Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / "Сиқырлы моншақ" авторлық бағдарлама

"Сиқырлы моншақ" авторлық бағдарлама



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:














«Сиқырлы моншақ»

үйірмесі

(5-6-7 сынып қыз балаларына арналған)






А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі Гусманова Мөлдір Максимқызының іс-тәжірибиесінен




















Орал 2014ж


















Құрастырған: Гусманова М.М - №34 мектеп-гимназиясының технология пәнінің екінші санатты мұғалімі.



Пікір жазғандар:

Хамзин Т.Ә – М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті

Ракишева Н.Г - қалалық білім беру бөлімінің әдіскері

Трушева Қ.З - №42 «Ақ ниет» гимназиясының

технология, сызу, бейнелеу өнері

пәндерінің жоғарғы санатты мұғалімі









Технология пәні мұғалімдеріне арналған «Сиқырлы моншақ» атты авторлық бағдарлама.

«Сиқырлы моншақ» - авторлық бағдарламасының негізгі міндеті мектеп оқушыларын үйірмелерде қолөнерге үйрету арқылы бүкіл қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысына ықпал ету.









Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.


Ж.Баласағұни



Мазмұны

І. Түсінік хат.......................................................4-5

ІІ. Қауіпсіздік ережесі..........................................5-6

ІІ. Бағдарлама......................................................6-12

а. Бағдарламаның базалық мазмұны ......12-13

ІІІ. Сабақ жоспарларының үлгісі ....................14-29

а.Сумоншақтан жасалатын бұйымдарды

тоқу жолдары....................................30-35

IV. Қорытынды....................................................36

V. Қосымша............................ ............................37-38

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер..........................39



























Түсінік хат

Халық өмірімен, тұрмысы тіршілігімен біте қайнасқан өнер шеберлерінің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп қарау мүмкін емес. Қолөнер бұйымдарына салынған түрлі-түсті адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан қарым-қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері, өзіндік ерекшелігі мен әр халықтың өмірінде өшпес із қалдырып отырған. Қазіргі халық талғамына сай ұлттық нақышта жасалған қолөнер бұйымдарын жұрт көңілінен шығатын қолөнер туындыларымен толықтырып, қамтамасыз етіп отыру- уақыт талабы. Қазақ ұлттық өнерін дамыту қазіргі кездегі күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Сондықтан, мектеп оқушыларында бастауыш сыныптан бастап ұлттық бұйымдарды жасауға деген талпынысты қалыптастыру керек.

Біздің мақсатымыз оқушыларға еңбек ету арқылы өз қабілетін дамытып, ата -бабасының ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуға бағыт беру. Соған байланысты оқушыларды үйірмеге қатыстыру арқылы халқымыздың мәдени бай мұрасын қадірлеп, дәстүрді сыйлауға, өз бетімен жұмыстана отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға жол аша отырып тәрбиелеу.

Осындай ұлттық педагогиканы насихаттау бағытында «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің бағдарламасы құрастырылды. Бұл 5-6-7 сынып оқушыларына арналып құрастырылған 3жылдық бағдарлама.

Бағдарламаны оқытудағы мақсаты:

  • оқушыларға бисер туралы толық мағлұмат беру, оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

  • оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту

  • оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

  • оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

  • Балаларға халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығын, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорларын жинап, атадан балаға жалғап, тарихта қалдыру;

Бағдарламаның міндеті:

-Ұлттық қолөнер негізіне сүйене отырып, оқушылардың теориялық білімдерін шығармашылықпен ұштастыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

-Заман талабына сай білім ала отырып, қолөнер бұйымдарын жасатып, олардың қазіргі алатын орнын көрсету.

-Балаларды байқай білуге, ойлана білуге, қиялдауға, заттың пішімін, құрылысын алдын ала жобалай білуге дағдыландыру.

-Оқушының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

-Халық дүниесін топтастырып, заман талабына сай түрлендіре отырып тұтыну.

5-сыныпта оқушылар сумоншақтың шығу тарихы қажетті құрал-жабдықтармен, тоқу түрлерімен, әдістерімен,сумоншақтың қолданылуымен танысады. Сонымен қатар сумоншақтан шағын кәдесый бұйымдарын тоқуды үйренеді.

6-сыныпта оқушылар алқа, браслеттің жеңіл түрлерін, кәдесыйлар тоқуды меңгереді.

7-сыныпта оқушылар күрделі алқа, браслет түрлерін, сумоншақпен кестелеуді, жапсырмалауды, ірі моншақтардан бұйымдар жасауды меңгеріп шығады.

Үйірме жұмысының сағат саны оқу жоспарына сәйкес 34 сағат, аптасына 1 сағат

Жаңашылдығы:

Өзге халықтар сияқты, қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиған-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. «Сиқырлы моншақ» үйірмесі арқылы сол өнерді жас ұрпақтың бойына дарытудың маңызы зор.

Өзектілігі:

Бүгінгі жасөспірімдерге білім берумен қатар, ұлттық дәстүрде тәрбиелеу – басты міндет. Оның қайнар бұлағы – халықтық педагогикасы. Үйірме сабақтарында халықтың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, жеке тұлғаны еңбекке, елінің ар-намысын қорғауға баулып ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, ойлану қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие беру іске асырылады. Халық педагогикасы тәсілдерін мектептегі оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану – келешек ұрпақты Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің, ғылым мен мәдениетке, өнерге баулудың қайнар көзі.

Күтілетін нәтиже:

  • Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

  • Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

  • Оқушыларды ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу;

  • Қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету;

  • Оқушының қолөнер сабағындағы шеберлігін шыңдау, болашақ өмірге үйрету.

Практикалық жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме

  2. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

  3. Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс

  4. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

  6. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

  7. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.

  8. Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс

«Сиқырлы моншақ» үйірмесінің

2014-2015 оқу жылына арналған

тақырыптық жоспары


Сабақ тақырыбы

Сағат саны

барлығы

теория

сараман

1

Кіріспе. Сумоншақ туралы түсінік.

1

1


2

Сумоншақтың жасалуы, түрлері. ҚТЕ

1

1


3

Сумоншақтың қолданылуы

1

1


4

Сумоншақ тоқуға қажетті құрал-жабдықтар

1

1


5

Сумоншақтан бұйымдар тоқу түрлері

2

1

1

6

Тоқу әдістері

3

1

2

7

Жіптерді бекіту, жіптерді ұзарту

2


2

8

Сумоншақтарды жіпке тізу

1


1

9

Сумоншақтан гүл жапырақшаларын тоқу

4


4

10

Сырға тоқу

3


3

11

Фоторамка тоқу

4


4

12

Жұмыртқа тоқу

4


4

13

Қолсөмкесін тоқу

4


4

14

Сумоншақтан гүл шоғын тоқу

3


3

6-сынып

1

Кіріспе.Сумоншақтың шығу тарихы,жасалуы, түрлері. ҚТЕ

1

1


2

«Гематит» алқасын тоқу

3

1

2

3

«Көктем» алқасын тоқу

3


3

4

«Алау» алқасын тоқу

3


3

5

«Көкжиек» алқасын тоқу

3


3

6

«Африкалық әуен » алқасын тоқу

4


4

7

«Шашақты» браслет тоқу

3


3

8

«Толқын» алқасын тоқу

3

1

2

9

«Толқын» браслетін тоқу

3


3

10

«Күз» алқасын тоқу

4


4

11

«Күн шуағы» алқасын тоқу

4


4

7-сынып

1

Кіріспе.Сумоншақтың шығу тарихы,жасалуы, түрлері. ҚТЕ

1

1


2

Айқастап тоқу түрлері

1


1

3

«Мереуерт» алқасын тоқу

4

1

3

4

«Бамбук» алқасын тоқу

2

1

1

5

«Зебра» алқасын тоқу

2


2

6

«Үшбұрыш» браслетін тоқу

2


2

7

«Африка» жинағы

2


2

8

«Інжу» жинағы

2


2

9

«Маржан рифі» жинағы

4


4

10

Сумоншақпен кестелеу

4

1

3

11

Сумоншақпен жапсырмалау

4

1

3

12

Ірі моншақ түрлері

1

1


13

Ірі моншақпен бұйымдар тоқу

1


1

14

Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу

2


2

15

Киіз үй тоқу

2


2


Барлығы

102

15

87


«Сиқырлы моншақ» үйірмесі

Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат.


Сабақтың тақырыбы

С/с

Сабақтың

түрі

Сабақтың көрнекіліктері

Пәнаралық

байланыс

Пайдаланылған әдебиеттер және қосымша оқу

5-сынып

I

Кіріспе.

ІІ

Сумоншақ туралы түсінік 15 сағат

1

Кіріспе. Сумоншақ туралы түсінік

1

Кіріспе сабақ, теориялық жаңа білім беру.

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері,тарих, биология, сызу,

Мектептегі технология, Бисер для начинающих. О.В.Белякова А.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

2

Сумоншақтың жасалуы, түрлері. ҚТЕ

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері,тарих, сызу

Мектептегі технология, Бисер для начинающих. О.В.Белякова А.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

3

Сумоншақтың қолданылуы

1

теориялық жаңа білім беру

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері,тарих, сызу

Мектептегі технология, Бисер для начинающих. О.В.Белякова А.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

4

Сумоншақ тоқуға қажетті құрал-жабдықтар

1

теориялық жаңа білім беру

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал


Мектептегі технология, Бисер для начинающих. О.В.Белякова А.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

5

Сумоншақтан бұйымдар тоқу түрлері

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для начинающих. О.В.Белякова А.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

6

Тоқу әдістері

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для начинающих. О.В.Белякова А.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

7

Жіптерді бекіту, жіптерді ұзарту

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Бисер для начинающих. О.В.БеляковаА.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

8

Сумоншақтарды жіпке тізу

1

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Бисер для начинающих. О.В.БеляковаА.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

ІІІ

Сумоншақтан кәдесый бұйымдарын тоқу-19сағ

9

Сумоншақтан гүл жапырақшаларын тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, биология, сызу,

Бисер для начинающих. О.В.БеляковаА.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

10

Сырға тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

11

Фоторамка тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Бисер для начинающих. О.В.БеляковаА.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

12

Жұмыртқа тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Бисер для начинающих. О.В.БеляковаА.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

13

Қолсөмкесін тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

14

Сумоншақтан гүл шоғын тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, биология, сызу,

Бисер для начинающих. О.В.БеляковаА.Л.Найденова, Е.Б.Салькова

6-сынып

I

Кіріспе.

ІІ

Сумоншақ туралы түсінік 1 сағат

1

Кіріспе. Сумоншақ туралы түсінік

1

Кіріспе сабақ, теориялық жаңа білім беру.

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал,

Бейнелеу өнері,тарих, биология, сызу,

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

ІІІ

Сумоншақтан әшекей бұйымдар тоқу

2

«Гематит» алқасын тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал


бейнелеу өнері,тарих, сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

3

«Көктем» алқасын тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал


бейнелеу өнері, сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

4

«Алау» алқасын тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

5

«Көкжиек» алқасын тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

6

«Африкалық әуен» алқасын тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

7

«Шашақты» браслет тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

8

«Толқын» алқасын тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

9

«Толқын» браслетін тоқу

3

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, биология, сызу,

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

10

«Күз» алқасын тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

11

«Күн шуағы» алқасын тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

7-сынып

I

Кіріспе.

ІІ

Айқастап тоқу

1

Кіріспе. Сумоншақ туралы түсінік

1

Кіріспе сабақ, теориялық жаңа білім беру.

фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал,

Бейнелеу өнері,тарих, биология, сызу,

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

2

Айқастап тоқу түрлері

1

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал


бейнелеу өнері, сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

3

«Меруерт» алқасын тоқу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

4

«Бамбук» алқасын тоқу

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

5

«Зебра» алқасын тоқу

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

6

«Үшбұрыш» браслетін тоқу

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

7

«Африка» жинағы

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера., Е.Фадеева.,

8

«Інжу» жинағы

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, биология, сызу,

Мектептегі технология, Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

9

«Маржан рифі» жинағы

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, биология, сызу,

Мектептегі технология Республикалық әдістемелік журналы, 2006-2014жж Бисер для девочек.,Л.Божко, Украшения из бисера.,Е.Фадеева.,

ІІІ

Сумоншақпен кестелеу

10

Сумоншақпен кестелеу

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Бейнелеу өнері,

сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

11

Сумоншақпен жапсырмалау

4

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері, биология, сызу,

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

ІV

Ірі моншақ

1

Ірі моншақ түрлері

1

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Тарих, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

2

Ірі моншақпен бұйымдар тоқу

1

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Тарих, бейнелеу өнері,сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева

3

Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

бейнелеу өнері,сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева.,

4

Киіз үй тоқу

2

теориялық жаңа білім беру, сарамандық

Сызбалар, фотосуреттер, Істелген бұйымдар, қажетті құрал

Тарих, бейнелеу өнері,сызу

Мектептегі технология, Бисер для девочек., Л.Божко, Украшения из бисера. Е.Фадеева


Технология пәні бойынша оқушылар еңбек ету арқылы өз қабілетін дамытуда өнерді одан ары дамытуға бағыт алу қажет. Бұл мектеп өмірінде қолөнерді жаңашаландыра отырып бағдарламаға енгізу арқылы, этнопедагогикалық негізде жүргізілуі, оның оқу-тәрбие процесіне енуі бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысына ықпал етері сөзсіз. Мектепте қолөнерге бейімделіп, жасау технолгиясын жетік игеріп меңгерсе, ол өз өмірінде, бір қажетіне осы қолөнерді жаратары сөзсіз.Тәрбиелік мәні – қолөнердің әсемдікке талпындырып, өмір ағысына ілесіп, шеберліктері шыңдалып, төзімділікке тәрбиелеу.

Қолөнер–халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Ата бабамыз айтқандай «Өнер көзі – халықта», «Халықсыз өнер-өнерсіз халық жоқ», оны жаңғыртып іске асыру біздің перзенттік парызымыз.

Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы–тұнған ғибрат өнеге. Сондықтан әр түрлі қолөнер бұйымдарының әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Өресі биік, өрісі кең өнер атауларының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазах халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір ғана өзіне тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі. Қазақ ұлты–кең байтақ республикамыздың жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Оның ішінде ұрпаққа деген өсиетін таңғажайып қолөнер туындыларымен жеткізе білген бабаларымыздан мирас болып келе жатқан халықтық сәндік-қолданбалы қолөнерінің бірі - әр түрлі бұйымдарды моншақпен өрнектеп безендіру, әр түрлі бұйымдар тоқып шығару өнерінің орны ерекше. Өйткені моншақ қайта сәнде. Менің ізденістерім–жаңа технологиялар. Соның ішінде бисермен тоқу, аппликациялаумен, жұмыртқа қабықшасынан жасалатын мозаика. Менімше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқауға болады. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі. Үйірме жұмысында жүргізілген  бисермен жұмыс жасау оқушыларды қызықтырады. Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол. Оның ішінде ұрпаққа деген өсиетін таңғажайып қолөнер туындыларымен жеткізе білген бабаларымыздан мирас болып келе жатқан халықтық сәндік-қолданбалы қолөнерінің бірі - әр түрлі бұйымдарды моншақпен өрнектеп безендіру, әр түрлі бұйымдар тоқып шығару өнерінің орны ерекше. Өйткені моншақ қайта сәнде. Қазір су моншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ су моншақтармен жаңа технологиясы аппликация өнері арқылы панно, картиналар жасалады. Қазіргі заманға сай моншақтар да әр түрлі көлемде, түрлі-түсті реңдерімен адамзатты таңғалдырады. Раушан, лала гүлдер, әр түрлі жануарлар, құыршақтар, мойынға тағатын әшекейлер, қояндар, кәмпитсалғыштар, гүл салатын құтылар, нан салғыштар, әшекейленген той көйлектері, сәукеле, камзол өзінің әдемілігімен көз тартады. Осы тақырып бойынша іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде өте көп деректер, орындалу әдістер әр түрлі жұмыстарымен танысып, жалпы халықтық қолданбалы өнерін, әсіресе моншақ жұмыстарын терең меңгеріп, іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеріп, оны оқушыларға үйретіп, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығару басты мақсат етіп қойылды. Өйткені моншақтан жасалған бұйымдар өте әдемі, эстетикалық талғамы жағынан жоғары, сезімталдықпен жасалған тамаша туындылар болып табылады. Сол себептен де оқушылар арасында моншақпен жұмыс олардың қызығушылығын арттырып, оларға эстетикалық тәрбие берудің бір амалы.

Моншақ бұйымдарының жасалу жолдарын үйрену арқылы өзін әдемі етіп, өз қолдарынан шыққан тамаша туындыларының әдемілігін көріп, оны өз қолымен жасай білуге және осы арқылы өмірді жақсы жаққа қарай қайта құрып, өз еңбегімізге деген сүйіспеншілігін арттыру – маңызды бағыттың бірі. Себебі, ол өзінің әсемділігімен, нәзіктігімен көз тартып отырады. Бұл оқушылардың сезімдері мен шығармашылық қабілетін үнемі дамытып, әсемдікке ризашылық мүмкіндіктерін ұлғайтып, оны өздері жасай білуді үйренуге ұмтылғанын көрсетеді. Осы әдіспен неше түрлі бұйымдарды тоқуға болады. Осы әдіс-тәсіл технология пәні мұғалімдерге көмек берер деп үміттенемін. Өз мектебімде оқушыларымның шығармашылық шеберліктерін дамытып, бұдан да күрделі бұйымдарды тоқып үйретемін. Сіздерге ірі моншақтан әр түрлі бұйымдар тоқу әдісін ұсынып отырмын



Сабақ жоспарларының үлгілері

1-сабақ үлгісі

Тақырыбы: Сумоншақ туралы түсінік.

I.Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушылардың бисер мен моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

б)Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

в)Дамытушылық: оқушыларға сыммен бисер моншақ тоқуды үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.

II.Сабақтың түрі: аралас

III.Сабақтың өту әдісі: практикалық, баяндау, сайыс әдісі.

IV.Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, биология.

V.Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітаптар, журналдар,плакат.

VI.Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тақырыпты меңгеруге өткізілген негізгі білім арқылы дайындық.

  3. Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық.

  4. Жаңа тақырыптарды таныстыру.

  5. Сарамандық жұмыс арқылы түсіндіру.

  6. Қорытындылау жұмыстарын бағалау.

VII.Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (сабаққа даярлықтарын тексеру, оқушыларды түгендеу)

  2. Жаңа тақырып,бисер мен моншақпен әшекейлеп бұйымдар тоқыту.

Бисердің шығу тарихы:

Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті,

шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналасуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл керамикалы металдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.Бисерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды.Стекулярустың бисерден айырмашылығы ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киісдер, аяқ кйімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Практикалық жұмыс: Қауіпсіздік ережелері

1.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме

2.Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

3.Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс

4.Инені киімге қыстыруға болмайды.

5.Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

6.Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

7.Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.

8.Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.

VIII.Сабақты қорыту:

1.Египетте әйнектен жасалған ыдыстар қай ғасырда табылды?

2.Бисер сөзі арабтың қай сөзінен шыққан?

3.Оймақ не үшін керек?

4.Стеклярус деген не?

5.Бисердің моншақтан айырмашылығы?

Сабақты бекіту:Оқушылар бисер тоқу білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, шеберлікті талап ететін жұмыс. Біз осылайша бисердің тарихымен таныстық.

Сабақты бағалау: Оқушыладың тоқыған бисерлеріне қарай бағалау.

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.

2-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Сумоншақтың жасалуы, түрлері. ҚТЕ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта –ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Көрнекілігі: Бисерден тоқылған дайын бұйымдар, технологиялық карта, суреттер, бисерлер, моншақтар, леска, №11 ине, қайшы, жібек жіп.

Сабақтың түрі: Қортындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, химия, сыз, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

ІІІ. Сергіту сәті

ІҮ. Сарамандық жұмыс

Ү. «Моншақ» сөзжұмбағын шешу.

ҮІ. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау

І. Ұйымдастыру. (амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу)

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау – Біз алдыңғы сабақта бисердің шығу

тарихы және түрлері жөнінде танысып өттік.

Ендеше айтыңдаршы?

  1. Сумоншақ деген не?

Оқушы: - Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі –түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.

Сумоншақтың түрлері:Домалақ , Сопақ ,Таяқша

  1. Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезден бастап пайда болды?

Оқушы: -Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді, Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Бисерді неден жасайды

hello_html_m3ab7a718.gifhello_html_5c40d7b4.gifhello_html_m32636c2c.gifhello_html_57aed7ff.gif

Шыны Керамика Хрусталь Металл

3. Енді ұсақ моншақтар туралы қосымша тағы кім толықтырып айтады?

Оқушы: - Кейбір деректер бойынша, әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс –аяқтар сонау б.з.д ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе, ақ түсті киімдер мен таққан екен. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан – жасалған маржан. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан –жаққа тарап әлемге бисре атауы әйгілі болар бастады.

Сo, Cu, Mn - шыны SiO2 * 6H2O Химиялық формуласын білесің бе?

Na2O CaO-2SiO2 химия CaO, K2-2SiO2 PbOC0-2SO лағыл

ІІ. Қазақ зергерлері көбінесе қызкеліншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды – былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды –жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасаған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.

Алқа бөлшектерінің атауы:

  1. алақан-алқаның ортаңғы негізгі бөлігі тақтасы

  2. Аяқ – алқаның салпыншағы

  3. Тойнақ –алқаның екі ұшын біріктіретін топса

Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан (коралл), меруерт (жемчуг) алқалар деп атайды. Алқа –мойынға тағылатын сәндік бұйым. моншақ неолит дәуірінде тастан, сүйектен, қол дәуірінде –металдан жасалған. Ежелгі мысырда, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған. Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезкі, тұмарша тоқуға болады.

ІІІ. Сергіту сәті. Полиглот

  1. Тап –тап, тап жорға, 2. Басы екеу, аяғыда екеу (қайшы,

Табаны жоқ боз жорға. ножница, scissors)

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас (ине, игла, needle)

  1. Ине өткен жерден - ......... өтер (жіп, нитка, sting)

  2. Әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті ұсақ моншақты қалай атайды? (сумоншақ, бисер, beads)

  3. Әшекейлі күбіні

Июлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге (сәукеле, Saukele)

Тиістісін тап.

  1. Әhello_html_m6cfee886.gifhello_html_m317cd72c.gifр Бас киім

  2. Әhello_html_m3fb94a18.gifшекей Өрнек күміс

  3. Кимешек Әшекей түр, көрік

  4. Зhello_html_m4f78963.gifhello_html_149f4b5d.gifүбіжат Ылғи асыл

  5. Үлде бүлде Асыл тас

ІҮ. Сарамандық жұмыс.

Бисермен тоқу.

І. Жұмыс ережесін еске түсірейік

Қауіпсіздік ережелері:

1.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме

2.Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

3.Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс

4.Инені киімге қыстыруға болмайды.

5.Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

6.Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

7.Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.

8.Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.


М

е

р

у

е

р

т


Ж

а

п

О

н

и

я



Ф

и

Н

и

к

и

я



Ш

а

ш

б

а

у


Т

о

й

н

А

қ



А

л

Қ

а


ІІ. Жұмыстың реті
  1. Алқа тоқу технологиясы

  2. Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.

Ү. «Моншақ сөз жұмбағы»

1. Бүгінгі сабақта тоқылатын тұмаршаның аты.

2. Су моншақты ең көп шығаратын ел.

3. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.

4. Шашқа тағатын әшекей зат.

5. Алқаның екі ұшын бекітетін топса

6. Мойынға тағатын әшекей бұйым.

ҮІ. Қорытындылау

Бисермен шығармашылық жұмыс жасау арқылы өмірге қандай дайындық алдық:

  1. Алқа тоқуды үйрендік

  2. Моншақ түрлерін ажырата алатын болдық

  3. Моншақтың қолданатын орынын білдік

  4. Базардағы алқа мен өзі жасаған алқаны салыстыра отырып, таңдай білу қабілеті жоғарылады.

  5. Шеберлікке үйренді.

  6. Өзіне -өзі қызмет етуді үйренді

3-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: «Бамбук» браслетін тоқу

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушылардың бисер мен моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

б)Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

в)Дамытушылық: оқушыларға сыммен бисер моншақ тоқуды үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өту әдісі: практикалық, баяндау, сайыс әдісі.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, биология.

Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітаптар, журналдар,плакат. 2мм жасыл сумоншақ, ұзындығы 4мм жасыл стеклярус,көлемі 9мм 10 доғал моншақ,сумоншаққа арналған 2ине, № 8 лесқа

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тақырыпты меңгеруге өткізілген негізгі білім арқылы дайындық.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық.

IV . Жаңа тақырыптарды таныстыру.

V.Сарамандық жұмыс арқылы түсіндіру.

VI. Қорытындылау жұмыстарын бағалау.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру, оқушыларды түгендеу)

ІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру бисер мен моншақпен әшекейлеп бұйымдар тоқыту.

«Бамбук» браслетін тоқу үшін көлемі 2мм жасыл сумоншақ, ұзындығы 4мм жасыл стеклярус,көлемі 9мм 10 доғал моншақ,сумоншаққа арналған 2ине, № 8 лесқа қажет.

Моншақтың әр түрлі түсін де қолданса болады

Орындалу реттілігі

hello_html_m47c3717a.jpghello_html_44dcf988.jpg

hello_html_40b1800c.jpghello_html_40b1800c.jpg


Қауіпсіздік ережелері:

1.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме

2.Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

3.Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс

4.Инені киімге қыстыруға болмайды.

5.Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

6.Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

7.Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.

8.Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.

Практикалық жұмыс: Жұмыс ережесін еске түсірейік.

Сабақты қорыту:

1.Египетте әйнектен жасалған ыдыстар қай ғасырда табылды?

2.Бисер сөзі арабтың қай сөзінен шыққан?

3.Оймақ не үшін керек?

4.Стеклярус деген не?

5.Бисердің моншақтан айрмашылығы?

Сабақты бекіту:

Оқушылар бисер тоқу білімділікті,

нәзіктілікті, әдемілікті, шеберлікті талап ететін

жұмыс. Біз осылайша бисердің

тарихымен таныстық.

Сабақты бағалау: Оқушыладың тоқыған бисерлеріне қарай бағалау.

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.

4-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу әдісі

Сабақтың мақсаты: Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйрену. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыластығын арттыру.
Білімділігі: Оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, тоқу әдісін үйрету.

Дамытушылығы: Сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар түрлі пішіндегі моншақтар, №8 леска, қайшы, технологиялық карта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих,бейнелеу өнері, химия, математика

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген.Адам баласы ерте кездің өзінде тұрмысына қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген үзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп,тігу, тоқу арқылы безендіре білген. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуғаарналған бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ сәндік бұйымдарды - сырға, білезік,алқа тоқуға да болады.. Қазақша бисерді су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп аталады.Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отырып, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі моншақ, сумоншақтар алмастырады. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Ұлы аңызда Финикиялық көпестерәлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайша әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін ХI ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан. Моншақтан әр-түрлі бұйымдар жасауға болады. Бүгін біз сіздермен ірі моншақтан кәмпитсалғыш тоқып үйренеміз.

ІV.Техникалық қауіпсіздік ережесі:

1. Инені аузыңа салмау керек.

2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды

3. Инені кез-келген жерге қадауға болмайды.

4. Моншақ шашылып қалмас үшін оларды кесілген матаның үстіне немесе қорапшада ұстаған жөн.


V.Сарамандық жұмыс

Тhello_html_m119568c7.jpgөртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу әдісі

Төртбұрышты кәпмитсалғышты тоқу үшін 200 гр қырлы төртбұрышты моншақ, № 8 лесқа қажет.Моншақтың әр түрлі түсін де қолданса болады. Мына суретте 3 түрлі моншақты санап отырып, өрнек салып тоқыған.





hello_html_73e2d975.pngОрындалу реттілігі

1-1,5 метр № 8 лесканы қиып алып 4 моншақ өткіземіз. 4-ші моншақта жұмысшы лесканы кері қайта өткізу қажет (1-суретте қызыл сызықпен көрсетілген). Сосын лесканың екінші көмекші үшын (көк сызықты) пайда болған ілмектен өткізіп бекітеміз. Бекіткенен соң жұмысшы қызыл сызықпен белгіленген лескаға тағыда 3 моншақ өткізіп, көк сызыкпен белгілеген лескамен айналдырып бекітеміз




1-сурет

2-суретте көрсетілгендей қызыл сызыкпен белгіленген

hello_html_m568986e3.pngлескаға тағы 3 моншақ өткізіп көк сызыкпен

белгіленген лескаға айналдырып бекітеміз. Енді қызыл

лескаға 2моншақ өткізіп көк лесканы айналдырып

бекітеміз.Осы ретімен айналдырып қажетті мөлшерге

дейін тоқимыз. Төменде көрсетілген суреттегідей түбі

дайындалады

2- сурет

hello_html_m2670804d.pnghello_html_496c6594.pnghello_html_28e3f9f3.pngАл жаны түбін орындағандай болады, оның биіктігін қалағаны бойынша тоқып шығаруға болады. Төменде көрсетілген үлгі бойынша санап отырып әр түрлі етіп орындауға да болады.







Осы тоқу әдісімен әр түрлі заттарды тоқуға болады. Ең бастысы көңіл қойып, алдына мақсат қоя білу қажет.


VІ. Бекіту сұрақтары:

1. Бисер дегеніміз не?
2. моншақ дегеніміз не?
3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?
4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

ІV. Үйге тапсырма. Кәмпитсалғышты тоқып аяқтау


5-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Моншақпен кестелеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау;
Білімділігі: Оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;
Дамытушылығы:өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірмелі - иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: биология - гүлдердің түрлері, құрылысы, ; математика; бейнелеу өнері - композиция құру, түстерді таңдау; тарих - бисердің пайда болу тарихы.
Сабақтың көрнекілігі:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілер,сызбалар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, қайшы, бисер салатын ыдыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.. Жаңа сабақ:
Сумоншақпен (бисерлермен) гүл тоқу.Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың

да тарихы бар. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.
Жаңа сөздер:Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың кең тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік. «Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.
Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. моншақ дегеніміз не?

3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?
4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Қорытынды
Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру.

6-сабақ үлгісі

Сыныптан тыс шара

Сабақтың тақырыбы: Сумоншақ тарихы. Сумоншақпен кестелеу.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ ауыз әдебиетін құрметтеуге, оны сүйіп оқуға баулу.

  • Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін, олардың еңбекке қызығушылығын арттыру, ой-қиялдарын дамыту.

  • Оқушыларды қолөнердің жаңа түрлеріне қызықтыру, эстетикалық талғамға, қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, іскерлікке, бастаған істерін аяқтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: проектор,плакаттар, ұлттық киімдер, қамшы, оймақ

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, сурет, химия, математика

Сабақтың өту барысы:

Армысыздар құрметті көрермендер!

Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде,

Үлкен кіші, жасымыз, кәрімізде

Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-деп, «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылғалы отырған «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің өнерін

назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер! (Шал қолында қамшы қой жайып жүреді.)

Айгерім(шал):

-Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидаң қақтым, ешкі бақтым-еңіреп бақтым деген осы екен гой. Уһ, шаршадым-,деп малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды ұстап алып,қылқындырады.

Айза(мыстан):Уһ, бәлем, ұсталдың ба?

Айгерім(шал):Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады.

Айза(мыстан):Сен маған не бересің?

Айгерім(шал):-Бір қора қой беремін.

Айза(мыстан):Жоқ,мен оған риза емеспін

Айгерім(шал):Бір үйір жылқы беремін.

Айза(мыстан):Жоқ, оған да риза емеспін.

Айгерім(шал):Онда жалғыз Күнікей деген қызым бар соны берейін.

Айза(мыстан):Онда, келісемін, оны қайтып бересің?

Айгерім(шал):Қызымның алтын оймағы бар, соны саған беріп кетейін, қызым алтын оймағын іздеп келгенде оны ұстап ал.

Айза(мыстан): Жарайды.

Айгерім(шал):Онда міне, алтын оймақ,-деп қалтасынан алтын оймақты алып береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан кемпір алтын оймақтың қасында отырады. Қыз келеді.

Орынгүл (қыз):Апа , апа, ана алтын оймақты маған қарай лақтырып жіберіңізші.

Айза(мыстан):Ой, балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. (Қыз алтын оймақты ала бергенде мыстан оны ұстап алып кетеді. Осы кезде ауылдын қыздары Күнікейді іздеп шығады.)

-Күнікей!

-Күнікей қайдасың?

-Біз сені іздеп жүрміз (Осы кезде ортаға Мыстан қарғып шығып, қыздарды қорқытады, қыздар шыңғырып отыра қалады.)

Айза(мыстан):Сендерге не керек?

Алина:Апа біз Күнікейге келдік. Біз қазір «Сиқырлы моншақ» үйірмесіне баруымыз керек еді, соған Күнікей керек.

Айза(мыстан): Сендерге Күнікей керек болса, менің бірнеше шартымды орындандар

Қыздар(бірге қосылып): - Орындаймыз, Апа, орындаймыз.

Айза(мыстан):Онда сендердің жаңағы айтқан үйірмелерің қалай аталады, мақсаты қандай?

Мадина:Біздің үйірмеміз «Сиқырлы моншақ» деп аталады. Үйірменің мақсаты ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу; Қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету; Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Айза(мыстан):Ендеше бірінші шартым«Ата мұраң асыл қазынаң» деп аталады. Маған қазақ халқының қолөнері туралы айтып беріңдер.

Алина:Қазақ халқы – кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы ел.Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыдан зерттеудің өмірлік тәжірибие үшін маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Қай халық болсын дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қоса алады. Қазақ халқының да ұлттық мәдениеті,оның ішінде қолөнер шеберлерінің өнері-жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Қолөнер саласына кілем, алаша, сырмақ сыру, текемет басу, түскиіз жасау жатады. «мал жұтаса да,өнере жұтамас» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы, көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Айза(мыстан):Ал осы сәндік қолданбалы өнерді зерттеген суретші, этнографтардан кімдерді білесіңдер?

Альбина:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері ғасырлар бойы еліміздің тарихымен бірге дамып келе жатқан асыл мұра. Халқымыздың қолөнерін зерттеуге К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, В.П.Агапов, А.Ғ.Ғалымбаева, Х.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, Ә.Х.Марғұлан, Ә.Тәжімұратов,С.Қасиманов және т.б.археологтар мен тарихшылардың,ғалым-этнографтар мен суретшілердің қосқан үлесі мол

Айза(мыстан): Жақсы мұныда біледі екенсіздер.Ал екінші сұрағым сумоншақпен кестелеу өнері дегеніміз не?

Мадина:Кестелеу өнерінің халқымызға тән түрі моншақпен кестелеу өнері. Кестелеу, көркемдеп тігу,ою-өрнекті әшекейлеу ертеден келе жатқан өнердің бірі.кестені көңіл сызады,қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте алуан әдісті,таңдауы көп өнер.Кестелеу өнерін үйрену арқылы адам бойында сұлулыққа құштарлық, төзімділік,ептілік қалыптасады.

  • Апа,енді жібересіз бе?

Айза(мыстан):Жоқ, келесі шартым –«Өнер кезеңі»,өнер көрсетіп, көңілімді көтеріңдер.

  • Әрине,апа,әрине.Өнерімізді тамашалаңыз.

Музыкалық үзіліс. Айнұр домбырада күй «Ақ жаулық», Гаухар белгілі қолөнерші Дәркембай Шоқпарұлының «Қолөнерім»өлеңін оқиды

Айза(мыстан):Ой,рахат-ай,көңілім бір көтеріліп қалды ғой.

  • Апа, Күнікейді енді жібересізбе?

Айза(мыстан):Жоқ. «Шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Енді маған сумоншақтың тарихы, кестелеу туралы айтыңдар

Аяулым:Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте әріден басталады.Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Адам баласы етье кездің өзінде тұрмысына қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген ұзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп,тігу, тоқу арқылы безендіре білген. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ сәндік бұйымдарды - сырға, білезік,алқа тоқуға да болады.. Қазақша бисерді су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп аталады.Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отырып, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді.

Ақгүлім:Моншақ неолит дәуірінде тастан жіне сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі моншақ, сумоншақтар алмастырады. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестерәлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайша әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін ХIғасырдың ескерткіштерінен табылған. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.

Мадина:Алтын, күміс жіптерге маржан тізіп кестелеу бұрыннан белгілі болған өнер. Қазір сумоншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ, сумоншақтармен және технологиялық кестелеу өнері арқылы панно картиналар жасалады. Живопискежазылған картинадағыдай түрлі-түсті өңі бар етіп, сумоншақпенде картина кестелеуге болады. Біздер қазір сізге назарыңызға үйірме сабағында жасаған «Қорқыт» картинасын ұсынып отырмыз.

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауымыз керек:

1. Инені аузыңа салмау керек.

2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

3. Инені кез-келген жерге қадауға болмайды.

4. Бисерлер шашылып қалмас үшін оларды кесілген матаның үстіне немесе қорапшада ұстаған жөн.

Қыздар өздерінің үйірме сабағында сумоншақпен жасаған «Қорқыт» картинасының жасалу жолдарын түсіндіріп береді

- Апа, енді Күнікейді жібересіз бе?

Айза(мыстан):Жоқ, жібермеймін. Келесі шартым: Менің қасымда қыздарым отыр осы қыздарымның қолөнер туралы білімдерін тексеріп беріңдер.

Альбина:Жарайды,апа, біздің оларға қоятын сұрақтарымыз да дайын. Мына суретте берілген сөзжұмбақты мақалды дұрыс тауып шешкенде, матадан әр-түрлі әдемі етіп жинақтап тігу арқылы орындалатын бүрменің түрі шығады. Мен мақалды оқимын тастап кеткен сөзді табыңыз.

Айза(мыстанЖоқ, жібермеймін. Келесі шартым: Есеп шығарасыздар.

  • Шығарамыз,апа шығарамыз.

Айза(мыстан):Бірінші есебім «Қырсық жолаушы»Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді.

Айза(мыстан):Екінші есебім «Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр?»

  • Апа, Күнікейді жіберіңізші.

Айза(мыстан):Жоқ бермеймін. (Айқайлап таяғымен жерді бір қояды, қыздар жиылып бір нәрсеге ақылдасады)

Альбина: Апа, мынау ұялы телефон. Мұнымен әлемнің барлық жерімен сөйлесе аласыз. Кинода көруге болады, ойын да ойнауға болады.

Айза(мыстан):Қане, әкелші,көрейін (телефонды алып,бұрышқа қарай барып, телефонды қарап тұрғанда қыздар Күнікейді алып қашып кетеді)

Айза(мыстан):Әй,әй тоқтаңдар! (Ұялы телефонмен)

Айза(мыстан):Алло, алло, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ қайдасыңдар, ұстаңдар ананы.

Сіздердің көріп, тамашалағандарыңыз қазақтың «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің өнері







































Қорытынды: Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Осы мақсатта 5-6сыныптарда «Сиқырлы моншақ» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге 5-6сынып оқушылары түгелдей қатысады.Үйірмеде балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады.Үйірме жұмысында жүргізілген бисермен жұмыс жасау оқушыларды қызықтырады. Қазір су моншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ су мрншақтармен жаңа технологиясы аппликация өнері арқылы панно, картиналар жасалады. Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол.Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады.Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.Үйірмеде заманға сай әр түрлі техникамен жұмыс жасайды. Мәселен, бисермен тоқу немесе панно жасау, тоқыма тоқу және т.б «Сиқырлы моншақ» үйірмесінде 12 ақпан күні 5г –сыныбында «Ою-өрнектердің шығу тарихы, түрлері,қолданылуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ою-өрісін дамыту. Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін шыңдай отырып, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.Оқушылар қолөнер үйірмесіне келіп,бисерден гүл шоқтарын жасаумен айналысты. Олардың қолынан шыққан бұйымдарды облыс директорларының семинарына келген ұстаздарға сыйлық ретінде тарту етті..

Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған,8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне, Наурыз мейрамына арналған мектептішілік оқушылар арасында көрме өткізілді. Көрмеге бірнеше жұмыстар ұсынылды. Қалалық көрмеге 5-сынып оқушылары Муратова Айнагүл, Иштай Жұлдыз,Бекешова Назгүл,Тұрарова Шынар, 6-сынып оқушылары Ералиева Марина, Ескулова Айым, Қуанышева Аида,Самигуллаева Аяулым,10-сынып оқушысы Қажымұрат Фаризаның бірнеше жұмыстары қатысты. Фаризаның жұмыстары қалалық Наурыз мерекесіне арналған оқушылар шығармашылық көрмесінде І орын және облыстық «Нұр себеле, Наурызым!» фестивалінде алғыс хат, облыстық ЭКСПО-2017 оқушылар шығармашылық көрмесінде алғыс хат, Аймақтық «Жас дарын» байқауында алғыс хатқа ие болды. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.



Сумоншақтан жасалатын бұйымдарды тоқу жолдары

Сырға тоқу жолдары

hello_html_3d21d4e2.jpgҚажетті құрал-жабдықтар: 2 түрлі сумоншақ: сары және

көк,d=3,5мм маржан тәрізді моншақтар,2 арнайы ине, леска

hello_html_m1c43d05b.jpgd=0,16мм

hello_html_758e395.jpg















Фоторамканы тоқу жолдары

hello_html_m202aedf2.jpgҚажетті құрал-жабдықтар: ақ, жасыл, қызғылт түсті

hello_html_mfdd37f1.jpgсумоншақ, 2 арнайы ине, леска d=0,16мм













Жhello_html_m42a260c3.jpgұмыртқаның жасалу жолдары

Қажетті құрал-жабдықтар: қызыл, жасыл, қызғылт түсті

сумоншақ, 2 арнайы ине, леска d=0,16мм

hello_html_c34e760.jpg







hello_html_m604a26a0.jpg











«Алау» алқасының жасалу жолы

hello_html_m57f37f81.jpgҚажетті құрал-жабдықтар: қызғылт сары және түрлі-түсті

сумоншақ, арнайы ине, моншаққа арналған бекіткіш.

hello_html_14ca92f0.jpg







«Көкжиек» алқасының жасалу жолы

hello_html_72255c02.jpgҚажетті құрал-жабдықтар: көгілдір түсті сумоншақ және түрлі

түсті моншақ, арнайы ине, моншаққа арналған бекіткіш.

hello_html_m3221431a.jpg









hello_html_mb4afb58.jpg«Африкалық әуен» алқасының жасалу жолы

Қажетті құрал-жабдықтар: қоңыр түсті сумоншақ

цилиндр тәрізді 20 моншақ, d=6мм 16домалақ моншақ,

d=8мм 5домалақ моншақ, пішіні қисық 9 моншақ,

арнайы ине, моншаққа арналған бекіткіш.

hello_html_50220466.jpg









hello_html_m79eec423.jpg«Гематит» алқасының жасалу жолдары

Қажетті құрал-жабдықтар: жылтыр қара сумоншақ,

цилиндр тәрізді 25 моншақ, һ=4мм арнайы ине, моншаққа арналған бекіткіш.

hello_html_m660b1ea6.jpg


hello_html_m660b1ea6.jpg

hello_html_m660b1ea6.jpg





hello_html_m660b1ea6.jpg











«hello_html_40eeb3ce.jpgКүз» алқасының жасалу жолдары

Қажетті құрал-жабдықтар: қоңырқай және жасыл түсті

сумоншақ, 2 арнайы ине, леска d=0,18мм, моншаққа арналған бекіткіш





hello_html_4efd7b52.jpghello_html_4efd7b52.jpg



hello_html_4efd7b52.jpghello_html_4efd7b52.jpg













Сумоншақтан браслет тоқу жолдары

hello_html_162f410d.jpgҚажетті құрал-жабдықтар: 5 түрлі сумоншақ, d=3,5-4мм

ақ моншақ, d=0,18мм леска

hello_html_m60dfb0bd.jpg







hello_html_m60dfb0bd.jpghello_html_m60dfb0bd.jpg







Сhello_html_6cf915d7.jpgумоншақтан гүл жапырақшаларын тоқу жолдары

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті сумоншақтар,

d=3,5-4мм моншақтар, d=0,18мм сым,гүлге арналған кішкентай құмыра



hello_html_18f49163.jpg













hello_html_6422c6c5.jpg





















Оқушылар шығармашылығы

hello_html_m14f576a8.pnghello_html_m49a2cacf.png

hello_html_6a2af549.png

hello_html_5c8e571c.pnghello_html_m15dd4699.png


hello_html_6f96f024.png


hello_html_64835ef2.pnghello_html_17fc376b.png

hello_html_8d40cf2.pnghello_html_m4609d5e0.png



hello_html_5ffb092d.pnghello_html_7fb2a2c.jpghello_html_16dc10c.pnghello_html_m5dbf7746.png

hello_html_m47e186bd.jpghello_html_5e3c9dab.png










hello_html_m7ebf1936.jpghello_html_72437bcd.jpg


















Қолданылған әдебиеттер:



  1. Белякова О.В,.Найденова А.Л,.Салькова. Е.Б Бисер для начинающих, Изд.дом«Владис»., 2009.

  2. Божко Л Бисер для девочек.,.,«Мартин» Москва,2004.,

  3. Бондарева Н.И «Цветы из бисера., «Феникс» Ростов-на-Дону., 2005

  4. Дәуренбеков Ж, «Қазақстан өнері» Алматы 1983 ж

  5. Қазақ өнерінің тарихы, І –ІІІ том, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылған; Өнер баспасы, Алматы,2007ж

  6. Қасиманов.С. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер», 1995ж

  7. Марақұлова К«Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

  8. Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал

  9. Мектептегі технология Республикалық әдістемелік журналы, 2006-2014ж

  10. Мұхамеджанұлы З«Қазақтың кесте өнері» Алматы-2008ж

  11. Фадеева. Е, Украшения из бисера.,«Айрис Пресс».,Москва,2006






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров541
Номер материала ДВ-290035
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх