Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Научные работы / Силлабус Жаратылыстану және математикалық бағытындағы 10 сыныпқа арналған химия пәні бойынша.

Силлабус Жаратылыстану және математикалық бағытындағы 10 сыныпқа арналған химия пәні бойынша.


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі



БЕКІТЕМІН

№5 орта мектеп – лицейінің

Директоры

hello_html_32d9d72c.gifБақтыбаева Қ.Ш

hello_html_84379ca.gifhello_html_1fd87.gif« » 2015ж.










Бейорганикалық химия

пәнінің


ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ






Сынып: 10 сынып























Талдықорған қаласы 2015жыл

М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп- лицейі





Силлабус


Жаратылыстану және математикалық бағытындағы 10 сыныпқа арналған

химия пәні бойынша.



Сынып: 10

Жартыжылдық:1, 2

Кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат саны: --------

Дәрістер: --45------

Практикалық, сарамандық сабақтар: --4-------

ООӨЖ:45 -------

ОӨЖ: -45(8)-------

Аралық бақылаулар: -------
























Талдықорған қаласы 2015жыл


1. Оқытушы туралы деректер.

Оқытушының аты-жөні: Карымбаева Айгүл Мырзағалиқызы.

Байланыс телефоны: 21-12-67

Сабақ сағаттары: Сабақ бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

.

  1. Пәндер прериквизиттері:

Химия пәні бағдарламасы бойынша 10 сыныпта жалпы және бейорганикалық химияны оқыту көзделген. Химия пәні математика, география, биология, физика пәндерімен тығыз байланысты. Оқып-үйрену барысында пәнаралық кірігу қамтамасыз етіледі, тарих, әдебиет, қоғамтану, құқықты ақпаратты пайдаланады. Химия пәні табиғатты және оның байлығын бағалайтын, экологиясын жақсартып қорғай алатын осы заманның жан-жақты білімді зиялы адамын қалыптастыру.

  1. Пәндер постреквизиттері:

Химиялық дүниетанымды қалыптастыру; химиялық реакциялар мен заттар туралы негізгі біліммен, заттардың тұрмыста, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуымен таныстыру; білімді адамға қажет химиялық түсініктерді меңгеру және меңгеруді бағдарлау; нақты ғылымдар ішінде химияның төрден алатын орны туралы идеяны дәлелді түрде енгізу.

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Химия курсында алған түсініктер мен маңызды теориялық сұрақтарды қамтитындай концентрлі ұстаным негізінде құрылған. 20-дан астам химиялық элементтер мен олардың ең маңызды қосылыстары сипатталған. Әсіресе, ол қосылыстардың техникада, тұрмыста қолданылуы және олардың қоршаған ортаға экологиялық әсері тығыз байланыстырылып бекітілген. Соңында маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы және бейорганикалық химиядан алған білімді жүйелеумен аяқталады.


  1. Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері:

Заттар туралы білімді тереңдетіп, элементтер мен қосылыстарының қасиеттерінің өзгеруінің жалпы заңдылықтарын анықтау және оқытудың политехникалық бағытын күшейту, химияның білім негіздерін (түсініктерді, химиялық тілді, айғақтарды, химияның заңдары мен теорияларын) қалыптастыруды толықтыру және жалғастыру; жаңа білім игеру (алу); білімді жетілдіру мен алуға, сол сияқты өздігінен алуға дағдылануды дамытуға қажетті білім мен біліктілікті қалыптастыру және химияның заңдары мен процестері негізінде жалпы дүниетаным мен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

Аралас пәндер: бейорганикалық химияның теориялық негіздері, математика, физика , биология пәндерімен байланысты.




















І бөлім. Типтік бағдарлама

ІІ бөлім. Силлабус

  1. Оқытушы туралы мәлімет, сабақ сағаттары.

  2. Пәндер прериквизиттері.

  3. Пәндер постреквизиттері.

  4. Пәнге берілген қысқаша сипаттама.


- мақсаты;

- міндеттері;

- оқушының меңгерген білімі және іскерлігі.

  1. Оқушылар білімін бағалау жүйесі.

  2. Курс саясаты.

  3. Академиялық тәртіп және этика саясаты.

  4. Пән мазмұны, сабақ түрлерінде сағаттарды бөлу.

  5. Дәріс сабақтары және оның мазмұны.

  6. Семинар сабақтарының жоспарлары, ООӨЖ, ОӨЖ.

  7. Әдебиеттер.


ІІІ бөлім. Глоссарий

ІV бөлім. Дәрістің қысқаша конспектісі.

V бөлім. Әдістемелік нұсқаулар және үлестірмелі материалдар.

VI бөлім. ОӨЖ бойынша әдістемелік кеңестер.

VI бөлім. Бақылау-өлшемдік құралдары.







  1. Курс саясаты.

  • Дәрістің тақырыбы бойынша алдын-ала дайындық;

  • Сабақтан кешікпеу;

  • Сабақтан себепсіз қалмау;

  • Оқытушының келісімімен жіберілген сабақтарды тапсыру;

  • Ғылыми-әдістемелік нұсқаулары, ұқыпты болу.

  1. Академиялық тәртіп және этика саясаты.

  • Сабақ үстінде сөйлемеу, ұялы телефонды сөндіру;

  • Үй тапсырмаларын уақытында және міндетті түрде орындау;

  • Тиянақты және міндетті болу;

  • Аудиторияларда тазалықты сақтау;

  • Іс-тәжірибелік сабақтарда белсенділік көрсету;

  • Баяндамалар арнайы дайындалып, оқытушыға бақылауға беріледі.



Сабақтың өлшемдері(Бағалау өлшемдері)

Мазмұны

Балл

1

Сабаққа қатысуы

10

2

Ұй жұмысының орындалуы

20

3

Белсенділігі

10

4

Арнайы дағдылар:

а)ауызша жауап

ә)есептеу есептерін шығару икемділіктері

б)эксперименттік икемділіктер

в)химиялық реакциялар теңдеулерін жазу икемділіктері


5

15

5


5


Барлығы:

70



  • Үй жұмысының орындалуы:

  • а)толық,елеусіз қателерімен-17-20балл

  • қателерімен-12-16балл

  • үй жұмысы жартылай орындалса-8-11балл



Ауызша жауапқа қойылатын баға

«5» деген баға:

  • жауап оқытылған теорияға негізделіп, толық және дұрыс қайтарылса;

  • материал айқын, қисынды жүйемен, әдеби тілмен баяндалса;өздігінен жауап берсе .

«4»деген баға:

  • жауап оқытылған теорияға негізделіп, толық және дұрыс қайтарылса;

  • материал айқын, қисынды жүйемен баяндалса да, екі-үш елеусіз қателіктер жіберіліп, оны мұғалім талап еткенде ғана түзетсе.

  • «3» деген баға:

  • жауап толық болғанымен де, елеусіз қателіктер жіберілсе немесе жауабы байланыссыз, толымсыз болса.

  • «2» деген баға:

  • Жауап берген кезде оқушының негізгі оқу материалын түсінбейтіні аңғарылса немесе оқушылар мұғалім жетекші сұрақтар қойғанда да елеулі қателіктерді түзете алмаса.

Есептеу есептерін шешу икемділіктеріне қойылатын баға

«5»деген баға:

  • Есеп қисынды ойластырылып, қатесіз, тиімді әдіспен шешілсе.

«4»деген баға:

  • Қисынды ойластырылып, елеулі қателіктер болмаса да,есеп тиімсіз әдіспен шешілсе немесе кем дегенде екі елеусіз қателіктер жіберілсе.

«3»деген баға:

  • Елеулі қателіктер,қисынды ойластырылса да, математикалық есептеулерде елеулі қателіктер жіберілсе.

«2» деген баға: тапсырмаға жауап берілмесе.


Эксперименттік икемділікке қойылатын баға

Баға оқушыларды бақылау және істеген жұмысына есеп беру негізінде қойылады.

«5»деген баға:

  • Жұмыс толық және дұрыс орындалса;бақылау мен қорытынды дұрыс жасалса;

  • Эксперимент қауіпсіздік техникасымен және құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу ережесін ескере отырып, жоспар бойынша жүзеге асырылса;

  • Ұйымдастыру-еңбек икемдігін көрсете білсе(жұмыс орнының тазалығы мен үстел үстін реттей біліп ,реактивтерді тиімді пайдалана білсе).

«4» деген баға:

  • Жұмыс дұрыс орындалып, бақылау мен қорытынды дұрыс жасалса да, эксперимент толық өткізілмесе немесе заттармен және құрал-жабдықтармен жұмыс істегенде елеусіз қателіктер жіберілсе.

«3» деген баға:

  • Жұмыс шала орындалса немесе эксперимент барысында , түсіндіру кезінде, жұмыс істегенде, қауіпсіздік техникасын сақтауда, заттар және құрал-жабдықтармен жұмыс істеген кезде елеулі қателіктер жіберіп, оларды мұғалімнің талап етуімен ғана түзетсе.

«2»деген баға:

  • эксперимент барысында, түсіндіргенде, жұмыс істегенде ,қауіпсіздік техникасын сақтауда; заттар және құрал-жабдықтармен жұмыс істеген кезде екі және одан да көбірек елеулі қателіктер жіберіп,оларды тіпті мұғалімнің талап етуімен де түзете алмаса.



ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ИКЕМДІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАҒА

«5»деген баға:

  • есепті шешу жоспары дұрыс жасалса;

  • химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар дұрыс іріктелсе;

  • толық түсіндіріліп ,қорытынды жасалса.

«4» деген баға:

  • есепті шешу жоспары дұрыс жасалса;

  • химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар дұрыс іріктелсе де,түсіндіру, қорытындылау барысында кем дегенде екі елеусіз қате болса.

«3» деген баға:

  • есепті шешу жоспары дұрыс жасалса;

  • химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар дұрыс іріктелсе де, түсіндіру, қорытындылау кезінде елеулі қателіктер жіберілсе.

«2»деген баға:

Шешуді жоспарлағанда, химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктегенде,түсіндіріп,қорытындылағанда екі және одан да көбірек елеулі қателіктер жіберілсе.


Ж А З Б А Ш А БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БАҒА

«5» деген баға:

  • Елеусіз қателіктері болғанымен,оқытылған теория негізінде толық және дұрыс жауап қайтарылса.

«4» деген баға:

  • Шала жауап қайтарылса немесе кем дегенде екі елеусіз қателіктер жіберілсе.

«3» деген баға:

  • Жұмыстың жартысы ғана орындалып, елеулі бір қателік және елеусіз екі-үш қателіктер жіберілсе.

«2» деген қате:

  • Жұмыстың жартысынан кемі жасалса немесе бірнеше елеулі қателіктер жіберілсе

Күнтізбе-тақырыптық жоспар.

Сабақтың тақырыбы

дәріс

сарамандықжұмыс

ооөж

оөж

Бақылау жұмысы

мерзімі

1.

Химиялық элементтер.Атом және молекула,олардың сипаттамалары.

1


1

1


2.

Химияның стехиометриялық заңдары

1


1




3.

Химиялық реакциялар және олардың жіктеуі.Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу.

1


1

1



4.

Қышқылдардың,негіздердің және тұздардың электролиттік диссоциациясы.Қышқылдар мен негіздердің иондық теңдеулерін құрастыру.

1


1

1



5

Протондық теория. М.И.Усановичтің жалпылама теориясы, қолдануы.

1






6.

Тұздар гидролизі.

1


1




7.

Химияның негізгі түсініктері





1






Сабақтың тақырыбы

дәріс

Сарамандық

жұмыс

ООӨЖ

ОӨЖ

Бақылау жұмысы

мерзімі

1.

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы

1


1




2.

Химиялық элементтер атомдарының құрылысы

1


1




3.

Энергетикалық деңгейлердің құрылысы

1


1




4.

Атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан элементтердің периодтықзаңы мен периодтық жүйесі. Элементтердің периодты өзгеретін қасиеттері

1


1




5.

Валенттік және тотығу дәрежесі

1


1




6



















Аралық бақылау.

Сабақтың түрі және оқушылардың жұмысы

Балл

1

Белсенділік

5

2

Арнайы дағдылар

15

3

Бақылау жұмысы

5

4

ОӨЖ

5


Барлығы:

30


Экзамен

40


Барлығы:

100





Оқушылардың білімің бағалау жүйесі.


Баға

Эквиваленттік әріп

Пайыз

Балл

Өте жақсы

А

А-

95-100

90-94

4

3,67

Жақсы

В+

В

В-

85-89

80-84

75-79

3,33

3,0

2,67

Қанағаттанарлық

С+

С

С-

Д+

Д-

F

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

0













Күнтізбе- тақырыптық жоспар.

Пәні: Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10 сыныпқа арналған химия пәні.

Сабақтардың түрлеріне қарай сағаттарды бөлу.

Жартыжылдық:1.2.

Сабақтардың тақырыбы

Дәріс

Сараманд. жұмыс

ООӨЖ

ОӨЖ

Бақылау жұмысы

Мерзімі

1

Химияның бастапқы түсініктері

6

-

5

4

1


2

Д.И.Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Атом құрылысы.

5

-

5

4

1


3

Химиялық байланыс және зат құрылысы

5

-

4

3

1


4

Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары.

5


4

3

1


5

Металдардың жалпы қасиеттері.

4


4

3

1

І А/Б

6

Маңызды S-элементтер және олардың қосылыстары.

4


4

3

1


7

d-элементтердің жалпы сипаттамасы.

3

1

2

3

1


8

Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары.

7

3

5

5

1


9

Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы.

6

-

5

4

1


10

Бейорганикалық химиядан алған білімді жүйелеу.



3

3

1

ІІ А/Б

45 45 45




1 Дәріс.

Тақырыбы: Химияның бастапқы түсініктері.

Жоспар: Химиялық элементтер сипаттамалары. Химиялық стехиометриялық заңдар.

Химиялық реакциялар, жіктелуі.

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі.

Ерітінділер.

Мазмұны: Химиялық элементтер. Атом, молекула және олардың сипаттамасы. Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Химияның стехиометриялық заңдары; құрам тұрақтылық заңы, зат массасының сақталу заңы. Моль.Молярлық масса. Авогадро заңы. Молярлық көлем.

Химиялық реакциялар және олардың белгілері. Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу, айырылу, орын басу, алмасу, экзо- және эндотермиялық, тотығу-тотықсыздану.

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері және олардың генетикалық байланысы.

Ерітінділер. Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Иондық реакция. Қышқылдық-негіздік әрекеттесу теориялары. Протондық теория. Усановичтің жалпылама қышқылдық-негіздік теориясы. Тұздардың гидролизі.


2 Дәріс.

Тақырыбы: Д.И.Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.

Жоспар: 1. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы.

2. Химиялық элементтердің атом құрылысы, электрондардың қозғалысы, энергетикалық деңгейлері, құрылысы.

3. Периодтық заң, маңызы.

4. Атомдардың валенттілігі және тотығу дәрежесі.

5. Қасиеттердің периодтық өзгеруі.

Мазмұны: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйені ашу тарихы. Периодтық заңның алғашқы тұжырымдамасы. Периодтық жүйенің құрылысы.Кіші және үлкен периодтар. Топтар мен топшалар. Периодтық заң мен периодтық жүйені атом құрылысы тұрғысынан қарастыру. Периодтық заңның қазіргі тұжырымдамасы. Химиялық элементтер қасиеттерінің атом ядросы заряды периодты тәуелділігі.

Атом құрылысы. Қарапайым бөлшектер (протон, нейтрон, электрон) және олардың сипаттамалары.Атом ядросының құрамы (протондар мен нейтрондар). Изотоптар. Электрондар. Электрон бұлттарының пішіндері s-, p-, d- электрондар. Электрондық орбитальдар. І-ІV периодтар элементтері атомдарының құрылысы және электрондардың энергетикалық деңгейлері, деңгейшелер және орбитальдарда бөлінуі. S-, p-, d- элементтер атомдарының электрондық конфирурациялары. Атомдардың валенттігі мен валенттілік мүмкіндіктері. Тотығу дәрежесі. Негізгі топшалар элементтерінің периодты түрде өзгеретін қасиеттері: атомдар және иондар радиусы, иондану потенциалы, электрон тартқыштығы, электртерістігі, тотығу дәрежесі. Жоғары оксидтері мен гидроксидтері қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Сутекті қосылыстарының тұрақ\тылығы мен олардың қышқылдық-негіздік қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі.

Периодты заңның ғылым мен техниканы дамытудағы және әлемді дидактикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы.


3 Дәріс.

Тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы.

Жоспар: 1. Байланыс түрлері:

А) ковалентті

Б) ионды

В) металдық

С) сутектік

2. Кристалдық торлар.

3. Жиынтық қосылыстар.

Мазмұны: Зат құрылым бөлшектері: атом, молекула, ион. Химиялық байланыстардың түрлері мен түзілуі. Коваленттік байланыс: полюсті, полюссіз, донорлық-акцепторлық. Гибридтену типтері. Гибридтелген орбитальдар. Гибридтелген орбитальдардың пішіндері. Молекуларалық кеңістік құрылыстары. Химиялық байланыстың сипаттамалары: ұзындығы, энергиясы, бағытталуы, полюстігі.

Иондық байланыс. Иондық және коваленттік қосылыстардың қасиеттері. Металдық байланыс. Сутекті байланыс.

Кристалдық торларының түрлері: атомдық, молекулалық, иондық және металдық. Жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалл торлары түріне тәуелділігі.

Құрамы тұрақты және ауыспалы заттар. Жиынтық қосылыстар жөнінде қысқаша түсініктер.


4 Дәріс.

Тақырыбы: Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары.

Жоспар: 1. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Жылдамдыққа әсер ететін факторлар.

2. Катализ, химиялық тепе-теңдік, ығысу жағдайлары. Ле-Шателье принциптері.

Мазмұны: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар: заттың табиғаты, температура (Вант-Гофф ережесі), концентрация (әрекеттесуші массалар заңы), реагенттердің жанасу беті. Катализаторлар мен ингибиторлар.

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье ұстанымы.

Химиялық процестерді басқарудағы реакцияның жүру заңдылықтарын білудің маңызы.


5 Дәріс.

Тақырыбы: Металдардың жалпы қасиеттері.

Жоспар: 1. Негізгі және қосымша топша металдары.

2. Металдардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері.

3. Электролиз, металдардың жемірілуі.

Мазмұны: Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі металдар мен бейметалдардың атом құрылыстарының ерекшеліктері. Электртерістік пен иондану потенциалдары. Периодтар мен топтарға элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

Металдар. Периодтық жүйедегі орнына байланысты негізгі және қосымша топша металдарының сипаттамасы. Металдардың табиғатта таралуы. Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар. Қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар туралы түсінік. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі жолдары. Металл оксидтерін сутекпен, көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру және металлотермия. Аса таза металдар алудың бір жолы- электролиз.

Коррозияның түрлері және одан сақтану әдістері.

Қазақстандағы металар мен бейметалдардың пайдалы қазбалары.

Өнеркәсіптік, техникалық әртүрлі салаларда және тұрмыста металдар мен бейметалдарды пайдалану. Тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі металдар мен бейметалдардың маңызы.


6 Дәріс.

Тақырыбы: Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары.

Жоспар: 1. Жалпы сипаттама. І А топ Na, K

II A топ Ca Mg

2. Элементтер қосылыстары.

Мазмұны: Периодтық жүйедегі s-элементтердің орналасуы. Олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері. S-элементердің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру.

І топ негізгі топшасы металдары. І топтың негізгі топшасы металдарының жалпы сипаттамасы. Натрий мен калий. Табиғатта кездесуі. Натрий мен калийдің алынуы. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен, сумен әрекеттесулері. Маңызды қосылыстары:- оксидтері, гидроксидтері, тұздары (нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар). Натрий мен калийдің қосылыстарының қолданылуы.

ІІ топ негізгі топшп металдары. Кальций мен магний. Табиғатта таралуы мен алынуы. Жай заттарының физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен, сумен қышқылдармен әрекеттесуі. Маңызды қосылыстары – оксидтері, гидорксидтері, тұздары (карбонаттар мен сульфаттар), олардың қасиеттері мен қолдануы.Судың кермектігі және жою әдістері.


7 Дәріс.

Тақырыбы: d-элементтердің жалпы сипаттамасы.

Жоспар: 1Жалпы сипаттама.

2. Cu, Zn, Cr, Fe қосылыстары.

Мазмұны: Мыс, мырыш, хром, темір. Олардың периодтық жүйеде орналасуы. d-элементтердің атом құрылыстарының ерекшеліктері. Табиғатта кездесуі. Бұл металдардың Қазақстандағы пайдалы қазбалары. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттері. Хроммен, оттекпен және қышқылдармен және тұздармен әрекеттесуі. Маңызды қосылыстары – оксидтер, гидроксидтер және олардың ерекшеліктері. Тұздары. Тұздардың гидролизі. Хромның мысалында тотығу дәрежелеріне байланысты тотықтырғыш- тотықсыздандырғыш, қышқылдық-сілтілік қасиеттердің өзгеруі. Металдардың өнеркәсіпте қолданылуы және тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі маңызы.


8 Дәріс.

Тақырыбы: Маңызды p- элементтер және олардың қосылыстары..

Жоспар: 1. Жалпы сипаттама.

2. Элементтер қосылыстары.

3. ІІІ А топ Al

IVA топ C және Si

VA топ N және P

VIA топ O және S

VIIA топ Cl және I

Мазмұны: Периодтық жүйедегі р-элементтердің орналасуы: оардың құрылыстарының ерекшеліктері. Р-элементтердің электртерістігі. Р-элементтердің Қазақстандағы маңызды пайдалы қазбалары.

ІІІ топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы. Алюминий. Табиғатта таралуы. Алынуы. Физикалық қасиеті. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, сумен, қышқылдармен, негіздермен. Алюминий және оның қосылыстарының амфотерлік қасиеттері. Аl3+ сапалық анықтау. Алюминийдің және оның құймаларының қолданылуы.

Периодтық жүйеде орналасуына байланысты бейметалдардың жай заттары мен қосылыстарының өзгеруінің жалпы сипаттамасы.

ІV топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Көміртек және кремний. Табиғатта таралуы және алынуы. Көміртектің аллотропиясы (гибридтену типі, кристалдық торлары). Жай заттардың физикалық қасиеттері. Адсорбция және оның қолданылуы. Көміртек пен кремнийдің химиялық қасиеттері. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері. Маңызды қосылыстары: көміртек (ІІ), көміртек (IV) оксиді және кремний (IV) оксиді, көмір және кремний қышқылдары және олардың тұздары. Карбонаттар мен силикаттардың гидролизі. Карбонат ионын сапалық анықтау. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қолданылуы. Құрылыс материалдары: шыны, цемент, бетон.

V топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Азот және фосфор. Табиғатта таралуы. Азот пен фосфордың алынуы. Азот пен фосфор молекуласының құрылысы. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық, тотықтырғыштық- тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Азот пен фосфордың маңызды қосылыстары. Аммиак, молекуласының құрылысы, аммоний тұздары, оның қасиеттері және қолданылуы. Азот (ІІ) және (IV) оксидтері. Азот қышқылы, электрондық эәне құрылым формуласы. Физикалық қасиеттері. Нитраттар және олардың қасиеттері. Азот қышқылының металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі. Фосфор (V) оксиді, фосфор (мета және ортофосфор) қышқылдары. Фосфаттар. Фосфаттардың гидролизі. Нитрат және фосфат ионының сапалық анықтау. Азот пен фосфор және олардың қосылыстарының қолданылуы.

IV топтың негізгі топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Оттек және күкірт. Табиғатта таралуы. Оттек мен күкірттің алынуы. Оттек пен күкірт молекулаларының құрылысы. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Күкірт пен оттектің аллотропиялық түр өзгерістері. Озонның алынуы және қасиеттері. Оттек пенк күкірттің химиялық қасиеттері. Тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Маңызды қосылыстары. Су. Ауыр су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері. Күкіртсутек және сульфидтер. Сульфидтердің гидролизі. Күкірт (IV) және (VI) оксидтері. Күкірт қышқылы, электрондық және құрылымдық формулалары. Физикалық қасиеттері. Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылдырының қасиеттері. Сульфаттар және олардың қасиеттері. Сульфат ионын сапалық анықтау. Оттек пен күкірттің және олардың қасиеттерінің қолданылуы.

VIІ топтың негізгі топшасы элементтерінің сипаттамасы.

Хлор және иод. Табиғатта таралуы. Хлор мен иодтың алынуы. Молекулаларының құрылысы, жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Маңызды қосылыстары. Хлорсутек және тұз қышқылы, тұзқышқылының қасиеттері. Хлорсутек және тұз қышқылы, тұз қышқылының қасиеттері. Хлоридтер. Хлорид ионын сапалық анықтау. Хлор, иод және олардың қосылыстары. Йодтың биологиялық маңызы.


9 Дәріс.

Тақырыбы: Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы.

Жоспар: 1. Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері.

2. Пайдалы қазбалар.

3. Металлургия.

4. Силикат өнеркәсібі.

5. Аммиак өндірісі.

6. Азот қышқылы, минералды тыңайтқыштар, күкірт қышқылы өндірісі.

Мазмұны: Қоршаған ортаны қорғау.

Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принцптері. Пайдалы қазбалар – Қазақстанның химия өнеркәсібінің шикізаты. Шикізат пен энергетика қорын тиіді пайдалану. Үздіксіз, аз сатылы және қалдықсыз өндірістерді ұйымдастыру.

Металлургия. Металдар кендері (оксидтер, сульфидтер және карбонаттар және т.б.) туралы түсінік Қазақстандағы металл кендерінің, оларды байыту, тотықсыздандыру және флотациялау. Металдарды өнеркәсіпті алудың негізгі жолдары: пирометаллургия (темір), электрометталургия (алюминий), гидрометаллургия (мыс).

Металдардың құймалары. Құрамдары мен қасиеттері (ыстыққа, коррозияға, әртүрлі орталарға төзімділіктері). Қазақстанда қара түсті металдар және олардың құймаларын өндіру. Құймалардың практикалық маңызы.

Шойын және болат өндірістері.

Алюминий алудың электрохимиялық тәсілі. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі. Металлургия өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелері.

Силикат өнеркәсібі. Шыны жасауға қажет шикізаттар. Цементті өнеркәсіпте алу. Бетон мен темірбетон. Қазақстанның силикат өнеркәсібі. Силикат өнеркәсібінде қоршаған ортаны қорға.

Аммиак өндірісі. Зат шығымын арттыруға әсер ететін қолайлы жағдайларды таңдау. Азот қышқылы өндірісі. Аммиак пен азот қышқылын алу өнеркәсібінде еңбек пен қоршаған ортаны қорғау.

Тыңайтқыштар өндірісі. Маңызды азот, фосфор жіне калий тыңайтқыштары. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды дұрыс сақтау және тиімді қолдану мәселелері.

Жанасу тәсілімен күкірт қышқылын өндіру. Күкірт қышқылын өндіру үшін пайдаланатын әртүрлі шикізаттар. Қазақстанның күкірт қышқылы өнеркәсібі. Күкірт қышқылы өндірісінде еңбек пен қоршаған ортаны қорғау.



10 Дәріс.

Тақырыбы: Бейорганикалық химиядан алған білімді жүйелеу..

Жоспар: 1.Периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы.

2.Қоршаған ортаны қорғау.

Мазмұны: Дүниені ғылыми-дидактикалық тұрғыдан ұғынудағы,ғылым мен техниканы дамытудағы периодтық заң және зат құрылысы туралы білімінің маңызы. Қазақстан Республикасының химия және металлургия өнеркәсіптерінің дамуы. Химия және металлургия өндірістері қалдықтарының қоршаған ортаны ластаудан күресу. Химиялық сауаттылық пен экологиялық мәдениет – ғылыми- техникалық прогрестің қажетті шарты.
















Ломоносов атындағы № 5 орта миектеп-лицейі

Жаратылыстану – математикалық бірлестігі













Оқытушы мен оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқауы және мазмұны.





























Талдықорған 2015ж

ООӨЖ №1.

Тақырыбы: Атом және молекула, олардың сипаттамасы.

Мақсаты: Атомдар, молекулалар, олардың басты сипаттамалары мен

анықтау тәсілдері туралы білімдерді қайталау және тереңдету.

Тапсырма:

1.Периодтық кесте көмегімен мынадай элемент атомдарының

протон, электрон және нейтрон сандарын анықтаңдар: азот,

фтор, натрий, күкірт, алюминий, фосфор.

2.Неліктен бір элемент бірнеше изотоп түзеді?

3. Мынадай заттардың салыстырмалы молекулалық

массаларын және зат мөлшерін есептеңдер: N2, AL2O3 ,H2SO4

Cu(OH)2 , Al2(SO4)3.

4. Массасы 0,32 г белгісіз зат толық жанғанда 0,64 г күкірт

(ІV) оксиді және 0,18 г су түзіледі. Осы қосылыстың

формуласын анықтаңдар.

5. Құрамында азоттың массалық үлесі 82,36%, сутектікі

17,64% болатын қосылыстың формуласын анықтаңдар. Оның

сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 8,5-ге тең.

Сұрақтар:

1. Атом, молекулаға сипаттама бер?

2. Авогадро заңының тұжырымдамасын қолданып, Авогадро

саны және кез келген газдың молярлық көлемі тұрақты шама

екенін дәлелдеңдер.

Әдебиеттер: 1,2,6 (6-7)

ООӨЖ №2.

Тақырыбы: Бейорганикалық заттар мен химиялық реакциялар туралы білімдерді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Бейорганикалық заттардың құрамы мен қасиеттері, оларға тән

реакциялар туралы мәліметтерді қайталау және жүйелеу.

Тапсырма:

  1. Газ тектес сутек пен оттектен түзілген сұйық күйіндегі судың

  2. түзілу энтальпиясы бойынша 90гр су түзілгенде бөлінген жылудың мөлшерін есептеңдер.

  3. . 32 гр мыс оттекпен әрекеттескенде 155 кДж жылу бөлінген осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.

Сұрақтар:

  1. Электрондарды беріп және қосып алып, тотығу дәрежелерінің

  2. Өзгеруі бойынша тотығу - тотықсыздану процестеріне қатысатын бөлшектерді сипаттаңдар мысалдар келтіріңдер.

  3. Химиялық реакциялар қандай негізгі белгілері бойынша жіктеледі? Бұл белгілер арасында қандай айырмашылықтар және ұқсастықтар бар?

  4. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңестіру ережесін түсіндіріңдер.

  5. Химияның қандай заңының негізінде химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізіледі? Осы заңды тұжырымдаңдар.Оны тағы қандай жағдайда қолдануға болады?

Әдебиеттер: 1 (20 бетте (1-12) оқулық), 6 (№1 тексеру жұмысы (5-6 бет).


ООӨЖ №3.

Тақырыбы: Тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тереңдету және жүйелеу оқылған

теорияларды тәжірбие жүзінде қолданып, практика дағдыларын дамыту.

Тапсырма: Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін

құрастырыңдар:

1.P→P2O5→H3PO4→K2HPO4→K3PO4→Ba3(PO4)2

Cu→CuO→CuCl2→Cu(OH)2→Cu(NO3)2→CuS

2. Мүмкін болатын тұздарды алудың барлық реакция теңдеулерін

құрастырыңдар

а) FeО + Н2 SO4 (үш тұз)

ә) AL (ОН)3 + Н2 SO4 (төрт тұз)

б) КОН + Н3 SO4 (үш тұз)

3.Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция

теңдеулерін жазыңдар.

Қышқыл → орта тұз → гидроксид → оксид

4.Егер реакция өнімінің шығымы теориялыұқмүмкіндітің 75%

құрайтын құраса, онда тұз қышқылының артық мөлшері 5,4 гр АІ

мен әрекетескенде бөлінетін сутектің көлемін есептеңдер.

Сұрақтар:

1.Оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздарды бинарлы

қосылыстар түрінде қарастырғанда атауларында қандай

ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? 2.«Бейорганикалық

қосылыстар арсындағы генентикалық байланыс» дегенді қалай

түсіндіресіңдер?Калий мен азот элементтерінен басталатын

заттардың арасындағы генетикалық байланыстың сызбанұсқасын

құрыңдар.

Әдебиеттер: 1,6 (7-8)

ООӨЖ №4.

Тақырыбы: Валенттік және тотығу дәрежесі.

Мақсаты: Валенттік және тотығу дәрежесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу және тереңдету, периодтық жүйедегі элементтердің осы сипаттамаларының өзгеруі туралы білімді жүйелеу.

Тапсырма:

  1. Оттек пен күкірттің, фтор мен бромның, азот пен фосфорды, күкірт пен хромның валенттік мүмкіндіктерін салыстырыңдар.

  2. Қосылыстарда олардың қандай жоғары тотығу дәрежелері болуы мүмкін. Осындай қосылыстардың мысалдарын жазыңдар.

Сұрақтар:

1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша валенттік

пен тотығу дәрежесінің мәнін қалай анықтауға болады?

2. Қосылыстарда химиялық элементтің атомы қандай тотығу-

дәрежесін көрсететіні неге байланысты? О,F,Ce, N,Mg-дің мүмкін

болатын тотығу дәрежелерін көрсетіңдер?

3.Хром атомының электрондық және графикалық формулаларын

бейнелеңдер. Неліктен +6 хром жоғары тотығу дәрежесін

көрсететінін түсіндіріңдер оны жоғары оксидінің формуласын

жазыңдар.

4. Неліктен хлор мен марганецті периодтық жүйенің бір тобында,

бірақ әртүрлі топшаларда орналасқан.

Әдебиеттер: 1,2,6(32б.)


ООӨЖ №5.

Тақырыбы: Периодтық жүйедегі орны бойынша, элементтер мен олардың қосылыстарының сипаттамасы.

Мақсаты: Химиялық элементтердің қасиеттерін сонымен бірге олардың

оксидтері, гидрооксидтері, және сутектік қосылыстарының құрамы мен қасиеттерін сипаттау үшін оқушыларды периодтық жүйені қолдана білуді қалыптастыру.

Тапсырма:

1.Периодтық жүйедегі №15 және №23, №17 және №25

элементтердің құрылысын салыстырыңдар, сипаттама беріңдер

және сәйкес қосылыстарының формуласын жазыңдар.

2.Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 5-ші тобындағы

элементтің жоғары оксидіндегі оттектің массалық үлесі 16,006 %

құрайды. Бұл қандай элемент екенін анықтаңдар.

Сұрақтар:

1.Элементтердің қандай қасиеттері периодты өзгереді? Периодтар

мен топтарда ядро зарядтарының өсуімен элементтердің

қасиеттерінің өзгеруін атомдардың құрылыс теориясы қалай

түсіндіреді?

Әдебиеттер: 1, 2,6 (21-22б)


ООӨЖ №6.

Тақырыбы: Білімді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Элементтердің периодтық жүйесі туралы оқушылардың білімін

жүйелеу және қорытындылау.

Тапсырма:

  1. 16 және 24- элементтер атомдарының құрылысы қандай?

  2. Олар периодтық жүйеде қайда орналасқан және неліктен түсіндіріңдер. Олардың қасиеттерін салыстырыңдар.

  3. Элемент атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылыс формуласы 4s2 4p1.а) элементтің атын; б) ол элементтердің қандай типіне (s-,p-, d-, f-,) жататынын, в) жоғары оксидінің және гидроксидінің формуласын, олардың химиялық сипатын, г) элемент қосылыстарына тән химиялық реакцияларын анықтаңдар.

Сұрақтар:

1.Период бойынша және бір топ ішінде элементтердің қасиеттері

қалай өзгереді, орналасуы бойынша қасиеттері әртүрлі

элементтерге мысалдар келтіріңдер: а) бір периодта, ә) бір топта.

2.Периодтарда ядро зарядтарының өсуіне байланысты химиялық

элементтер атомдарының радиусы қалай және неліктен өзгереді?

3.Элементтің реттік нөмері өскен сайын негізгі топша

элементтерінің тотығу және тотықсыздану қасиеттері қалай

өзгереді? Мысал келтіріңдер.

Әдебиеттер: 1,2,6


ООӨЖ №7.

Тақырыбы: Химиялық байланыстың түрлері туралы мәліметтерді

қорытындылау.

Мақсаты: Химиялық байланыстар табиғатының бірлігі туралы көз қарас

қалыптастыру, байланыс түрлері жайлы алған білімдерін қорытындылау жай және күрделі заттарда байланыс түрін анықтай білуді жетілдіру, әр түрлі байланыс түрі мен түзелген қосылыстар сызба нұқасын құрастыру.

Тапсырма:

1.Na2O, KOH, PCL3 , H2SO4 , HNO3 қосылыстарының түзілуінің

электрондық сызбанұсқасын құрастырыңдар. Әрбір жағдай үшін

химилық байланыстың түрін анықтаңдар.

2.Металдық байланыстың иондық және коваленттік

байланыстармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма? Олар қандай түсіндіріңдер.

Сұрақтар:

1.Элементтердің электртерістік кестесін қолдана отырып,

қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) магнийдің фтормен, б)

фосфордың сутекпен; в) күкірттің көміртекпен; г) бромның

оттекпен. Әрбір элементтің тотығу дәрежесін және әрбір

қосылыстағы химиялық байланыстың түрін анықтаңдар.

2.Коваленттік полюсті химиялық байланысты сипаттаңдар.

Осындай байланыстағы заттарға үш мысалдан келтіріңдер және

олардың түзілу механизмін түсіндіріңдер.

Әдебиеттер: 1, 2,6




ООӨЖ №8.

Тақырыбы: Кристалдық тор типтері

Мақсаты: Зат құрылысы туралы, зат қасиетінің химиялық байланыс

табиғатына тәуелділігі және кристалл торларының типі туралы білімді тереңдету және жүйелеу: мына сызба нұсқаны қарастырғанда бір-бірімен байланыстыра білуді қалыптастыру: химиялық байланыс түрі → кристалл торының типі → зат қасиеті.

Тапсырма:

1.Элементтердің электртерістік кестесін қолдана отырып,

қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) кремнийдің хлормен; б)

азоттың сутекпен; в) калийдің күкіртпен; бордың оттекпен. Әрбір

элементтің тотығу дәрежесін және әрбір қосылыстағы химиялық

байланыстың түрін анықтаңдар.

Сұрақтар:

  1. Кристаллдың тор типтері, 2) химиялық байланыс → кристалл

торының типі → зат қасиеті.

  1. Атомдық кристалл торлы зат қандай физикалық қасиеттер

көрсетеді? Мысалдар келтіріңдер.

  1. Тұрмыста көбінесе кристалдық заттар – йод, нафталин, ванилин, сода көп қолданылады. Олардың кристалдарының құрылысын қандай қасиеттері бойынша анықтауға болады? Осы қасиеттерді және әрбір заттың кристалл торының типін анықтаңдар.

Әдебиеттер: 1,2,6


ООӨЖ №9.

Тақырыбы: Жай заттар қасиетінің химиялық байланыстардың түрі мен кристалл торларының типіне тәуелділігі.

Мақсаты: Зат қасиеттерін олардың құрылысы бойынша болжай білуді және

олардың қасиеттері бойынша зат құрылысын анықтай білуді дамыту.

Тапсырма:

1.Атом құрылысы тұрғысынан №15 элементтің валенттік

мүмкіндіктерін анықтаңдар. Оның жоғарғы және төменгі тотығу

дәрежесін көрсететін қосылыстарына мысал келтіріңдер.

2.ВСІ2 молекуласының геометриялық түрі қандай? Осы

молекулада байланыс түзілгенде электрондық орбитальдар бірін-

бірі қалай бүркейтінін сипатта.

Сұрақтар:

  1. Иондық коваленттік полюсті және коваленттік полюссіз

байланыстары болатын күкірт қосылыстарының формулаларын жазыңдар. Оларда қандай кристалл торлар болуы мүмкін. Бұл заттар қандай физикалық қасиеттер көрсетеді?

Әдебиеттер: 1,2,6




ООӨЖ №10.

Тақырыбы: Тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Негізгі алған білімді қайталау және жүйелеу алынған дағдыларды дамыту.

Тапсырма:

4 тестті талдау (дидактикалық тапсырмалар 37-42 беттер)

Сұрақтар:

  1. Ковалентті байланыстың негізгі сипатын атаңдар?Олар қалай аталады?

  2. Неліктен иондық байланысты бағытталмаған деп есептейді? Иондық қосылыстар түзгенде атомдардың валенттілігін анықтауға болама? Нақты мысалдар келтіріңдер.

  3. Металдық байланыстың иондық және коваленттік байланыстарымен ұқсастықтары бар. Байланыстардың осы түрлерінің арасындағы ұқсастықтармен айырмашылықтарды түсіндіріңдер.

  4. Су молекулаларының арасында сутектік байланыс болуының жердегі тіршілік үшін қандай мәні бар?

Әдебиеттер: 1,2,6(35 бет).


ООӨЖ №11.

Тақырыбы: Катализ.

Мақсаты: Катализ және катализаторлар (өршіткілер) туралы түсінік беру; гомогенді және гетерогенді жүйелердегі катализ құбылысының мәнімен және өршіткілердің әсерінің ерекшелігімен таныстыру;

катализдік асорбциялық теориясы туралы көзқарас туғызу.

Тапсырма:

  1. Химиялық реакцияның тұрақтылығы дегеніміз не? Бұл

түсініктің физикалық мәні қандай? Ол неге байланысты? Мысалдар келтіріңдер.

2. Әрекеттесетін заттар молекулаларының соқтығысуы әрқашан олардың әрекеттесуіне әкеле ме? Белсенді молекулалар дегеніміз не және олардың басқаларынан қандай айырмашылығы бар?

Сұрақтар: 1. Катализ құбылысы.

  1. Гомогенді және гетерогенді катализден қалай ерекшеленеді?

Мысалдар келтіріңдер.

  1. Автокатализ дегеніміз не?

  2. Тежегіштер дегеніміз не? «Катализдік у» және «промоторлар», ферменттер деген не?

  3. Ферменттер адам және жануарлар тіршілігінде қандай роль атқарады? \

  4. Гетерогенді катализ теориясымен практикасына көп еңбек сіңірген Қазақстандық ғалымдарды атаңдар.

Әдебиеттер: 1,2,6(47 бет



ООӨЖ №12.

Тақырыбы: Химиялық процестерді басқару үшін химиялық реакция туралы білімдердің мәні.

Мақсаты: химиялық процестерді белгілі бір мақсатпен басқару үшін химиялық реакцияның жүру заңдылықтары туралы білім маңызы туралы көз қарасты тереңдету.

Тапсырмалар: 1. Химиялық реакцияның жылдамдығы

Сұрақтар:

Әдебиеттер: 1,2,6.




ООӨЖ №13.

Тақырыбы: Білімді жүйелеу мен қорытындылау.

Мақсаты: Химиялық реакцияның жүру заңдылықтары туралы білімді жүйелеу және қорытындылау; химиялық процестерді басқарудағы олардың рөлі туралы қорытынды жасау.

Тапсырма:

1.Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесетін заттар

концентрациясына қалай тәуелді екенін түсіндіріңдер. Мысалдар

келтіріңдер.

  1. А затының бастапқы концентрациясы 2,4 моль\л, ал 5

минуттан кейін оның концентрациясы 2,2 моль\л болды. Осы реакцияның орташа жылдамдығы қандай|?

Сұрақтар:

1. Химиялық реакцияның жылдамдығы.

2. Әртүрлі факторлардың (концентрацияның, қысымның,

температураның, өршіткі қатысының) гомогенді және гетерогенді

реакция жылдамдығына әсері;

3. Химиялық реакцияның механизмі;

4. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына түрлі

факторлардың әсері. Ле – Шателье принципі.

Әдебиеттер: 1,2,6(45-47 беттер)


ООӨЖ №14.

Тақырыбы: Металдардың құрылысы мен физикалық қасиеттері.

Мақсаты: Металдардың жай заттары құрылысының ерекшеліктері, металдық байланыс, металдың кристалл торының түрлері, металдар құймалары туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

Тапсырма:

  1. Химиялық элемент құрамы Э2О оксид түзеді, оның молярлық

массасы 94 г\моль. Осы элементті анықтап, оған тән қасиеттерді атаңдар.

  1. 4 г екі валентті металл броммен әрекеттескенде оның 20 г

бромиді алынған. Бұл қандай металл екенін анықтаңдар.

Сұрақтар:

  1. Элемент – металл мен зат – металдың арасындағы

айырмашылық қандай? Әр жағдайда қасиеттер неге байланысты? 2. Металл кристалдарының құрылысы. Кристалл торларының түрлері. Металдардың кристал торының модельдерін көрсету: кубтық (кубтық – қырланған және кубтық орталықтанған) және гексоганальді.

3.Металдардың жалпы физикалық қасиеттері, жеке физикалық

қасиеттері.

4. Металдар құймасы.

Әдебиеттер: 1,2,6


ООӨЖ №15.

Тақырыбы: Табиғаттағы металдар. Металдарды алудың негізгі тәсілдері.

Мақсаты: Оқушыларды металдарды алудың негізгі әдістерімен таныстыру.

Тапсырмалар:

  1. Кендерден металдарды алудың негізгі тәсілдері:

пирометаллургия, металлотермия, гидрометаллургия,

электрометаллургия.

  1. Массасы 240 г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 80 г

көмір жұмсалады: MgO + C → Mg + CO, осы көмірдегі таза көміртектің массалық үлесі қандай?

  1. Таза металл алу үшін сутек пайдаланылады. Осындай тәсілмен

вольфрам оксидінен WO3 таза вольфрам алынады. Реакция теңдеуін жазып. 2 моль вольфрам алуға кететін сутектің массасын есептеңдер.

Сұрақтар: 1. Металдардың табиғатта кездесуі туралы айтыңдар.

2. Металлургия өндірісі қандай сатылардан тұрады?

3. «Кендер» деп нені айтады?

4. Қасиеті күні бұрын айқындалған металл материалдарды алу

проблемасы қалай шешілді?

Әдебиеттер: 1,2,6


ООӨЖ №16.

Тақырыбы: Тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Электролиз және металдар коррозиясы процестері туралы білімдерді жүйелеу және қорытындылау; осы процестердің сызба нұсқасын құрастыра білу себебін оларды қолдана отырып есептер шығаруды жетілдіру.

Тапсырмалар:

1.Электролиз сызба нұсқасын (енжар электродтармен)

құрастырыңдар: а) магний хлоридінің балқымасының; ә)

күміс нитратының ерітіндісі;

2.Егер анодта 67,2 м3 (қ.ж.) газ бөлінсе, онда калий хлориді

балқымасының қандай мөлшері (моль) электролизге

ұшырағаны?

Сұрақтар:

  1. Неліктен қалайылған ыдыс (қалайымен қапталған темір)

қорғаныш қабаты бүлінгенде таттанады және тез бұзылады

  1. Мына металдармен қапталған болат бұйымдардың жемірілуінің сызбанұсқасын жазыңдар: а) никель ә) қалайы б) хром.

Әдебиеттер: 1,2,6(56-57 б)


ООӨЖ №17.

Тақырыбы: Натрий және калий қосылыстары.

Мақсаты: Сілтілік медалдардың маңызды қосылыстарының құрамы және қасиеттері туралы білімдерін жүйелеу; оқушыларды натрий және калий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру.

Тапсырма:

  1. 2 кг 25 ٪ калий хлориді ерітіндісін электролизге ұшыратқанда

сілтінің қандай массасын алуға болады?

  1. 20 г натрий гидроксидімен 20 г хлорсутек әрекеттескенде

қанша г тұз түзіледі?

3. 300 г 2٪ -тік натрий хлориді ерітіндісімен 300 г 2٪ -тік күміс

нитраты ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін тұнбаның массасы

қанша?

Сұрақтар:

1. Натрий және калий гидроксидтері мен оксидтерінің қасиеттері.

2. Күнделікті тұрмыста және өндірісте натрий мен калийдің қандай

қосылыстары қолданылады?

Әдебиеттер: 1,2,6 (61-63 б)


ООӨЖ №18.

Тақырыбы: Магний және кальций қосылыстары.

Мақсаты: магний мен кальций қосылыстарына жататын оксидтер, гидрооксидтер және тұздар туралы, олардың табиғаттағы, тұрмыстағы және өнеркәсіптегі маңызы туралы оқушылар білімдерін жүйеге келтіру; оқушыларды кальций карбонаттары мен гидрокарбонаттары айналылымының процестерімен таныстыру.

Тапсырма:

1.Егер өнімнің шығымы теорииялық мүмкіндіктің 85٪-ын

құрайтын болса, құрамында 20 қоспасы бар 200кг әктастан қанша

сөндірілмеген әк алуға болады.

2.Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар:

А)Са →СаО→Са(ОН)2→СаСО3→СаО→Са3(РО4)2

Ә)MgCl2→Mg→MgO→Mg(OH)2→MgCO3→Mg3(PO4)2

Сұрақтар:

1.Кальций және магний оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық

қасиеттерін сипаттаңдар, дәлелдейтін реакция теңдеулерін

жазыңдар.

2.Құрылыста қолданылатын кальций және магний қосылыстарының

атауларын және формулаларын келтіріңдер, жүретін реакция

теңдеулерін жазыңдар. 3.Кальций және магнийдің табиғатта

айналымының сызбанұсқасын бейнелендер.

Әдебиеттер: 1,2,6 (63-64)


ООӨЖ №19.

Тақырыбы: білімді қорыту және жүйелеу.

Мақсаты: оқылған тақырып бойынша оқушылардың білімді меңгеру деңгейін тексеру; алынған нәтижелер негізінде қолданған оқыту әдісінің тиімділігін талдау.

Тапсырма:

1.Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция

теңдеулерін жазыңдар:

А) Ғе→ҒеСІ3→Ғе→ҒеСІ2→?→Ғе(ОН)3→?→Ғе

Ә)Cr→CrCL3→Cr(OH)3→Cr2O3→Cr2(SO4)3→K2Cr2O7

Б)Zn→ZnS→ZnCL2→Zn(OH)2→Na2ZnO2

Сұрақтар:

1.Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орналасу

тұрғысынан мыстың, мырыштың, темірдің, хромның атом

құрылысын, валенттік мүмкіндіктері,физикалық және химиялық

қасиеттерін сипаттаңдар.Сәйкес реакция теңдеулерін келтіріңдер.

2.Мырыш тұз қышқылымен сутек түзе әрекеттеседі,мырышты мыс

хлоридінің сулы ерітіндісіне салғандада, сутектің белсенді,

бөлінетіндігін көруге болады.осы құбылысты түсіндіріңдер.

Әдебиеттер:1,2,4,6 (66-67)

ООӨЖ №20.


Тақырыбы: Көміртектің маңызды қосылыстары.

Мақсаты: Оқушылардың көміртектің қосылыстарымен: оксидтердің (ІІ),

(IV), көмір қышқылының және карбонаттардың маңызды қасиеттерімен, олардың практикада қолданылуымен таныстыру, жылы жай эффектісі, көміртектің биохимиялық рөлі және табиғаттағы көміртек айналымы туралы мағлұмат беру.

Тапсырма:

1.Натрий карбонатын натрий сульфатынан қалай алуға болады?

мүмкін болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

  1. Массасы 8 гр калий мен натрий карбонаттарының қоспасын

күкірт қышқылымен өңдегенде 10,24 гр осы металдардың сульфаттарының қоспасы алынды. Бастапқы қоспадағы әрбір тұздың массалық үлесін (٪) есептеңдер.

Сұрақтар:

1. Көміртек (ІІ, ІV) оксидтері.

2.Көмір қышқылы және оның тұздары.

Әдебиеттер: 1,2,3

ООӨЖ №21.

Тақырыбы: Білімді қорытындылау және жүйелеу (ІІІ А, IV А,V Атоп элементтері).

Мақсаты: Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесінің

ІІІА - VА топтарының р-элементтері туралы білімді қортындылау және жүйелеу.

Тапсырма:

  1. Массасы 9 гр алюминий мен мыс қоспасын тұз қышқылымен

өңдегенде, реакция аяқталған соң 5,6 л (қ.ж.) газ жинап алынды. Қоспадағы мыстың массалық үлесін есептеңдер.

2. массасы 10 гр кремний мен көмір қоспаларын конц.сәілтінің артық мөлшерінің ерітіндісімен қыздыру арқылы өңдеу нәтижесінде көлемі 5,6 л қ.ж. сутек бөлінді. Осы қоспадағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер.

Сұрақтар:

1.р-элементтерде қандай электрондар валенттік электрондар

болып табылады?

2.Атомдардың және иондардың радиустары электртерістігі және

тотығу дәрежесі қалай өзгереді?

3.Бір типті байланыстардың сипаты қалай өзгереді?

4.Период және топ бойынша оксидтер мен гидроксидтердің

қышқылдық негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің

өзгеріу бағыттары?

5.Сутектік қосылыстар қасиеттерінің өзгері сипатында қандай

тенденциялар байқалады?

Әдебиеттер: 1,2,3,6 (60-65)

ООӨЖ №22.


Тақырыбы: Оттектің маңызды қосылыстары. Озон, Су.

Мақсаты: VI топ элементтеріне жалпы сипаттама беру; оттектің периодтық

жүйесіндегі орнына байланысты оны VI топ элементі ретінде сипаттау,

оқушыларды олардың аллотропиялық түр өзгерістерімен, құрылысымен

физикалық және химиялық қасиеттерін, оттегінің табиғаттағы рөлімен

және практикада қолданылуымен, табиғаттағы оттек айналымымен

таныстыру; оның өзіне тән физикалық қасиеттерімен табиғаттағы су

айналымымен таныстыру.

Тапсырма:

  1. Озон мен оттектің қоспасын сутек бойынша тығыздығы 18-ге

тең.Қоспаның көлемдік құрамын табыңдар.

2.Егер озонатордан шыққан газ сол жағдайда 16 л көлем алса,

озонатор арқылы қанша көлем оттегі өткізілген.

3.Лабораторияда және өнеркәсіпте оттекті қандай жолдармен

алады?Химиялық реакция теңдеулері жазыңдар және олардың

жүру жағдайларын көрсетіңдер.

Сұрақтар:

1.Атмосферада оттек құрамының тұрақтылығы және оның қалпына

келу көздер (фотоситнез)

2.Оттек молекуласының құрылысы және парамагниттік қасиеттері.

3.Оттекті алу жолдары,оттектің тотықтырғыш қасиетттері және

жанудың адам өркениеті дамуындағы рөлі.

4.Оттектің табиғатта ролі және ғылым мен теникада қолданылуы.

5.Оттек аллотропиясы. Озон және оның тотықтырғыш қасиеті.

Атмосферадағы озон қабатының проблемасы.

Олардың табиғаттағы адам және өсімдіктер өміріндегі ролі.

6.Су әмбебап еріткіш.Судың өзіне тән физикалық қасиеті.

7.Судың химиялық қасиеттері. Гидролиз.

Әдебиеттер: 1,6


ООӨЖ №23.

Тақырыбы: Білімдерді жүйелеу және қорытындылау (VIIA, VIA, VA топ элементтері)

Мақсаты: Алынған білімді тереңдетіп, жүйелеу; оны практикада қолдана білу, жетілдіру.

Тапсырма:

1.Мына заттардың қайсысымен конц.азот қышқылы әрекеттеседі:

а)темір (ІІ) сульфиді, б)кальций; в) темір (ІІ)оксиді; г) көміртек,;

д) көмірқышқыл газы; е) темір.Ион алмасу реакциялары үшін

иондық теңдеулерін, тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін

электрондық баланс құрастырыңдар.

Сұрақтар:

  1. VII, VI, V, ІVтоп элементтері – бейметалдарды мына жоспар

  2. бойынша сипаттаңдар: а) элементтер атомдарының құрылысы, олардың валенттік мүмкіндіктері;ә)химиялық сипаты және топтағы химиялық белсенділігінңі өзгеруі;б)жай заттардың құрылысымен физикалық қасиеттері;г)жай заттардың химиялық қасиеттері жәнне оларға тән химиялық қасиеттері.

Әдебиеттер:1,2,6

ООӨЖ №24.


Тақырыбы: Металл құймалары

Мақсаты: Құймалар алудың жолы, тәсілдері, олардың ғылым мен техникадағы рөлі туралы оқуы.

Тапсырма:

1.Әшекей бұйымдарды жасау үшін алтынның әр түрлі

сынамадағы құймалары қолданылады, ол 1000 гр құймадағы

алтынның гр санын көрсетеді. Массасы 8 гр сынамасы 583

сақинада қанша гр алтын бар екенін анықтауға болады.

Сұрақтар:

1.Құймалар.

2.Құймаларды жіктеу.

3. Кең таралған құймалардың қасиеттері.

4.Құймаларды алудың жалпы тәсілдері

5. Құймаларды тұрмыста ғылымда техникада және өнеркәсіпте

қолдану.

Әдебиеттер: 1 (294-296),2


ООӨЖ №25.


Тақырыбы: Силикат өнеркәсібі шыны өндірісі. Цемент және басқа сикат металдарының өндірісі.

Мақсаты: Оқушыларды силикат өнеркәсібі өнімдерінің негізгі түрлерімен және оларды өндіру технологияларымен таныстыру.

Тапсырма:

1.Na2O*CaO*6SiO2 терезе шынысын алу негізінде жатқан

химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Шыны құрамындағы мынадай оксидтердің: Na2O SiO2 Al2O3

PbO BaO рөлін түсіндіріңдер.

3. Шыны бұйымдарының кемшіліктері мен жетістіктері.

Сұрақтар:

1. Силикат өндіріс және оның негізгі бағыттары.

2. Керамика, керамикадан жасалған құрылыс материалдары.

3. Цемент өндірісі. Цементтің,бетонның,темір бетонның

қолданылуы.

4.Шыны өндірісі, шыны түрлері және олардың қолданылуы.

Әдебиеттер: 1,2,








ООӨЖ №26.


Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар өндірісі.

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның химиялық өнеркәсібі мысалында калий, азот, фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісінің технологиясымен қысқаша таныстыру.

Тапсырма:

1. Қай элементтер өсімдік тіршілігінд аса маңызды оөл атқарады.

2.Қандай тыңайтқыштар минералды деп аталады?

3.Азот, фосфор тыңайтқыштары өсімдіктің дамуында қандай роль

атқарады, олардың қоректік құндылығы

4. Қандай тыңайтқыштар кешендік деп аталады?

5.Минералды тыңайтқыштарды өндіру және қолдану саласында

қандай экологиялық мәселелері бар?

Сұрақтар:

1. Тыңайтқыштардың маңызы

2.Тыңайтқыштарды жіктеу

3.Сұйық және түйіршіктелген тыңайтқыштардың ұнтақ

тыңайтқыштардан артықшылықтары.

4. Азот фосфор,калий, тыңайтқыштарының сипаттамасы

5. Микротыңайтқыштармен тыңайтылған қоспалар.

6.Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі.

Әдебиеттер: 1,2,6


ООӨЖ №27.

Тақырыбы: Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі.

Мақсаты: Оқушыларды жанасу әдісімен өндірілетін күкірт қышқылы өндірісінің технологиясымен таныстыру.

Тапсырма:

  1. Күкірт қышқылын алудың қандай өнеркәсіптік жолдары бар,

олардың әр біреуінің негізінде қандай химиялық реакциялар мен

физикалық процестер жатыр.

2.күкірт (ІV) оксидін күкірт (VI) оксидіне тотықтыру үшін қандай

жағдай тиімді.

3.Олеум деген не?

Сұрақтар:

1. Шикізатты таңдау

2.Өндіріс негізіне жататын химиялық реакциялар олардың

ерекшеліктері.

3. Реакция жүргізу үшін тиімді жағдайды таңдау

4.Негізгі апараттардың жұмысы мен құрылысы.

5.Өндірісте қолданылатын негізгі технолоүгиялық ұстанымдар.

Әдебиеттер: 1,2,6










Ломоносов атындағы № 5 орта миектеп-лицейі

Жаратылыстану – математикалық бірлестігі













Бақылау жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік

нұсқауы және мазмұны.





























Талдықорған 2015ж



Бақылау жұмыстары тақырыптары


  1. Химияның бастапқы түсініктері

  2. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі және атом құрылысы

  3. Химиялық байланыс және зат құрылысы

  4. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

  5. Металдардың жалпы қасиеттері

  6. Маңызды S элементтер

  7. d– элементтердің жалпы сипаттамасы

  8. р – элементтердің химиясы

  9. Маңызды химиялық өндірістер

  10. Бейорганикалық химиядан білімдерді қорытындылау




























Ломоносов атындағы №5 орта мектеп- лицейі







Жаратылыстану және математикалық бағыт.

Химия пәні бойынша 10 сыныпқа арналған.



Сарамандық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау және мазмұны.

































Талдықорған қаласы 2015жыл








1 Сарамандық жұмыс.

Тақырыбы: «Металдар» тақырыбы бойынша тәжірибелік есептер шешу.

Жұмыстың мақсаты: Металдар мен олардың қосылыстары туралы оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білулерін тексеру.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар,спирт шамы, қысқыш.

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус) мырыш, мырыш сульфаты, мырыш хлориді, натрий карбонаты, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, калий гидроксиді,темір,темір(ІІІ) хлориді, темір(ІІІ)сульфаты, темір (ІІ) сульфаты, мыс (ІІ) хлориді, кальций хлориді, кальций карбонаты, магний хлориді,магний сульфаты,

Берілген 16 есептің ішінен тапсырмаларды мынадай нұсқалармен орындалады.

І нұсқа – 1,6,10,13.

ІІ нұсқа – 2,5,11,15.

ІІІ нұсқа – 3,7,10,16.

ІV нұсқа – 4,8,9,14.

Мазмұны: 1-есеп. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.

2-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар.

3-есеп. Темірден темір (ІІІ) гидроксидін алыңдар.

4-есеп. Сендерге берілген тұз – натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.

5-есеп. Сендерге берілген тұз – натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.

6-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (ІІІ) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін анықтаңдар.

7-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.

8-есеп. Нөмерленген 3 сынауықта натрий карбонаты, натрий сульфаты, натрий хлориді ерітінділері бар. Күміс нитраты ерітіндісін қолданбай әрбір затты анықтаңдар.

9-есеп. Темір (ІІІ) сульфатының сапалық құрамын анықтаңдар.

10-есеп. Кальций карбонатының сапалық құрамын анықтаңдар.

11-есеп. Сендерге берілген судың кермектігін жойыңдар.

12-есеп. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.

13-есеп. Берілген темір (ІІ) сульфатының ерітіндісінде темірдің (ІІІ) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.

14-есеп. Сендерге берілген натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақтағанда біртіндеп натрий карбонатына айналатынын дәлелдеңдер.

15-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.

16-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: темірдің (ІІ) гидроксиді, калий гидроксиді, магний гидроксиді бар екенін анықтаңдар.




2 Сарамандық жұмыс.

Тақырыбы: Аммиактың алынуы, аммиактың сулы ерітінідісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды аммиак алуға арналған құрал жинауға үйрету, аммоний тұздарының қасиеттерімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар,спирт шамы,қасық, газөткізгіш түтік,

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус), кальций гидроксиді, аммоний хлориді, аммоний карбонаты.

Мазмұны: 1- тәжірибе. Аммиактың алынуы және оның суда еруі.

Қағазға немесе шыны ыдысқа бір қасық кальций гидроксидін және екі қасық құрғақ аммоний хлоридін салып араластырыңдар. Алынған қоспаны тұрғыға бекітілген құрғақ сынауыққа салыңдар және сынауықты газ өткізгіш түтігі бар тығынмен жауып жанарғымен қыздырыңдар.

Түзілген газды (3,а -сурет) төңкерілген сынауыққа жинаңдар. Жиналған аммиакты өзіне тән өткір иісінен оңай білуге болады. Аммиак жиналған сынауықты газ өткізгіш түтіктен абайлап, төмен қаратып тұрып босатады. Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа төңкеріп салу керек. Судың тез жоғары көтерілгеніне назар аударыңдар.

Судың астында сынауықтың аузын саусақпен жауып, кірген суымен бірге шығарып алып, фенолфталеинмен сынаңдар.

Неге тәжірибені жүргізгенде барлық ыдыстар құрғақ болуы керек?

Неге жинағыш- сынауықтыі аузын төмен қаратып ұстау керек?

Аммиактың алыну және еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Фенолфталеин қандай түске боялады? Неліктен қышқыл қосқан кезде түсі өзгереді? Неге сынауықтағы судың деңгейі көтерілді? Сендерге белгілі өткір иісті газдарды айтыңдар. Аммиак етітіндісінде лакмустың түсі қандай болуы керек?

2-тәжірибе. Аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.

1. Аммоний хлоридін айдау. Сынауыққа құрғақ аммоний хлоридінің аз мөлшерін салыңдар. Сынауықтың шетіне дымқыл фенолфталеин қағазын қрйыңдар. Аммоний хлоридін тездетіп қыздырыңдар. Фенолфталеиннің түсінің өзгеріп, қайтадан оның жойылуына назар аударыңдар.

Сынауық қабырғасында пайда болған ақ дақ бар ма және сынауық түбінде салынған тұз қалды ма қараңдар.

Неге басында фенолфталеиннің түсі өзгеріп, одан кейін жоғалды? Сынауық қабырғасындағы ақ дақтың құрамы қандай? Сынауықтың түбіндегі тұз неге жоғалды?

Сынауықта химиялық рекакция жүрді ме? Егер жүрсе, реакция теңдеулерін жазыңдар. Аммоний хлоридінің және йодидінің айдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

2. Аммоиний карбонатының термиялық айырылуы.

Сынауыққа құрғақ аммоний карбонатының аз мөлшерін салып, жанарғы жалынында 2-3 минут сынауықтағы тұздың барлығы жоғалғанша қыздырыңдар.

Тұз неге жоқ болады? Жүрген реакцияның өнімі қандай? Оның теңдеуін жазыңдар.

3. Аммоний тұздарының гидролизі. Көк лакмус қағазына аммоний хлоиді ерітіндісінің тамшысын тамызыңдар. Ерітіндінің реакциясы қандай? Неге? Жауаптарды реакция теңдеумен түсіндіріңдер.



3 Сарамандық жұмыс.

Тақырыбы: Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттері туралы теориялық білімдерін қолдана білулерін дамыту, сапалық реакциялар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, эксперменттік есептерді шешу үшін бейорганикалық қосылыстардың практикада алыну тәсілдерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар, спирт шамы, газөткізгіш түтік

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус), кальций хлориді, барий хлориді, барий нитраты, калий хлориді, натрий карбонаты, натрий хлориді, күміс хлориді, күміс нитраты, натрий нитраты, азот қышқылы (конц.),(сұйыт.), күкірт қышқылы (сұйыт.), (конц.), мыс ұнтағы, ортофосфор қышқылы, аммоний сульфаты, натрий гидроксиді.

Мазмұны: 1. Хлорид-ионға сапалық реакция.

4 сынауыққа 5-7 тамшыдан мынадай: 1-ші сынауыққа – кальций хлориді, 2-не барий хлориді, 3-не калий хлориді, 4-не натрий хлориді ерітінділерін құйыңдар. Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар.Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық жүрген реакцияларының молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Барлық иондық теңдеулерді өзара салыстырыңдар.

Әр сынауыққа бір тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңдар. Өзгеріс байқала ма? Күміс хлоридінің қышқылдық ортадағы жай-күйі туралы не айтуға болады. Хлор анионына Сl- қандай ион реактив болатынына қорытынды жасаңдар.




2. Сульфат- ионына сапалық реакция.

Бір сынауыққа сұйылтылған күкірт қышқылын, 2-не натрий сульфатын құйыңдар және әрқайсысына барий хлориді немесе нитрат ерітіндісін құйыңдар.Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде теңдеуін жазыңдар.SO42- ионына қандай ион реактив болып табылады?

3. Нитрат ионына сапалық реакция.

Сынауыққа 0,5г натрий нитратын (немесе басқа нитратты) салып, тұзды толығымен жабатындай етіп, концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Сынауықтағы ерітінді неге көгереді? Реакция теңдеуін жазып, электронды байланыс әдісімен коэффиценттерді қойыңдар. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

4. Фосфат – ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1-2 мл ортафосфор қышқылының ерітіндісін құйып, осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

5. Карбонат – ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

Түзілген тұнбаға 0,5 мл сұйылтылған азот қышқылы ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

6. Аммоний –ионына сапалық рекция.

Сынауыққа 5-7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар. Дымқыл немесе фенолфталеин қағазын дайыңдаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне индикатор қағазын үстап тұрып, сынауықтағы коспаны қыздырыңдар. Индикатордың түсі өзгерді ме? Неге? Аммоний ионнына қандай реакция сапалық болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.

1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды? Содан кейінгі тағыда бірнеше тамшы ерітіндісін қосыңдар. Жүрген реакция теңдеуін жазыңдар. Аммоний тұздарының танып білу туралы қорытынды жасаңдар.



4 Сарамандық жұмыс.

Тақырыбы: «Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.

Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттері мен сапалық реакциялары және эксперименттік есептерді шешу үшін практикада бейорганикалық қосылыстарды алу тәсілдері туралы теориялық білімді, қолдана білуді жетілдіру, оқушылардың практикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар, спирт шамы, газөткізгіш түтік

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус), натрий сульфаты, магний сульфаты, аммоний сульфаты, аммоний нитраты, натрий карбонаты, калий хлориді, тұз, азот, күкірт қышқылы ерітінділері, натрий хлориді, кальций карбонаты, мыс (ІІ) оксиді, кальций оксиді.

Мазмұны: 1-есеп. Құрғақ заттары бар үш сынауық берілген: 1-ші сынауықта – натрий сульфаты, 2-де магний сульфаты, 3-де аммоний сульфаты.Қай сынауықта аммоний сульфаты бар екенін анықтаңдар.

2-есеп. Берілген зат – аммоний сульфаты екенін тәжірибе жүзінде анықтаңдар.

3-есеп. Лакмуспен аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділерін сынаңдар және байқалған өзгерісті түсіндіріңдер.

4-есеп. Сынауықтарда хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері бар. Қай сынауықта қандай қышқыл бар кенін анықтаңдар

5-есеп. Нөмерленген үш сынауықта тұз ерітінділері бар: а) аммоний

сульфаты, аммоний хлориді және аммоний нитраты; ә) натрий хлориді, нартий карбонат, натрий сульфаты. Қай сынауықта қандай тұз бар екенін анықтаңдар.

6-есеп. Екі ақ ұнтақғы : кальций карбонаты мен натрий карбонатын

қалай ажыратуға болады?

7-есеп. А) Мыс нитратын; Ә) Кальций карбонатын екі әдіспен алыңдар.

8-есеп. Мынадай айналуларды жүзеге асыру үшін тәжірибе

жүргізіңдер:

А) C→ CO2→ CaCO3 → CO2;

Ә) P → P2O5 → H3PO4 → Na2HPO4

Ag3PO4






















Химиядан сұрақтар, жаттығулар, есептер.

1-тақырып. АТОМ-МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ.

1.1. Атомдық масса. Салыстырмалы атомдық

молекулалық масса, салыстырмалы молекулалық масса,

Молялдық масса. Зат мөлшері. Моль.


  1. СИ жүиесінде массаның өлшем бірлігі қандай?

  2. Қазіргі кезде массаның атомдық бірлігі ретінде не қабылданған? Неліктен бұрынға м.а.б. қабылданбаған?

  3. Неліктен бұрынға массаның атомдық бірлігі ретінде 16O изотоптың бір атомының массасы емес, оттек 16О изотопы массасының 1/16 бөлігі қабылданған?

  4. М.а.б. ретінде қабылданған химиялық элемент қандай талаптарды қанағаттандыруы керек?

  5. Химиялық элементтің орташа салыстырмалы массасын қалай есептейді? Мұндай есептеулер үшін қандай мәліметтер керек?

  6. Табиғи бром 79 Br және 81Br изтоптарынан тұрады. Бромның салыстырмалы атомдық массасы орташа шамасы 79,916 құрайды. Бромның әрбір изотопының массалық үлесін есептеңдер.

  7. Табиғи рубидий 85 Rb және 87Rb изотоптарының қоспасынан тұрады. Рубидийдің салыстырмалы атомдық массасын есептеп табыңдар.

  8. Моль түсінігіне анықтама беріңдер?

  9. Молярлық масса дегеніміз не? СИ жүйесінде оның өлшем бірлігі қандай? Салыстырмалы молекулалық масса мен молярлық массасының ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  10. Берілген заттар үлгілеріндегі құрылымдық бірліктер (молекула) санын есептеңдер: а) 198 г күкірт қышқылының; б) 1г газ тектес сутектің; в) 9 г судың; г) 28 г темірдің.

  11. 32 г оттек пен 32 г сутек қалдықсыз әрекеттесе ме?

  12. 2 л сутек пен 2 л оттек қалдықсыз әрекеттесе ме?

  13. Молярлық масса ұғымын қолдана отырып, массасын есептеңдер: а) күкірттің бір атомының; б) сутектің бір атомының.

  14. 54 г алюминийдегі алюминийдің зат мөлшері қандай?

  15. 56 г газтектес азотта азоттың қанша молкуласы болады?


1.2. Химиялық форулалар. Белгісіз заттардың эмпирикалық

және молекулалық формулаларын табу.

  1. Элементтердің массалық үлестері: ω(S) = 0,40 және ω(O) = 0,60 болатын күкірт оксидінің қарапайым формуласын табыңдар.

  2. Фосфор хлоридіндегі хлордың массалық үлесі 77,5% тең. Фосфор хлоридінің қарапайым формуласын табыңдар.

  3. Молибден оксидіндегі молибден массасының оттек массасына қатынасы екі. Молибден оксидінің қарапайым формуласын анықтаңдар.

  4. Күкірт оксидіндегі күкірт массасының оттек массасына қатынасы 1:2. Күкірт оксидінің қарапайым формуласын анықтаңдар.

  5. Құрамында 63,64 % азот және 36,36% сутек бар заттың формуласын анықтаңдар.

  6. Құрамында 40% магний оксиді MgO және 60% керемний (IV) оксиді SiO2 болатын минералдардың формуласын құрастырыңдар.

  7. Құрамында 73% ZnO және 27% SiO2 болатын силекаттың формуласы қандай?

  8. Құрамы ω(C) = 82,76% және ω(H) = 17,24% болатын газтектес заттың формуласын табыңдар. Газдың ауа бойынша тығыздығы 2,01.

  9. Массасы 3,8 г зат толық жанғанда массасы 2,2 г көмірқышқыл газы мен массасы 6,4 г күкіртті газ түзіледі. Заттың формуласын табыңдар.

  10. Көміртек пен сутектен тұратын массасы 2 г зат толық жанғанда массасы 4,5 г су түзіледі.Осы органикалық заттың формуласын табыңдар.

  11. Массасы 5,46 г оксидкке массасы 2,4 г оттек болатынын біле отырып, ванадий оксидінің формуласын құрастырыңдар.

  12. Массасы 14,6 г кристалгидратты сусыздандырғанда, массасы 7,6 г су жоғалтады. Кальций хлоридінің кристалогидратының формуласын анықтаңдар.

  13. Элементтердің массалық үлестері: ω(Са) = 0,2439; ω(N) = 0,1707 және

ω(O) = 0,5854 құрайтын қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.



1.3. Авагадро заңы және одан шығатын салдарлар.


  1. Мына газдардың сутек бойынша тығыздықтарын анықтаңдар: азот, оттек, хлор, фтор, неон, аргон және көмірқышқыл газы.

  2. Мына газдардың ауа бойынша тығыздықтарын анықтаңдар: азот, оттек, хлор, фтор, неон, аргон және көмірқышқыл газы.

  3. Әуе шарлары мен дирижабльдерді қандай газдар мен толтыру керек? Есептеулер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңдер.

  4. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздықтары сәйкес 16; 38; 22 болатын газдардың молярлық массасын анықтаңдар.

  5. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздықтары сәйкес 1,517; 0,966; 2,45 болатын газдардың молярлық массасын анықтаңдар.

  6. 1л озонның массасы (қ.ж.) 2,143 г тең. Озонның молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтаңдар.

  7. Қалыпты жағдайда 2 л көлемінің массасы 5 г газтектес заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

  8. 1,4 г сутек пен 5,6 г азот газдары қоспасының алатын көлемін (қ.ж.) анықтаңдар.







1.4. Химиялық теңдеулер. Химиялық теңдеулер

бойынша есептеулер.

  1. Массасы 12 г магний жанғанда магний оксидінің қандай массасы түзіледі?

  2. Массасы 10 г мыс (I) оксиді Cu2O мен массасы 10 г мыс (II) оксидін CuO сутекпен тотықсыздандырғанда судың қандай зат өлшері түзіледі?

  3. Бертолле тұзы 2KCIO3 = 2KCI + 3O2 теңдеуі бойынша ыдырайды. Көлемі 5 л (қ.ж.) газометрді толтыруға жететін оттек алу үшін осы тұздаң қандай массасын ыдырату керек?

  4. Массасы 4 г сутек пен 24 г оттек қоспасы қопарылғанда судың қандай массасы түзіледі?

  5. Массасы 200 г кальций карбонатын алу үшін сода Na2CO3 және кальций хлоридінің CaCI2 қандай массасын жұмсау кере?

  6. Қалыпты жағдайда көлемі 67,2 л көмірқышқыл газын алу үшін CaCO3 қандай массасы қажет?

  7. Массасы 14,6 г хлорсутекпен 8 г аммиак араластырылған. Аммоний хлоридінің қандай массасы түзіледі? Реакциядан соң қандай газдың мөлшері қанша көлемде артық қалады?

  8. Массасы 117 г натрий хлориді мен 147 г күкірт қышқылы араластырылған. Қалыпты жағдайға келтірілген хлорсутектің қандай көлемі алынады? Реакциядан соң қай заттың артық мөшері қалады және оның массасы қандай?

  9. Массасы 4 г натрий гидроксидінде болатын молекулалар литий гидроксидінің қандай массасында болады?

  10. Массасы 5г металл сумен әрекеттескенде оның тотығу дәрежесі +2 қосылысы және қалыпты жағдайда көлемі 2,8 л сутек түзілді. Осы металды анықтаңдар.

  11. Қалыпты жағдайда көлемі 5,6 л көміртек (IV) оксидінің толық жұтылуы үшін 12% калий гидроксидінің (тығыздығы 1,1 г/смЗ ) қандай көлемі қажет болады?

  12. Жалпы көлемі 40мл сутек пен оттек қоспасы қопарылғанда, көлемі 4 мл оттек қалады. Қоспадағы сутектің массалық үлесін (%) анықтаңдар.

  13. Массасы 1кг H2-ден NH3- тіңқандай массасы алынуы мүмкін?

  14. Егер реакция 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O теңдеуі бойынша жүретін болса, онда көлемі 1000 мЗ аммиактың тотығуына оттектің қандай көлемі жұмсалады?

  15. Массасы 1кг калий нитраты 288 К және 100 кПа жағдайында ыдырағанда алынатын оттек көлемін анықтаңдар.






2.Орынбасу реакциясы теңдеулері бойынша есептеулер.

  1. Көлемі 250 мл CuSO4 ерітіндісіне массасы 40 г темір тақташасы салынды. Егер реакциядан кейін тақташаның массасы 42 г болса, онда түзілген мыс пен ерітіндідегі темір (ІІ) сульфатының молярлық концентрациясының массасын анықтаңдар.

(Жауабы: 16г Cu, 1M FeSO4)

  1. FeSO4 және CdSO4 ерітіндісіне әрқайсысының массаысы 10 г бірдей мырыш тақташасы салынған. Реакциядан соң тақташаларды жауып, кептіргенде, олардың біріншісінің массасы 9,095 г, ал екіншісінікі 14,702 г болатыны белгілі болды. Екі жағдайда да әрекеттескен темір және кадмий массасын есептеңдер.

(Жауабы: 5,6 г Fe және 11,2 г Cd)

  1. Массасы 70,4 г мыс тақташасын күміс нитраты ерітіндісінде батырғаннан кейін оның массасы 85,6 г болды. Ода соң тақташа 400 мл 64%-ті азот қышқылы ерітіндісінде (p=1,4г/мл) ерітілді. Азот қышқылы азот (IV) оксидіне дейін тотықсызданады деп есептеп, ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі қалай өзгеретінін табыңда.

(Жауабы: 14,9%)

  1. 50 г 15% мыс сульфаты ерітіндісіне (p=1,12 г/мл) массасы 5г темір тақташасын салғанда біраз уақыттан кейін тақташаның массасы 5,154г тең болады. Реакциядан кейін ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін есептеңдер.

(Жауабы: ω=0,095)

  1. Құрамында ерімтал тұздарыболатын ерітіндіден күмісті бөліп алу үшін ерітіндіні түйіршік мырыш қосып қайнатқаннан кейін металл массасы 7,5 г өсті. Ерітіндіден қанша грамм күміс бөліп алынған?

(Жауабы: 10,8 г)

  1. Массасы 20 г мыс тақташасын реакция толық аяқталғанша күміс нитратының ерітіндісіне слған соң тақташа массасы 19% өсті. Бастақы ерітіндідегі күміс нитраты ерітіндісінің массасын есептеңдер.

  2. Массасы 8 г темір тақташасын біраз уақыт массасы 250 г, массалық үлесі 15%-тік мыс (II) сульфатының ерітіндісіне салғанда, тақташаның массасы 8,77 г болды. Реакциядан соң ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін (%) табыңдар.

(Жауабы: 8,63%)

8. Тұз қышқылының ерітіндісіне массасы 50 г металл тақташа салынған. Көлемі 0,336 л (қ.ж.) сутекті ығыстырғанда тақташа массасы 1,68% ке азаяды. Тақташа қандай металдан жасалған?

(Жауабы: темірден)

9. 4 г мыс сульфаты бар ерітіндіге кадмий тақташасын салғанда, мысты толық ығыстырғаннан кйін тақташаның массасы 3%-ке азайды. Ерітіндіге салыған тақташаның массасын анықтаңдар.

(Жауабы: 40 г)

10. Кадмий сульфаты ерітндісіне массасы 50 г мырыш тақташасы салынған. Реакция нәтижесінде барлық ығыстырылған кадмий тақташада бөлінгенде, оның массасы 3,76%-ке өсті. Тақташада қанша кадмий бөлінді?

11. Металдан жасалған, массасы бірдей, екі зарядты ион түзетін екі тақташаның біреуін мыс хлоридінің, екіншісін кадмий хлоридінің ерітіндісіне салғанда, біраз уақыт өткеннен кейін мыс хлориді ерітіндісіне салған тақташаның массасы 1,2%-ке, ал екіншісінікі 8,4%-ке өсті. Мыс және кадмий хлоридтерінің молярлық концентрациясының азаюы бірдей болды. Тақташалар қандай металдан жасалған?

(Жауабы: темірден)

12. Массасы 10 г мыс тқташасы массасы 250 г 20%-тік күміс нитраты ерітіндісі бар стаканға салынған. Тақташаны шығарып алғанда, күміс нитратының массасы 20%- ке азайғаны байқалды. Реакция аяқталғаннан соң тақташаның массасын және қалған ерітіндідегі күміс нитратының массалық үлесін (%) анықтаңдар.

(Жауабы: 14,6 г, ω(AgNO3) = 16,3%)

13. Күміс нитраты ерітіндісіне массасы 9,547 г мыс тақташасы салынған. Біраз уақыттан кейін тақташа ерітіндіден алынып, шайылып, кептіріліп, өлшегенде оның массасы 9,983 г болды. Тақташада қанша күміс бөлінді?

(Жауабы: 0,62 г)

14. 200 мл 0.1М мыс сульфаты ерітіндісне массасы 10,112 г темір тақташасы салынған. Ерітіндіден барлық мысты ығыстырғанда, тақташаның массасы қандай болды?

(Жауабы: 10,267 г)


3. Параллель жүреін реакциялар теңдеулері

бойынша есептеулер.

  1. Массасы 10,4 г темір мен магний қоспасын тұз қышқылында еріткенде 6,72 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Қоспадағы әрбір металдың массасын табыңдар.

(Жауабы: 5,6 г темір және 4,8 г магний)

  1. Жалпы массасы 26,6 г калий және натрий хлоридтерін өңдегенде 31,6 г олардың сульфаттары түзілді. Бастапқы жіне түзілген қоспаның құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 14,9 г KCI, 11,7 г NaCI, 17,4 г K2SO4, 14,2 г Na2SO4)

  1. Жалпы массасы 59,65 г калий перманганаты мен бертолле тұзының қоспасын ыдыратқында 6,72 л (қ.ж.) оттек бөлінді. Қоспа құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 47,40 г KMnO4, 12,25 г KCIO3)

  1. Жалпы массасы 1,28 г калий және натрий гидридтерінің қоспасын сумен өңдегенде 200 мл гидроксид ерітіндісі түзіледі. Егер 50мл алынған ерітіндіні бейтараптауға 5 мл 0,1M тұз қышқылы ерітіндісі жұмсалған болса, гидридтер қоспасының құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 0,8 г KH және 0,48 г NaH)

  1. Құрамында 4,919 г калий хлориді және бромиді қоспасыбар ерітіндіге күміс қосқанда, нәтижесінде 9,055 г күміс хлориді және бромиді қоспасы түзілді. Алынған және түзілген қоспаның құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: Бастапқы қоспа -3,725г KCI, 1,19г KBr

Түзілген қоспа - 7,175г AgCI, 1,88г AgBr)

  1. Жалпы массасы 5,2 г магний және кальций карбонаты қоспасын ерітуге 1,344 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы қажет болды. Карбонаттар қоспасының құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 4,2г MgCO3, 1г CaCO3)

  1. Жалпы массасы 2,85 г калий және мырыш хлоридтерінің қоспасын күкірт қышқылымен өңдегенде және ерітіндіні құрғағанша буландырғанда 5,09 г калий және мырыш сульфаттарының қоспасы түзілді. Бастапқы және түзілген қоспалардың құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: Бастапқы зат-1,49 г KCI, 1,36 г ZnCI2,

түзілген қоспа -3,48г K2SO4, 1,61г ZnSO4)

  1. Жалпы массасы 1,52 г калий және натрий гидридтерінң қоспасын сумен өңдегенде 1,12 л (қ.ж.) газтектес зат түзілді. Гидридтер қоспасының құрамын анықтаңдар.

(Жауабы: 0,8 г KH және 0,72 г NaH)


4.Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері

бойынша есептеулер.

  1. Массасы 60г пиритті темір (III) гидроксидін алу мақсатында мына тізбек бойынша химиялық айналуларға ұшыратқан: FeS2→Fe2O3→FeCI3→Fe(OH)3 . Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, соңғы өнімның массасы қандай болғаны?

  2. Азот қышқылын алудағы азоттан мына айналулар тізбегі бойынша: N2→NH3→NO→NO2→HNO3 алады. Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, 126 г азот қышқылын алу үшін ауаның қандай көлемі қажет?

  3. Күкірт қышқылын өндірісте мына айналулар тізбегі көмегімен алады: FeS2→SO2→SO3→H2SO4 . Егер жалпы шығым тоериялық мүмкіндікке қарағанда 80% болса, 10 тонна сусыз күкірт қышқылын алу үшін қанша жалпы шығым тоериялық мүмкін тонна пирит қажет?













2-тақырып. АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ.

2.1. Изотоптар. Радиоактивтілік.

  1. Изотоптар дегеніміз не?

  2. Мына бөлшектердің заряды мен массасы қандай: а) электронның, б) протонның, в)нейтронның, г)α –бөлшектердің, д)β-бөлшектердің?

  3. Протий, дейтерий, тритий атомдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  4. «Химиялық элемент» түсінігіне анықтама берідер?

  5. Мына элементтердің α –ыдырауы нәтижесінде қандай изотопта алынады: а) радий 22688Ra, б)торий 23290 Th, в) радон 22286Rn . Изотопты оның белгісін, реттік нөмірін, элементтердің периодтық жүйедегі тобын атаңдар.

  6. Қай элементтің изотобы бес α –бөлшек және екі β-бөлшек түзетін торий 23290 Th атомының біртіндеп ыдырауының нәтижесінде алынады?

  7. Атомдағы электронның жағдайы қандай төрт квант санымен сипатталады? Кальций атомының сыртқы электрондары үшін олардың мәндері қандай?

  8. Паули принципі, энергияның минимумының ринципінің, Хунд ережесінің мағынасы неде?

  9. Элементтердің периодтық жүйесінде қай элементтер s-, p-, d- және f-элементтерге жатады?

  10. Атомдарда қай энергетикалық деңгей бірінші толады: 4s немесе 3d; 4p немесе 3d? Неліктен?

  11. s-, p-, d- және f-электрондардың максимал сандары қанша болуы мүмкін? Неліктен лантаноидтар тобына он төрт элемент жатады?

  12. Төртініші периодта қосымша топшаларды он элемент бастайтынын немен түсіндіруге болады? Жауаптарыңды осы элементтер атомдарының құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.

  13. Күкірт пен марганец элементтері атомдарының энегетикалық деңгейлері мен деңгейшелерінде электрондар қалай орналасқан?

  14. Атомда 5p деңгейшесінен кейін қандай деңгейше толады? Цезий элементі атомының электрондық формуласын құрастырыңдар?

  15. Мыс және фосфор элементтері атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңдар.

  16. Реттік нөмірлері 13- және 21-элементтер атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңдар.

  17. Фтор атомның валеттік электрондарының саны қандай? Валенттік байланыс әдісі тұрғысынан F2 молекуласының түзілуін түсіндіріңдер.

  18. Азот және фосфор атомдарының электрондарының квант ұяшықтарына орналастырыңдар және азотқа бес валентті жағдай мүмкін емес, ал фосфорға мүмкін болатындығы неліктен екендігін түсіндіріңдер.

  19. Екі және төрт валентті көіртек атомының ұяшықтарында электрондар қалай орналасады?

  20. Хлор атомында квант ұяшықтарына электрондарды орналастырңдар. Оның атомдарында қалыпты және қозған жағдайда қанша жұптаспаған электрондар болады? Хлор қандай валенттілік көрсетуі мүмкін?

  21. Күкірт атомындағы электрондарды квант ұяшықтарына орналастырңдар. Оның атомдарында қалыпты және қозған жағдайда қанша жұптаспаған электрондар болады? Күкірт қандай валенттілік көрсетуі мүмкін?



2.2. Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің

периодтық заңы мен периодтық жүйесі.

  1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Элементтердің периодтық жүйесінде период, топ, топша дегеніміз не? Кіші периодтардың үлкен периодтардан айырмашылығы неде?

  3. Элементтердің қасиеттері атомдық масалары өскен сайын кіші периодта және негізгі топшада қалай өзгереді?

  4. Элементтердің периодтық жүйесінде нағыз металдар мен бейметелдар қайда орналасқан?

  5. Д.И.Менделеев қандай элементтерді «типтік» деп атады, неліктен?

  6. Д.И.Менделеев болжаған элементтерді атаңдар.

  7. Элементтің реттік нөмірінің, топ нөмірінің, периодтың физикалық мәні неде?

  8. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің өзгеру периодтылығы мен олардан түзілген жай және күрделі заттардың период бойынша өзгеруінің себебі қандай?

  9. Негізгі топшадағы және периодтағы өзгерістердің сандық сапалық арақатынасын қайдан көруге болады?

  10. Периодтық заңның түсіндірмелі, жалпылама және болжама функциялары қайдан көрінеді? Мысалдар келтіріңдер.

  11. Д.И.Менделеев болжаған периодтылық туралы білімді одан әрі дамытудың дұрыстығын қалай дәлелдейсіңдер?

  12. Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты хормның қасиеттерін сипаттаңдар, хорм (VI) оксидінің формуласы және оған сәкес гидроксидтерінің формуласын құрастырыңдар.

  13. Элементтердің периодтық жүйедегі германийдің, технецийдің, қалайының, стронций мен цезийдің орнына байланысты германий қышқылының, технецийдің жоғары оксидінің, қалайының сутектік қосылысының, стронций дигидрофосфаты мен цезий гидроксидінің формулаларын құрастырыңдар. Осы қосылыстардың құрылым формулаларын график түрінде суреттеңдер.

  14. Реттік нөмірлері 24, 25, 32, 74, 82 элементтерінің жоғары оксидтерінің формулалары қандай? Осы оксидтерге сәйкес келетін қышқылдардың формулаларын жазыңдар.

  15. Реттік нөмірлері 14, 15, 32, 51, 52 элементтерінің сутектік қосылыстарының формулалары қандай?



3-тақырып. ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ

МОЛЕКУЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

  1. Бір топтың элементерінің электртерістігі қалай өзгереді?

  2. FeO, Fe2O3, Ca3P2, P2O3, P2O5, AsH3 қосылыстарындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.

  3. H2S, PCI5, Fe2O3, PH3, SiH4 қосылыстарының молекулаларында жалпы электрон жұптары қай элемент жағына қарай ығысады? Қысқышы анықтама беріп, иондық және коваленттік (полюсті жәнеполюссіз) химиялық байланыс түзу сызбанұсқасын көрсетіңдер.

  4. Дипольдік момент дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай? HF, HCI, HBr немесе HJ молекулаларының қайсысында ең үлкен диполь болады? Жауаптарыңды сәйкес элеметтердің электртерістігі бойынша түсіндіріңдер.

  5. C=O, S=O, H-O байланыстары полюсті болғанына қарамастан, СO2 және SO2 молекулалары полюссіз, ал H2O және SO2 молекулалары дипольді болады. Берілген байланыстардың қайсысы күшті полюсті? Неліктен?

  6. N2, H2S, CO2, NH3, CaCI2 молекулалары байланыстың қай типі бойынша түзілген? Осы молекулалардың құрылысын электрондық сызбанұсқа түрінде суреттеп, байланыс сипатын анықтаңдар.

  7. CH4, CI2, H2O, HCI молекулаларының құрылысын электрондық сызбанұсқа түрінде суреттеп, байланыс сипатын анықтаңдар.

  8. F2, CH4, BaCI2, H2O, CS2, CaS молекулаларының құрылысын электрондық сызбанұсқа түрінде суреттеп, байланыс сипатын анықтаңдар.

  9. Коватенттік полюсті бйланысты H2S, H2O, HBr, HJ молекулалары құрылысының электрондық сызбанұсқасын жазыңдар. Осы қосылыстардың әрқайсысындағы элементтердің тотығу дәрежесінкөрсетіңдер.

  10. F2, Br2, NH3 молекулаларының электрондық сызбанұсқасын жазыңдар.

  11. J2, HJ, NaJ молекуласындағы химиялық байланыс типін анықтаңдар.

  12. CS2, CIF, CO2 молекулаларындағы байланыс сипатын аықтаңдар. Жалпы электрон жұптарының ығысу бағытын көрсетіңдер.

  13. Na2S, MgCI2, CuO, AI2O3 қосылыстары түзілуінің электрондық сызбанұсқасын жазыңдар.

  14. N2, N2O5, Ca3N2 молекулаларындағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар. Осы қосылыстардың түзілуінің электрондық сызбанұсқасын жазыңдар.

  15. Сутек молекуласының электрондық сызбанұсқасын жазыңдар. δ- байланысты көрсетіңдер.

  16. Ацетилен C2H2 және азот N2 молекулаларында қанша σ- және π-байланыстар бар? Электрондық орбитальдардың әрекеттескін ескере отырып, осы молекулалардың түзілу сызбанұсқасын жазыңдар.



4-тақырып. ЕРІТІНДІЛЕР. ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ӨРНЕКТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.

4.1. Массалық үлес. Көлемдік үлес.

  1. 220 мл суда 30 г қант ерітілді. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеңдер.

  2. 450 мл суда 50 г тотяйын ерітілген.Ерітіндідегі тотяйынның және сусыз мыс сульфатының массалық үлестерін (%) анықтаңдар.

  3. 800 мл 12%-тік ас тұзының ерітіндісінде болатын су мен тұздың массаларын анықтаңдар.

  4. 100 г MgSO4*7H2O ащы тұзынан 3%-тік магний сульфаты ерітіндісінің қандай массасын дайындауға болады?

  5. 15%-тік ерітінді дайындау үшн 200 г берілген затты судың қандай массасында еріту керек?

  6. Натрий сульфатының 5%-тік ерітіндісін дайындау үшін 100 г Na2SO4*10H2O тұзын судың қандай массасында еріту керек?

  7. 92 смЗ суда 5,38 г мырыш сульфатының кристалгидраты ZnSO4*xH2O ерітілді. Кристалгидрат формуласын анықтаңдар.

  8. Берілген заттың 300 г 25%-тік ерітіндісі мен 400 г 40%-тік ерітіндісі араластырылған. Түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін (%) анықтаңдар.

  9. 242 г 26,7%-тік ерітінді дайындау үшін 20%-тік және 32,1%-тік тұз қышқылы ерітінділерінің қандай массалары қажет?

  10. 100 г 15,5%-тік натрий хлоридінің ерітндісіне оның 17,5%-тік ерітндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ натрий хлоридін қосу керек?

  11. 2 г 30%-тік натрий карбонатының ерітіндісін дайындау үшінқанша грамм 20%-тік ерітінді және сусыз натрий карбоаты қажет?

  12. 50 г 20%-тік натрий сульфаты ерітіндісін дайындау үшін 5%-тік ерітінді мен кристалгидраттың Na2SO4*10H2O қандай массасы қажет?

  13. 480 г 25%-тік мыс сульфаты ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм су және кристалгидраттың СuSO4*5H2O қанша грамы қажет?

  14. Темір сульфаты ерітідісінің 3,8%-тік ерітіндісін дайындау үшін 27,8 темір купоросына қанша грамм су қосу қажет?

  15. Мыс сульфатының 200 г 4%-тік ерітіндісіне 50 г кристалгидрат CuSO4*5H2O қосылған. Алынған ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін (%) есептеңдер.

  16. Қоңыржай климатқа арналған 6CT-55A аккумуляторлық батареяға құйылған күкірт қышқылы ерітіндісінің тығыздығы 1,303г/смЗ болуы керек, бұл 40%-тік ерітіндіге сәйкес келеді. 4 л аккумуляторлық қышқыл дайындау үшін 98%-тік күкірт қышқылы мен дистелденген судың қандай көлемі қажет болады?

  17. Кәуап дайындау үшін қолданылатын асханалық сірке суы 3%-тік сірке қышқылы. Оны, әдетте, тығыздығы 1,070 г/смЗ 80%-тік сірке суы эссенциясын сұйылту арқылы дайындайды. 3 л асхана сірке суы ерітіндісін дайындау үшінсірке суы эссенциясының және ауыз судың қандай көлемдері қажет?

  18. Кейбір жараларға 5%-тік этил спиртіндегі йод ерітіндісін жағады, себебі ол йод суда нашар ериді. Йодтың массалық үлесі 0,05 (5%) 500 г ерітіндісін дайындау үшін алуға қажет йод пен спирттің массасын анықтаңдар.

  19. Күделікті тұрмыста кейбір жидектерді тұздау үшін 3%-тік ас тұзы ерітіндісін қолданады, ондағы натрий хлоридінің массалық үлесі 0,98. Жидектер тұздау үшін 10 л тздық дайындауға ас тұзы мен судың қанша грамы қажет болады?

  20. Кейбір ауруларды емдегенде, қанға құрамы бойынша қан плазмасына ұқсас болғандықтан физиологиялық ерітінді деп аталатын 0,90%-тік натрий злоридін қосады. 200 г физиологиялық ерітінді дайындау үшін қанша грамм химиялық таза натрий хлориді мен екі рет дистелденген су қажет болады?



4.2. Ерітінділердің молярлық концентрациясы.

  1. 500 смЗ 0,1M ерітінді дайындау үшін қанша сусыз натрий карбонаты қажет?

  2. 50 смЗ 2M ерітіндіде қанша натрий хлориді бар?

  3. Мектептің химиялық лабораториясында көптеген сапалық реакцияларды зерттеу үшін химиялық реактивтердің 0,1M ерітінділері қолданылады. 5 л 0,1M NaOH дайындау үшін қанша грамм натрий гидроксиді және су қажет?

  4. 3 л 1M ерітінде дайындау үшінқанша миллилитр 98%-тік H2SO4 (ρ=1,836 г/смЗ) қажет?

  5. 250 смЗ ерітіндіде 12 г магний хлориді бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңдер.

  6. 25%-тік мырыш сульфаты ерітіндісінің (ρ=1,3 г/смЗ) молярлық концентрациясы қандай?

  7. 10 смЗ 0,001M ерітіндіде еріген заттың қанша молекуласы болады?

  8. 100 смЗ 0,2M ерітінді мен немесе 200 смЗ 0,5M ерітіндінің қайсысында еріген заттың молекуласы көп?

  9. 40 г натрий гидроксидінеерітіндінің көлемі 500 смЗ тең болғанша су құйылады. Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясы қандай?

  10. 2M ерітінді 20 есе сұйылтылған. Алынған ерітіндінің молярлығы қандай?

  11. 1 л 0,3M ерітінді дайындау үшін 3M ерітіндінің қандай көлемі қажет болады?

  12. 50 смЗ 2M ерітіндіге көлемі 400 смЗ болғанша су құйылды. Ерітіндінің концентрациясы қалай өзгереді?

  13. 1M ерітінді алу үшін 300 смЗ 0,5M ерітіндіге 4M ерітіндінің қандай көлемін қосу керек?

  14. 0,15M ерітінді алу үшін 0,2M және 0,1M ерітінділерін қандай көлемдік қатынаста араластыру керек?

  15. Калий гидроксиді ерітіндісін буландырғанда, осы заттың 10г алу үшін қанша миллилитр 5M калийгидроксидінің ерітіндісі қажет?



5-тақырып. ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР ЖҮРУІНІҢ

НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

5.1. Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не? Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Химиялық реакция жылдамдығы константасының физикалық мағынасы қандай?

  3. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температура қалай әсер етеді? Вант-Гофф ережесін тұжырымдап, оның математикалық өрнегін жазыңдар.

  4. Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті дегеніміз не және оның мәндері қалай өзгереді?

  5. Уақыт өткен сайын химиялық реакциялардың жылдамдығы қалай өзгереді және неліктен?

  6. Қандай реакциялар қайтымды деп аталады? Бірнеше мысалдар келтіріңдер.

  7. Әрекеттесуші массалар заңын тұжырымдаңдар. Әрекеттесуші заңын қолдана отырып, бірнеше нақты реакциялар жылдамдығы үшін мысалдар жазыңдар.

  8. Тепе-ңдік константасы дегеніміз не? Оның шамасына қандай факторлар әсер етеді?

  9. Химиялық тепе-теңдік жағдайына қандай факторлар әсер етеді? Ле-Шателье принципін тұжырымдаңдар.

  10. Кейбір реакцияның температуралық коэффициенті γ=2,5. Егер реакцияны жүргізу температурасын 600C тан 300C-қа дейін төмендетсек, осы реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

  11. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең. Реакцияның бастапқы жалдамдығы 81 есе өзгеруі үшін реакция жүргізу температурасын қалай өзгерту керек?

  12. Егер реакцияны жүргізу температурасын 400C қа жоғарлатса, кейбір реакция лардың жылдамдықтары 16 есе өседі. Осы реакциялардың температуралық коэффициентін есептеңдер.

  13. A+B=C реакциясы 200C-та 16 минут ішінде, ал 70oC-та 0,5мин. Ішінде аяқталады. Осы реакцияның температуралық коэффициенті неге тең?

  14. Кейбір реакция 300C-та 32мин. бітеді. Егер температуралық коэффициент 4-кетең болса, реакция 30 с-та бітуі үшін реакция жүргізу температурасын қалай өзгерту керек?



5.2. Химиялық тепе-теңдік.

  1. Қандай химиялық реакциялар қайтымды, қандайлары қайтымсыз деп аталады? Мысалдар келтіріңдер.

  2. Әрекеттесетін заттардың қандай күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды? Неліктен оны қозғалғыш немесе динамикалық деп атайды?

  3. Химиялық тепе-теңдіктің константасы дегеніміз не? Бірнеше қайтымды химиялық реакциялар үшін тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар.

  4. Қайтымды реакцияның химиялық тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?

А) реагенттердің біреуінің концентрациясын көбейткенде;

Б) өнімнің біреунің концентрациясын көбейткенде;

В) түзілген өнімнің біреуін араластырғанда.

5. Қайтымды реакцияларда температураны арттырғанда, химиялық тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

А) егер тура реакция экзотермиялық болса;

Б) егер кері реакция экзотермиялық болса;

В) егер тура реакция энодтермиялық болса;

Г) егер кері реакция эндотермиялық болса;

6. Өршіткілердің көмегімен химиялық тепе-теңдікті ығыстыруға бола ма? Қайтымды реакцияларда олардың рөлі қандай?


6-тақырып. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ

6.1. Электролиттік теория тұрғысынан бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

  1. Қандай заттар электролиттер, қандай заттар электролит еместер деп аталады?

  2. Қандай процесс электролиттік диссоциация деп аталады?

  3. Неліктен қант пен глицериннің ерітінділері электр тогын өткізбейді?

  4. Иондардың атомдар мен молекулалардан айырмашылағы неде?

  5. Электролиттік диссоциация тұрғысынан қандай заттар қышқылдар, негіздер жіне тұздар деп аталады?

  6. Қышқылдар және негіздер ерітінділерінде қандай иондар болады?

  7. Электролиттік диссоциация дәрежесі дегеніміз не?

  8. Ерітінділерді сұылту мен температураны жоғарлату электролиттік диссоциация дәрежесіне қалай әсер етеді?

  9. Неліктен тұз қышқылы электр тогын жақсы, күкірт қышқылы нашар өкізеді?

  10. Неліктен бірдей температура мен концентрацияда сірке қышқылына қарағанда азот қышқылы электр тогын жақсы өткізеді?

  11. Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздерге мысалдар келтіріңдер.

  12. Орта, қышқыл және негіздік тұздардың ерітінділерінде қандайиондао болады?

  13. Қандай жағдайда электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары аяғына дейін жүреді? Мысалдар келтіріңдер.

  14. Натрий хлориді мен күміс нитраты, алюминий сульфаты мен барий хлориді, калий сульфаты мен барий нитраты ерітінділері арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.

  15. Неліктен хлорсутек НСІ ерітіндіде мырышпен әрекеттеседі, ал сусыз хлорсутек мырышпен әрекеттеспейді?

  16. Бейтарап, қышқыл және сілті ерітінділерде фенолфталейннің түсі қандай?

  17. Егер етилоранжға а) КОН, б)КСІ қосса, оның түсі қалай өзгереді?

  18. Гидроксидтер қандай топтарға бөлінеді? Мысалдар келтіріңдер.

  19. Гидроксидтерді алу тәсілдерін атаңдар. Реакция теңдеулерін келтіріңдер.

  20. Гидроксидтердің маңызды химиялық қасиеттерін көрсетіңдер. Реакция теңдеулерін келтіріңдер.

  21. Қандай заттар қышқылдар деп талады?

  22. Қышқылдардың қандай трлері белгілі?

  23. Қышқылдар қалай жіктеледі? Мысдаркелтіріңдер.

  24. Қышқылдардың маңызды химиялық қасиеттерін атаңдар.

  25. Тұздардың алу тәсілдерін атап, сәйкес реакция теңдеулерінің мысалдарын келтіріңдер.

  26. Аттары мынандай тұздардың формулалары қандай: а) барий сульфаты; б)агний нитраты; в) калий сульфиді; г)калий гидросульфаты; д) темір (ІІІ) нитраты; е) алюминий гидроксохлориді.



6.2. Ерітінділердегі иондық реакциялар.


  1. Заттардың әрекеттесуінен реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар:

BaCI2 және K2SO4 ; Ba(NO3)2 және Na2SO4 ;

BaCI2 және Fe2(SO4)3 ; BaJ2 және Na2SO4.

  1. Реакциялардың иондық теңдеулерін жзыңдар:

FeCI3 + KOH =

BaCI2 + Na2CO3 =

Fe(NO3)3 + NaOH =

Fe2(SO4)3 + NaOH =

MgCI2 + AgNO3 =

MgCI2 + NaOH =

CuSO4 + BaCI2 =

ZnCI2 + NaOH =

  1. Заттар арасындағы реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар:

А) темір (ІІ)сульфиді және тұз қышқылы;

Б) темір (ІІІ) хлориді және натрий гидроксиді;

В) темір (ІІІ) сульфаты менкалий гидроксиді;

Г) калий карбонаты мен тұз қышқылы;

Д) қорғасын нитраты мен күкірт қышқылы.

Неліктен осы реакциялар аяғына дейін жүретінін түсіндіріңдер.

  1. Мына иондардың қайсысы әрекеттескенде ерімейтін заттар түзіледі? Ba2+ және SO42-; Na+ және OH-; Ag+ және CI-; H+ және OH-; Na+ және CO32-; Ca2+ және CO32-;

  2. Темір хлориді FeCI3 мен натрий карбонатының Na2CO3 концентрлі ерітінділерін араластырғанда темір гидроксиді Fe(OH)3 түзіледі және көміртек (IV) оксиді түзіледі. Реакцияның иондық теңдеулерін жазыңдар.


6.3. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.


  1. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не? Бейтарап ерітіндіде pH мәні қандай?

  2. Диссоциациясы толық деп есептеп, 0,002M күкірт қышқылының pH-ын анықтаңдар.

  3. pH=5,6 ерітіндідегі сутек иондарыны ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын анықтаңдар.

  4. pH-ты 7-ге жеткізу үшін 0,2M күшті қышқыл ерітіндісінің қандай көлемін, көлемі 2 л 2M натрий гидроксиді ерітіндісіне қосу керек?

  5. Егер екі ерітіндіде pH=10тжәне pH=6 болса, онда олардың қайсысында бос сутек иондары неше есе көп болады? Осы ерітінділердің қайсысында бос гидроксид иондары неше есе көп?

  6. pH=4 қышқыл ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын анықтаңдар.

  7. Сутек иондарының концентрациясы екі ерітіндіде 5*10-5 және 7*10-7 тең. Әрбір ерітіндінің pH-ын анықтаңдар.

  8. Егер [H+] =10-6 моль/л; [H+] =10-7 моль/л; [H+] =2,8*10-10 моль/л; [H+] =4,4*10-5 моль/л болса, онда pH-ын есептеңдер.

  9. 0,02M HNO3 ерітіндісінің pH-ын анықтаңдар.

  10. Егер pH=5,5 болса, онда ерітіндідегі сутек иондары мен гидроксид иондарының концентрациясын анықтаңдар.

  11. 0,01M натрий гидроксидінің NaOH pH-ын анықтаңдар.

  12. 2 л суға массалық үлесі 72%, тығыздығы 1,43 г/мл азот қышқылын қосқанда алынған ерітіндінің pH-ын есептеңдер.








6.3. Тұздар гидролизі.


  1. Тұздар гидролизі дегеніміз не?

  2. Гидролизге қандай тұздар ұшырамайды?

  3. Гидролиздің молекулалық және иондық теңдеулерін құыңдар: калий сульфитінің, цезий карбонатының, темір (ІІІ) нитратының, аммоний сульфидінің, алюминий хлоридінің .

  4. Берілген тұздар ерітінділерінде орты қандай болады: мырыш нитраты, алюминий сульфаты, калий карбонаты, калий нитраты, натрий цианиді? Гидролиздің иондық молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрыңдар.

  5. Тұздардың ерітінділері лакмусқа қалай әсер етеді: калий сульфиді, натрий иодиді, мыс сульфаты, кадмий нитраты? Осы тұздардың гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  6. Тұздар гидролизі дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді? Қандай жағдайда гидролиз кезінде қышқыл, қандай жағдайда негіздік тұздар түзіледі? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  7. Неліктен Na3PO4 ерітіндісінде сілтілік, KCI бейтарап, ZnSO4 қышқыл реакция болады? Осы тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  8. Екі тұздардың қайсысы жоғары дәрежеде гидролизге ұшырайды: натрий сульфиді немесе алюминий сульфиді, натрий карбонаты немесе аммоний карбонаты? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  9. Мына тұздардың гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар: мырыш хлориді, мыс хлориді, мыс (ІІ) нитраты, алюминий сульфиді, алюминий сульфаты, цезий карбонаты, литий сульфиді. Осы тұздардың сулы ерітінділерінің реакцияларын көрсетіңдер.

  10. Сулы ерітінділерді бір-біріне құйғанда не байқалады: натрий силикаты мен аммоний хлоридін, темір сульфаты мен натрий сульфидін? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  11. Мына тұздардың қайсылары гидролизге ұшырайды: калий бромиді, калий нитриті, калий иодиді, калий циалниді, калий нитраты, аммоний нитраты? Гидролизге ұшырайтын әрбір тұз үшін молекулалық және иондық теңдеуін құрып, тұздың сулы ерітіндісінің реакциясын көрсетіңдер.

  12. Ерітінділер қандай реакция (қышқылдық, сілтілік немесе бейтарап) көрсетулері керек: аммоний нитраты, натрий нитраты натрий ацетаты, аммоний ацетаты? Жауаптарыңды молекулалық және иондық теңдеулермен дәлелдеңдер.

  13. Натрий сульфиді гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар. Осы тұздың гидролизін қалай күшейтуге болады?

  14. Гидролиз реакциясының иондық теңдеулерін жазыңдар: аммоний хлоридінің, алюминий хлоридінің, калий карбонатының.


7- тақырып. ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ

7.1. Тотығу –тотықсыздану реакция теңдеулерін

құрастыру әдістері.

  1. Қандай реакциялар тотығу-тотықсыздау реакциялары деп аталады?

  2. Тотығу және тотықсызану процесінің мәні неде?

  3. Қандай заттар тотырғыштар, қандай заттар тотықсыздандырғыштар деп аталады?

  4. Мына реакциялардың қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциялары болып табылады?

HCI + KOH = KCI + HOH

Zn+ S = ZnS

CaO + CO2 = CaCO3

  1. Периодтық жүиенің кіші периодына орналасқан элементердің тотығу және тотықсыздану қасиеттері солдан оңға қарай қалай өзгереді?

  2. Бір топтың элементтері атомдарының тотығу және тотықсыздану қасиеттерін салыстырыңдар.

  3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында теріс иондар қандай рөл атқарады?

  4. K2Cr2O7, KMnO4, H2SO4 тотығу –тотықсыздану реакцияларында не болып табылады?

  5. Зат тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болуы мүмкін бе және қандай жағдайда? Мысалдар келтіріңдер.

  6. Реакция теңдеулерін жазып, электрондық теңдеулерін құрастырыңдар, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер:

    1. AI + O2 =

    2. P + O2 =

    3. SnCI2 + CI2 =

    4. Zn + Hg(NO3)2 =

    5. Cu + HNO3 (конц.)=

    6. Zn + KMnO4 + H2SO4 =

    7. NaNO3 + KMnO4 + H2SO4 =

    8. NaNO3 + KMnO4 + KOH =

    9. Zn + H2SO4 (конц.)=

    10. Mg + HNO3 ()=

    11. Cu + HNO3 ()=

    12. KMnO4 + HCI() =

    13. NH3 + O2 =

    14. P + HNO3 (конц.)=

    15. FeS2 + O2 =

    16. As2S3 + HNO3 =






    1. Электролиз.


  1. Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролидінде анодта 8,96 л газ бөлінді. Оның массасын және электролизге ұшыраған мыс (ІІ) хлоридінің мыссасын есептеңдер.

  2. Сынап (ІІ) нитраты ерітіндісінің электролизінде катодта 60,3 г сынап бөлінді. Анодта қандай газ бөлінді? Оның көлемін табыңдар. Ерітіндіде қандай зат түзілді? Оның массасын табыңдар.

  3. 416 г 5%-тік барий хлориді ерітіндісінің электролизінде катодта және анодта қандай заттар бөлінді? Олардың көлемдерін табыңдар.

  4. Құрамында 10% мыс сульфаты бар 512 г ерітінді электролизінде катодқа және анодқа қандай заттар бөлінеді? Олардың массасын табыңдар.

  5. 2,8 л хлор алу үшін электролиздеуге керекті 8% кальций ерітіндісінің массасын табыңдар.

  6. 8 г мыс алу үшін электролиздеуге керекті 5%-ті мыс (ІІ) нитраты ерітіндісінің массасын табыңдар.

  7. 111 г натрий және калий бромидтерінің қоспаларын суда еріттік, осы ерітіндінің электролизінде анодта 80 г бром бөлінді. Бастапқы қоспаның құрамын массасы бойынша процентпен анықтаңдар.

  8. 200 г 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі арқылы электро тогын жібергенде, анодта 11,2 оттек бөлінді. Электролиз аяқталған кездегі ерітіндідегі күкірт қышқылының концентрациясын есептеңдер.

  9. Құрамында 12% натрий гидроксиді бар 80 г ерітнді электролизденгенде катодта 13,44 л сутек бөлінді. Анодта бөлінген газ көлемі мен электролиз аяқталған кездегі ерітіндідегі натрий гидроксидінің концентрациясын есептеңдер.

  10. 952 г 10%-тік калий бромиді ерітіндісінің электролизінде анодта 40г бром бөлінді. Электролиз аяқталған кездегі ерітіндідегі заттың концентрациясын есептеңдер.
















8-тақырып. БЕЙМЕТАЛДАР.

Сутек.

  1. Жер қыртыснда және әлемде сутек қалай таралған?

  2. Сутек неліктен химиялық элементтердің периодтық жүйесінде І және VІІ топтарда орналастырады? Сутек бір жағынан сілтілік металдармен, екінші жағынан галогендермен ұқсастықтары қандай?

  3. Сутек қосылғанда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

  4. Сутек молекуласындағы сутек атомдарының арасында байланыстың қандай түрі болады?

  5. Ғылымда сутектің қандай изотопы белгілі? Олардың ядросында қанша протондар мен нейтрондар болады?

  6. Сутекті қалай және қандай жолмен алады?

  7. Сутектің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

  8. Бір цилиндр сутекпен, екіншісі оттекпен толтырылған. Қай цилиндрде қандай газ бар екенін қалай анықтайды?

  9. Күркіреуік қоспа дегеніміз не?

  10. Сутектің ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын табыңдар.

  11. Неліктен сутекті ауа шарларын толтыруға қолданбай тастады?

  12. Сутектің қолданылатын жерлерін атаңдар.

  13. Молекулалық және атом күйіндегі сутектің реакцияласу қабілеттілігінің айырмашылығы немен түсіндіріледі?

  14. Сутек бір жағдайда тотықсыздандырғаш, бір жағдайда тотықтырғыш болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

  15. Сутекті қыздырылған темір (ІІІ) оксиді арқылы жібергенде, темір мен су буы түзіледі. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотықтырғышты және тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  16. Лабораторияда сутек алуға қандай металдар көбірек сәйкес келеді? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

  17. Өндірісте қандай металды алу үшін сутек тотықсыздандаырғыш ретінде қолданылады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

  18. Сутекті басқа газдардан қалай ажыратуға болады?

  19. Сутек қолданылатын өндіріс салаларын атаңдар.

  20. Су газы дегеніміз не? Ол қайда қолданылады? Оның отын ретінде басқалардан айырмашылығы қандай?



Оттек.

  1. Оттек атомының сыртқы электрон қабатының электрондық құрылымы қандай? Осы топ элементтерінің басқа элементтермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  2. Оттек қосылыстарында қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

  3. Сутек пен ауа бойынша оттектің салыстырмалы тығыздығы қандай? Оттекпен ауа шарларын толтырға бола ма?

  4. Оттек суда ери ма? Оны суды ығыстыра отырып жинауға бола ма?

  5. Оттектің қандай қасиеті судың астында балықтарға өмір сүруге мүмкіндік береді және неліктен қыс кезінде тоғандарда ойық жасайды?

  6. Бидай және басқа өсімдіктердің дәндері жарықта өскенде көмірқышқыл газын жұтып, оттек бөлетін тәжірибе жүзінде қалай дәлелдеуге болады?

  7. Неліктен қалың үйілген ылғал дәндер қызып, оралған шүберек сияқты жанады?

  8. Неліктен ылғал ағаштар нашар жанады?

  9. Өрт сөндірудегі суды қолдану қандай қасиетіне негізделген?

  10. Топырақты қимен жылыту негізінде қандай химиялық құбылысқа жатады?

  11. Оттек табиғатта қандай түрде кездеседі? Оның жер қырытысы мен ауадағы құрамы қандай?

  12. Оттектің табиғаттағы айналымдарын суреттеңдер.

  13. Оттекті лабораторияда және өндірісте қалай алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  14. Оттекті электролизбен алуғабола ма?

  15. Ауадағы құрамына байланысты ауаның қалыпты қысымында оттектің үлестік қысымын анықтаңдар.

  16. Неліктен оттек тыныш электр разрядының әсерінен неғұрлым белсенді бола бастайды?

  17. Сүңгіуір қайықтарда қандай реакцияның көмегімен оттек алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  18. Озонның физикалық қасиеттерін сипаттаңдар. Оның оттекпен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер.

  19. Озон ауадан, сутектен, оттектен және азоттан қанша есе ауыр?

  20. Судың ауытқушылық қасиеттерін сипаттаңдар. Олар қалай білінеді? Олардың қандай практикалық маңызы бар?



Галогендер.

  1. Әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: а) бром мен натрий, кальций мен алюминий; б) хлор мен калий және алюминий иодиді.

  2. Ылғал қатысында хлордың ағартқыш қасиеті немен түсіндіріледі?

  3. Хлорсутек пен тұз қышқылын қалай алады?

  4. Хлордың оттекті қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелерін көрсетіңдер. Осы қышқылдарды атаңдар.

  5. Хлорлы әк пен бертолле тұзын қалай алады?

  6. Галогендер тек тотықтырғыш, тек тотықсыздандырғыш, тотықтырғыш та тотықсыздандырғыш та болатын қосылыстарға мысалдар келтіріңдер.

  7. Хлор менкалий гидроксидінің қыздырғанда және қыздырмай әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған қосылыстарды атаңдар.

  8. Құрамында хлор бар натрий тұздарының формулулурын жазыңдар және оларды атаңдар.

  9. Хлорды техникада қалай алады?

  10. Теріс зарядталған галогендердің иондары мен бос галогендар қандай қасиет көрсетеді?

  11. Неліктен хлор суы, бром суы, йод суы бар, ал фтор суы жоқ?

  12. Хлор суы дегеніміз не?

  13. Хлорды йодта еріткенде хлормен бірге тұз қышқылы және хлорлылау қышқыл болатынын қалай дәлелдеуге болады?



Күкірт.

  1. Сутек, оттек және металдармен қосылыстарында күкірт қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

  2. Күкірттің сутекті қосылыстарыноларға ұқсас қосылыстарынан қалай алуға болады?

  3. Күкіртсутектің физикалық және химиялық қасиеттерін атаңдар.

  4. Натрий сульфиті мен мырыш сульфаты әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.

  5. Күкіртсутек қышқылының натриймен, кальциймен және алюминиймен түзетін орта және қышқыл тұздарының формулаларын жазыңдар.Осы тұздарды атаңдар.

  6. Күкіртті ангидриді қалай алады? Оның физикалық және химиялық қасиеттерін атаңдар.

  7. Егер йод суында күкіртті қышқыл ерітіндісін қосса, онда қоңыр түс жоғалады. Осы құбылысты түсіндіріңдер.

  8. Күкіртті қышқылдың және оның тұздарының қасиеттерін сипаттаңдар.

  9. Техникада қандай зат «гипосульфит» деп аталады?

  10. «Гипосульфитті» қалай алады және қайда қолданады?

  11. Күкірт ангидридінің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

  12. Күкірт қышқылын қалай алады? Күкірт қышқылы өндірісінің негізіне жататын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

  13. Олеум, моногидрат және тотяйын майы деген не?











Химия пәні бойынша бақылау - өлшемдік құралдары.


1.Химиялық элементтер. Атом,молекула және олардың

сипаттамалары.Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар.

2.Химияның стехиометрилық заңдары: құрам тұрақтылық заңы,зат массасынын сақталу заңы.

3.Моль.Молярлық масса.Авогадро заңы.Молярлық көлем.

4.Химиялық реакциялар және олардың белгілері.

5.Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу,айырылу,орын басу,алмасу,экзотермиялық және эндотермиялық,тотығу-тотықсыздану.

6.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары:оксидтер, қышқыдар,негіздер,тұздар.

7.Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері , генетикалық байланыс.

8.Ерітінділер.Қышқылдар мен негіздердің теориясы. Иондық реакциялар.

9.Протондық теория.Усановичтің жалпылама қышқылдық-негіздік теориясы.

10.Тұздардың гидролизі.

11.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодық жүйесі.

12.Периодтық заңның қазіргі тұжырымдамасы

13.Атом құрылысы. Қарапайым бөлшектер (протон, нейтрон, электрон).Атом ядросының құрамы (протондар мен нейтрондар).

14. Изотоптар. Электрон бұлттарының пішіндері s-, p-, d-электрондар.

15.Электрондық орбитальдар. s-, p-, d- элементтер атомдарының электрондық конфигурациялары.

16.Атомдардың валенттігі. Тотығу дәрежесі.

17.Негізгі топшалар элементтерінің периодты түрде өзгеруі: атомдар және иондар радиустары, иондану потенциалы, электрон тартқыштығы, электртерістігі, тотығу дәрежесі.

18. Заттың құрылым бөлшектері: атом, молекула, ион. Химиялық байланыстың түрлері. Коваленттік байланыс: полюсті, полюссіз, донорлық – акцепторлық.

19. Гибридтену типтері (sp-, sp2-, sp3-) гибридтельген орбитальдар және олардың пішіндері. Молекулалардың кеңістік құрылыстары.

20. Иондық байланыс. Иондық және коваленттік қосылыстардың қасиеттері. Металдық байланыс. Сутектік байланыс.


21. Кристалл торларының түрлері: атомдық, молекулалық, иондық, және металдық. Жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланысы пен кристалл торлары.

22. Құрамы тұрақты және ауыспалы заттар.

23. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсере ететін фактолар: заттың табиғаты, температура (Вант-Гофф ережесі), концентрация, реагенттердің жанасу беті.

24. Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.

25. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье ұстанымы.

26. Химиялық процестерді басқарудағы реакцияның жүру заңдылығы.

27.Химиялық элементтердің элементтердің периодтық жүйесіндегі металдар мен бейметалдардың орналасуы s-, p-, d-,f-элементтер. Металдар мен бейметалдардың атом құрылыстарның ерекшеліктері.

28.Электртерісітк пен иондану потенциалдары.периодтар мен топтарда элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

29. Металдар. периодтық жүйедегі орнына байланысты негізгі және қосымша топша металдары. Металдық байланыс пен кристалл торы.

30. Металдардың табиғатта таралуы. Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар. Қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстары.

31. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі жолдары.

32. Металл оксидтерін сутекпен, көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру және металлотермия. Аса таза металдар алудың бір жолы – электролиз.

33.Коррозияның түрлері және одан сақтану.

34. Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың пайдалы қазбалары.

35.Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында және тұрнмыста металдар мен бейметалдарды пайдалану. Тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі металдар мен бейметалдардың маңызы.

36. Периодтық жүйедегі s-элементтердің орналасуы. Олардың атом құрылысы. s-элементтердің тотықсыздандырғыштық қасиеті.

37. І топтың негізгі топшасы металдары. Натрий мен калий. Табиғатта кездесуі. Алынуы.

38.Жай заттарының физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен,сумен әрекеттесулері.

39.Маңызды қосылыстары: - оксидтері, гидроксидтері, тұздары (нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар).

40.Натрий мен калий қосылыстарының қолданылуы.

41. ІІ топтың негізгі топша металдары. Кальций мен магний. Табиғатта таралуы мен алынуы.

42.Жай заттарының физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен,сумен және қышқылдармен әрекеттесуі.

43. Маңызды қосылыстары – оксидтері, гидроксидтері, тұздары (сулфаттар, карбонаттар), олардың қасиеттері мен қолданылуы.

44. Судың кермектігі және оны жою әдістері.

45. Мыс, мырыш,хром, темір. Периодтық жүйедегі орны. d-элементтерінің атом құрылысы.Табиғатта кездесуі. Қазақстандағы бұл металдардың пайдалы қазбалары. Алынуы.

46. Физикалық және химиялық қасиеттері. Хлормен, оттекпен, қышқылдармен және тұздармен әрекеттесуі.

47.Маңызды қосылыстары – оксидтер және гидроксидтер.Тұздары.Тұздарының гидролизі.

48. Металдардың өнеркәсіпте қолданылуы және тірі организмдегі тіршілік әрекеті.

49. Периодтық жүйедегі р- элементтердің орналасуы: олардың атом құрылысы,электротерістіктері. Қазақстандағы маңызды пайдалы қазбалары.

50. ІІІ топтың негізгі топша элементтері. Алюминий. Табиғатта таралуы. Алынуы.

51. Физикалық, химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, сумен, қышқылдармен және негіздермен әрекеттесуі.

52.Алюминий және оның қосылыстарынң амфотерлік қасиеттері.АІ3+ сапалық анықтау. Алюминий және оның құймаларының қолданылуы.

53.IV топтың негізгі топша элементтері.

54. Көміртек және кремний. Табиғатта таралуы және алынуы. Көміртектің аллотропиясы (гибридтену типу, кристал торлары).

55.Жай заттардың физикалық қасиеттері. Адсорбция және оның қолданылуы.

56.Көміртек пен кремнийдің химиялық қасиеттері. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері.

57. Маңызды қосылыстары: көміртек (ІІ), көміртек (IV) оксиді және кремний (IV) оксиді, көмір және кремний қышықлдары, тұздары.

58. арбонаттар мен силикаттардың гидролизі. Көміртек, кремний қослыстарының қолданылуы. Құрылыс материалдары: шыны,цемент, бетон.

59. V топтың негізгі топша элементтері.

60.Азот және фосфор. Табиғатта таралуы. Азот пен фосфордың алынуы. Молекулаларының құрылысы.

61.Жай заттарының физикалық қасиеттері.Химиялық қасиеттері.

62. маңызды қосылыстары. Аммиак, молекуласының құрылысы, аммоний тұздары, оның қасиеттері және қолданылуы. Азот (ІІ) және (IV) оксидтері.

63.Азот қышқылы, физикалық қасиеті,сұйытылған және концентрлі азот қышқылының қасиеттері. Нитраттар және олардың қасиеттері.Азот қышқылының металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі.

64. Фосфор (V)оксиді, Фосфор (мета және ортофосфор) қышқылдары. Фосфаттар олардың гидролизі.

65. Нитраттар және фосфат иондарын сапалық анықтау.

66.Азот және фосфор, олардың қосылыстарының қолданылуы.

67. VІ негізгі топша элементтері.

68.Оттек және күкірт. Табиғатта таралуы. Олардың алынуы. Молекулаларының құрылысы.

69. Жай заттарының құрылысы. Күкірт пен оттектің аллотропиялық түр өзгерістері. Озонның алынуы және қасиеттері.

70.Оттек пен күкірттің химиялық қасиеттері.

71.Маңызды қосылыстары. Су. Ауыр су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері.

72. Күкіртсутек және сульфидтер. Сульфидтердің гидролизі. Күкірт (IV) және (VІ) формулалары. Күкірт қышқылы. Физикалық қасиетері. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылдарының қасиеттері.

73.Сульфаттар және олардың қасиеттері. Сульфат ионын сапалық анықтау.

74.оттек пен күкірттің және олардың қасиеттерінің қолданылуы.

75. VІІ топтың негізгі топша элементтері.

76.Хлор және иод. Табиғатта таралуы. Олардың алынуы.

77. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері.

78. Маңызды қосылыстары.Хлорсутек және тұз қышқылы , тұз қышқылының қасиеттері.

79.Хлоридтер. Хлор ионын сапалық анықтау. Хлор иод және оның қосылыстары. Иодтың биологиялық маңызы.

80.Қоршаған ортаны қорғау. Қазақстандағы химия өнеркәсібі.

81.Металлургия. Металдар кендері (оксидтер, сульфидтер, карбонаттар).Металдар кендерін байыту, флотациялау. Металдарды өнеркәсіпте алудың негізгі жолдары: пирометаллургия (темір), электрометаллургия (алюминий), гидрометаллургия (мыс).

82.Металдардың құймалары. Қазақстанда қара және түсті металдар құймалары.

83. Шойын және болат өндірістері.

84. Силикат өнеркәсібі. Аммиак өнеркәсібі. Азот қышқылы өндірісі. Тыңайтқыштар өндірісі.Күкірт қышқылын өндіру.

























Глоссарий

  1. Атом – (грекше бөлінбейтін) - химиялық элементтің ең кіші бейтарап бөлшегі. «Атом» терминінің ғылымға ендірген грек ғалымы Демокрит. Одан соң атом туралы ілімді дамытқан ағылшын ғалымы М.Ломоносов. әрбір элементке белгілі бір атомның түрі сәйкес келеді. Атом оң зарядты ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электроннан тұрады. Сондықтан атом бейтарап. Атом бос күйінде және молекула құрамында қосылыс түрінде кездеседі.

  2. Атом молекулалық ілім – бұл ілімді дамытып тұңғыш рет оны химияға қолданған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов. бұл ілімнің негізгі қағидалары. «Математикалық химияның элементтері» (1741ж) аты еңбекке жарияланды. «Денелер корпускуладан (молекула), ал корпускуладан элементтерден тұрады» - деді. Бұл ілімді әрі қарай дамытқан ағылшын химигі Д.Дальтон. 1808 жылы жазған «Химиялық философияның жаңа жүйесі» - атты еңбегіне «заттар әлі бөлінбейтін кішкене бөлшектерден, атомдардан тұрады» - деді. Атом-молекулалық ілім 1860 жылы болған.

  3. Айыру реакциясы. Реакция нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзілетін реакцияны «айрылу реакциясы» дейміз. Мысалы:

2HI = H2 + I2

  1. Алмасу реакциясы – реакция нәтижесінде екі зат өзінің құрам бөліктерімен екі, жаңа зат түзіп алмасатын реакцияны «алмасу реакциясы» дейміз. Al2O3 + H2SO4 = Al2(SO4)3 + H2O

  2. Валенттілік – (лат: валенс - күш) – атомның ионның, радикалдың кесімді санымен әрекеттесіп, химиялық байланыс түзу қабілеттілігі. Валенттілік мәні қосылған бөлшектерге сай анықталады. Валенттік туралы түсінікті алғаш өндірген ағылшын ғалымы Эдуард Франкланд.

  3. Заттың құрам-тұрақтылық заңы – алыну әдісіне қарамастан кез келген таза заттың сапалық және сандық құрамы әрқашанда тұрақты болады. Бұл заңды 1808 жылы француз химигі Ж.Пруст материалдарды күкіртпен әрекеттесуіне тәжірибе жасап дәлелдеді.

  4. Зат массасының сақталу заңы – химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады. Бұл заңды алғаш рет 1747 жылы орыс ғаламы М.В.Ломоносов тұжырымдап, оны 1756 жылы тәжірибе жасап дәлелдеді.

  5. Қосылу реакциясы - реакция нәтижесінде бір немесе бірнеше заттардан бір жаңа зат түзілетін реакцияны айтамыз. Мысалы: HCl + NH3 = NH4Cl

  6. Молекула – (лат: молис-масса) берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын заттың ең кіші бөлшегі. Молекуланың құрылысы мен құрамы оны құрайтын атомдарға байланысты. Молекулада атом саны екіден бірнеше мың молекулаға дейін болады.

  7. Орынбасу реакциясы – жай және күрделі заттардың арасындағы реакция нәтижесінде жай заттың атомы күрделі заттың бір элементінің атомының орынын басқан реакцияны айтамыз.

  8. Химия – материя қозғалысының химиялық қосылыстардың құрамы мен құрылысын, қасиеттерін, жай және күрделі заттардың өзгерулермен қоса жүретін құбылыстарды зерттейді.

  9. Анализ – (грекше анализ – талдау.) Тұтастай бір заттың құрамын, құрылысын, күйін анықтауды мақсат еткен зерттеу әдістері мен процестері.

  10. Ерітінді – бір немесе одан да көп компоненттерден (құрам бөліктер) және олардың сол компоненттері әрекеттескенде түзілетін өнімдерден тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер. Ерітінді еріткіштен және одан еріген заттардан тұрады. Мысалы: F қантты суда су – еріткіш, қант – еріген зат.

  11. Индикатор – (лат. Индикатор - көрсеткіш). Реакция ортасына байланысты түсін өзгертетін бейорганикалық қосылыстар. Қышқылдық-негізік индикаторлар, метилоранж, лакмус, фенолфталеин.

  12. Концентрация – (лат. Кон-бірге, центр - орталық). Ерітіндідегі не қопадағы заттың салыстырмалы мөлшері. Концнтрацияның бірнеше түрлері бар. Процентті, нормальды, моляльды концентрация кездеседі.

  13. Синтез – (грекше – синтезус - қосылу). Жай заттардан күрделі заттар алуға әкелетін химиялық және химиялық-технологиялық процестердің жалпы атауы.

  14. Суспензия – (лат. Суспензия - жүзгін). Құрамы қатты фаза мен сұйық фазадан тұратын сұйықтық (10-6 метрден көп болатын бөлшектер ) мыс, лайлы прцестер суспензияға байланысты. Суспензия қағаз, резина, лак, бояу өндірісінде қолданылады.

  15. Тотығу – элементтердің оттекпен әрекеттесу процесі. Немесе тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында тотықсыздандырғыштардың электрон беру процесі.

  16. Эмульсия – бір сұйықтық ішінде басқа сұйықтықтың микроскопиялық бөлшек түрінде болуы. Мысалы: сүт (су ішіндегі еріген майлы зат). Эмульсия сабын жасауда, май, кілегей, маргарин жасауда қолданылады.

  17. Электрон – теріс зарядты және тыныштық күйдегі массасы ең аз болатын тұрақты қарапайым бөлшек. Химиялық әрекеттесудің негізгі заттың субстраты болып саналады. Массасы 9*10 – 28г тең электтронды 1897 ж Дж.Томсон ашты. Электрон ядро сыртын айналып жүріп, электрон бұлтын түзіп, атом молекуланың электрлік, оптикалық және химиялық қасиетін түзеді.

  18. Ядро – атом ядросы атомның негізгі бөлігі заряды оң бүкіл масса жинақталған жер. Ядроның атом көлеміндегі алатын орны өте аз, атомның жалпы көлемінің 14-13 дәрежесі алады. Өте тығыз, ауыр. Ядро протон мен нейтроннан тұрады.

  19. Ион – (грекше ион – жүруші, кезбе). Атомдар, радикалдар, молекулалар, электрондардың жоғалтып не сыртынан электрондар қосып алғанда туатын электрлік зарядты бөлшек. Иондар химиялық активті бөлшектер. Ерітінділерде иондар электролиттік диссоцияция кезінде пайда болып, электролиттік қасиет береді.

  20. Анион – (гр.ана жоғары). Теріс зарядты иондар (ОН -, Cl-, SO4-, PO4). Электр өрісіне оң зарядты анодқа жиналады. Көптеген тұздар, негіздер, қышқылдар, ерітінділерде, иондық байланысы бар кристалл толаода болады.

  21. Анод – (көтерілу) тұрақты тоқ көзінің оң полюсінде жанасқан электроды. Батарея не гальваникалық элементтің оң полюсі.

  22. Катион – (гр. Ката - төмен). Оң электр зарядына ие ион. Мысалы: Н +, NH4+, Na+. Электр өрісінде теріс зарядты катодқа тартылады.

  23. Аллотропия – (гр.аллос – басқа, тройпос – әдісі, бейне). Бір химиялық элементтің жай зат түрінде кездесуі. Мысалы: көміртегі – графит және алмас түрінде кездеседі. Күкірт, темір, қалайы, селен, фосфор элементтері де бірнеше жай зат береді. Аллотропия түрлі кристалл формаларды немесе химиялық элементтердің түрлі атомдарын түзеді. Мысалы: оттегінің газын - О2 , озон – О3

  24. Коррозия – (лат. Коррозио - желіну). Қоршаған ортаның әсерінен металдан жасалған бұйымдардың бүлінуі, желінуі. Мысалы: темірдің тат басуы.

  25. Амфотерлік – (гр. Амфотерез – екі жақты). Әрекеттесуші реагенттердің табиғатына қарай кейбір химиялық қосылыстардың қышқылдық және негіздік қасиет көрсетуі.

  26. Адсорбция – (лат. Ад – бетінде, сорбере - сіңіру). Қатты және сұйық заттардың бетінде газ немесе еріген заттардың сіңірілуі. Температура өскен сайын адсорбция азаяды. Адсорбция көптеген газды және сұйық заттарды бөлу, тазалау үшін қолданылады. Адсорбция процесі тірі ағзаларда, топырақта, негізгі тіршілік процесін атқарады. Адсорбция лак, бояу, полиграфия, құрылыс орындарында қолданылады.

  27. Десорбция – адсорбентен сорылған затты кері шығару процесі. Бұл адсорбцияға кері процесс. Қолданылатын жері лаборатория,өндірісте кеңінен қолданылады.












Әдебиеттер


  1. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н А. Заграничная

Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-метематика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық. Алматы. «Мектеп» 2014

  1. Ф.Г.Фельдман, .Е.Рудзитис Жалпы химия , Алматы «Мектеп» 2001

  2. Б.А. Бірімжанов Жалпы химия, Алматы 2001 ж.

  3. Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия білім 2003ж.

  4. Аханбаев К. «Жалпы химия» Алматы 1985ж.




Қосымша әдебиеттер

  1. Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.А. Заграничная – дидактикалық материалдар.

  2. Қ. Бекішев. Есептер жинағы.





Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Химия
Подраздел Научные работы
Просмотров1105
Номер материала ДВ-498743
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх