Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / «Шым ши тоқу технологиясы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

«Шым ши тоқу технологиясы»

библиотека
материалов


hello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m7b695eb5.gifhello_html_m634ea181.gifhello_html_16eef578.gifhello_html_m25b8bab0.gifhello_html_md3286ea.gifhello_html_16eef578.gifhello_html_m7290ada3.gifhello_html_m49bc29bc.gifhello_html_16eef578.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_6dcc407d.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gifhello_html_m4bf7ed44.gif


Қазақстан Республикасы Алматы облысы Панфилов ауданы Білім бөлімі








Шым ши тоқу технологиясы








Орындаған Касымханова Ә.Д

Тексерген Садырова Г.З










Жаркент қаласы






Алматы облысы Панфилов ауданы

Еңбекші орта мектебінің 9а сынып

оқушысы Касымхан Әлиманың

Кіші Ғылыми Академиясының

ғылыми жоба жарсына ұсынған

«Шым ши тоқу технологиясы»

тақырыбындағы жұмысы



Пікір


Касымханова Әлима 9а сыныбының үздік оқушысы,барлық пәндерден үлгірімі өте жақсы. Білімге деген ынтасы жоғары. Осы қасиетімен оқушылар арасында көзге көрініп,ғылыми жұмыспен айналысады. Әлима ғылыми-әдебиеттерге шолу жасап, шым ши тоқуда тәжірибелер жасау арқылы халқымыздың қол өнерінің технологиясын үйрене отырып,халық шеберлерімен, ұстаздарымен пікір алмасты. Шығармашалық ізденіс барысында технологиялық білімінің мазмұны ашылса, қоғамдағы еңбектің,өнердің рөлін түсінсе,өз ауылындағы өз тустары мен жақындарының өнер туралы ұғымдарын ұштастырса, мінез-құлықтағы,тіршіліктегі,тұрмыстағы көріксіздікті сезіне білсе,зерттеу мақсаты шешіледі дейді Әлима. Ескінің көзі ауыл әжелері Ақжамал, Рысшан апайлармен кездесіп, шым ши тоқудың ескі әдісімен танысты. Халқымыздың ата кәсібін дамытып, қолөнерін жандандыру -бүгінгі күннің басты талабы. Бүгінгі егемен еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз.



Жетекшісі Садырова Г.З





Қазақстан Республикасы Алматы облысы Панфилов ауданы Білім бөлімі



«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі




Тегі,аты-жөні Касымханова Әлима Дауренқызы

Сыныбы 9а

Тақырыбы «Шым ши тоқу технологиясы»

Жетекшісі Садырова Г.З







ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Кіріспе..................................................................................................3

І – ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ………………………………………..5

    1. Қолөнер бұйымдарын жасаудың ерекшеліктері………..5

1.2 Шым ши технологиясын үйренудегі шеберханаларға қойылатын талаптар және деңгейлерін анықтау.

1.3 Жүннің химиялық құрамы

мен химиялық қасиеті….………………………………………..19

ІІ – САРАМАНДЫҚ БӨЛІМ

2.1 Шым-ши техникасындағы жүн талшығын бояу……..….26

2.2 Қазақ халқының қолөнер саласындағы шидің дамуы және технологиясы…………………………………………………...…36

2.3 Шым – шидегі ою-өрнектің мәні және технологиясы…43

Қ О С Ы М Ш А Л А Р














КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Көркем тоқыма өнерінің шеберлерін дайындауда қазақ халқының мұрасын зерттеумен қатар бүкіл әлемдік тәжірибелерді де негізге ала отырып жастарға білім беру басты мақсат болып табылады.

Текемет, шым – ши, кілем және т.б. жүннен жасалатын бұйымдарды дәстүрлі жасаудың әдіс-тәсілдері бұл ғылыми жұмыста үш бағытта қарастырылады;

  • Этонграфиялық;

  • көркем композициялық,

  • технологиялық.

Көркем тоқыма бұйымдарын этнографиялық бағыт бойынша зерттеу жұмыстары, Қазақстанның әрбір аймағындағы сәндік қолөнер бұымдарын жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар және басқа орта Азия және түркі тілдес халықтарының көркем тоқыма бұйымдарымен ұқсастығын, айырмашылығын сипаттайды. Сондай-ақ ежелгі қорғандардан табылған көркем туындылар мен бұйымдардың көшірмесін жасау немесе ою-өрнектердің принциптерін ескере отырып арнаулы жүн материалдарындағы шым - шиды орындау, оқушының көне құндылықтарды бағалауы мен қатар заманымыздың жаңа сұраныстарына байланысты креативті ойлау қабілетін ашуға ықпалын тигізері анық.

Көркем композициялық бағытта дәстүрлі шым-ши бұйымдарын зерттеу істері оның принциптеріне және қазіргі замандағы көркем туындылардың құрылу шешімдеріне негізделеді. Сәндік қолөнердің технологиялық бағыты өз мақсатына; шикізат, талшықты материалды бояу тәсілімен дәстүрлі технологияны игеру және қазіргі заман талабына бағыттап дамыту жұмыстары жатады.

«Шым - ши техникасы арқылы шебердің іскерлігі мен біліктілігін қалыптастыру» - атты ғылыми жұмыс екі бөлімнен тұрады. І-теориялық бөлім. Бұл бөлімде жүн құрылымы және өсімдік бояуларын пайдалана отырып талшықты материалды дәстүрлі тәсілдермен бояу. бөлімде, киіз бұйымдарының дәстүрлі жасалу технологиясы және жаңа мүмкіндіктері айқындалады. ІІ-сарамандық бөлімде шым-ши бұйымдарының түрлері және жасалу технологиясы беріледі.




Мақсаты: Иновациялық технологиялар арқылы шым-ши техникасымен шебердің іскерлігі мен біліктілігін қалыптастыру, олар;

  • тақырыптың өзектілігі;

  • түрлі-түсті фотолар арқылы жұмыстың толық технологиялық картасы;

  • тақырыпқа байланысты лекциялық материалдар;

  • көрнекі құралдар, бейне таспалар;

Ғылыми жұмыстың нысанасы: Арнайы теориялық білімге сүйене отырып сарамандық жұмыспен өндірістік жұмысты жақсы байланыстыра білуі.

Шебер өзінің жұмыс орнында еңбегін дұрыс жоспарлауды, нұсқау карталарын дұрыс пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі ережесін және тазалық сақтауды т.с.с жетік білуі тиіс. Шеберге өмірде қоғамға пайдалы істер жасауға, ұлттық дәстүрді дәріптеу.

Міндеті: Ғылыми жұмыстың құрылымы мемлекеттік стандарттағы міндетті және таңдаулы компонент бойынша тақырыптың өзектілігі, ұйымдастыру шаралары, лекциялық материалдар, технолгиялық карталар, бұйымның дайын, өңделген суреттері, шеберге арналған тақырыпқа байланысты кең көлемді материалдарды қамтиды.








І – ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


1.1 Қолөнер бұйымдарын жасаудың ерекшеліктері


Күрделі стилизациядағы сюжетті композитцияларға ғылыми ізденістер жүргізе отырып, көшірмесін материалда орындау арқылы, көне өнер туындыларының маңызын ашу, мәдени мұрамыздың құндылығын көрсету негізгі мәселелердің бірі болуы тиіс. Дәстүрлі қолөнер мынадай жүйеде, түрлі бағыттарды қамтиды:

- Көне архиалогиялық көркем туындылардың (жүн бұймдары, тоқыма, текемет т.б.) дәлме-дәл көшірмелерін жасау барысында, ғылыми негіздемелер жасау;

- Дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін ескере отырып оларды толығымен меңгеру;

- Сәндік қолөнер бұйымдарын жаңа үлгіде көрсету;

- Қолөнер бұйымынан жоғарғы деңгейдегі шығармашылықтағы көркем туындылар жасау.

Қолөнер бұйымдарын қолданатын шикі заттарды өңдеуге және жасалу технологиясына азды-көпті өзгерістер енгізіліп, бұйымның сапасының жоғары болуына халықаралық деңгейде үлкен талап қойыла бастады.

- көне туындылар мен жаңа үлгілерді бағдарламаға енгізу;

- сәндік қолөнердегі этика-эстетикалық маңызын, көне технологияларын, ерекшелігін дәріптейтін оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, дидактикалық материалдар, энциклопедиялық анықтамалар пайдалану;

- қолөнердегі жаңа технологиялық өзгерістерді енгізу;

- бағдарламаларға байланысты қолөнердің сызба үлгілерін және өңделген шикі заттардың жиынтығын жасау;

- көрмелер мен байқаулар ұйымдастыру, семинарларға, көрмелерге қатысу. Шым ши тоқу әдісіне байланысты жүн бұйымдарын өңдеу үшін ең бірінші шикізаттардың талаптарға сай болуы шарт, олар;

  • жүннің сапасы;

  • шидің сапасы;


  • ши тоқуға арналған станоктың сапасы;

  • жүннің өңделуі;

  • оның боялуы;

  • жіптің иірілуі;

  • жүнді өңдеуге арналған құрал-саймандар;

  • жүн өңдеуге арналған орынның қолайлылығы;

  • жарықтың маңызы т.б.

Жүннің сапалы болуы қой малының күтіміне көп байланысты. Технологиялық талаптар дұрыс сақталса, жуылып, түтіліп, боялса және өңделген затынан сапалы бұйым жасауға болады. Жүннің түрлері: миранос, линкольн, кросберд, қылшықты қазақы қой жүні болып келеді. Анелин бояғышымен бояғанда жүн шикізаты ерекшелігіне қарай әр түрлі өңдерді береді. Бояу процесіне кіріспес бұрын техникалық қауыпсіздіктерді сақтай отырып жұмыс орнын дайындап, керекті құрал- саймандарды әзірлеу қажет.

Шеберге жүн бұйымдарынан ши тоқуды үйрену арқылы еңбекке тәрбиелеудегі мына бес жүйеқұраушы элементтерден тұрады, олар;

  • мақсаты;

  • мазмұны;

  • теориялық формасы;

  • практикалық әдістемесі;

  • құралдары.

Міне, осы негізгі бес түрлі жүйеқұраушы элементтерді сәндік қолөнер бұйымдарына қолдану қажеттігі міндетті компонентте туындап отыр. Себебі, ол тоқудың басты мақсаты етіп танымдық қызығушылығы қалыптасқан, соның ішінде сәндік қолөнерін өздігінен бағдарлай отырып, шығармашылықпен, өз бетімен білім ала алады, сөйтіп өздігінен даму дәрежесі қалыптасады.

Адамға деген көзқарастың өзгеруі, субьективті дара тұлға ролінің өсуі, осыларға сәйкес әлеуметтік өмірдегі және экономикалық өзгерістермен тәрбиелеу ісінің алдына жаңа міндеттер туғызуда. Осыған орай ғылыми негізделген біртұтас әдістемелік жүйесін қалай және қай бағытта жасау керек деген сауалға жауап ізделуде.

Шебердің білімін тексеру мен бағалау жүйесін жетілдірудің үлкен

ғылыми және әлеуметтік-экономикалық мәні туындайды. Шебердің мақсаты іскерлікті қалыптастыру арқылы әртүрлі қажетті қызметті атқаруға оның бейімділігін, өзіндік бейнесін ашуын, әлеуметтік байланысы мен әрекеттегі біліктігін арттыратын адам қабілетін барынша дамыту.


Дәстүрлі өнерді оқудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеріп пайдалануға тиісті болса, енді өзіндік іс-әрекетінде халқымыздың жалпы қолөнер бұйымдарын жасаудағы әдіс-тәсілдерін меңгеріп, пайдалану талап етіледі.

Ол тәжірибемен үнемі жетілдіріліп, тереңдетіліп, байытылып отырады.

Ұстаным терең және жан-жақты қамтыған ғылыми негіздеме және жалпылама сипатты береді. Талаптар ұстанымнан шығады, оларды қолдану педагогикалық жағдайларға қатысты болады. Категория жүйелелері оқытудың негізгі элементтерін қамтып көрсетеді, олар:

- мақсаты;

- мазмұны;

- жағдайы;

- құралы;

- нәтижесі.

Бұл элементтер өзара тәуелділікте және өзара әрекеттеседі, яғни ол жүйенің реттілікте екенін көрсетеді. Жүйе элементтерінің арасындағы байланысты реттеудің арнайы әдісі мен өзгерісі және сол элементтерді басқару болады, олар;

  • мақсат қою;

  • құралды таңдау;

  • түзету;

  • нәтижені талдау.







    1. Шым ши технологиясын үйренудегі шеберханаларға қойылатын талаптар және деңгейлерін анықтау.


Шебер шым - ши өнерін игеру үшін шеберханаға қойылатын негізгі талаптарды, еңбекті қорғау және ұйымдастыру ережелерін, техника қауіпсіздігін білуге міндетті. Сондай-ақ шикізаттың жіктелуін, олардың құрылысын, қасиеттері мен қолданылатын салаларын, мысалы: жүннің қасиеттерін, оны өңдеу, тазалау, жүнді жуу, кептіру, сақтау технологиясы, жүнді бояу, иіру, әзірлеу жұмыстары т.б. Шебер сол сияқты істелінетін жұмыстың барлық технологиясымен таныс болуға тиіс. Ол үшін түсініктемеде айтылғандай көрнекі құралдар талаптарға сай болу керек. Жұмыс кезінде шебер өз орнындағы еңбекті қорғау ережесімен қоса шикі затты дұрыс таңдай білу, оны сапалы өңдеу, ол үшін құрал-саймандарды ұқыпты қолдану, қадірлеуі қажет. Ұлттық мәдени қазыналарды барынша терең игере отырып жасалынатын бұйымның түп тамырын өзгертпестен, жаңа дизайнаға сәйкестендіре отырып игеріп кете алатындай дәрежеге жетуге тиіс. Ондағы әзірлеу жұмыстарындағы ою-өрнектерді қиыстыру, оның ырғағы, байланысы, бұйымды тазалау, біркелкілігі, боялуы, тоқуы т.б. Ондағы бұйымның жасалуы барынша сапалы және тұтынушыларды да қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жету керек. Мұндағы бағыт негізінен жәдігерлік бұйымдардан бастап, үлкен нақтылы бейнесін жасауға жол ашу. Мысалы: шым-ши өнеріндегі тоқылатын үш жіптегі шиден бастап нақтылы күрделі тоқыма және т.б. бейнесіне дейін т.б. Шебер бұйымдар жасау ісінде сәндік қолөнерге арналған барлық жұмыс процестерін еркін игеруі тиіс. Ондағы техника қауіпсіздігіне қойылатын барлық талаптарға жауап бере алатын қабілетте болу керек. Мысалы: ондағы жұмыс өнімділігін арттырудағы тіреуіштер, бекітуге арналған резеңкелер, қылыш, тарамыс саймандары т.б. Жүн бұйымдарының өнерін игерудегі жіптердің орындарын шиде айқын ажырату, сол сияқты ою-өрнек тоқу кезінде бір сарындылықты, өрнектің бірсарындылығын, үйлесімділігін жалпақтық пропорцияларын нақтылы сақтауы тиіс.

Шеберхана талаптары;

- шеберханадағы жарық 0,8, яғни үстел үстіне түсетін сәуле 150 лк, ал лапаның қызулығы 300-ден төмен болмауға тиіс;

- көмір тотықтарының Со2 жабық шеберханаларда шоғырлануы, яғни табиғи ауа айналымы нашар жерлерде 0,17%-тен асса ол денсаулыққа зиян .

- тұтанғыш, жанғыш заттарды, мысалы: краска, ацетон, бензин, керосин, т.б. ағаш ұнтақтары шеберханада сақтауға мүлдем тыйым салынсын.

- желдеткіш, өрт қауіпсіздігі құралдары шеберханада міндетті түрде болуға тиіс.

- әр жұмыс орны номерленіп, сол партаға байланысты негізгі құрал-саймандарға, тігін машиналарына, термебау құралдарына да номерлер қойылған дұрыс. Мысалы бесінші номердегі партаға жіптердің түрлері, ине жіп қорабы, қажетті (Қайшы, сызғыш, ілгек т.б.) құралдарға бес деген номер қойылуы тиіс.

Бұл жағдайда әр шебердің еңбекті қалай бағалайтыны және оны қорғай алатындығы, оларға дұрыс ескертулер жасалынып тәрбие жұмысы күшейтіледі.

Көрнекі құралдардың талаптары;

- қолнер бйымдарына арналған технологиялық картаның сызбалары;

  • плакаттар;

  • үлгі өрнектері;

  • интарактивтік тақта;

  • компьютер жиынтығы (Процессор, монитор, колонкалар және т.б.) электронды оқулық үшін болуы міндет немесе телевизор және ДВД;

  • әрбір жұмыс орнына арналған техника қауіпсіздігі туралы көрнекі құралдар болуы міндет;

-құрал-саймандардың нақтылы үлгісі, арнаулы тақтаға орнықтырылуға тиіс;

- жасалынатын бұйымның өлшем-бірліктегі сызбасы, технологиялық картасы, суреті, процесі болуы керек;

- жасалынатын бұйымның нақтылы үлгісі оқушыларға көрсетілуі және үлгі ретінде сабақ біткенше тұруы керек;

- жүн бұйымының өнімі түрлерінің нақтылы көрінісі, олардың әр-түрлі кесіндісіндегі үлгілері;

Плакаттарға қойылатын талаптар;

- жүннің қасиеттері /механикалық, физикалық, химиялық;

- шилерге қойылатын талаптар /жуан жіңішкелігі, бүтіндігі/;

- жүннің түрлеріне толық мінездеме беретін плакаттар;.

- жәдігерлік бұйымдарды өңдеудегі жасалынатын шикі заттарға толық мінездеме;

- қолөнер бұйымын өңдеуге арналған құрал-саймандардың плакаттары;

- қолдан жасалынған механикалық құралдарға сипаттама.

Құжаттарға қойылатын талаптар;

- техника қауіпсіздігі жөніндегі құжаттар, олармен танысуы туралы куәлігі;

- жалпы шеберханадағы құрал-саймандардың құжаттары

Ұлттық қолөнер бұйымдарының негіздерін жасауды үйренуде ең алдымен шикізат пен құрал-саймандардың казіргі кезде басты проблемасы екендігі анық. Бірақ оған қарамастан шебер оның алдын алу жолдарын анықтауы тиіс, олар:

  • шебердің алдын-ала үлгі ретінде жасалынған бұйымдары;

  • шебердің қандай аспапты таңдағанын анықтау;

  • бұйымды таңдаған шебердің жасауға деген мүмкіндігін анықтау;

Енді әр тармақшаға талдам берсек, шебердің алдын-ала жасалған қолөнер бұйымының нақтылы болуы шарт. Бұл үлгіні көргендер аса қызығушылықпен қарайтыны анық. Олар барлық қиындықтарға қарамастан жасайтын бұйымды таңдай бастайды. Әр бұйымды нақтылы таңдап біткеніне көз жеткізген шебер сұқпаттасып жасай алатын мүмкіндіктерін айқындайды. Өзі шикізатты астыртын ойластырып қоюға тиіс. Бұл ең оңай әрі тез жасалынатын бұйымды мысалы, белбеу т.б. алдын-ала жоспарлап жіптерін дайындап қояды. Бұл этап шебердің мүмкіндіктерін анықтау процесіне жатады. Жалпы жасалатын бұйымды таңдаған адамдардың жер үйде тұратындары қолөнерді еркін игере алатындығы және шикізаттарды аса қиындықсыз табатыны анық. Шеберге арнаулы бұйым жасау мақсатында ең үлкен қажет қылатын іс-ол құрал-саймандары.

Оқу материалының мазмұны қазіргі ғылым мен техника жетістіктерінің даму деңгейіне жақын болуға тиіс. Мұнымен қатар материал шеберге түсінікті болғанын талап етеді. Осыған байланысты, материалдағы теориялық және сарамандық сұрақтарды түсіндіруді жеңілдететін әртүрлі әдістерді жиі қолдануға тура келеді. “Шебер үшін еңбектің қиын болмауы және оған әлінің жетуі жайлы сөз болғанда, оның теориялық білімін ғана емес, оның организміне әсер ететін физикалық күшті де есепке алу керек. Сол үшін де шаршаудың сыртқы белгілерін және осыған байланысты физикалық күш түсуін байқауға міндетті.


1.3 Жүннің химиялық құрамы мен химиялық қасиеті


Жүн малда болатын табиғи талшыққа жатады, ал химиялық құрамы бойынша ақуыздық немесе протеинді заттар қатарына жатпайды. Жүннің негізгі заты – күрделі полимерлі ақуызды қосылыс кератин, ол өзге ақуыздан ерекшелігі құрамында күкірт болады.

Кератин құрамына: көмірқышқыл (50), оттегі (21-22), азот (16-18), сутегі (6-7), күкірт (2-5), сонымен қатар калий, натрий, алюминий және т.б. қышқылдар (1-3) кіреді. Кератиннің химиялық ерекшелігін 17-ден аса саналатын аминқышқылдар құрайды. Негізгі массаны (): цистин – 13,4, глютамин – 12,9, лейцин – 11,5, атимин – 10,2. Цистин жүн құрамына кіретін бүкіл күкіртті құрайды. Жүн талшығындағы күкірт саны маңызды болып табалады: талшықта күкірт қаншалықты көп болса, ол соншалықты мықты, созылғыш, химиялық жағынан тұрақты болады.

Қышқылдар қатынасы. Қышқылдардың әлсіз ерітінділері (концентрациясы 4-5) аз мерзімде жүнге ешқандай зақымды әсер етпейді. Бейорганикалық қышқылдар (күкірт H2SO, тұз қышқылы HCl) және органикалық қышқылдар (сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы) жүнді арнайы өңдеуде қолданылады.



Сонымен, мысалы, күкірт қышқылының 4-5 ерітіндісі жүнді карбонаттау үшін қолданылады. Карбонаттау дегенініз жүнді жүн кератинінің әртүрлі қатынасы мен өсінді қосылыстары целлюлозсының көмір қышқыл әсеріне негізделген өсінді қосылыстардан тазалау процесі. Карбонаттау нәтижесінде өсінді қосылыстар тереңдей түсіп, жүннен оңай ығстырылады, жүн болса сәл ғана зақымданады.

Жүнге азот қышқылының әсері күшті. Жүнді концентрациялы азот қышқылымен өңдеуде жүн сарғайып, мықтылығын жоғалтады. Сонымен қатар, азот қышқылының әсерінен жүн бөртіп, одан кейін құрамдас бөліктері бөлініп, еріп кетеді.

Органикалық қышқылдар жүн кераминімен бірге аз әсер етеді. Сонымен, мысалы, жүн сірке қышқылы қосылған бояуыштардың қайнаған ертіндісінде 1-1,5 сағат аралығына дейін шыдай алады. Осындай төзімділік көрсете отырып ол тек 30-ға дейін нәзіктігін жоғалтады.

Концентрациялы қышқылдардың жүнге әсіресе, жоғары температураға әсері күшті.

Сілтіге қатынасы. Күшті сілтілер жүнді тез бұзады. Тіпті, әлсіз натрий сутектің (0,05) ерітіндісінің өзі 60С температурада жүннің мықтылығын соншалықты төмендетіп жібереді, одан кейін жүн ешқандай өңдеуге жарамай қалады. Осы ерітінідіде қайнату жүнді түгелімен құртып жібереді.

Сілтінің жүнге әсері бетінен басталады. Бірінші қабыршақты қабат, одан кейін жасушааралық зат, соңында қабықты мен ортаңғы қабат жасушалары құриды.

Әлсіз сілтілер – көмірқышқылының тұздары (кальциленген сода мен сақар) жүнге зақымды әсер етпейді, бірақ оның мықтылығын, биязылығы мен ұзындығын біршама төмендетіп жібереді.

Кальциленген сода жүнді сабынды-содалы ерітіндіде жуу кезінде пайдаланады, бірақ та 0,5 сода концентрациясының ерітіндісі 55С температурада жүннің мықтылығын жоғалтатынын естен шығармаған жөн. Сілтілік ерітінідіде жүн әсіресе, талшық ұштары еріп кетеді, жүн массасы 2-на дейін жоғалтуы мүмкін. Жүнді әлсіз сілтілі ортада

жууға болады, бірақ та сода концентрациясы 3г/л (0,3)-дан жоғары болмау қажет. Соданың осындай концентрациясымен жүннің аз зақымдануын жуу жақсы сапаға жеткізеді.

Н2 О2 сутек қоспасының ерітіндісі жүнге еш зақым әкелмейді және ол оны ағарту үшін қолданылады.

Судың әсеріне қатынасы. Жүн суда бөртеді. Су малекулалары жүн талшығының ішіне еніп, жүн малекулалар арасындағы өзара тартылыс күшін кемітеді, талшық мықтылығын төмендетеді. Аз уақытта суық судың жүнге еш әсері жоқ, бірақ жүнді суық суға ұзақ уақыт салып қоятын болсақ, азот бөлініп мардымсыз жүн гидролизі жүреді. Ыстық суда жүн өз бойынан аммиак пен күкірт қышқылы бөлініп, жүн ақырын ериді. 80С-қа дейінгі температурадаға дейінгі су жүнге онша әсер епейді, бірақ 80-110С температурадағы судың жүнді бұзу әсері жоғарылайды. 130С температурадағы судың жүнді бірте-бірте ерітеді, ал 200С температурадаға дейін қайнататын болсақ жүн толығымен еріп кетеді.

Өңдеу процесі кезінде әртүрлі ылғалды өңдеуге (жуылмаған жүнді ыстық сулы ертіндіде жуу, бояу) ұшырайды.

Сондықтан, ыстық судың жүнге зақымды ықпалын ескере отырып өңдеу уақытын азайту керек, ал күшті ерітінділер температурасын 55-60С деңгейге дейін ұстау керек, бірақ су буға қарағанда жүннің тез құруына әкеп соғады.

Ыстық ауаның әсері. Температура мен іс-әрекеттің жалғасымдығына қарай ыстық ауа жүннің әртүрлі өзгерісіне әкеледі: ақ жүнді түс сары немесе қоңыр құба түстіге өзгереді, жүннің мықтылығы мен ұзындығын төмендетеді. Құрғақ ауада қыздыру ылғалды ауаға қарағанда жүнді аз ғана өзгешелікке әкеледі. 170-180С температурада 30сек аралығында өңдеу кератинді құртады, жүн қоңырқайланып, нәзіктендіре түседі.

100-110С температурада 4-5 минут аралығында жүнді зақымдандармай өңдеуге болады. Осындай темпертуралы режимді өсінді қосындыларының тереңдеуін жүнді карбонаттау процесі кезінде ұстай алады. 70-80С температура кезінде жүн ұзақ уақыт аралығында өз қасиетін өзгертпейді, сондықтан кептіру 70-80С температурадан жоғары болмауы қажет.


Жүннің күюі. Жүн тек жалын болғанда ғана күйеді. Жалыннан оны алып тастаса ол аз жанып, бірте-бірте өшеді. Жүннің күюі мүйіздің күю иісімен және мықты нәзік дөңгелектің жасалуымен бірге жүреді. Жану реакциясын текстильді тану кезінде пайдаланады.

Түрлі-түсті ауа-райының әсеріне қатынасы. Түрлі-түсті ауа-райы дегенде қоршаған ортаның табиғи жағдайы түсініледі. Эксплуатация процесінде жүн бұйымдары күн сәулесі, атмосфералық ылғалдылық пен ауа температурасы әсеріне ұшырайды. Ультракүлгін сәулелердің жүнге ұзақ әсерінен жүнде фотохимиялық реакциялар жүреді, осының нәтижесінде оның түсі (ақ жүн сарғаяды) және оның мықтылығы әлсірей түседі. Жүн талшықтарының күн сәулесінен зақымдануына температура мен ауаға әсер етеді. Температура мен ауа ылғалдығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты бұзылу болады.

Жүн кемшіліктері. Киіз өндіру үшін жақсы сапалы, кемшіліксіз жүн қажет. Өсіру, дайындау мен сақтау процесі кезінде жүн әртүрлі, оның технологиялығын, құндылығын кемітетін кемшілікке ұшарауы мүмкін. Жүн кемшілігі деп оның әртүрлі қоспалармен зақымдануынан (кемшілік) тығындалып қалуын айтамыз, соның ішінде:

а) жүннің өсінді, минералды және өзге де бөтен қоспалармен ластануы;

б) нашар тамақтану, қойды дұрыс күтпеуден пайда болған жүн зақымдануы;

в) қырқым кезіндегі жүн бөлігі, оны орау мен сақтау;

Жүн өңдеуді қиындататын және технологиялық құндылығын төмендететін ластану түрлерін қарастырамыз:

Жүннің өсінді қосылыстармен ластануы. Өз сипатына қарай өсінді қосылыстар оңай жұлынғыш және күрделі жұлынғыш болып бөлінеді. Оңай жұлынғыш қосылыстарға шөп-шалаң қалдықтары, яғни, жем-шөп, сабан, арам шөп сабағы жатады, күрделі жұлынатындар қатарына – ұсақ жабайы жоңышқа тұқымы мен көде жатады.

Оңай жұлынатын өсінді қосындылары жүнді қағып, уқаласа тез түсіп қалады. Күрделі жұлынатын қосындылардан жүнді қақсақ та, құтыла аламаймыз, ол киізді жасау кезінде де жүн құрамында қалып қойып, оның сыртқы түрі мен сапасын біршама құртады.

Өсінді қоспалардан біржола құтылу үшін жүнді күкірт қышқылымен химиялық өңдеуді қолданады (карбонаттайды).

Жүннің минералды қосылыстармен ластануы. Жүндегі минералды қосындылар шөбі жұтаң өріске жайылатын малдарға тән. Осындай жағдайда құм мен топырақ арнаға толып алып, оны ауырлатады, қырқуды қиындатады, сонымен қатар жүннің таза жуылуы сапасын төмендетеді.

Қотыр жүн. Бұндай кемшілік қойдың ауру мен аш қалуынан, төлдеу тұсында жем-шөпті жеткіліксіз оттауынан болатын мардымсыз қоректену салдарынан жүн бәсең өседі. Жүннің өсуі мен оның қалыңдауы қаншалықты ұзақ боса, оның штампель немесе бұрышы жұқарып, қатты жарақаттанған орында қотыр пайда болады. Әдетте бұл барлық бір бұрым ұзындығы бойындағы арна тері бетімен бір уақытта көрінеді. Қотыр жүн мықтылығы органожапсырылулық тексеру кезінде байқалады, яғни, бір уыс жүн қотыр орнынан тез жұлынады.

Қотыр жүннің бағасын төмендетеді, уқалау мен қағу процесі кезінде осындай жүн жыртылып қалады.

Қышыма жүн. Қышыма деп қотыр кенесі зақымдандырған терінің кейбір жерінде өсетін әлсіз және қотыр жүнді айтамыз. Сонымен қатар, осындай жүнде қабыршақтардан бөлінген құрғақ бөлшектері болады. Олар талшықтарды бір-біріне жабыстырып содан кейінгі өңдеуде тарақтың сынуына әкеп соқтырады. Қотыр қойларды қотырға қарсы ерітіндіге шомылдыру жүннің сарғаюына әкеледі, осындай жүн “шомылған жүн” деп аталады.

Таңбалы жүн. Қой өсіру шаруашылықтарында қойға уақытша таңба салу кезінде, яғни, төлдеу уақытында, жаңа туған қозы мен оның енесінің бір қырына бір ретті нөмірді сырмен таңбалайды, кейде бір отар қойды да сырмен таңбалайды.

Таңбалау салдарынан жүнді құртып алмас үшін лонолинде дайындалған арнайы сырларды пайдалану керек: осындай сырлар атмосфералық жауын-шшынға біршама төтеп бере алады және ысытылған жуу ерітінділерінде, жүнді жуу кезінде тез кетіп қалады. Бірақта кейбір қой өсіру шаруашылықтары қойды таңбалау ережелерін бұзады, жуғанға кетпейтін мазут, гудрон, майлы бояу сияқты бояу құралдарын пайдаланады.

Осындай жағдайда, сорттау кезінде таңба маңындағы жүнді өзге жүннен бөліп алу керек, өйткені, осындай жүннің өзге жүндерге қосылуынан дайын маталарға ала-құлалық және гудрондық “қал” сияқты кемшіліктерге әкеп соқтырады.

Базалы жүн. Базалы жүн экскрементермен аса ластанған жүнді айтамыз. Бұндай жүн сан, құрсақ және арқа маңында болады, ол қойды қойқорада ұстаудан пайда болады. Экскременттер әсерінен жүн сарғайып әлсірейді. Сорттау кезінде базалық жүнді өзге жүндерден бөліп тастау керек.

Тезекті жүн. Бұндай жүн арна ұшынан қырқылады. Кепкен экскрементті түйір түрінде жүнге жабысып қалған жүн тұлымы. Оның мықтылық қарқыны төмен, ал жуғаннан кейін – құба түске ие болады.

Қоқысты жүн. Қоқыс деп қолмен жұлынбайтын бір уыс жүнді немесе бүкіл арнаны айтамыз. Бұндай жүн дөрекі жүнді қой қырқымынан кешіктіруден, яғни түбітті талшық бөлігі оңып кетіп, малдан жүн оңай сыпырылады.

Қоқыс жұқа жүнде де яғни, қойды қорада дұрыс ұстамау, қораның тарлығы мен қойдың ауруға шалдығуы салдарынан болады.

Қоқыс жүнді өңдеу кезінде оны қосымша ашыту қажет, ол талшықтың жұлынуына әкеледі, осыған байланысты жүннің технологиялық құндылығы төмендейді.

Күзелген жүн. Күзеу дегеніміз – ұзындығы 25мм болатын қысқа жүн қиындылары, ол дұрыс емес қырқылған жүнді арнаның ұзын қырқылған тұстарын қайта түзетіп қырқудан пайда болады. Күзеу арна арқылы жасырын тұрады, ол сілкіген кезде-ақ түсіп қалады.

Жүнді күзеу кемшілік болып табылады, өйткені қышыма кезінде қысқа қылшықтар бұршақ сияқты дөңгелектеніп, киізде қал сияқты көрінеді.

Тері жүн. Тері жүн дегеніміз қырқу кезінде терінің шағын бөлігімен бірге қырқылып кеткен жүн. Тері жүнді киіз илеу кезінде қолдануға болады, бірақ оны алдын-ала күкірт қышқылы ертіндісіне салу керек, салғаннан кейін тері бөлшектері еріп кетеді, жүн теріден босайды.

Қайызғақты жүн. Дөрекі жүнде әрқашан мүйіз тәрізді пластинка сияқты қайызғақтар болады. Ол эпидермистен бөлінген. Бұл табиғи процесс, бірақ кейде мал терісі ауруымен байланысты қайызғақ көлемі біршама көбейеді. Жүннен қайызғақты бөліп алу мүмкін емес, ол киізге өтіп кетеді, боялған кезде боялмай, бұйымның сырт келбетін құртады.

Суланған жүн. Суланған жүнді сақтаудан бұрын кептіріп алу қажет, өйткені, сақталған кезде сарғаяды, егер ұзақ уақыт сақталатын болса шіріп кетеді. Суланған жүнді орамның ішін 60-80С температураға дейін ысытатын микрооргнизмдер болады, олар шіру процесін жылдамдатады.

Қаракүйе зақымдаған жүн. Жүнның қаркүйемен зақымдануы жүнді сақтау кезінде профилактикалық шараларды дұрыс ұстамау салдарынан болады.

Қаракүйе личинкалары жүн кератинімен қоректенеді, жүннің әрбір жерін кеміргіштеп тастайды. Егер жүн қаракүйемен қатты зақымдалса, оны тек киіз бұйымдарын дайындау үшін жұмсалады.













ІІ – САРАМАНДЫҚ БӨЛІМ


2.1 Шым-ши техникасындағы жүн талшығын бояу


Жүн талшығын бояу үшін химиялық синтетикалық бояулар мен өсімдіктерден алынатын табиғи бояулар қолданылады. Жүнді өсімдіктер бояуымен бояу тәсілі бұрыннан белгілі. Өсімдіктермен бояу үшін қабілет пен уақыт, тапқырлық пен аса зор назар аударушылық қажет. Алынған түс реңдері көпке сақталынатын және әдемі болып келеді.

Біздің заманда фабрикада жасалған бояулар болса да өсімдік бояулар оның жұмсақ реңді гаммасымен үй жағдайында бояуға қажет болады. Табиғи бояуларды тамыр немесе қурай, қабық немесе жапырақ, гүлдер немесе өсімдік жемістерінен алуға болады. Өсімдіктің химиялық құрамы мен оның бөліктері, өсімдік жасы, ұзындығы, өскен орны, топырақ құрамы, вегетация кезеңіндегі табиғи жағдайға байланысты болады. Жаңа шыққан жапырақ жиналады, өйткені оның бойында кәрі жапыраққа қарағанда мол интенсивті рең береді, гүлден тек жаңадан ғана бүршік жарғанын, қабықты – көктемде, яғни, осы мезгілде тез ажыратылады, тамырды - өсімдіктің гүлденуіне дейін немесе күзде жинайды. Кептірілген өсімдікке қарағанда жас өсімдікпен бояу кезінде біршама ашық әрі интенсивті реңктер алынады. Егер де өсімдікті кептіру керек болса, табиғи түс реңін сақтау үшін қараңғы жерде кептіру керек. Тамырды кептіруден бұрын жуады. Кептірілген өсімдікті тұрғын үй ғимаратының құрғақ жерінде жабық ыдыста сақтауға болады.

Жапырақ, қурай, тамыр, гүл, жеміс, бүр, қабық немесе тұқымды алдын-ала суық суға бір тәулікке салып қояды. Осыдан кейін, өсімдікті 15-20 минут сол суға қайнатады өсімдіктің 100 грамына 1-2 литр су құйылады. Алынған ерітіндіні бояуға арналған ыдысқа сығып құяды. Өсімдіктен бояуды толық сығып алу үшін оны тағы 1-2литр суда 15-20минут қайнатады. Өсімдіктен бояуды тағы да мынандай жолмен алуға болады: 24 сағат суланған соң оны сол суда 1-2 сағат қайнатады, одан кейін ыстық нәрді ұсақ матадан немесе ситодан өткізіп, суытады. Соншалықты әдемі рең алу үшін боялатын материалды, яғни жүн талшығын алдын-ала мұқият жуып шығады.

Жуу үшін де, бояу үшін де эмаль ыдыс қажет. Алюминий, қалайы мен темір бояу реңін өзгертіп жібереді, өйткені, шөпті заттарды әлгіндей ыдыстарға құюдан химиялық реакция жүреді. Шойын ыдыста кейбір дәрежеде бояу реңін

өзгертіп жібереді. Бір килограмм талшықты жуу үшін кір сабынның бір бөлігін ұсақтап бөліп, аз мөлшердегі ыстық суға ерітеді. Сабынды ерітіндіні ыстық суға құйып, көбіктендіреді. Осы суға талшық жуылады. Жүнді ақырын уқалап, аударыстырып жуамыз. Сабын ерітіндісін әдетте көбік кеткенше 2-4 рет ауыстырады. Жуылатын су жылы болуы керек, өйткені, қатты ыстық суда талшық қоңырқайлана түседі. Тәжірибе көрсеткендей синтетикалық жуу құралдары түс реңін өзгертеді. Жуғаннан соң талшықты 2-3 рет жылы суға шаямыз. Оның бойында ешқандай сабын қалмауы керек, өйткені, ол біркелкі боялуға өз әсерін тигізбей қоймайды.

Бояуға арналған ыдыс жүнді түгелдей дерлік ерітінді жабатындай кең болуы керек, әдетте сұйықтықтың мөлшері боялатын судың жеткіліксіз мөлшерінен талшық біркелкі боялмайды. Талшықты бояу кезінде оны жұмсақ ағаш таяқшамен араластырады. Ақырын жанған отта бояу қажет, егер де қатты қайнатар болсақ, боялатын материал үстіне шықпау қажет. Бояу уақыты нәр қайнаған кезден бастап саналады. Материалда бояуыш құралды бекіткіштер қолданылады. Олар химиялық (ашудас, мыс пен темір купоросы) та, немесе табиғи (табиғи құмырсқа қышқылы, тұздалған орамжапырақ тұздығы т.б.) заттар да пайдалынады. Бекіткіштер бояуды жуу кезі мен түсі бойынша біршама тұрақты жасайды. Бәрінен бұрын ашудас жиі қолданылады, осының арқасында ең ашық әрі таза реңдер: сары және қою сары түс алынады. бекіткіш ретнде мыс сульфаты немесе мыс купоросы сары, әртүрлі жасыл әрі қоңыр рең алу үшін пайдаланылады; темір сульфаты немесе темір купоросы- сұр, сұрлы және қоңыр-жасыл, сонымен қатар, қызыл-қоңыр рең алу үшін пайдаланылады. Калийдің дихроматын – сұрғылт сары, жасыл, бозғылт, қоңыр рең алу үшін және шарап қышқылын сұрғылт және ақ-қоңыр рең алу үшін пайдаланады.

Бекіткіш ретінде сонымен қатар, тұз, сірке суы, емен күлі және өзгелер қолданылады. Сақар үшін 2260г жақсы емен күлін аламыз, оғын 20 литр ыстық су құямыз, араластырамыз, су суыған соң мөлдір сұйықтықты өзге ыдысқа құямыз. Сақар дайын. Сулы боялған талшық бекіткіші су буына да жасалуы мүмкін. Бояуды бекітудің бір тәсіліне – боялған су талшықты күнге қақтау. Бояуды бекітудің әртүрлі тәсілі әртүрлі бояу реңкін береді. Концентрациялы нәрдегі өсімдіктермен аз көлемді бекіткішпен бояу кезінде сары түсті реңк, ал көп мөлшердегі бекіткіш қоңырқай рең береді. Әлсіз нәрде бекіткіш мөлшерін көбейтетін болсақ қоңырқай рең пайда болады. Жылтыратылмаған болған жүн жіп көп жағдайларда ашық-қоңыр түске ие болады. Жылтырату үшін және 100г талшықты бояу үшін: 2-3 литр су, 4г жуық квасц немесе 1г мыс купоросы немесе 0,5г темір купоросы, болмаса 1г хром алынады. Жылтырату кезінде бояу кезіндегідей су материалдарды бетін толықтай жауып тұруы керек., әйтпесе біркелкі боялмайды.

Жылтырату үші тәсіл арқылы жасалады:

  1. Алдын-ала жылтырату

Химиялық заттарды суда ерітеді, 40С температурадағы ерітендегі материалды салып, ара-арасында араластырып, 15-20 минут қайнатады. Содан кейін оны судан шығарып суын сорғытады. Сулы матаны жіп немесе талшықты суық нәрге салып, 45-60 минут қайнатады. Жылтырату кезінде немесе артынан кейін талшықты сығуға болмайды, өйткені бояуы біркелкі болмай қалады.

  1. Бояумен қатар жылтырату.

Ең көп тараған әрі қолайлы тәсіл. Боялатын затты бояу нәріне салмас бұрын, бекіткіш құралдарды мұқият араластыра отырып ерітеді. Алынған қоймалжың затты таза сулы материалға салады. Қоймалжың зат қайнағанға дейін жиі-жиі араластырса, одан кейін ара-тұра араластырады. 40-60 минут қайнатады.

Артынан кейін жылтырату. Материалды нәрде бір сағатқа жуық қайнатады. Содан кеін оны алап шығып, нәрге бекіткіш ертіндіні қосып, боялатын материалды тағы да 30 минут қайнатады. Қандай да бір өсімдікті әртүрлі жылтырату тәсілдері арқылы әртүрлі түс реңдерін береді.

Қолайлы бояу үшін жылтырату тәсілдерін рим санымен белгілейміз. I – алдын-ала, II – бояумен қатар, III – артынан кейін. Қалақай мен квасцты араластыра бояу кезінде сары түс реңкі, қара түске III тәсіл арқылы, әсіресе квасц мол мөлшерде болған жағдайда боялады. Калий дихроматын қолданғанда – I – сары-қоңыр, II – сұр-қоңыр және III – жасыл қоңыр түстісі – сұр-қоңыр түске, III – концентрациясы жоғары болғанда – жасыл-қара; мыс купоросын қолданғанда: I – жасыл-сары, II, III сұр және III –концентрациясы жоғары болғанда – жасыл-қоңыр түске боялады, шарап-қышқылымен жылтыратқанда сары-сұр реңк береді. Егер де талшықты шаймай кептіріп, одан кейін тағы да сол бояу нәрінде қайнатар болсақ талшық түсін қою қылуға болады. Бұны бірнеше рет қайталауға да болады. Әдетте боялған материалды қалаған рең алғанға дейін қайнатады. Егер де талшықты 30-60 минут қайың күлінен жасалған суыз сақарға салып қойсақ талшық түсін өзгертуге болады (сары реңкті талшықты қайың жапырағына салып қойсақ алтын сары реңге ие болады). Талшықты бояған соң суық суға салып шаяды (тек ол бояу нәрінде қалып қоятын жағдайлардан басқа кезде). Талшық ұйсып алмас үшін оны қағу мен сығуға болмайды. осыдан кейін талшықты жылы сабынды суға жуып 3-4 рет жылы суға шаямыз. Кейбір өсімдіктермен боялған жүн талшықтары жуылған соң реңктерін өзгертеді. Квасцпен жылтыратылған жасыл-ары талшық алтын-сары түске, мыс купоросымен жылтыратылған жасыл-қоңыр түспен ашық-қоңыр түс – қара-қоңыр, семір сульфатымен жылтыратылған сарғыш-жасыл мен сұр түс қоңыр түске ие болады. Егер де бояу нашар ұстаса, талшықты арша жемісінен жасалған ыстық нәрге салып шаю керек.Талшықты кептіту үшін ақырын сығып жіпке немесе ағашқа жаяды.Талшықты бірақ ыстық жерде емес жылы жерде кептіреді. Суық жерде кептірсе ол дөрекі болып кетеді. Жоғарыда айтылғандай жергілікті өсімдіктерден негзінен қара, сары, жасыл, қоңыр, сұр бояулар алынады.



Қайың Қайың жапырақтары ежелден-ақ көп таралған бояғыш болып табылатын. Оларды қосынды түрінде пайдаланған. Негізінен қайың жапырақтары сары немесе жасыл түске бояйды, бірақ жапырақ пен қосылған басқа да шөп түрлерінің мөлшеріне байланысты басқа бірнеше түстер де береді. Қотыр қайың сирек немесе аралас орманда, құрғақ топырақты аймақта өседі. Көбінесе жаңадан шыққан жапырақты немесе кейде құрғақ жапырақты пайдаланады. Бояу алу үшін жаңадан жиналған жапырақты 1 сағат қайнатқан. Ал құрғақ жапырақты қайнатқанға дейін суға салып жібітіп алады. Әдемі сары түс алу үшін қайнаған жапыраққа ашудас қосқан. Талшықты 1сағат қайнатады. Егер осындай әдіспен боялған талшықты қайың зольіна салса, ол жылтыр–сары түске енеді. Жасыл түс алу үшін талшықты алдын-ала мыс купаросының ерітіндісіне 30 минутқа салып қояды да, содан соң ашутас қосылған бояғыш сүзіндісіне шамамен 1 сағат немесе қажетті түс алынғанша қайнатады. Егер бояғыш қайнатпаға темір купоросын қосса, сұрғылт-жасыл түс алынады. Егер ешқандай қоспа-шөп қосылмаса күңгірт-боз түске енеді. Сары түс алу үшін (100г жүнге) 20г ашудас, 500г қайың жапырағы алынады. Талшықты ерітіндіде 30 минут қайнатады. Қайың жапырақтары 3-4 сағат қайнатып, сүзінді сүзіп алады да, осы сүзіндіге талшықты қайнатады. Содан соң суға шайып, кептіреді. Сұрғылт-жасыл түс алу үшін (100 г жүнге) 150 г қайың жапырағы, 1,2 г темір купоросын, 6,5г емен жаңғағы. Қайың жапырағын 3-4 сағат қайнатады. Тұнбаны сүзеді. Жаңғақты және темір купоросын бояғыш сүзіндісінде 15 минут қайнатады. Содан соң оны салқындатып, оған талшықты салады, тағы 1 сағат қайнатады. Талшықты сумен шайып кептіреді. Қайың қабығы көбінесе қоңырқай қара түсті. Көктем мезгілінде қабық ағаштан оңай алынатын “өсімдіктер жылуы” деп аталатын уақытта қабықты жас қайың ағаштарынан жинайды. Қабық астындағы ұнтақ жаңа жиналған кезде немесе кептірілген күйінде де пайдалынады. Бояу ретінде, сонымен бірге құрғақ қайың ағашының да ұнтағын да қолданады. Бірақ құрғақ ағаш ұнтағы түсі қоңырқай, күңгірт түсті болады. Әрбір 100г материалға ауада кептірілген 500г қайың ұнтағы алынады да, ол 24 сағат бойы жібітіледі. Бояғыш алу үшін, жібітілген қайың ұнтағын сол жібіткен судың өзінде 4 сағат қайнатады.

Осы ерітіндіде қайнатылған талшық ашық күлгін сұр түске енгенше бояйды. Темір купоросының қосындысында алдын-ала боялған талшық күңгір-қоңыр түске енеді. Ал темір купоросы мен мыс купоросының қосындысына бір мезгілде салынатын болса, сұрғылт-сары түс алынады. Қайыңның қабығымен боялған талшықты қажетті түс алынғанша күнге қоюға кеңес беріледі. Қайың берішін қызғыл түс алу үшін пайдаланады, бірақ оның түсі онша әдемі болып шықпайды. Ормандағы шірінді қалдықтар және осы шірінділерде мекендейтін жәндіктермен бірге күңгірт қоңырқай түс береді. Қайың қабығы басқа материалдарға қарағанда жүн материалдарын жақсы бояйды.

Күлгін сұрғылт түске (100г жүнге) 100г қайың жапырағы мен 6,5г мыс купоросы қажет. Қайың жапырағын бөлшектеп кесіп, 4 сағат қайнатады. Сүзіндіге салынған дымқыл талшықты 30 минут қайнатады. Оны шығарып алып, сүзіндіге мыс купоросын қосады да, содан соң талшықты тағы да 15-30 минут қайнатады. Талшықты шайып содан соң кептіреді.

Қанды ағаш Қанды ағаш қабығының бояуы бәріне де белгілі. Бұл ежелден бері бояғыш ретінде пайдаланылып келе жатқан өсімдіктің бірі болса керек. Біздің Қазақстан Республикасында қанды ағаштың екі түрі өседі: біреуі қабығы сұрғылттау тегіс болып келетін сұр немесе ақ қанды ағаш, екіншісі бүдірлі қабықты қара қанды ағаш. Күңгірттеу түс алу үшін қара қанды ағашты, ал ашық түске сұр қанды ағашты пайдаланса да, қанды ағаш қабығымен бояғанда бұл екі түрдің айырмашылығы онша білінбейді. Бояғыш ретінде қанды ағаштың қабығы жиі қолданады, ал оның жапырақтары, отыны сырғалары сирек пайдаланылады. Бояуға жас қанды ағаштың қабығын жинайды. Сыпырылып алынған қабықта ағаш болмауы керек. Қабығы жаңа жиналған күйінде де, кептірілген күйінде де қолданылғанымен, соңғысы тиімдірек. Қанды ағаштың қабығымен әдетте жүн мен зығырды қоңыр және қара түс алу үшін бояйды. Бояудың түсі қабықпен қосынды заттардың мөлшеріне байланысты. Құрғақ қабықты бөлшектейді де, 12 сағат бойы жұмсақ суда жібітеді, содан соң оны осы суда күңгірт қоңыр түс алынғанша қайнатады. Қосынды заттарсыз бұл сүзінді қоңырқай-бозғылт (сарғыш) түске бояйды. Ал егер сүзіндіге мыс купоросын қосса, қоңыр түс пайда болады.

Бояғыш сүзіндіге онша қанық болмаса талшық ашық-қоңырқай түске боялады. Қанды ағаш қабығынан тағы да қызыл түс алған (ашудас қосу арқылы), алайда тәжірибені қайталап жасаса да, бұндай түс болмайды. Әдетте ашудасты қосу талшыққа сары-бозғылт түс береді де, ал бұл түс уақыт өте бере тотық сары түске айналып кетеді. Қара түс алу үшін темір купоросын қосу қажет. Ал қанық қара түс қажет болса, осы талшықты қайталап қайнатып, оны содан соң кептіру әдісі қолданылған. Қанды ағаш қабығымен боялған талшықты пеште буландырады немесе күнде ашық түс болғанша ұстайды. Қара түстің қанықтығы қанды ағаш қабығына басқа да өсімдіктерді (ит жүзім қабығы, аюжидек сабағын және т.б.) қосқанда арта түседі. Талшықты бояудан бірнеше күн бұрын қанды ағаштың сабақтары мен тал ағашы қабығының қайнатылған сүзіндісіне салып қойса тіпті жақсы болады. Қанды ағаш қабығы мен қыз бүлдірген сабағының қоспасы қызыл түс береді. Қанды ағаш пен қайың қабықтарының қайнатылған сүзіндісі күлгін түсті. Сұр және қара-сұр түс алу үшін қанды ағаш қабығының сүзіндісіне аз мөлшерде мыс купоросын қосады. Қара-сұр түске 200г қанды ағаш қабығы, 50 г қашау тастың тозаңы, 13г темір купоросы қажет. Қанды ағаш қабығы салынған суды 4 сағат қайнатады. Дымқыл талшықты осы салқындатылған сүзіндіге салып оны 30 минут қайнатады. Талшыққа темір купоросын қосып, 1 сағатқа дейін қойып, бояғыш сүзіндісін салқындатады. Содан соң талшықты кептіріп, сабынды суда бірнеше рет жуады да, бірінші таза жылы суда, содан соң арша жемісінің ыстық сүзіндісіне шаяды.

Ит жүзім. Бұл биіктігі 4 метрдей болатын, бұтағы сирек, аласа ағаш. Ит жүзімнің сабағы түзу, қабығы сұр, қабығынды ашық түсті бүдірлері бар. Жапырақтарының ұзындығы 8см, ені 5 см-дей, ұшы үшкірленген, эллипс тәрізді. Гүлдері бес бұрышты, қоңырау тәрізді, ақшыл түсті. Ит жүзім мамыр айынан шілде айына дейін гүлдейді. Оның жемісі алғаш қызғылттау болады да, пісіп жетіле бере – домалақ қара жидеге айналады. Ит жүзім батыс Қазақстанның сирек және аралас ормандарда өседі. Бояу негізінде оның қабығында болады, бірақ бояғыш ретінде оның жемістері де, жапырақтары да қолданылады.

Оның қабығын “өсімдіктің жылауы” мезгілінді, көктем мерзімінде жинайды. Оны жаңадан жинап ала салып та, кептіріп те пайдаланады. Одан қоңыр, қызғылт-қоңыр, сары, сарғыш-қоңыр және жасыл түс алынады. 300г көктемде жиналып, ауада кептірілген қабықты бөлшектеп, 20сағат бойы жібітеді де, содан соң осы жібіткен суда 8 сағат қайнатады. Қоспасыз осы сүзіндіде боялған талшық ашық жасыл-қоңыр түске ие болады. Егер қоңыр түске боялған талшықты сақарға бір сағат салып қойса, оның түсі кірпіш түстес болады. Қоңыр түске (100г жүн үшін) 16г ашудас, 350г ит жүзімнің қабығы қажет. Талшықты ашудас ерітіндісінде 30 минут, ал ит жүзім қайнатпасында 1 сағат қайнатады да,содан соң оны шайып, кептіреді. Егер талшықты шаймай кептіріп алып, қайнатпаға тағы да бір ненмесе бірнеше рет қайталап қайнатса, қанық күңгірт түс алуға болады.

Ашық қоңырқай-сұр түске (100г жүнге) 150г ит жүзім қабығы, 0,7г күкірт қышқылы, 25г шарап қышықылы қажет. Ит жүзім қабығын 3 сағат қайнатып, оған күкірт және шарап қышқылын қосады. Оның үстіне дымқыл талшықты салып 1 сағат қайнатады.

Емен. Бояғыш ретінде онша көп қолданыла бермейді. Еменнің қабығымен қара түске бояуға болатыны белгілі. Еменнің қабығын ең бір шырынын бөлудің қарқынды кезеңінде, көкем мезгілінде жинайды. Емен қабығына (жасын да, кептірілгенін де), жапырақтарына тұз қосып қара және қоңыр түске бояуға болады. Жас, тегіс қабық бозғылт, күңгірт-қызыл, сұрғылт-қызыл түске, сонымен бірге қоңыр түске де бояйды, ал ескі бүдірлі қабық сұр және қара түске бояйды.

Жабайы алма ағашы. Бұл ағаштың қабығы мен жапырағы бұрынан-ақ бояу үшін қолданылады. Қабығы қоңырқай-сары, алындай сары және қоңырқай түс береді. Жапырағы – қызыл және қызыл-қоңыр түсті. Талшықты алдын-ала қайнап жатқанда, тұз қосылған қабық қайнатпасына салып алса сары түс алуға болады. Ал қоңырқай-сары түс алу үшін бояғыш қайнатпасына мыс купоросын қосады. Қызыл бояғыш алу үшін жас жапырақты кептіріп, ұсақтап, суға жібітіп алады да, осы суда қайнатады. Алдын-ала ашудасқа салынған талшықты осы жылы қайнатпаға бірнеше күн салып қояды.


Алтындай сары түске (100г жүнге) 100г алма ағашының кептірілген қабығы мен 20г ашудас қажет. Қабықты бөлшектеп 12 сағатқа дейін суда жібітіп алады да, осы суда 3-4 сағат қайнатады. Талшықты ашудас пен қоса отырып бояйды.

Қоңырқай-сары түске (100г жүнге) 300г алма ағашының жапырағы, 10г мыс купоросы қажет. Мыс купаросын сүзіндіге қосып, талшықты қайнатады да, содан соң суытады.

Қоңырқай-сары (100 г жүнге) түске 500 г ашудас, 150г алма ағашының қабығы. Талшықты ашудас ертіндісінде 30 минут қайнатады. Тағы да алма ағашы сүзіндісінде 1 сағат қайнатады. Сумен шайып, кептіреді.

Лимон тәрізді сары түске (100 г жүнге) 16 г ашудас, 150 г алма ағашының қабығы. Бұның да бояу тәртібі осының алдындағы бояу сияқты. Егер бір сүзіндіде талшықтың бірнеше мөлшері болса онда алғашқысы сарғыш-қызыл түске боялады да ал соңғылары бірінен соң бірі ашық түсті бола береді. Күңгірт бояу алу үшін талшықты 30 минут таза суда қайнатып алу керек.

Аю жидегі Құмды мекендерде, шыршалы ормандарда жиі кездесетін бояғыш, мәңгі жасыл, тармақталған сабақты көпжылдық өсімдік. Жапырақтары кішкентай, беті жасыл, жылтыр, ал асты сұрғылт-жасыл болып келетді. Гүлдері сабақтарының ұшында өседі, жиектері күлгін, өзі ақшыл. Аю жидегі көбінесе сұр және қара түс береді. Бояғыш қайнатпа алу үшін 400г гүлдеп тұрған бұтақты бірнеше тәулік бойы суға жібітіп алып, содан соң осы суда 3 сағат бойы қайнатады.

Жасыл-сұр түске (100г жүнге) 19г ашудас, 600г аю жидегінің бұтағы қажет. Ашудас ерітіндісіне талшықты 30 минут салады. Аю жидегі бұтағының қайнатпасына осы ашудасқа салынған талшықты бояйды. Содан соң оны шайып, кептіреді.

Сұрғылт-қоңыр түске (100г жүнге) 9,5 темір купоросы, 300г аю жидегінің бұтағы қажет. Темір купоросы ашудас ерітіндісіне талшықты 30 минут салады. Аю жидегі бұтағының қайнатпасына осы ашудасқа салынған талшықты 30 минут бояйды. Содан соң оны шайып, кептіреді.


Нағыз қызыл бояушөп Нағыз қызыл бояушөп гүлдерінен қызыл және сары түсті бояу алады. Ақшыл-күлгін түске (100г жүнге) 100г қызыл бояу шөп алынады. Оның үгітілген тамырына су немесе квас құяды да, осыған қажетті бояу алғанша қайнатады. Талшықты бояп болған соң, жылы сумен жуып-шайып, кептіреді. Талшықты боямастан бұрын ашудас ерітіндісіне жарты сағатқа салып алуға болады. Маренді-қызыл түске (100г жүнге) 50г ашудас, 50г ақ шарап тастары, 200г қызыл бояу шөбінің тамыры қажет. Талшықты жарты сағат ашудас ерітіндісіне немесе шарап тастарына салып алады. Қызыл бояу шөбінің жібітілген тамырында 15 минут қайнатады. Осы қайнатпада талшықты 1 сағат қайнатады. Боялған талшықты шайып, кептіреді. Күңгірт марен-қызыл түске (100г жүнге) 19г ашудас, 16г шарап тасы, 250г қызыл бояу шөбінің тамырлары. Талшықты осының алдындағы рецепт боынша ашудасқа салып алды. Суық суға алдын-ала жібітілген қызыл бояу шөбінің тамырларын және талшықты салады.Суды қайнауға дейін жеткізеді, бірақ қайнатуға болмайды. Талшықты осы суда анда санда араластыра отырып, 1 сағатқа дейін салып қояды. Боялған талшықты шайып, кептіреді.













    1. Қазақ халқының қолөнер саласындағы шидің дамуы.

Ақ үзіктің оюы

Ақ көңілді демейді.

Шилерінің өрнегі

Шеберлігің зор дейді.

Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түркімендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздар оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін де пайдаланады. Оны әр түрлі шаруашылық мүддесіне, мәселен, киіз басу сияқты жұмыстарда да пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғап тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсейді. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден тоқылған.

Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.

Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің кергесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.

Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.

Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топтанып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, өгізге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.

Қысқасы тоқылған шым-шиді қазақтар өте жоғары бағалайды және оны өте ұқыпты тұтынған. өйткені, оны жасау үшін көп уақыт және айтарлықьай қаражат жұмсалады.

Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым-ши тоқытып, үйретілетін арнаулы орын бұрынғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.

Қыздар мен жас келіншектер шешелері мен әжелеріне көмектесе отырып, олардың жұмысына, өнеріне зейін қойып жүріп, үйреніп алытын болған. Атақты шеберлер қолөнер саласындағы бірнеше өнердің техникасын меңгеріп тұс киіздер мен сырмақтар жасап, өрнекті шым-ши тоқумен бірге, тігіншілік пен киіз үйдің бау-басқұрларын да жасай алатын болған. Мысалы, үлкен бір қанат ши үшін екі қой төленген. Бірақ, дәл мынадай болсын деген нарық, нақтылы баға қойылмаған.

Қазақтың өрнекті шым-шиі ең алдымен өзінің декоративтік жарқын бейнелілігімен ерекшеленеді.

Бұл орайда айта келетін бір жай ши өңдеп, өрнектеп, шиге түр салу өнерінде қазақ шеберлеіне, туысқан халықтар ішінде, көршілес қырғыз халқы шеберлерінің өрнек үлгісінің ең жақын, кейбір ұқсастық белгісінің мол екендігін байқаймыз. Мәселен, Қырғыз республикасының Талас аңғары, Тянь-Шань, Тоғыз-Торау, Ат-Башинский, Джалал-Абад, Ош аймақтарында бұл үлгілердің кең тарағанын, музей коллекциялары мен әдебиет материалдарының негізінен аңғаруға болады. Әрине, бұлар бірі-бірінің көшірмесі емес.

Шидің түрлері және оның жасалу технологгиясы

Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым-ши деп үш топқа бөлуге болады. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартызған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшігк, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс салуға ыңғайлы болу үшін қолданатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым-ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.

Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым-ши мен орама ши пайдаланылады. Шым-шиді кейде «жез ши» деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жер оралған кезден қалған атау болса керек). Шим деген сөздін өзі түрлі түсті деген мағынаны береді.

Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазақтың «ши тарту биі», «ши шымылдық» дейтін ұлт ойындары содан қалған.

өрнектеп ши тоқу өнерін қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салаған түрлері жүзтеру деп аталды. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп – қонғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қамау үшін, алақан ши шым-шыдің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екіші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанмен оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым-ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алданда ши сабағының қабығын аршуды атайды. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсыз да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.

Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі – түсті жүннен орап үлге салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды да шеберлер тізу деп атаған.

Ши тоқу – ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріп белгіленген жеріне қарай бірінен кейін бірін қарапайым құрал арқылы 12-15 жерден жіппен шалып байластыру.

Шаршы – бір тұтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек түрі түсуі мүмкін, оның жүзтеру, патшайы, қошқар мүйіз дейтін атауларры бар.

Шыбық – шаршы гүл түрі салынған шидің аяқталған шетінен шидің өн бойына бір түсті әр түрлі жүннен оралған шидің бөлігі.

Ала қанат – шидің өрнегі тозып, қажалып кірлемеу, көшіп қонғанда бүлінбеу үшін шыбын қанатқа жалғастыра ақ шиден сиректеу етіп, шидің екі жағынан 20-40 см шамасында тоқылған бөлігі.

Шабу – шиді тоқып болған соң екі шетін тегістеп қырқып тастау.

Ши есік – шым-шиді киізге тігу әдісімен киіз үй есігінің ішкі жағын әсемдеу үшін пайдаланады. Етек жағы әшекейленбей жай ғана әдіптеліп көмкеріледі.

Бұдан басқа Р.Карутцтың айтуы бойынша қазақтың Адай тайпасында түрлі зат қою үшін текше сөре жасауға да пайдаланған. Өрнекті шым-ши тоқу үшін шиді дайындағанда өте ұқыпты түрде, ши сабағының әрі ұзын, әрі жіңішкесін сұрыптап жинайды. Оны бір-бірлеп түрлі түске боялған қой жүнімен енмесе көктемгі көпсіп тұрған түйе жүнімен орайды. Дәулетте, тұрмысы жақсы кісілер жібекпен де орайтын болған. Мұны ши орау дейді.

Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі – тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау. Екіншісі – жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірден өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды.

Оралған шилерді өрнегіне сәйкес өз алдына бөлектеп жіңішке шуда жіппен тізіп отырады.

Жаңа өрнек үлгісімен оралғанда оралатын шиді үлгінің үстіне салып өлшеп, санай отырып буындарға бөліп орайды. Мысалы:

Бірінші Екінші Үшінші Буын сайын

Буын – 5см буын – 5см буын – 5см

Көк түс қара түс көк түс 8 ши

Қара түс ақ түс қара түс 8 ши

Көк түс қара түс көк түс 8 ши

Сонда осы 24 шидің өрнегі мынадай шахмат түрін жасайды:

Көк қараша көк

Қара ақ қара

Көк қараша көк

Оралып, өрнектеліп болған әрбір тал шиді сол талдың өзі үйлескен (мұны шеберлер «иындасқан» деп атайды) шиіне шуда жіппен бір шалып байланыстырып қояды. Соңынан тоқығанда оларды шатастырмай, осы қатарымен алып тоқиды.

Шиді орағанда оның түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек. Әйтпесе шидің бір шеті жұқа, майысқақ болып, екінші шеті (яғни шидің түпкі шеті) тым қалыңдап кетеді. Ондай шиді жинау да қиын.

Шиді тоқуға арналып иірілген жіп екі қабатталып ширатылып, бірнеше домалаққа төгіледі. Домалақтарды салмақты ету үшін жіпте темірге немесе тақа төгеді. Мөлшері орташа бір қанатшидің өн бойы 9-11 жерден тоқылады. Тоқу ісіне керекті ең негізгі станок – арқалық (сырық). Арқалықты екі басынан жіппен байлап, биіктігі шамамен 1 метр 20 см келетін ағашқа асып қояды.

Арқалықтың өн бойын әр жерден тоқылатын жіп ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін домалақталған жіптерді арқалыққа дәл ортасын келтіріп көлденең асады.

Осылай қатарына асылып тұрған жіптің ортасына әкеліп бірінші шиді сырықты бойлата салады да, әлгі жіптерді әрлі-берлі айқастырып домалақтарын ауыстырады, яғни тоқушы арқалықтың ар жағындағы домалақты оң қолымен алып, бергі жағына түсіреді. Осы төртіппен шидің өнбойы тоқылып шығады. Ши мен шиді тізетін тоқу жібі әрбір шиді ораған сайын екі жіп өзара бір айқасып есіліп отырады. Мұны шебер өз жағындағы домалақты біресе оң қолымен, біресе сол қолымен ауыстыру арқылы оңай орындайды.

Тоқылатын шиді басталған жағы мен аяқталған жақ шетіне үш шиді қабаттап әуелі өз алдына бір рет жай жіппен ерсілі-қарсылы сирек орап байланыстырады. Қара жүннен иірілген жіппен ақ шиге оралған осы бір сайластырудың өзі үшбұрыштардың тізбегі сияқты өрнек болып шығады. Мұны ши ораушылар «шыбын қанат» өрнегі дейді. Тоқи бастағанда бір немесе екі қарыстай жерге ыңғай осыларды салып тоқиды. Сонда тоқылған шидің екі жақ шеті қалыңдап, берік шығады. Ши тоқушылар мұны қарақұс деп атайды. Бұған шидің бауы бекітіледі де, оны басқа бір затпен байланыстыруға мүмкіндік жасайды. Тоқылып болған шидің бас-аяғын тегістеп қырқады. Кейбір адамдар қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен, киізбен көмкеріп тігеді.

Халық қолөнерінің шеберлері өрнекті шым-ши, орауы ши, ақ шилерді қанат шилер деп атайды. Сонымен қатар қазір кейбір облыстарда там үйдің қабырғасына ілетін ши кілемдер де тоқылып жүр. Бұлардың өрнек – оюлары өте әсем келеді.









2.3 Шым – шидегі ою-өрнектің мәні және технологиясы


Шым-ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым-ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайлығымен көз тартады.

Шым-ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзандық ою, екі жақты ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепетеңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым – ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «Шаршы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым-шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларын ашық жерге түсіргенде геометриялық қоршау, көмкеру кезінде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым-ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді.

Шым-ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым-ши тоқу өнерінде ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталды деп үзілді-кесілді айту қиын.


Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кеінгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орындарын суреттейтін бізге келіп жеткен ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімінен шықты деп шамалауға болады.

Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз. Өнердің мұндай түрімен Орта Азиядағы басқа халықтардың ішінде қырғыз халқтары да ертеден айналысқан. Өрнектеп шым-ши тоқудың технологиясы мен әдістері кейбір Кавказ халықтарына да белгілі. Мәселен, Азербайжан тұрғындары күрдтар да шатырдың қабырғасын әсемдеуге пайдаланады.

Қазақтың өрнекті шым-шиі ең алдымен өзінің декоративтік жарқын бенелілігімен ерекшеленеді. Декоративті ши тоқуда салынған өрнек түрлерінің ірі болып, бояу түстерінің сәйкес келуі, көбінесе қызыл, ақ, көкшіл сілемінің басымдылығынан көрінеді. Басқа сары, жасыл, қоңыр түстер бос қалған жерлер мен жиектерін толықтыру үшін түсірілетін кейбір майда түрлер салу үшін қолданылған.

Әр түрлі варианттағы көп бояулы түрлер салынған шилер өз алдына бір топқа жатады. Оның бояулары қазақтың қолөнер саласындағы басқа да барлық өнерінің түріне қатысты. Бұған барлық кеңістікте текпішекті ромба түрінде, бірінен соң бірі келіп отыратын композицияда тоқылатын шиді жатқызуға болады. Мысалы, көп бояулы болып келген жағдайда белгілі бір тәртіп сақталып, бояулардың ауысып келіп отыратындығы байқалады.










Шиден жасалатын заттар

ақ ши

алаша ши

ас шиі

аяқ қап

ау

етқана

есік

жолым

кілем ши

киіз басатын ши

күрке

күзу шиі

қазан жапқыш

қар ұстағыш

қабырғалық

мал соятын ши

масақана

саба төсеніш

сақар ши

терезе жапқыш

тұс ши

ши қора

ши қалпақ

ши есік

шом

шым ши

шыны қап

шыпта



Тапсырма---.1.

Шым ши техникасын менгеру. Қүрал-саймандар және шикі зат:








а. Ши тоқудың ежелгі әдісі.


Ши тоқудың ежелгі әдісінен көрініс






б. Жаңа технология бойынша шым ши тоқу әдісі.


Ши тоқуға арналған тақтайша, көлемі 90X70



Тақтайшаға орнықтырылған бұйымның жобасы.


















  • Жоба бойынша шым ши бұйымын тоқу әдісі.














Дайын бұйымның көрінісі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Адамқұлов Н.М. «Ұлттық қолданбалы қолөнер» Алматы, 2005 ж

  2. Момынбаев Б.К., Өстеміров К.У. «Кесіптік техникалық пәндер» - Алматы, 2005 ж.

  3. Өстеміров К. «Кәсіптік окыту әдістемесі»-Алматы. РадиАл. 2006 жыл. 240 бет.

  4. Өстеміров К., А.Айтбаева. «Қазіргі білім беру технологиялары». - Алматы, АГТУ баспасы. 2006 ж. 108 бет.

  5. Адамқұлов Н.М. Өнімді еңбек Талдықорған., 1997 ж.

  6. Нұрке М.С. «Жүн бұйымдарының технологиясы» Кәсіптік білім жүйесіне арналған «Альбом». Алматы, 2008 ж.

  7. Өстеміров К.Ө., Шәметов Н.Р., Васильев И.Б., «Кәсіптік педагогика». -Алматы ., 2006 ж.

  8. Адамқұлов Н.М. т.б. «Әдістемелік кеңес» Алматы, 2012.

  9. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030. Білім баспасы,1998,Б.93

  10. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. Алматы, Өнер,

1987, Б.24, 128 .

  1. Жанибеков Ө. ЭХО. Алматы, 1986, Б.60.

  2. Марғұлан Ә. Казахское народное прикладное искусство. Алматы, 1986, 1 т., Б.34.

  3. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1971, Б.189.

  4. Балтабаев М. Х. Педагогикалық мәдениеттану.

Алматы, 2003. 283 б.

  1. Сатқанов О. Еңбекке баулу. Алматы, 1994, 181 б.

  2. Өтемұратова Б.С. «Оқушыларға эстетикалық тәрбие

беруде қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалануға музыка мұғалімдерін дайындау». Дис.пед. ғыл. кан. Алматы, 2000, Б.14-19.

  1. Құтпанбаев А.Қ. «Оқусыз білім, білімсіз қоғам болмайды».

// Алматы Ақшамы, 1998, 20 қаңтар, Б.3 .

  1. Өстеміров К.Ө., Адамқұлов Н.М. т.б. Технология. 8-

сыныпқа арналған байқау оқулығы. Алматы, 2000, Б.224.

  1. Өстеміров К.Ө., Адамқұлов Н.М. т.б. «Технология».

Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы, 2000, Б.91.

  1. Момынбаев Б., Адамқұлов Н.М. Технология. Жалпы

білім беретін мектептің 9 сыныпқа арналған байқау оқулығы. Алматы, 2000, 199 б.

  1. Адамқұлов Н.М., Әльмағанбетова Д. т.б. Технология.

47



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Автор
Дата добавления 06.04.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1940
Номер материала 476002
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх