Инфоурок Другое Рабочие программы"Сыңғырла, соңғы қоңырау" әзірлеме

"Сыңғырла, соңғы қоңырау" әзірлеме

Скачать материал

                                                                                                Бекітемін

                                                                                                №  ЖОББМ КММ директоры

                                                                                                                   Мусабекова Н.М.

 

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекесінің әзірлемесі

 

Өткізілетін күні: 24 мамыр 2016 жыл

Өткізілетін уақыты: сағат 10.00

Өткізілетін орны: мектеп ауласы

Қонақтар: Мұғалімдер, 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, құрметті қонақтар

Безендірілуі: Мектеп ауласы мерекелік безендірілген

Жүргізушілер:

                                    

                                                       Фанфар

1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, ата-аналар, қонақтар! №11 жалпы орта білім беретін мектебінің  «Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекесіне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреген, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн  мектеп бітіруші түлектер есімінде мәңгі өшпесі анық.

1 жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,

Болашақ есігін ашпақ, міне

Келген, қауым қол соғып, қолда бүгін.

Алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметтеп ортаға шақырайық.

 

2 жүргізуші: 11а сынып оқушылары, сынып жетекшісі

                            Музыка жетелеуімен мектеп түлектері ортаға шығады

 

1жүргізуші:Қошеметпен мектебіміздің мақтаныштарын, көптеген олимпиада, интеллектуалдық сайыстарының жеңімпаздарын қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші: Мектеп мақтаныштарын қошеметтейік!

                                 Мектеп мақтаныштарын қошеметтеу рәсімі

 

2-жүргізуші: 2015-2016 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған  «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

1жүргізуші: Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы еңгізілсін!

                                                      ҚР әнұраны

2  жүргізуші: 2016 жыл Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл.

      

 

1 жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

 

                        «Алға Қазақстан» әні орындайтын 7ә сынып оқушысы

                                                 Бағдатқызы Таңшолпан

 

1 жүргізуші: Құттықтау сөз  мектеп директоры                              беріледі. 

                                           Мектеп директорының сөзі

2 жүргізуші:  Сәт сапар тілеп түлектерге,

                         Мейірімге толы болып жүректері,

                         Құттықтау сөзбен келіп қалды,

                         Балалық балғын шақтың балалары.

      (Туш - бастауыш сынып оқушыларының әдеби-композициялық құттықтауы)

                                                 

1 оқушы:   Ғұлама білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан

Жазушыдан, ақыннан

Ел қорғаған батырдан

Мың бұралған бишіден

Ой тербетекен күйшіден

Оқыған жас кәріден

Оқушының бәрінен

Түлектерге мың сәлем!!!

2 оқушы:  Он бір жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Әпкелер мен ағалар!

Орындалды ойыңыз.

Құтты болсын тойыңыз!

3 оқушы:   Қыран болып ұшыңыз,

Жоғары оқуға  түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Жүріңіздер аман боп.

4 оқушы:  Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын!

Сапарларыңыз оң болсын!                       

4ә сынып оқушысы Айтышева Аянаның орындауында  ән «Ұстазым»

 

1 жүргізуші: Қымбатты достар! Мектебіміздің дәстүрі бойынша білім алауын тапсыру рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер.

2 жүргізуші: Бұл жауапты сәтті  өткізу құрметі мектеп мақтаныштары: «Алтын белгіге» үміткер Нысынбекова Әйгерім және Бокстан Азия чемпионы атағына ие болған Такижанов Аятоллаға беріледі.

                                                       

1 жүргізуші: Білім алауы 10а сынып оқушылары түрлі сайыстардың жеңімпаздары Мукушева Дана және Нургалиева Назеркеге тапсырылады.                                         

                                                         /фон/

Түлек: Қымбатты оныншы сынып оқушылары, сіздер болашақ түлектерсіңдер!   11 жыл бойы білімімізбен, өнерімізбен үнемі биіктен көрініп,  күш жігерімізді жұмсаған «Білім алауын» сіздерге, ізбасарларымызға табыстаймыз. 

10а: Білімімізбен, өнерімізбен үнемі биіктен көрініп,  «Білім алауын»  аялап сақтауға ант етеміз.

                                         «Білім алауын» тапсыру рәсімі

1 жүргізуші:   Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

 

2 жүргізуші: Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сіздерге береміз.

                                          /Түлектер ортаға шығады/

1 түлек

Құрметті, аяулы ұстаздар! Барлық мектеп қызметкерлері! Білімнің белесіне жетелеп, дарындыны дамытқан, таланттыны танытқан, өлшеусіз еңбектеріңізге бас иеміз! Жанымызға жақын болып, сенімімізге серік болған сіздердей асыл жандарды ешқашан ұмытпаймыз.

2 түлек: Біз, 2016 жылының түлектері мәңгі елімздің патриоты боламыз деп, өмір жолында мектеп атын биік көтереміз деп салтанатты түрде ант етеміз!

                                                                                      

                                 «Мектебім, аяулы мектебім» хор - 11а сынып

 

 

1 жүргізуші:    Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

                          Орындалсын өмірде тілектерің.

                          Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,

                          Бүгінгі соңғы қоңырау сыңғыры. 

 

2 жүргізуші:   Соңғы қоңырау рәсімін орындау құрметі 11а  сынып оқушылары  Бейсенбек Жанбота мен Бейсехан Гүлданаға  және оқу озаттары, 

1  сынып оқушылары  Қаир Ақмарал және Төлеген Алдиярға беріледі.

                                           «Соңғы қоңырау» 

 

1 жүргізуші:  Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң

 болсын! Жас түлектер!!!Мектеп бітірушілерге ақ жол тілейік.  

2 жүргізуші:    Қоштасады алтын ұя мектебің,

                           Маңдайыңнан сипап өтсін көктем күн

                           «Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

                           Тілейік біз армандарға жеткенін.

                           Қымбатты түлектер, сәт сапар!

1 жүргізуші:    Оқушылар!  Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш-жігермен алтын ұя мектептеріне оралыңдар.

2 жүргізуші:  Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сыңғырла, соңғы қоңырау" әзірлеме"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 802 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.08.2016 1473
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапарбаева Алия Азатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапарбаева Алия Азатовна
    Сапарбаева Алия Азатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18042
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой