698795
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеРабочие программыҰшқыны Ұлы Жеңістің 8 сынып

Ұшқыны Ұлы Жеңістің 8 сынып

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақ тақырыбы: «Ұшқыны Ұлы Жеңістің»

Сабақ мақсаты:
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру

Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер, қабырға газеттері

Ұйымдастыру кезеңі:

1Оқушыларды сахнаға тұрғызып, қонақтарды күтіп алу

2. Соғыс ардагерлеріне гүл шоқтарын ұсыну
Бастаушы:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ұшқыны Ұлы Жеңістің» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Сіздерді Ұлы Жеңістің 70- жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Еліміздің азаттығы мен тыныштығы үшін өз өмірлерін қиған аталарымыз бен апаларымыздың, жастай қалған ағаларымыз бен әпкелеріміздің рухына бас иіп, батырларымыздың ерлігі мен жасампаздығын еске алып, құрметімізді осы кеш арқылы білдіруге рұқсат етіңіздер.
Мұғалім:
Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
Оқушы:
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен, елімізге,
Ерлік тегін келмеген.
Оқушы:
- Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар мерт болды, сан миллиондаған азаматтардың шаңырағы шайқалып, жесірлер мен жетімдердің саны да көбейді.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Оқушы:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір а
на қайғыны.
Мұғалім:
- 1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Неміс фашистері соғыс болмайды деген өз сөздерін өздері бұзып, тыныштықта тұрған бейбіт елді әп – сәтте –ақ күңірентіп жіберді. Бұл соғыс тарихтағы ең қасіретті де, қайғылы соғыстың бірі болды. Бейбіт ел тыныштығынан, адамзат арманынан, ана перзентінен, бала жанаашырынан айырылған қасіретті жылдар болды.
Оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан эау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Оқушы:
- Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Бұл күндер жастың арманын , қарттың үмітін үзген күндер болды.

Оқушы:

1941 жыл ақпандатқан

Сыртта аяз

Ауылымызды ақ қар жапқан

Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,

Алапат – аспан , жерді аттандатқан.


Оқушы:
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлды төнген күнде.

Бәрі:
Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.
Оқушы:
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
Оқушы:
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
Мұғалім:
- Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!


Оқушы:
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын!
Оқушы:
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!
Оқушы:
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
Оқушы:
Жеңіс, жеңіс!
Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Оқушы:
Жеңіс, жеңіс!
Мектебіміз
Ашқан бізге есігін
Ұмытылмас өткеніміз
Батырлардың есімі.
Оқушы:
Қия шыңға өрмелелеңдер,
Болашаққа батыл бар.
Жеңіс деген өрен ерлер
Мәңгі өлиейтін батырлар.
Оқушы:
Әсем әндей, қоныр күйдей,
Жылдан - жылға жаңғырып.
Жаса, Жеңіс – ел ерлігі
Сен жасай бер мәңгілік!


Оқушы:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Оқушы:
Ау, адамдар – даналар!
Соғысқа қарсы балалар!
Өркендей берсін қалалар!
Оқушы:
Гүлдене берсін далалар!
Тыныштық керек ол үшін.
Оқушы:
Өркендесін туған жер,
Өркендесін туған ел.
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалиасын шалқар көл!
Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!

Оқушы:

Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған

Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.

Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
Оқушы:
- Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес одағының батырларына, ардагер апаларымызға басымызды иеміз!

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырларының суреттері интерактивтік тақтадан көрсетіледі.
Оқушы:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен даласын қорғады
Пәк жүзді арай баласын қорғады.
Айтыс
1-оқушы:
Айтып қойшы қарағым,
Қандай боп жүр сабағың?
Жайын біліп қояйын,
Сендей сері баланың.

2-оқушы:
Сөзін тыңда қарағым
Мен секілді баланың
Сабақтан мен алдамын,
Өнерден де қалмадым
Бүгінгі жеңіс тойыңда,
Шырқатып ән саламын. 
1-оқушы:
Таудай үлкен талабым
Мен бармақтай баламын.
Ертең өсіп толамын
Мен дәрігер боламын:
2-оқушы:
Ал мен 21 ғасырдың –
Президенті боламын!
Халық қамын ойлайтын
Мен азамат боламын.
Екеуі бірігіп:
Қарамаңыз кішкентай бойымызға,
Биіктейді жыл сайын ойымыз да.
Біліммен де достасып, еңбекпен де,
Ел алғысын алармыз ержеткенде.



Мұғалім: Құрметті, ардагерлер, ұстаздар, оқушылар: «Ұшқыны Ұлы Жеңістің » атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Әрқашан еліміз бейбіт, жеріміз тыныш болсын. Соғыс атты сұрапылды біз, біздің ұрпақтар ешқашан көрмесін. Соғыстың оты ешқашан тұтанбасын. Біз үшін ерлік жасап, біздердің азаттығымыз үшін күрескен ата- бабаларымыздың ерлігі мәңгі жүрегімізде сақталсын.



























Краткое описание документа:

    "Ұшқыны Ұлы Жеңістің" Жеңістің 70 жылыдық мерекесіне арналған сынып сағаты. Сабақта өлеңдер, жырлар, анықтамалар берілген. Соғыс ардагерлеріне арналған құттықтау сөздер жазылған. Оқушылар өздерінің айтпақ болған сөздерін өлең шумақтары арқылы жеткізген. Қазақстаннық Кеңес Одағының Батырлары туралы да  мәліметтер беріліп өтілген.

Жас ұрпақты тарихты , соғыс жылдарында ерлік жасағандардың есімін ұмытпауға  тәрбиелейтін   сабақ арқылы   ата - бабаларымыздың есімін мәңгі жүрегімізде сақтау қажет екенін ұғындырамыз. Бұл -сабақ биылғы үлкен де, ұлы мереке қарсаңында қажет сабақтардың бірі.

Общая информация

Номер материала: 451780

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Мерчендайзинг»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс «Инспектор по кадрам»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.