Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015» атты салтанатты жиын сценарийі

«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015» атты салтанатты жиын сценарийі

Скачать материал





«Дәмді орта мектебі» ММ







САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:


hello_html_7283266d.gif






hello_html_m281ff999.png
























2014-2015 оқу жылы







«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015» атты салтанатты жиын сценарийі


25 мамыр 2015 жыл


(мектеп алаңы безендірілген, шарлар, қоңырау, гүлдер ілінген, «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»)

Жүргізушілер: ДТЖО Байгенжина Д.Е.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Костин О.Б.

І. Сапқа тұрғызу.


1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-Жүргізуші: Менің Қазақстаным! Туған жер! Алтын ұя мектебім! Сен бізге күш-жігер, қайрат, сенім беріп отырасың! Сенің бауырыңда талай ұлттың баласы ер жетіп, өзіңніңжүрек жылуң мен меіріміңді сезінеді. Балапандай баптап, ұядан қияға өз қолыңмен мыңдаған ұлдарың мен қыздарыңды биікке самғаттың!

2-Жүргізуші: Мектеп табалдырығын «тарыдай болып аттап, таудай болып» түлеп ұшқалы отырған, мектеп түлектері мен қаншама білім нәрін сусындатқан ардақты ұстаздарымыздың ұлы мерекесі!

Мерекелеріңіз құтты болсын мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар , қонақтар!

1-Жүргізуші:

Думанды дүбір ән жырлы

Жайқалған өмір жас бағы

Мhello_html_m22561c07.pngінеки, тағы бір жылды

Сырғытып ары тастады.


Ұстаздардың – жаны нұр

Шаттық күйін бөліскен.

Аяқталды тағы бір

Оқу жылы жеміспен-

дей отырып ортамызға бастауышпен қоштасып 4-сынып және сынып жетекшісі Ещанова Гүлнар Қалбайқызын шақырамыз.

2 -Жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға.

Қарсы алыңыздар. Мектеп түлектері мен сынып жетекшісі Махмұтова Гүлшат Оразбекқызы.


1-Жүргізуші. Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.

(Ту әкелінеді)

2-Жүргізуші. «2014-2015 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиының ашық деп жариялаймыз!»

Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

Қош келдің, айналайын халқым менің!

1-Жүргізуші. Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықтқа,

Жарасады жігер берер әнұран

Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекттік Әнұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)

2-Жүргізуші.

Бүгінгі салтанатты жиынға келген құрметті қонақтармен таныстырып кетсек:

1. Мектеп директоры – Күзембаев Мұратбек Баяханұлы


2. Ауыл әкімі – Оразбаев Сағындық Ғалымжанұлы


3. Науырзым ауданының _______________________________________________________


4. Науырзым ауданының білім беру бөлімінің әдіскері _____________________________


5. Ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы - Махмұтов Оразбек Жақияұлы

6. Зейнеткер ұстазы – Дәулетбекова Гүлзада Абдрахманқызы

7 . Зейнеткер ұстазы – Рахметалина Бағытжан Сүлейменқызы

8. Ата-аналар кеңесінің төрайымы – Хакимжанова Д.С.

1-Жүргізуші:

Бүгінгі күн еліміздің тарихы үшін де ерекше күн. Сан мыңдаған жас түлек балалық шақпен қоштасып, жаңа өмір жолын бастайды.

2-Жүргізуші. Бұл күн –мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есіңде мәңгі өшпесі анық. Құрметті түлектер! Еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығарма.

1-жүргізуші:

Келешек қой түлектер барға шүкір

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.




Жетелейді қиялы алға ұшқыр!







Ажырамай ұжымынан бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік мектептің басшысына

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Күзембаев Мұратбек Баяханұлына беріледі .

2-Жүргізуші:

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер

Сөз кезегін қонақтарға берейін, -дей келе, келген қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.

1-Жүргізуші.

Күмбірлей күй естілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған.

Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл –

- Ұлы Отан Соғысына 70 жыл
- Қазақстан Республикасының Қазақ Ассамблеясына 20 жыл
- Қазақ Хандығына 550 жыл

-Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 20 жыл
- Науырзым ауданына 50 жыл
Ендеше бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмытылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ.

2 жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлшірдер баршаңды, дегендей бітіруші түлектерге ізбасарлары атынан мектеп оқушылары ақ тілегін жолдайды.

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндері мен сынып жетекшісі Кикбаева Күлмайра Мәдіғалиқызына беріледі.

1-жүргізуші: Бала деген бақтт еліменен

Құдіреттің қолында әлем деген.

Құрметті аға-апалар тілектері,

Жалғассын мұрагерлер сәлемімен – дей отырып бастауышпен қоштасқалы отырған 4-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ещанова Гүлнар Қалбайқызын шақырамыз.

2-жүргізуші:

Жазуларымды қаттаған

Жақсымды көріп мақтаған

Ардақты ұстаз - жақсы адам,

Айтқанын ұғып жаттағам...

Жетелеп әрі сынып та

Жеткізген мені мұратқа

Ұлаған ісін сүйемін,

Ұстазға басымды иемін.

Қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз түлектерде.


1-жүргізуші: Бүгін мына кеш жүректі тербейді,

Бал дәурен балалық айналып келмейді.

Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан

Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді.

Алғашқы ұстазы Тоқаева Рагүл Сүлейменқызына құттықтау сөз кезегін береміз.


2-Жүргізуші.

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедім ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы

Өмір дегенің қас-қағым

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан

Сөз берейік жетекші ұстазына

Келесі сөз кезегін Сынып жетекшісі Махмұтова Гүлшат Оразбекқызына береміз.


1-Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы, -дей келе, сөз кезегін алыстан арқаланып, баласы үшін бар жақсылықты шашу шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Сөз кезегін ата-аналарға берейік.


2-Жүргізуші:

Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті бұлақ ақтады.

Мектепті жақсы бітіріп,

Ұстаздың болдың мақтаны.

Шығыңдар білім шыңына

Батамыз осы сендерге.

Болыңдар үздік тағы да,

Оқуда да, еңбекте.

2014-2015 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру және де оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз кезегін мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бабырова Күляш Қойбағарқызына беріледі.


  • Марапаттау рәсімі

1-Жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің

Үнімен Соңғы естіген қоңыраудың

Дірілдейді –ау ерекше жүректерің , - деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанын хабар беріп тұр.

Кешегі алғашқы қоңырау сыңғырығы оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. «Алдарыңнан нұрлы күн тусын» дейді мұндайда қазақ.


2-Жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11-сынып оқушысы

__________________________________________мен 1-сынып оқушысы

_______________________________________________тапсырылады.


1-Жүргізуші:

Құрметті түлектер, сіздерге арналып соңғы қоңырау қағылды. Сіздердің алдарыңызда барлық қуаныш –күйінішімен, қиындығымен және шексіз жолдарымен үлкен өмір есігі ашылғалы тұр.

Өз жолыңды таңда да, сеніммен адымда!

2-Жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!

1-Жүргізуші:

Көрмеген арттық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,

«Мектеп вальсін» билеп тұрып , - ортаға түлектерді мектеп вальс биіне шақырамыз.

2-Жүргізуші:

Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,

Жаңа ғасыр аттаған жас дарындар.

Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,

Санас биік, адал дос табыңдар - дей отырып ақбата сұрайық.

1-Жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

«Сәт сапар!» деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.

2-Жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!


1-Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін. (Ту әкетіледі)

2-Жүргізуші: «2014-2015 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!».

1-Жүргізуші:

Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!!!


Дайындаған: ТЖО Байгенжина Динара Егеубаевна

Қостанай облысы, Науырзым ауданы

Дәмді а.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015» атты салтанатты жиын сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 557 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 3372
    • DOCX 346 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгенжина Динара Егеубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байгенжина Динара Егеубаевна
    Байгенжина Динара Егеубаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37793
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой