Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Конспекты / "Сиқырлы қапшық" атты ашық сабақтың жоспары

"Сиқырлы қапшық" атты ашық сабақтың жоспары

  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:








Ашық сабақ


hello_html_m2792fb28.gif



hello_html_m2c7d3e35.jpg





Дайындаған: Әлеуметтік педагог

А.А.Тайлакова








Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы қапшық»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: жеке бас гигиенасына қажетті заттардың қолдану аясын білу.

Тәрбиелік: жеке бас гигиенасына қажетті заттарды күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу.

Дамытушылық: баланың санасына жеке бас гигиенасының қажеттілігін жеткізу; гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: қапшық, сабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, тарақ, орамал, ысқыш, айна, сусабын, бөтелкедегі су, тақырыпқа байланысты көрнекі суреттер, әдістемелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Баланы қарсы алу.

ә) Амандасу.

Педагог:

- Сәлеметсің бе, Рустам! Денсаулығың жақсы ма? (бала қолының әрекеттерімен жауап қайтарады)

Педагог:

- Жарайсың! Көңіл- күйің жақсы ма? (бала қолының әрекеттерімен жауап қайтарады)

Педагог:

-Бәрекелді, жарайсың! Рустам бүгін біздің сабағымызға апайлар қонаққа келді. Кәнеки, апайлармен амандасайық. (қонақтармен амандасу)

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки, екеуіміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.

- Сәлеметсіздерме қонақтар! (бала қолын бұлғап амандасады).

Педагог:

- Жарайсың Рустам! Амандасу әдептіліктің белгісі. Ал, енді Рустам бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Менімен бірге әрекеттерді қайтала.


Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық,

Білімде алда болайық.

ІІ. Негізгі бөлім.

Педагог:

- Рустам бүгін мен саған мынадай әдемі қапшық әкелдім. (балаға қапшық көрсетіледі). Бірақ бұл жай қапшық емес, ішінде қызықты заттары мен тапсырмалары жасырынған сиқырлы қапшық. Қазір екеуіміз қапшықтың ішінде не жасырынғанын көреміз. Қапшықтың ауызын ашайық. (педагог пен бала қапшықтың ауызын ашады).

Педагог:

- Рустам, қазір сен қапшықтың ішіндегі заттарды бір-бірден алып шығып, олардың қолдану аясын көрсетесің. (бала қапшықта жасырынған заттарды бір-бірден алып шығып, оларды қолдану аясын қолдарының әрекеттерімен көрсетеді, ал педагог дауыстап олардың қолданыстағы мақсатын қысқаша түсіндіреді).

Су – жуынуға аса қажетті зат

Сабын – микробтарды жояды, тазартқыш зат

Тіс щеткасы – тісімізді ысуға, тазартуға қажет

Тіс пастасы – тісімізді тазартуға, деміміз жақсы болу үшін керек

Сусабын – басымызды жуамыз, шашымыз таза болады

Ысқыш – денемізді тазартамыз, жуамыз

Тарақ – шашымызды жөнге келтіреміз

Орамал – суртінуге арналған зат

Педагог:

- Бәрекелді, дұрыс көрсеттің! Рустам, қапшықтың ішінде тағы бір заттар қалып қойған сияқты. Алып шығайық. (бала лентамен оралған қағазды алып шығады)

Педагог:

- Бұл не болды екен? Қане ашып көрейік. (педагог лентаны шешіп, қағазды ашады)

1-тапсырма

Педагог:

- Бұл сиқырлы қапшықтың саған арналған тапсырмасы екен. Бұл тапсырмада: «Суретке қарап денсаулыққа зиянды нәрселермен қарсыласуға саған нелер көмектеседі? Сол заттардың сыртын жасыл бояумен қорша» делінген.

Педагог:

- Жарайсың Рустам! Дұрыс!

2- тапсырма

Педагог:

  • Сиқырлы қапшықтың екінші тапсырмасы «Артық затты көрсет» деп аталады. Сағат суреттер беріледі. Сол суреттердің ішінен гигиенаны ұстануға қажеті жоқ затты көрсетіп, сыртын сызасың.

Педагог:

- Жарайсың Рустам! Дұрыс! Сен шаршаған шығарсың. Екеуіміз сәл демалып, серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Отырып – ақ орнында, (бір орында отыру)

Айдын көлді кешемін. (қолды алдына айналдыру)

Сен білмесең егерде,

Былай ескек есемін. (қолды ескекше сермеу)

(екі рет қайталау)

Педагог:

- Демалып алдық, енді сабаққа кірісейік. Сиқырлы қапшық бізге тағыда не дайындады екен? (келесі лентамен оралған қағазды алып шығады). Бұл тапсырма «Суретті құрастыр» деп аталады екен.

3 тапсырма «Суретті құрастыр»

Баланың алдына суреттің қиындылары ұсынылады. Бала қындыларды бір-біріне дұрыс ретпен жалғап, бір бүтін сурет құрастыру керек.

Педагог:

- Жарайсың Рустам! Суреттерді құрастырдың. Бұл суреттер алдыңдағы заттардың қайсысына ұқсайды? (бала көрсетеді)

Педагог:

- Сиқырлы қапшықтың келесі тапсырмасы «Баланың күн тәртібін дұрыс құрастыр» деп аталады.

4 тапсырма «Баланың күн тәртібін дұрыс құрастыр».

Баланың алдына әрбір әрекеті бөлек қиылған көрнекі суреттер ұсынылады. Бала осы суреттерді рет – ретімен дұрыс орналастырып шығу керек. Оларды орналастырған соң алдын ала дайындалған дұрыс жауаппен салыстырылады.

Педагог:

- Рустам бүгін сен сабақта жақсы қатысып, өзіңді жақсы ұстадың. Сиқырлы қапшықтың тапсырмаларын мен жалғыз орындай алмаушы едім, бірақ сен маған көмектестің, оларды дұрыс орындап шықтың. Жарайсың!


ІІІ. Қорытынды бөлім.

1. Саған сабақ ұнады ма? ( баланың әрекеттері)

2. Сабақта ненің тапсырмаларын орындадық? ( баланың әрекеттері)

3. Сиқырлы қаптан нелерді алып шықтың? ( баланың әрекеттері)

Педагог:

- Рустам мен тақпақ айтамын, ал сен болсаң оны әрекетпен көрсетесің.

1,2,3

Дем аламыз жинап күш.

«5»- тік баға аламыз,

Қуанып үйге барамыз.

(педагог баланың кеудесінің сол жағына алдын ала қиылған жұлдызды тағады)

Педагог:

- Рустам бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келесі сабақтарға да жақсы қатысасың деп ойлаймын. Сау бол! (педагог балаға қолын бұлғайды, ал бала жалпы қонақтарға қолып бұлғайды.






Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Конспекты
Просмотров208
Номер материала ДВ-269531
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх