Инфоурок Классному руководителю КонспектыШығыстың қос шынары Алия мен Мәншүк.

Шығыстың қос шынары Алия мен Мәншүк.

Скачать материал

Шығыстың қос шынары

Мақсаты:

1)    Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту; Өжет мінезді Әлия мен Мәншүктің қайсарлығын , ұлт жандылығын, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету;
2) Оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге , оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
3) Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 Сабақ барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгін біз «Шығыстың қос шынары» атты ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.

Гитлердік Германия 1941 жылы 22 маусымда  Кеңестер Одағына шабуыл жасады. Олардың мақсаты Кеңес  елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру және дүние жүзіне үстемдік орнату болатын.

«Ел басына күн туып, етігімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезкңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі  қан майданнан оралмады, хабар-ошарсыз кетті, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары  аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмағанжарасы жүрегімізді сыздатады.

Ал  қазір «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты бейнежазбаны тамашалаңыздар.

 

Динара: «Мәңгілік от»

Мәңгілік от лаулаған

Жерден шыққан жалындай,

Қызылдығы аумаған

Жауынгердің қанындай.

Тұрған жоқ ол маздап құр,

Ұққанға көп сыр айтар.

Болсадағы аздап бір

Барғандарды мұңайтар.

 

Жүрегінің алауы

Ағалардың кешегі,

От мәңгілік жанады,

Келешекке көшеді.

 

Өтсе де ерлер өмірден,

Ұрпақтар көз жазбайды.

Өшпей мәңгі  көңілден,

Мәңгілік от маздайды.

Жүргізуші (Айида): Соғыс! Зұлмат соғыс! Сұм соғыс! 1941 жылдан бастап қазақ халқының ұлдары мен қыздары соғысқа аттанды. Соның ішінде Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова да бар еді.

Мағжан:

Өмір өз мінбесінен сөз берді,

Тебіреніп толғанатын кез келді.

Қантөгісті көрмесек те кешегі,

 Айтамыз біз естігенді, сезгенді.

Жүргізуші (Нұрдәулет): Дәл соғыс басталған 1941 жылы 21 маусым  күні Әлия мен балалар үйіндегі балалр Свирекс стансасының жанындағы саяжайда болды. Түс ауа соғыстың басталғаны туралы хабар бұларға да жетті.

Көрініс «Әлияның соғысқа аттануы»

(Тәрбиешісі Әлиядан соғысқа бармауын сұрауда)

Тәрбиеші(Динара): Лия! Соғысқа бармай-ақ қойшы, соғысқа бара жатөқан азаматтарымыз да аз емес қой. Әлі жассың ғой.Соғысқа бару өтінішіңді қайтып алшы.

Әлия(Нұрсұлу): Жоқ! Отанымды, елімді, жерімді қорғағым келеді. Мен соғысқа барамын. Өтінішімді қайтарып алмаймын. Өз қолыммен фашистерді өлтіремін. Елімді, жерімді қорғаймын. Қош...

Тәрбиеші(Динара):)

 Лия, Лия,...

Әлия(Нұрсұлу):

Отан деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Көрініс: «Мәншүк пен анасының қоштасуы »

Апасы:(Гүлнафис )Құлыным , Қайда жүрсеңде аман бол . Елің үшін аянбай күрес.

Мәншүк(Жұлдыз):Апа ! Сіз менің медициналық кітаптарымды  сақтап қойыңыз . Соғыстан келген соң оқуымды жалғастырып,әжем екеуіңізді емдеймін . Сіз мені көп ойлай бермеңіз . Жауды әлі –ақ жеңіп келеміз .

Апасы:(Гүлнафис ) сапарларың оң болсын , бір Аллам өзі жар болсын .

Мәншүк(Жұлдыз):Отан ана жылағанда шерленіп

                                   Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

                                   Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те 

                                   Қолымызға қару алдық ерленіп .

Бейнежазба: « Мәншүк Маметова»

Көрініс.

Соғыс кезеңі . Жауынгерлердің демалыс сәті . Жиналғандар арасынан бір – біріне :

-Бүгін ойын –сауық көріп , көңілді бір көтерейікші .

-Би – билеп , өлең айту орынына  жоқтау айтып жылау керек .

- Біреуге соғыс , біреуге ән-күй керек .

-Әй қыздар-ай, тілдерің –ай осы сендердің !

-Қане , өнерпазым,  аш сандығыңды , айтайық бір шырқап ән .

Бізде қосылайық.

Шығыстан күн көрінеді ,

Бара жатыр батысқа.

Біздің әскер көңілді ,

Дайын жаумен атысқа  .

Гитлерге қоныстың

Болмас енді керегі.

Машинасы орыстың

Бирлинге де енеді .

(Барлығы қосылып ән айтады )

 

-Мәншүк , сен неге ән айтпай отырсың ?

-Мен хат жазып отырмын. ( Үнтаспадан оқылады )

«Әпкетай, өзіңізді қатты сағынып жүрмін, кезекті шайқастан соң көбіне қиялға берілемін, егер тірі қалсам, үйге асығып жететінімді ойға аламын . Бірақ соғыстың аты соғыс, мені қандай тағдырдың күтіп тұрғаны белгісіз, одан аман-сау шығуым да екіталай да болуы мүмкін. Мен сізге бүкпесіз хат жазып отырмын , бірақ құр уайымға беріліп жүдей бермеңіз . Егер олай –бұлай болып кетсем, онда Отан үшін, әкем үшін жанымды қиғаным. Бетіңізді сүюші , қызыңыз Мәнсия.»

(Барлығы «Катюша» әнін орындайды.)

 

(Осы кезде сырт жақтан майор  Сыздықов кіріп келеді. Барлық жауынгерлер сапқа тұрады . )

Барлығы :Отан үшін қызмет етеміз !

Майор: Мәншүк , сенімен бірге қанша адам келді ?

- Бір бөлімше!

Майор : (дайындықтарын, мұқият тексеріп шығып) Байқаңдар, Мәскеуді « Әуе шабуылынан» қорғауға барасыңдар. Кімнің қандай объектіде  болатынын ауданның әскери комендаты айтып тиісті нұсқай береді .

Міндеттерің әуе шабуылынан  сақтану, түсінікті ме ?..

-Қазақстанның кез-келген бөлімнің жауынгерлері астананы күзетеді деп сенемін..

Майор : Бұрын күзетте болып па едің, сержант Мәншұк ?

Мәншүк (Жұлдыз): Бірінші рет. Адал қызмет көрсетуге тырысамын !

-Онда солай , жолдас жауынгер! (Шығып кетеді )

Жауынгер : Ал, ендеше ұрысқа дайындалайық...

 

Әлия (Нұрсқлу): Біз сендердей жаңа шыққан гүл едік ,

Жерге бақыт елге бақыт тіледік

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік ?

Мәншүк (Жұлдыз): Біз көрмедік  бал бақыттың ақ таңын ,

                                    Естімедік махаббаттың тәтті әнін.

                                    Бізге жылы хат жазатын жігіттер

                                    Қаныменен қарға жазды хаттарын.

Мәншүк  (Сәулет)       

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап,снарядтар қаққанда ызың, 

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі «максим» оның

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен  тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар төгіп қатуланған.

Отан үшін шайқастан ауыр күнде,

Төнсе де өлім қаупі жасымаған .                     Сәду Машақов.

 

Айида: 1944 жыл. Ресейдің қылшылдаған қысы. Ұрыс жүріп жатыр. Зеңбірек зіркілі, пулемет үні, зуылдаған оқ орыс даласына тек өлім сеуіп тұр.Траншеяға бірінші боп кірген Әлия тар жерде кертетілді де қалды.Немістің офицері бірінші атып үлгерді. Әлия автоматтан  үсті-үстіне атқылады.

 «Әлияның өлімі» көрінісі көрсетіледі.

Әлия (Нұрсұлу): Отан үшін алға!..

Уәлихан: «Әлия»

Күн мұнар, көк түтін боп майдан үсті,

Сұрапыл соғыс сонша болды күшті.

Қыратын жаудың шебін алды жақта,

Жаралы жатқан жанға көзім түсті.

Бетінен танытпады аққан қаны,

Қосылған аққан қанғамайдан шаңы.

«Қош, елім, қош, туған жер» дегенде ол

Даусынан тани кетем Әлияны.

«Қарындас, Әлияжан, мақтанышым!»

Дедім де батыр мерген қызды құштым.

«Әперші, мылтығымды, бер атайын,

Ақырғы оқ Берлинге жеткенше ұшсын».

Әпердім, ақырғы рет жиып күшін,

Кезеніп жау жағына, қайрап тісін,

Мылтығын бұрынғыдан берік ұстап ,

Атты ол деді дағы  «Отан үшін!»

Өзегін өртегендей қанды шоғы,

«Аһ» мылтық шіркін, ұшып оғы.

Шықса да оқпен бірге кеудеден жан,

Мылтықтан айырылмады мерген қолы.                 Жұбан Молдағалиев.

 

Нұрдәулет: Елім деп еңіреген қазақ қызы ауыр жарақаттанды. Есіл ер қаза тапты. 

Домбыраның екі шегі азалы  шерден ызалы күйік қайырғанда Әлия еске түседі...Батыр Әлия...  Қобда мен Невағв ғашық Әлия...  Жерін сүйген Әлия...  Халқына жыр болған Әлия... Розадай сіңлісіне ән болған Әлия...   Артында ұрпағына ұран болған Әлия...   Әлия ғұмыр...

 

Аян: Даламыздың даңқысың,    Балауса гүл, балғын қыз.

          Жанын қиып халқы үшін, Жанып түскен ақ жұлдыз.

          Мәңгі жасап жерде енді, биік бол деп таулардан,

          Сенің балғын бейнеңді , жасап қойдың мәрмәрдән.

         Бірге соқсын дүрсілдеп, туған жермен жүрегің.

         Арасында жүрсің сен, әнге қосып жүр елің.

Бейнекөрініс : «Аңыздан туған батыр қыз-Әлия»

Ән: «Әлия», орындайтын Нұрсұлу.

 

 

Айида: Жер мен көктің арасын шарпығанда қалың өрт,

Әлия орыс қаласын, азат етіп болды мерт.

Ол жеңісті көрген жоқ, келді кейін азат күн,

Бірақ мәңгі өлген жоқ –батыр қызы қазақтың!

 

Нұрдәулет: Ия, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазаұ халқының талай ұлдары мен қыздары ерлікпен қаза тапты. Ендеше жеңіс үшінжанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апалар мен әжелерге бір минут үнсіздік жариялаймыз.

(Бір минут үнсіздік жарияланады)

 

Мәншүк (Жұлдыз):

Қатар тұрмыз қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан тереміз.

Біздер өлдік өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

 

Әлия(Нүрсұлу):

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

 Қолымыздан осы болды келгені

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

 

Жомарт: Жеңіс дауы-құдіретті үн,  Құйылды кеп кеудемізге.

                Қалдық ұйып, дүние шіркін, Өліміз бе, тіріміз бе?

                Тік көтеріп шаттық дауыл, Өрт боп қаулап шықтық сыртқа.

                 Өткен қала , туған ауыл. Не күйде екен осы уақытта?!

Гүлнафис «Сен құрметте оны»:

Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ ,  Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде, Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды Өр кеудесімен қақты

Ол арыстанша алысты, Өлім соққысын өз үстіне алды

Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол Азаттық жолында аяғын!  (Әбу Сәрсенбаев)

Аийда: Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім

              Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

              Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін,

              Ардагерлер -  естелігі соғыстың

Өркен: «Желбірейді жеңіс туы»

Бақтағы гүлдер балбырап,

Тұп-тұнық шықпен жуынды.

Күмістей күлкі саудырып ,

Көшеге халық ту ілді

 

Кернеді шаттық жер үстін,

Мерейін шашып адамға.

Көтеріп туын жеңістің

Батырлар шықты алаңға.  (Құрманбай Толыбаев)

 

Хор: «Менің Қазақстан»

Аийда: Құрметті қонақтар мен оқушылар, осымен «Шығыстың қос шынары» атты тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын! Келесі кездескенше!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығыстың қос шынары Алия мен Мәншүк."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл тәрбие сағаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Бұл тәрбие сағатты өткізгендегі мақсатым:   Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту; Өжет мінезді Әлия мен Мәншүктің қайсарлығын , ұлт жандылығын, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету; Оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге , оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу; Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Бұл тәрбие сағатында оқушылар Алия мен Мәншүктің өмірінен көріністер көрсетеді. Бұл оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады. Сынып жетекшілер осы күйінде қолдана алады.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 953 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.05.2015 6754
    • DOCX 26.8 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейдалиева Акбота Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейдалиева Акбота Сайлауовна
    Сейдалиева Акбота Сайлауовна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 85306
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 989 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции