын қалыптастыру, жаңа материалды меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың пуктуациядан алған білімдерін әрі қарай дамыта отырып, ойлау дәрежелерін арттыру, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазуға, өзіндік шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік:
 Оқушылардың тіл байлығын дамыту, байланыстыра шешен сөйлеуге үйретуге тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың түрі:
 Аралас сайыс сабақ, тірек сызбалар арқылы, ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдісі:
 Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі:
 Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың мақсатын айқындау:
а). Тыныс белгілерін дұрыс танып оқи білу, дайын мәтінді ырғағына келтіре оқи білу – үлкен шеберлік, сауаттылық, мәдениеттілік екенін еске ұстап, соған жаттығып, есте сақтауға тырысу;

ә). Леп белгісінің қойылу себебін білу;
б). Мәнерлі, көркем оқуға жаттығу;
в). Әдемі айтуға, сөйлеуге жаттығу;
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының бар - жоғын тексеру. Тілді жаттықтыру кезеңі. Топтарды таныстыру.
Сабағымызды бір - бірімізге жақсы тілектер айтудан бастаймыз (топтар бір - біріне жақсы тілектер айтады).
Одан соң оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтады. Содан кейін өзім оқушыларға және қонақтарға ақ тілектер айтып, мына өлеңмен сабақты бастаймын:
Тілеймін халқым амандық,
Келмесін басқа жамандық.
Шапағат нұрға шомылып,
Биікке ұмтыл ғаламдық!

Ал енді балалар, жаңа біз бір - бірімізге жылы - жылы лебіздер мен жақсы тілектер тіледік.
– Осы тілектердің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
– Леп белгісі.
Мұғалім: – Ендеше бүгінгі күннің атын, сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
II. Үй жұмысын тексеру.
Алдымен біз жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын еске түсіріп көрелікші:
1. Пунктуация дегеніміз не?
2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Жауап: Сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте, көп нүкте.
Сонымен қатар, сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері де бар: атап айтқанда, сұрау белгісі мен леп белгісі (?!), Леп белгісі мен сұрау белгісі (!?), көп нүктелі сұрау белгісі (?..), көп нүктелі леп белгісі (!..).
3. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгілері қойылады?
Жауап: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері мыналар: үтір (,), сызықша (–), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), жақша ( ), тырнақша (“ ”).
4. Нүкте қандай жағдайларда қойылады?
Жауап: 1). Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда нүкте қойылады.
2). Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады.
3). Жыл, ғасыр, сағат, мунит, секунд сөздері қысқартылып қолданылса, нүкте қойылады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қойылатын орындары
Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерден соң қойылады. Ұранды сөйлемдерден кейін қойылады. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін қойылады. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін леп белгісі қойылуы мүмкін. Сәлемдес - кенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады.
Шіркін, айтушы мен болғанда, ұқтырушым сен болсайшы, Абай! Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз мынау бассыздықты! Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған! Тоғжан! Япырмай; жақсы айттыңыз - ау! Жоқ! Бармаймын. “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның жары! – Есенсіз бе! – деді Асқар Айбалаға келіп.

Қуаныш
 Реніш Өкініш
Алақай, паһ, шіркін Ту, ойпырмай, ойбай, әй Қап, ту - у, ойпырмай
Сүйсіну
 Риза болу Таңдану 
Паһ, шіркін, ту - у Бәрекелді, еһе, пай - пай Апырай, ой, е - е, а, о
“Салыстыру” стратегиясы.

Сөйлем соңына леп белгісін қою үшін оны танытатын белгінің бар - жоғын анықтап алу керек, ол үшін мына сөйлемдерді салыстырамыз:
– Түу, бұл үлкен сыйлық қой, ақсақал!
Аса ризашылық сезіммен, көтеріңкі
леппен айтылып тұр, сондықтан леп белгісі (!)
қойылады.

– Қыран болатынын қайдан? білесіз?
Көңіл күйі көрінбейді, сұрау мәні бар, сұрау белгісі (?) қойылады.
Қарт балапанның кішісін мақтады.
Көңіл күй мәні де, сұрау да жоқ, хабар бар, сондықтан (.) нүкте қойылады.
Оқулықпен жұмыс. Поэзия стратегиясы.
Екі топқа да М. Мақатаевтың “Биылғы май” өлеңін дауыс ырғағына келтіріп, бөліп, мәнерлеп оқытамын.
Өлең оқылып болғаннан кейін леп белгісі қойылған орындар табылып, олардың белгісі (себебі) анықталады.
“Келісу - келіспеу” стратегиясы.
I топ
Оқушылар неге келісетін – келіспейтіндіктерін түсіндіріп береді.
1. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. (Келісемін).
2. Сөйлем соңында тек қана нүкте қойылады. (Келіспеймін).
3. Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады. (Келісемін).
4. Аяқталмаған сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады. (Келісемін).
5. Сөйлем соңында тыныс белгілері қабаттаса қойылады. (Келісемін).
6. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылмайды. (Келіспеймін).
7. Ұранды сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін).
II топ
1. Сұраулы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін).
2. Сұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады. (Келісемін).
3. Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады. (Келісемін).
4. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы лексикология деп аталады. (Келіспеймін - Пунктуация).
5. Ұзындық, көлем өлшемдерінің (км, м, см, га, л, т. б.) және басқаларының қысқартылып қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды. (Келісемін).
6. Жалпылауыш сөздерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін). Мысалы: Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
7. Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғалы сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. (Келісемін). Мысалы: Болат – ұстаз.
“Аквариум” ойыны. (Оқушылардың белсенді тобымен жұмыс, жаттығу).
Ең әуелі тақтаға аквариум, оның ішіндегі балықтар салынады. Мұғалім талапкерді тақтаға немесе сыныптың ортасына шығуға екі топтан бір баладан шақырады. Оларға нақты тапсырма беріледі. Қалған оқушылар оқиғаның өтіп жатқаның жақсы көретіндей тәртіппен дөңгелене отырады. Олардың негізгі міндеті – оқиғаны бақылау. Кейін жаттығуды талқылаған кезде өз әсерлерін, ескертпелерін, ұсыныстарын айтады.
Тақырыбы: “Егер мен Президент болсам...”
Шарты:
1.“Аквариумдегі”, яғни белсенді қатысушы оқушыларға дайындалуға және өз сөздерінің тезистерін жазып алуға 2 минут уақыт беріледі.
2. Одан соң әрбір қатысушы шығып сөйлеуге 1 минут уақыт беріледі.
3. Оппоненттердің немесе “халықтың” сұрақтарына жауап беруге 1 минут уақыт беріледі.
Екеуі сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап бергеннен кейін “халық” кімге және не үшін дауыс берілгенін шешеді.
Ой қозғау стратегиясы.
1 - топ
РАФТ. Ой толғаныс.
Роль – Елбасынан
Аудитория – 7 - сынып оқушыларына
Форма – хат
Тақырыбы – Аманат хат

2 - топ
РАФТ. Ой толғаныс.
Роль – 7 - сынып оқушыларынан
Аудитория – Ел басына
Форма – хат
Тақырыбы – Алғыс хат.

«Иә» және «Жоқ» стратегиясы
Оқушыларға тест сұрақтары үлестіріліп беріледі де, олар орындағаннан кейін талқыланады. Тест 15 сұрақтан құралған.
1. Сөйлем соңына тек нүкте ғана қойылады.
Иә. (Жоқ.)
2. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.
(Иә.) Жоқ.
3. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы пунктуация деп аталады.
(Иә.) Жоқ.
4. Ой аяқталмағанда нүкте қойылады.
Иә. (Жоқ.)
5. Бата, тілек мәнді сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
6.– Өркенің өссін, азамат!
– Көп жаса, қарағым! деген сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады.
Иә. (Жоқ.)
7. Өкініш, реніш мағынасын білдіретін сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
8. Паһ, шіркін, өңеріне болайын – деген сөйлем сүйсіну мағынасын көрсетіп тұр.
(Иә.) Жоқ.
9. Күн ыстық па? – деген сөйлем хабарлау мағынасын білдіріп тұр.
Иә. (Жоқ.)
10. Аяқталмаған сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады.
(Иә.) Жоқ
11. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.
(Иә.) Жоқ.
12. Сөйлем аяғында нүкте қойылады.
(Иә.) Жоқ.
13. Көне түркі: Орхон, Енисей, Талас жазулары қазақ тілінің негізі болып саналады.
(Иә.) Жоқ.
14. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
15. Ұранды сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.

IV. Сабақты қорытындылау.
 
“Топтастыру стратегиясы”.
Тақтаға оқушылардың көмегімен гүл бейнесіндегі сызбалар орналыстырылады. Ең әуелі нақ ортасына “леп белгісі” деген сызба ілініп, соның жан - жағына леп белгісіне байланысты сызбалар қойылады, оларды оқушылар атап отырады.
Одан соң оқушыларға сұрақ қойылады:
– Біздің сызбаларымыз неге гүл тәрізді жасалды?
– Тақтадағы гүл сызбаларының саны нешеу?
– Жетеу.
– “Жеті” деген қазақтарда қандай сан?
– Қасиетті сан.
– Ендеше жеті санына байланысты аталарымыздан қалған қандай асыл сөздерді білесіңдер?
1. Жеті шәріп. (Жеті әулие).
2. Жеті қазына.
3. Жеті ата.
4. Жеті күн.
5. Жеті жұт.
6. Жеті жоқ.
7. Жеті ғашық.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. 43 - 44 бет, оқып келу. Шешендік сөздерден бата жасау, тілек айтуды көрсететін мәтін тауып келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығармашылық есеп қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Павлодар облысы Ертіс ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әбигузина Әсем Балтабайқызының

Шығармашылық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж

 

Мен, Ленин жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әбигузина Әсем Балтабайқызы.  Білімім - жоғары.  2005 жылы  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтадым. Педагогикалық  өтілімім – 9 жыл.

  2012 жылдан бастап «Әдебиет сабақтарында әдебиетті оқытудың тиімді оқу жолдарын қолдану» атты өздігінен білім көтеру тақырыбымен жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты:

Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау және тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Міндеті: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденісін, ойлау және қабылдау қабілетін дамыту, өздігінен өлеңдер мен шығарма мәтіндерін талдай алуы.

Болжам: оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылығын дарытады. Танымдық қызығушылықтары, ой-өрістері артады.

Өзектілігі: Қоғам талабына сай оқушылардың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі қоғамға сай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

-         Ақпараттарды қабылдап, есте сақтайды;

-         Зерттеу, іздену жұмыстарын жүргізеді;

-         Өзін-өзі бағалайды, бір-бірін бағалап, ұсыныс таратуға машықтанады;

-         Өзгенің пікірін тыңдап, көзқарасын қоса білуге үйренеді.

-         Қарама-қайшылықтарды көреді, түсіндіреді, сипаттайды, машықтанады;

-         Өз бетімен жұмыстанады;

-         Соңғы 3 жыл ішіндегі қазақ тілі және әдебиет  пәндері бойынша сапа көрсеткіші:

 

2011-2012 оқу жылы-62%

2012-2013 оқу жылы-68%

2013-2014 оқу жылы-75%.

  Жыл сайын оқушыларды  ҰБТ дайындық жұмыстарын жүргізіп келемін. ҰБТ нәтижесі:

2012 жылы: 17,6 балл

2013 жылы: 20 балл

2014 жылы: 20 балл

Оқушыларды сайыстар мен конкурстарға дайындау жұмыстарын жүргізіп келемін:

-         2011 жылы Никитенко Альбина « Тіл - адам жанын танудың кілті» атты аудандық конкурсына қатысып, 3 орынға ие болды;

-         2012 жылы Никитенко Альбина аудандық пән олимпиадасында

3 орынға ие болып, облыстық  пәндер олимпиадасына қатысты;

-         2012 жылы оқушыларым «Болашақ жастардың қолында» атты жарысында «Ең үздік ойыншылар» номинациясына ие болды;

-         2013 жылы оқушыларым аудандық  Қазақ КВН лигасының финал ойынына қатысып, «Бас жүлдеге» ие болған.

-         2014 жылы  Никитенко Альбина аудандық пән олимпиадасында

1 орынға ие болып, облыстық  пәндер олимпиадасына қатысушысы болды;

-         2014 жылы Асқар Нұрислам аудандық «Мүбәрәк» оқуларында 1 орынға ие болды;

-         2013 жылы аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталдым;

-         2014 жылы « Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жабдықталуы бойынша аудандық конкурсында оқу-әдістемелік кешенінің мазмұндылығы мен кабинет безендірілуінің тартымдылығы үшін»

          1 орынға ие болдым.

-         2014 жылы « Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жабдықталуы бойынша облыстық конкурсында оқу-әдістемелік кешенінің мазмұндылығы мен кабинет безендірілуінің тартымдылығы үшін»

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың орталығының алғыс хатыпен марапатталдым.

-         2014 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталдым;

Ғаламтор желісінде proшколу.ru  шағын сайтын аштым. «Е пошта. Үстеу. Сын-қимыл үстеу» , «Әдебиет сабақтарында әдебиетті оқытудың тиімді жолдарын қолдану» , «Сөздердің байланысу түрлері. Матасу» тақырыптары бойынша Ustazim.kz cайтына орналастырдым.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 303 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2015 14315
    • DOCX 133.4 кбайт
    • 190 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абигузина Асем Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абигузина Асем Балтабаевна
    Абигузина Асем Балтабаевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 65892
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе