Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Сиқырлы аппликация" үйірмесінің жоспары

"Сиқырлы аппликация" үйірмесінің жоспары

библиотека
материалов



Бекітемін:

33 ЖОББ мектебінің

директоры

_______Н.М.Батесова

«____»________2016ж.















«Сиқырлы аппликация»

үйірмесі

















Үйірме жетекшісі:

А.Ж.Абенова























Павлодар қаласы

2016 жыл



Үйірме мақсаты:

- бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; аппликация (жапсырмалау тәсілі) көркемдік іс-әрекетіне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау;

- қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу; еңбекке деген оң қөзқарастарын қалыптастыру.









Үйірме міндеттері:

- алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негіздерін қалыптастыру;

- ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;

- жеке гигиена ережелерін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;

- өздігінен қағаз, қатырма қағаз және табиғи материалдардан жапсырмалау әдісімен түрлі бұйымдар әзірлеу;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;

- ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыра отырып, өзара сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

















Күтілетін нәтиже:

- көркемдік материалдардың түрлері (түсті қағаз, қатырма қағаз, мата, желім), олардың атаулары мен қасиеттерін біледі;

- қарапайым сәндеу түрлерін (жапсырмалау), желімнің көмегімен біріктіру тәсілін меңгереді;

- көркем-шығармашылық жұмыстарын орындау процесінде көркемдік дағдыларын, білімдері мен түсініктерін қолдана алады;

- жапсырмалау тәсілін қолдана отырып, сәндік композицияларды орындай алады;

- қарапайым практикалық шеберліктер мен дағдыларды меңгереді;

- үлгі бойынша қағаздан түрлі аппликация жасай алады;

- табиғи материалдардан аппликация түрлерін әзірлей біледі;

- балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, эстетикалық талғамы, ой-өрісі, қиялдау әрекеті қалыптасады.













































Үйірменің жұмыс жоспары



Тақырыбы

Күні

Уақыты

Өткізіл.

орны

Жауапты

1

Аппликация түрлері

Сүлгілерден аппликация Мемлекеттік ту

03.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.

2

«Табиғатты аялайық!»

Белгілер жасау


07.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.

3

Қағаздан мозаика жасау «Піл»



09.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.

4

Қарындаштарды ұштау арқылы аппликация жасау

«Гүлдер»

13.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.

5

Көлемді аппликация «Гүл шоқтары»



15.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.

6

«Көбелектер» Түймелерді қолдану арқылы ашықхат жасау

17.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.

7

«Көңілді фотосессия» ұйымдастыру


20.06

10.30-11.05

Каб. №1

АбеноваА.Ж.







Тақырыбы: Аппликация түрлері. Қағаз сүлгілерден аппликация «Мемлекеттік ту»
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың аппликация туралы ұғымын кеңейту; аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
Дамытушылығы: оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру; түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.
Тәрбиелілігі: ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыра отырып, өзара сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, талдау-жинақтау, көрнекілік, шығармашылық, практикалық жұмыс.

Ұйымдастыру формасы: жұппен, ұжыммен
Көрнекілігі: түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялар, ҚР туының, Қазақстан картасының суреттері.
Керекті құралдар: түрлі- түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, желім, сары және көк түсті қағаз сүлгілер, тудың, Қазақстан картасының үлгілері, қарындаштар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Әңгімелеу. Аппликация түрлері (үлгілерін көрсету)

1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.

Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.


2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.



3. Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау (қайшы, желім, ұсақ заттарды қолдану ережелері)


ІІІ. Өзіндік жұмыс (жұппен орындау)
Рәміздер күніне орай тудын және ҚР картасының аппликациясын жасау

1.Алдын ала дайындалған жұмыс үлгісін көрсетіп, талдау.

2.Аппликацияны орындау жоспарын құру.

3.Қағаз сүлгілерді домалақтап отырып, ПВА желімімен үлгіге жапсырмалау.


ІV. Қорытынды бөлім

1. Орындалған жұмыстарды ұжыммен талдап, баға беру

2. Көрме ұйымдастыру

3. Фотосессия






hello_html_4d372101.jpg





hello_html_m6176d512.jpg











Тақырыбы: «Табиғатты аялайық» белгілерін жасау
Мақсаты
:

1. Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.

2. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін; саусақтарының кіші моторикасын, эстетикалық талғамын дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, пікірталас, талдау-жинақтау, көрнекілік, шығармашылық, практикалық жұмыс.

Ұйымдастыру формасы: топпен, ұжыммен
Көрнекілігі: алдын ала жасалған «Табиғатты аяла!» белгілері, тақырыптық суреттер.

Керекті құралдар: түрлі- түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, желім.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық 
Үнтаспадан табиғат дыбыстарын естіп тамашалау. 

ІІ. Әңгімелеу.

Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық . 
Табиғат -байлықтың көзі. 
Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы. 
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген. 
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді. 
Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендеоде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады. 

ІІІ. Пікірталас

1. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді? 
2. Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді? 


Алдын ала әзірленген белгілердің мағынасын ашу:
- Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. 
- Жануарларды ұрып-соғып жәбірлеме, табиғат аясында шулама

- Қоқысты лақтырма

- Өрттен сақ бол  

- Көкті жұлма, ағаштарды сындырма


ІV. Практикалық жұмыс

1. Оқушыларды 8 топқа бөлу ( «смайлик» таңдау арқылы)

2. Әр топқа белгінің үлгісін тарату

3. Қатырма қағаздан дөңгелек қиып алып, шетін қызыл түсті бояумен бояу.

4. Үлгі бойынша (шаблон) суреттерді қиып алып, желімдеу

5. Үстінен қызыл түсті «Тыйым салынады» жолағын жапсыру



V. Қорытынды. 
1. Әр топ өз белгісінің мағынасын ашу

2. Көрме ұйымдастыру

3. Фотосессия






hello_html_3dadb737.jpg
















Тақырыбы: Мозаика құрастыруды үйренеміз: «Піл»
Мақсаты: 

Білімділік: балаларды түрлі - түсті қағаздан тескіштің көмегімен жасалған қиындылардан пілді жапсырмалауға үйрету; қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру; алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой – өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелілік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық, өзіндік жұмысы
Сабақтың көрнекілігі: алдын ала жасалған пілдің аппликациясы

Қажетті құралдар: тескіш, қатырма қағаз, түсті қағаз, пілдің суреттері

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

Қауіпсіздік ережелерін қайталау:

Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.


ІІ. Мозаика құрастыру әдістері туралы әңгімелеу

1) қайшымен қию арқылы мозайка құрастыру.
2) қылқаламмен үзу арқылы мозайка құрастыру.
3) қағазды майдалап жырту арқылы мозайка құрастыру.



ІІІ. Практикалық жұмыс (жұппен жұмыс)

1. Алдын ала дайындалған пілдің суреттерін тарату

2. Тескішті пайдаланып түсті қағаздан дөңгелектерді ойып алу

3. Үлгі бойынша дөңгелектерді жапсырмалау


ІV.Қорытындылау

- Көрме ұйымдастыру.
- Фотосессия





hello_html_ce9671f.jpg

















Тақырыбы: Қарындаштарды ұштау арқылы «Гүлдер» аппликациясын жасау

Мақсаты:

1. Қарындаштарды ұштау арқылы жасалатын аппликация техникасымен таныстыру.

2. Балалардың кеңістік ойлау, шығармашылық қабілеттерін, саусақтарының кіші моторикасын дамыту.

3. Балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, зерттеу, шығармашылық, өзіндік жұмысы

Ұйымдастыру формасы: топпен, ұжыммен

Көрнекілігі: қарындаштарды ұштау арқылы жасалған аппликация үлгілері

Қажетті құралдар: түсті қарындаштар, ұштағыштар, ПВАжелімі, ақ түсті қатырма қағаз



Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Әңгімелеу (аппликацияларды көрсету арқылы)

- Әр балада түсті қарындаштар бар екен. Ал ол қарындаштарды міндетті түрде ұштау керек. Қарындаштарды ұштағанда түрлі түсті әдемі қиындылар пайда болады. Оларды біз сол мезетте қоқысқа тастай саламыз. Байқасақ, сол қиындылар – аппликация жасау үшін таптырмас материал екен. Олардан көз қызықтырар әр түрлі суреттер шығады екен.

Қарындаш қиындыларынан аппликация жасау өте пайдалы. Бұл жұмыс түрі балалардың қиялын шарықтатып, шығармашылық ой-өрісін, эстетикалық талғамын және саусақтарының кіші моторикасын дамытады екен.



ІІІ. Шығармашылық жұмыс

1. Гүлдердің суретін қатырма қағазға салу

2. Қарындаштарды ұштау

3. Қарындаш қиындыларын үйлестіре отырып, бастырып желімдеу

4. Өздігінен элементтерді ойластырып, аппликацияны толықтыру



ІV. Қорытындылау

- Жасалған апликацияларды талдау, баға беру

- Көрме ұйымдастыру

- Фотосессия













hello_html_7ea1e23e.jpg





hello_html_901cb09.jpg


























Тақырыбы: Көлемді аппликация «Гүл шоқтары»

Мақсаты:

Білімділік: бейнелеу өнеріндегі «аппликация» ұғымымен тереңірек таныстыру, қағаздан қиып - жапсыру тәсілдерін меңгерту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, әсемділікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: аппликация арқылы көркемдік талғамын дамыту, ой - қиялын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Пайдалынылатын көрнекіліктер: көлемді аппликация үлгілері

Қажетті құралдар: қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш.
Әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, шығармашылық жұмыс.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, жұппен


Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Әңгімелеу

«Аппликация» атауы латын тілінде «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзден шыққан. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анрии Матисс (1869 - 1954). «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан екен. Аппликация:
1. Түрлі қағаздармен орындалатын б. з. д Грецияда пайда болған.
2. Әр түрлі мата, киіз, тері шүберек түрлерінен жасалатын. XVI ғ. Италия мен Испанияда, XVIIғ. Германия мен Францияда пайда болған. XVIII - XIXғ. Ресейде дамыған.
3. Табиғи материалдардан орындалған (сабан, ши, қамыс).
Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Отра Азия мен Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюланып жасаған сырмағының өзі аппликацияның бір түрі.
Аппликация:
Сәндік: қабырға газеттері, альбомдар, папкалар әртүрлі өрнектермен безендіріледі.
Сюжеттік: әртүрлі тақырыпқа, шығармашылыққа байланысты орындалатын жұмыстар жатады.


ІІІ. Шығармашылық жұмыс

«Гүл шоқтары» атты аппликация жасау. Бұл аппликация түрі «көлемді аппликация» деп аталады. Жұмысты жасау кезеңдерін түсіндіру:
1.
Жасыл түсті қағазды цилиндр түрінде дөңгелетіп орап, шетін желімдеп дайындап алу
2.
Әр түрлі гүлдерді және жапырақтарды түсіне байланысты қағазға пішінін салып, қиып алу.
3. Қиылған пішіндерді
цилиндрге үйлестіріп, желіммен жабыстыру

4. Дайын гүл шоқтарын алтын не күміс түстес жолақпен ортасынан буып байлау


ІV. Қорынтындылау

- Композиция құрастыру

- Фотосессия жасау



hello_html_65d9d2b2.jpg

























Тақырыбы: «Көбелектер» түймелерді қолдану арқылы ашықхат жасау

Мақсаты:

Білімділігі: аппликация (жапсырмалау тәсілі) көркемдік іс-әрекетіне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау; түймелерді қолдану арқылы аппликация жасау жолдарын меңгерту.

Дамытушылығы: қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу; еңбекке деген оң қөзқарастарын қалыптастыру; өзара сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру формасы: жеке-дара, ұжыммен

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, шығармашылық және өзіндік жұмысы

Көрнекілігі: алдын ала дайындалған аппликация үлгілері

Қажетті құралдар: қатырма қағаз, фетр, түймелер, желім, қайшы, фломастерлер



Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе әңгіме

1. Түймені кім бірінші және қашан ойлап тапты?
Түйменің таңғажайып тарихы ежелден басталады екен. Ежелгі адамдар түйменің орнына киімнің шетін түйіндеп байлап жүретін болған. Сүйектен, өсімдіктердің тікенектерінен түйреуіш жасап, түйреп жүрген. Ежелгі Египетте киімнің екінші шетінен тесік жасап, сол арқылы баулық өткізіп, байлап жүретін болған.
Түймеге ұқсас ежелгі заттар Үндістанда табылған. Олар ежелгі заманда әшекей ретінде қолданылған. Осыған ұқсас заттар қола дәуірінің естелігі ретінде Қытайда да табылған. Ұлу қабыршақтарынан жасалған түймелер Үнді өркениетінің естеліктері ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарда әшекей ретінде қолданылған. Олардың кейбіреуі геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді.

2. Бұрынғы түймелер біз тағынып жүрген түймелерге ұқсай ма?
Ең ежелгі түймелер б. д. д 5000 жыл бұрын жасалған деген де деректер бар. Кәдімгі біз тағынып жүрген түймелерге ұқсас тастардан жасалған түймелер Түркияден б. д. д 1500 ж табылған.
Кәдімгі түймелер Германияда 13 ғасырда пайда болды және кеңінен қолданысқа ие болды. Содан бастап денеге жабысып тұратын киімдер Европада сәнге айналды.
Түйме сондай - ақ сиқырлы бойтұмар ретінде Ресейде де ұзақ уақыт бойы қолданысқа ие болды. Орта ғасырларда ұмыт бола бастаған түймелер 13 ғасырда пішудің, сәнді киімдердің пайда болуымен қатар жаңа бір маңызға ие болды.
3. Түймелі адам бай адам ба?
Түймесіне қарап, кісінің бай немесе кедей екенін анықтауға болатын еді. Алтын, күміс түймелі киім киген кісілер қоғамда жоғары мәртебеге ие болды. Түймелер піл сүйегінен, тасбақаның жабынынан, сондай - ақ қымбат бағалы тастардан жасалған.
Тарихи тұлғалар түйме тақты ма?
XVI ғ Франция королінің кафтанында 13600 майда алтын түймелер болған және ол корона бейнелі болған. Даңқты Наполеон заманында солдаттарда ауыз - мұрнын жеңімен сүрте салатын жаман әдет бар еді. Әскери мундирдің жеңіне қаз - қатар түйме тағу дәстүрі осылай пайда болған.

4. Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?
Франция түйме өндіруден алдына жан салмаған. Олар түймені фарфордан жасады. 18 ғасырда Богемияда әйнек түймелер жасап шығарған. 19 ғасырдың басында Европада папье - машьеден жасалған түймелер тек сәндік киімдерге ғана тағылды. Ал күнделікті киетін киімдерге пластмасса түймелер қолданылды. Сондай - ақ киімнің матасымен қапталған түймелер де ерекше сәнге айналды. Түймені ағаштан, теріден, әйнектен, перламутрдан, металдан да жасады. Металл түймелер ұзақ уақыт бойы тіпті ақша орнына да қолданылды. Алтын, күміс, мыс, мырыштан да түймелер жасалды.

5. Кімдер түйме жинайды?
Қазіргі кезде түйме киімді қапсыруға арналған бұйым ретінде қолданылады. Ол әр түрлі пішінге ие. Оны тесіктері немесе құлақшасы арқылы киімге қадайды. Көбінесе екі немесе төрт саңылаулы түймелер кеңінен қолданылады. Түйме жинаумен айналысуды филобутонистер клубы бар. Клубтың 5000 мүшесі бар. Италияда да 20 мүшесі бар филобутонистер клубы 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Түйме әлемінде 1930 жылдан бастап әлі ешкім жаңалық ашқан жоқ. Олай дейтін себебі, АҚШ - та тұңғыш рет сол жылдары пластмассадан түйме жасалды. Пластмасса түймелер қазірге дейін қолданысқа ие. Көп жағдайда түйменің орнын кнопка мен замок басса да, түйме өз маңызын жойған жоқ деп ойлаймын.
Түймені анам неге оң қолымен, әкем сол қолымен тағады?
Сондай - ақ ерлерде түйме киімнің оң жағына, ал әйелдерде сол жағына қадалады. Мұның да өзіндік сыры бар.
Біріншіден, бұл әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолы. Екіншіден, тарихқа сүйенсек, ертеде әйелдер оң қолымен баланы көтеріп жүріп, сол қолымен түрлі шаруаларды атқара беретін болған. Сол себепті әйелдерде түйме сол жақта орналасқан деген болжам бар.
Ал ерлер болса ат үстінде жүргенде үнемі сол қолымен аттың тізгінін ұстаған. Ал оң қолымен қару - жарағын ұстап жауға шапқан. Ал жайшылықта қаруын қынабына салып жүрген. Сол қолы ат тізгінінен босамаған. Сондықтан ерлердің түймесі оң жақта орналасқан деген жорамал да шындыққа жанасады.
ішіні бойынша әр түрлі түймелер өте көп.

ІІІ. Практикалық жұмыс

1. Фетрден шаблондарды қолдана отырып, түрлі түсті көбелектердің үлгілерін қиып алу

2. Қара фетрден сопақша пішінді элементті қиып алып, ортасына желімдеу

3. Түймелерді түсіне және көлеміне қарай үйлестіріп, көбелекке тігу немесе желіммен жапсыру

4. Дайын болған көбелектерді ашықхаттар жасауға пайдалану

5. Ашықхаттарға құттықтау сөзін ойластырып жазу



ІV. Қорытындылау

- Көрме ұйымдастыру

- Фотосессия өткізу



hello_html_m31aeabc.jpg































Тақырыбы: «Көңілді фотосессия» Қорытынды сабақ

Мақсаты:

Білімділігі: аппликация (жапсырмалау тәсілі) көркемдік іс-әрекетіне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау; «күлкілі» аппликациялар жасау арқылы еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру. Дамытушылығы: қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу; өзара сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, шығармашылық өзіндік жұмысы, талдау-жинақтау, көрнекілік

Ұйымдастыру формасы: топпен (шаблондарды таңдап алу арқылы бөліну)

Көрнекілігі: фотосессияға арналған қызықты бұйымдар

Қажетті құралдар: шпажкалар, шаблондар, желім, қатырма қағаз



Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұрт, ерін, көзілдірік, мұрын, шляпа, «бабочка», сақалдың шаблондарын таңдау арқылы топтарға бөліну

ІІ. Өзіндік жұмысы

1. Қатырма қағаздан үлгі бойынша шаблондарды қиып алу

2. Дайын шаблондарды шпажкаларға ПВА желімімен жапсырмалау

ІІІ. Қорытындылау

- Дайын бұйымдармен «көңілді фотосессия» ұйымдастыру

- Үйірме жұмысының көрмесін жасау







































hello_html_7d370401.jpg







hello_html_17bac293.jpg









Общая информация

Номер материала: ДБ-085089

Похожие материалы