Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сылдырмақтың бетін күйдіріп әшекейлеу

Сылдырмақтың бетін күйдіріп әшекейлеу

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Нүсіпбаев Жансерик Қуантаевич

46 орта мектептің технология пән мұғалімі. Тараз қаласы


Сабақтың тақырыбы: « Сылдырмақтың бетін әшекейлеу

және күйдіру әдістері ».


Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларға сылдырмақтың түрлері және оны көркемдеу технологиясы туралы жүйелі түсінік беру.

2. Оқушылардың музыкалық инструмент пен музыка сәндік өнер туралы түсініктерін толықтыра отырып, оқушы бойындағы өнерге деген музыкалық қабілеттерін дамыту.

  1. Оқушыларды музыкалық аспаптарды әшекейлей отырып, оқушыларды әсемдікке, музыкалық сауаттылыққа өнерлі болуға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап сарамандық.


Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.


Пән аралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, сызу.тарих,


Болжамдалған нәтиже: Оқушылар музыкалық аспаптар тарихымен қоса, музыкалық аспаптардың жасалу, зерделенуі және әшекейленуі технологиясын меңгеріп шығады.


Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі


II. Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұрақ – жауап


III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. Мұғалімнің түсіндірмесі

2. Технологиялық картамен жұмыс


IV. Жаңа сабақты бекіту

1. Техника қауіпсіздік ережесімен танысу

2. Құрал – саймандарды дайындау

3. Практикалық кезең


V. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау

1. Сылдырмақ әлеміне саяхат

2. Сылдырмақ биі


VI. Үйге тапсырма

VII. Шеберхананы жинастыру.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды тыныштандырып түгелдеп,зейіндерін сабаққа бұру.


Үй тапсырмасын тексеру:


  1. Ою ойғанға қандай ағашты пайдаланады?

(қатты ағаштарды пайдаланады)

  1. Қатты ағаштарға қандай ағаштар жатады?

(қара тал, жеміс ағаштары, жиде ағаштары жатады)

3. Оюдың қанша түрге бөлінеді?

(ою геометриялық, өсімдік және ақ-құс түрлеріне бөлінеді)


  1. Жаңа сабақты түсіндіру: Сұрақ – жауап


  1. Балалар қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?

  2. Ал музыкалық аспаптар 3-ке бөлінеді, қандай-қандай болып?

  3. Ал енді тақтаға қарап тақтадағы плакаттағы музыкалық аспаптардың атын кім дұрыс атап береді?

Тақтамен жұмыс. Ұлттық музыкалық аспаптар тарихынан қысқаша түсінік беру.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту



  1. Ал, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы сылдырмақты әшекейлеу және күйдіру технологиясы (аса таяқ) сылдырмақ жаңа айтып өткендей музыкалы аспап.

  2. Ұлттық музыкалық аспаптар және оның ішінде сылдырмақтың шығу тарихы туралы кең көлемде жүйелі түсінік беру.

  3. Музыкалық аспаптардың жасалу технологиясы туралы түсінік беру.

  4. Сылдырмақтың түрлері және оның әшекейлеу технологиясы туралы тақтадағы плакаттарды пайдалана отырып түсінік беру.

  5. Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және оның жасалу технологиялық картасымен таныстыру.

  6. Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және оның жасалу технологиялық картасымен таныстыру

Техника қауіпсіздік ережесі:


Ал, балалар, сабағымыздың практикалық бөліміне көшейік. Алдарындағы ағаш тақтайшаға ең бірінші тақтадағы технологиялық картадағы кезеңдер бойынша рет-ретімен жұмыс бастаймыз.

  1. Сылдырмақтың 3 түрлі эскизі ақ параққа саламыз. (Мұғалімге тексертеміз).

  2. Эскиздердің ішінен біреуін таңдап ағаш тақтайша бетіне алкендерді түсіреміз.

  3. Алдарындағы қаңылтыр, банканың қақпағынан берілген өлшем бойынша дөңгелек кескіндер кесіп алып дайындаймыз.


Ү.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау


Ал балалар сабағымыздың келесі бөлімін сылдырмақ әлеміне саяхат деп атадық.

  1. Сылдырмақ әлеміне саяхат.

  2. Сылдырмақ биі.

  3. Ал, балалар, сабағымыздың негізі болған сылдырмақты кәдеге жарағынан көрейін.


ҮІІ.Үйге тапсырма:

Балаларды бағалау. Үйден музыкалық аспап сылдырмақтың (аса таяқ) тарихын оқып келу.


VII. Шеберхананы жинастыру


Биші қыздар сылдырмақ биін билеуде


hello_html_22ffd3d5.jpg





Сабақ барысы


hello_html_m356906f5.jpg


Оқушылардың жұмыс жасау кезеңінен көрініс


hello_html_6982d506.jpg


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров160
Номер материала ДВ-331470
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх