Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Өсімдік ұлпалары Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Өсімдік ұлпалары Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы:6

Тақырыбы: §5. Өсімдік ұлпалары   §6. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Сабақтың мақсаты: өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіектерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Саңырау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?

Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді? Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашалығы және жасушаға не үшін қажет? Вакуоль қандай қызмет атқарады?

Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін  сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар. 2.Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар.

 

1 – карточка

Әр сөйлемдегі жасуша бөлімдерінің қасиетін, атқаратын қызметін оқып, мұқият талдап, сәйкес келетіндерінің тұсындағы рет санын кестеге толтыр.

1. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, керексіз улы заттарды ыдыратуға қатысатын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын. 2. Сыртында екі қабат саңылауы  қабықшасы бар цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын және көбеюге қатысатын жасушаның ең қажетті құрамдық бөлігі. 3. Тек өсімдік жасушасында ғана  болатын фотосинтез процесіне қатасытын органоид. 4. Құрамында су, нәруыз, май болатын, барлық күрделі тіршілік әрекетіне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат. 5. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет беріп, ішкі бөлімдерін зақымданудан қорғайды.

Қабықша

Цитоплазма

Ядро

Вакуоль

Пластид

 

 

 

 

 


 

2 – карточка

І. Пияздың мөлдір қабықшасы жасушасындағы көрсетілген сандарды кестеге берілген бөлімдердің тұсына жаз.

Жасуша қабықшасы

Цитоплазма

Ядро

Вакуоль

Қабықша саңылауы

1

5

4

3

2

ІІ. Көп нүктенің орнына тиісті жауаптың нөмірін жаз.

Биологиялық диктант

1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - ... бар. 2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты ... дейді. 3. Жасуша ..., ..., ... . 4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін ... тұрады. 5. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене – ... . 6.  ... жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. 7. ... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. 8. Хромопласт пластидтер дамуының ... . 9. ...  ...  жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. 10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға ..., ... түс береді.

Жауаптар: 1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; 10)Ақырғы кезеңі.

 

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан  тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.

Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.

Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д.а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.

Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір-бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.

Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.

Түзуші ұлпалар (меристема – грекше «меристос» - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а)төбе(апикальды); ә)бүйір(латеральды); б)қыстырма(интеркалярлы); в)жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.

Түзуші ұлпа жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан майда- қабықшасы жұқа пектинді – целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.

А. Төбе меристемасы  (апикальды – латынша «апекс» - ұшы, төбесі) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқандықтан ұзарып өсіреді (сабақ пен тамырдың ұзарып өсуі). Әрбір өркен, тамыр, одан таралған бұтақтарының ұшында, ұрық тамыршасы мен бүршікшесінде төбе меристемасы орналасқан жері өсу нүктесі (үрім) д.а. Өсу нүктесі жарақаттанғанша өсімдік өсуін тоқтатпайды, сондықтан сабақ пен тамыр ылғи ұшынан өседі. Өсу нүктесінің шеткі аймағы жасушаларының бөлінуінен жапырақ төмпешіктері пайда болып, оның жасушалары ары қарай бөлініп бүршіктер дамиды. Төбе меристемасы – вегетативті өркендер, гүл өркендері және тамыр ұшының меристемасы деп бөлінеді.

Ә. Бүйір меристемасы (латеральды) өсімдік сабағы мен тамырының ішкі жағына орналасады, оған перицикл, прокамбий және тоз камбий жатады. Прокамбий жасушалары ұзынша, цитоплазмасы қою, әр түрлі бағытта бөліне алады. Одан өткізгіш ұлпалар мен соңғы түзуші ұлпа, яғни камбий түзіледі. Камбий өсімдікті жуандатып өсіреді. Тоз камбийі қабықтың тоз қабатын жуандатса, перицикл тамырда болатындықтан одан жанама тамырлар дамиды.

Б. Қыстырмалы меристема (интеркалярлы) астық тұқымдас өсімдіктердің(бидай, жүгері, күріш) буынаралығының түбі мен жапырақ сағағының түпкі жағында, гүл сидамында орналасады. Қамыс, жүгері, бидай, т.б. өсімдік сабақтарының буынаралықтары ұзаруы мен жапырақтардың қынабының  жалпақ болып өсуі меристеманың осы түріне байланысты.

В. Жарақат меристемасы (каллюс) атына сай өсімдіктің әр түрлі әсерден (зиянкестер, жануарлар, адамдардың әсері) сынып зақымданған жеріне жақын жатқан тірі жасышалардың бөлінуінен түзілетін ұлпа. Дереу, өте қарқынды бөліне бастаған жасушалар көлемін ұлғайтып зақымданған жерді түгел жабатындай дәрежеге жетеді. Әсіресе жапырақ, жас өркендер мен тамырдың зақымданған жері тез жетіліп бұрынғы қалпына келеді. Жарақат меристемасы жасушаларының бөлінуі нәтижесінде өткізу қызметін атқаратын жеке жасушалар түзіледі. Соңғы кезде ғылымда аналық өсімдіктен жасушалар тобын бөліп алып жасанды қоректік ортада өсіру әдісін пайдалану қолға алына бастады. Мұндай әдістің ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында баяу көбейтетін, сирек кездесетін өте құнды түрлерді көбейтуге пайдасы зор болмақ.

Қорыта келгенде, өсімдікте болатын барлық ұлпа түзуші ұлпадан түзіледі, себебі жасушалары дамылсыз бөлініп жаңа жасушалар пайда болады. Өсімдіктің барлықы мүшелері ұзарып, ағаштар мен бұталардың жылдан жылға жуандап өсуі тек түзуші ұлпаға ғана байланасты. Түзуші ұлпа болмаса, өсімдік өспейді және дамымайды, жаңа мүшелер мен ұлпалар түзілмейді.

Жабын ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізгі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы  су, газ, жылуды тұрақты етумен қатар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардың зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын  ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамсыз етеді. Жабын ұлпа – алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2-ге бөлінеді. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң(эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады.

Өң (эпидермис) тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды. Өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралады. Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады.  Цитоплазмасы қабықшаны астарлай  созылып жатады.  Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі  вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.

Біржасушалы түктер мақта тұқымында ұзындығы 60 мм жетеді, онда тоқыма өнеркәсібінде мата тоқылады. Итмұрын, таңқурай, бүлдіргеннің сыртындағы  ағаштанған қатты тікенектері, әр түрлі гүлдердің күлтелерінің саусақпен сипағанда мақтадай жұмсақ болуы емізікші тәрізді майда өсінділеріне  байланысты, олар да түкке жатады. Түктердің көбісі көп ұзамай цитоплазмасы кеуіп, іші ауаға толып өлі түкке айналады. Құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктерде мұндай түктер қалың болғандықтан сырттай қурап, солып қалмау үшін суды көп буландырудан, күн сәулесінің әсерінен қызып кетуден сақтайды. Ал тамырда болатын түктер топырақтан өсімдікке қажетті су мен қоректік заттар ерітіндісін сору үшін қажет. Тірі түктерге қызылдақ түктер (қалақайда) мен бездеуіт түктер жатады. Бездеуіт түктер көпжасушалы эпидермистен пайда болуына қарамастан эфир майын, шайыр, шырышты зат бөлінетіндіктен бөліп шығарушы ұлпаға топтастырылады.

Тыныс саңылауы (устьица). Өсімдіктің жер үсті бөлімін, барлық мүшелерін өң мен шаңдақ зат қаптап тұрғандықтан ішке қарай газ бен су өтпейді, бірақ қоректенуі үшін көмірқышқыл газы мен оттегі қажет. Егер өсімдік өз бойынан суды буландырмаса тамыр арқылы сорып алынған су мен минералды тұздар ерітіндісінің ағыны да кілт тоқталады, әрі күн сәулесінен қатты қызып кету қауіпі туады. Сондықтан зат алмасу, дұрыс қоректену үшін газ алмасу, тұздардың ерітіндісі және судың булануы міндетті түрде жүруі тиіс, бұл процес тыныс саңылауы арқылы жүзеге асады. Тыныс саңылауы жасушаларының өң жасушаларынан ерекшелігі ішінде хлорафилл дәндері бар, пішіндері жарты ай тәрізді сәл иіліп келген 2 жасуша бір – бірімен тығыз жанасып тұрады (үрмебұршақ, бүйректің пішініне де теңеуге болады) сондықтан жанаспалы жасушалар деп те атайды. Екі жасуша иілген ойыс жағымен түйісіп жанасып тұратындықтан ойыс жерінің арасында саңылау қалады. Тыныс саңылауының жасуша қабықшасы ішкі ойыс жағында қалың, сыртқы дөңес жағында жұқа болады. Саңылау газ алмасу, су булану кезінде де біресе кеңейіп, біресе тарылып тұрады. Саңылаудың астыңғы жағында жапырақтың жұмсақ  еті жасушаларымен қоршалған ауа кеңістігі (тыңыс кеңістігі бар). Тыныс саңылауының ашылып-жабылуы жапырақтың тургор қысымына байланысты. Жанаспалы жасушалар жер асты мүшелерінде мүлдем болмайды, жер үсті мүшелерінде, әсіресе жапырақ тақтасының астыңғы жағында көп кездеседі. Олар әдетте жапырақтың 1 шаршы миллиметірінде 100-ден 300-ге дейін, кейде оданда көп болуы мүмкін. Төменгі сатыдағы өсімдіктермен судағы өсімдіктерде сулы ортаға бейімделгендіктен жанаспалы жасушалары дамымаған.

Балдырлар мен саңырауқұлақтарда, паразиттер және даму циклы сулы ортада өтетін өсімдіктерде қоршаған ортамен алмасу процесі бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Нағыз жанаспалы  жасушалар мүктерден бастап дамыған. Тыныс саңылауының жұмысы күн мен түннің ауысуына байланысты. Күндіз жанаспалы жасушаларда болатын хлорофиллдің әсерінен жасуша шырынында қант көп жиналып судың мөлшері көбейетіндіктен тургор қысымы артып, саңылау ашылады. Түнге қарай қант мөлшері азайып, қысым да төмендеп саңылау жабылады.

Жанаспалы жасушалар ашық тұқымдылар (қарағый, шырша, арша, балқарағай, самырсын, т.б.) жапырақтарының астыңғы және үстіңгі бетіне біркелкі, ал су бетінде қалқып өсетін өсімдіктің жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде орналасады. Жер үсті мүшелерін қаптайтын жабын ұлпаны эпидермис, ал тамыр сыртының өңін эпиблема деп атайды.

Эпиблема жасушаларының қабықшасы өте жұқа, сыртында шаңдақ заты (кутикула) болмайды, цитоплазмасы да жабысқақ, жанаспалы жасушалары жоқ. Әр жасушасы тамыр түктерін түзуге қабілетті болғанымен  ерекше жасушалардың (трихобласт деп атайды) сыртқы қабықшасының ұзарып созылуынан ұзындығы  1-2 мм біржасушалы өскінше түктер пайда болады. Олар әрбір 15-20 күн сайын жаңарып отырады. Эпиблема жас тамырлардың сыртын қаптап жатады.

Соңғы жабын ұлпа(тоз бен қыртыс). Алғашқы жабын ұлпа, яғни өң (эпидермис пен эпиблема) өсімдікте ұзақ сақталмай шетінен түлеп түсіп, орнын біртіндеп пайда болатын соңғы жабын ұлпалар басады.

Тоз. Эпидермис өсімдікте бірнеше айдан 2-3 жылға (омела өсімдігінде 15 жылға дейін сақталады) дейін сақталып қорғаныштық қызметін атқарады. Ол түлеп түскен соң түзуші ұлпа жасушалары бөлініп, өте берік, жасушааралық кеңістіктері болмайтын және жасушалары өте тығыз кірпішше қаланып жататын жаңа ұлпа, яғни тоз пайда болады. Мұны әсіресе ағаш пен бұта өсімдіктері діңдері қабығының қоңырқай түске ене бастағанынан байқаймыз.

Эпидермис жасушалары бір қабатты болса, тоз жасушалары көп қабатты. Жыл сайын оның қабаттары қалыңдай береді, бір жылда 2-ден 20 қабатқа дейін қосылады. Жасушалары алғашқыда тірі болғанымен, қабықшасы түрлі өзгеріске ұшырап (ағаштану, минералдану, тоздану), қалыңдап ауа мен суды ішке өткізбей өлі жасушаларға айналады. Сонда да қорғаныштық қызметін атқарады, тірі жасушалары температураның күрт өзгеруінен қорғайды. Тоз өсімдік сабағынан басқа жер асты мүшелері тамыр, тамырсабақ, түйнектерінде түзіледі. Өлі жасушалардың ішін ауа (еменде), ақ түсті түйіршікті заттар бетулин (қайыңда) және иілік заттар толтырылады. Тоз суды, газды, жылуды, дыбысты, электр тоғын өткізбейді, әрі шірімейді, сондықтан ыдысқа тығын, электр тогына изолятор болып, ұшақ құрылысы мен тоңазытқыштар жасау өндірісінде кеңінен қолданылады. Тозды емен, амур барқыт ағашы мен тозды шегіршін ағаштары тозының қалындығы 5-10 см. Әрбір 9-12 жылда тоз қабатын сылып алады, қайыңның тозы жұқа болады. Тозды емен Алжир, Тунис, Испания, Португалия, Қырым, Кавказдың Қара теңіз жағалауларында өсіріледі. Амур барқыт ағашы жабайы түрінде Қиыр Шығыста өседі. Тоздың астыңғы жағында орналасқан тірі жасушаларда газ алмасу және артық суды буландыру процесі жасымықшалар арқылы жүзеге асады. Алғашқы жабын ұлпа өңнің бетінде тыныс саңылауы бар жанаспалы жасушалары (устьице) болса, соңғы жабын ұлпада (тозда) ауа өткізетін аппараты жасымықша. Жасымықша - өсімдіктердің жас бұтақтары газ алмасатын орны. Бұтақты сипағанда сопақтау пішінді үлкенді-кішілі төмпешіктер бұдыр-бұдыр болып саусаққа айқын сезіледі. Олар бұрын жанаспалы жасушалар болған жерде пайда болады. Бұтақтың әр жерінде пішіндері нүкте, сызықша тәрізді шұбарланып жатқан майда жасымықшалар жай көзге да анық көрінеді.

Жасымықша – арасында көптеген жасушааралық қуыстары (кеңістіктері) бар, тозданған дөңгелек пішінді жасушалар тобынан тұратын тоз ұлпасының ажыраған (үзілген, жыртылған) жері. Жасушааралық ауа кеңістіктері арқылы сабықтың ішкі ұлпаларына өтеді. Әсіресе жас бұтақтардың сыртындағы көзге көрініп, қолға білініп тұратын пішіні жасымыққа ұқсаған бұдырлы төмпешіктер. Жасымықша пайда болған жерде тоз түзетін қабаттың жасушалары өте қарқынды бөлінгендіктен түзілетін қалың меристема қабықты керіп жібереді. Қысымға шыдамай қабық жыртылады. Өсу дәуірінің аяғында(қысқа қарай) жасымықшаларды бітеп тастайтын жіңішке біртұтас қабат түзіледі. Көктемде жасушалардың қайта қарқынды өсуінің әсерінен қабат жыртылып, жасымықшалар әрі қарай тыныс алу қызметін атқара бастайды. Өсімдіктің тамырында және қарағайда жасымықшылар болмайды. Қарағайдың тоз қабаты тұтасып жатпай үзік-үзік болатындықтан тоз жасушалары жоқ жерінде газ алмасу жүреді.

Жасымықша арқылы ауа ішкі ұлпаларға өтетініне көз жеткізу үшін ұзындығы 10-20 см бұтақты кесіп алып, бір ұшын пластилинмен бітеп суға батырып, екінші жағынан ауа үрлесе, ауа көпіршіктері жасымықшалар арқылы шығады. Тоз қабаты өсімдікте ұзақ жылдар сақталады.

Қыртыс (сары қабық) тамыр мен сабақтың жуандап өсуінен тоздың сыртында пайда болады, жасушалары өлі. Сабақ жуандаған сайын тоз бен қыртыстың кернелуінен әр жерінен жарыла бастайды. Жарылған жерін жаңадан пайда болған тоз жасушалары толтырады. Әсіресе діңдері жуан емен, қараағаштардың қабықтары тегіс болмай сай-сай болып тұрады. Бұларды сайлы қыртыс дейді. Қылқан жапырақты ағаштарда (қарағай, шырша, балқарағай, т.б.) қыртыстары қабыршақтанып жұқалау болады. Бұны қабыршақты қыртыс дейді. Қыртыстарына арап ағаш түрін ажырату қиын емес. Тоздың жаңа қабаты түзілген сайын қабық қалындай береді.

Қорыта келгенде, өсімдікте жабын ұлпаның 3 қабаты болады: өң, тоз, қыртыс (сары қабық).

Негізгі ұлпа. Қоректік ұлпа  мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары).

Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді.

Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен піспеген жемістердің негізін құрайды.

Жапырақ тақтасының ортаңғы жұмсақ бөлігі (мезофилл) түгелдей фотосинтездеуші ұлпа болғандықтан жасушаларында хлорофилл дәндері өте көп, сондықтан фотосинтез процесі жүреді. Жасушалары орналасуына қарай бағаналы және борпылдақ деп бөлінеді. Бағаналы жасушалы жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде өңнің астына бағана тәрізді ұзынша бір-біріне тығыз орналасады. Ал борпылдақ жасушалары жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасып, жасуша арқылы қуыстары кең болғандықтан борпылдақ деп аталады. Бағаналы жасушалар ауадағы көмірқышқыл газын қабылдап органикалық зат түзуге қатысса, борпылдақ жасушалар суды көбірек буландырып газ алмасуға қатасады, сондықтан газ алмастыратын ұлпа деп те аталады. Көлеңкелі жерде өсетін өсімдіктерде бағаналы ұлпа жақсы жетілмейды. Фотосинтездеуші ұлпаларда түзілген органикалық заттардың өсу дәуірінде жұмсалғаннан артылғандары қор жинаушы қоректік ұлпаға қарай ағады.

Қоректік ұлпа. Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында, жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді. Сабақтың өзегінде, өзек сәулелерінде күзге қарай жапырақтың сүзгілі түтіктері арқылы ағып келген қанттан крахмал түзіледі. Қоректік заттардың қорға жиналуы өсімдіктің белгілі мүшелерін түрөзгеріске ұшыратады. Мысалы, картоп түйнегі алғашында жіңішке болса да крахмал қорға жиналған кезде қысқарып, жуандап түйнекке айналып түрін өзгертеді. Оның жер асты өркені екенін бірден түсіну қиын. Пиязшықтың жапырақтарда органикалық заттар қорға жиналғандықтан қалыңдап етженді болып түрін өзгертеді. Демек, жапырақтары – түрін өзгертен жер асты өркен. Қоректік ұлпалар сабақ пен жапырақтан басқа да мүшелерінде кездеседі. Мысалы, шалқан, сәбіз, қызылша өсімдіктерінің тамырында крахмал қоры жиналады. Тұқым ұрығының қоректік ұлпалар жарнағында (емен, үлмебұршақ, асбұршақ, күнбағыс, т.б.) және ұрықтан тыс эндоспермінде (үпілмәлік, көкнәр, шырмауық, қарабұрыш, астық тұқымдастардың дәнектері) болады, органикалық заттарды қорға жинайды.

Су қорын жинаушы қоректік ұлпаларда аты айтып тұрғандай су көп мөлшерде қорға жиналады. Шырынды өсімдіктерде (кактус, алоэ, агава, т.б.) де сортаң топырақта өсетіндерде (соран) су жинайтын жасушалары өте ірі, қабықшасы жұқа болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында 85 %-ға дейін су кездеседі. Бұл өсімдіктің күнделікті тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін су. Көптеген өсімдіктердің белгілі мүшелеріндегі арнаулы жасушаларында су қоры сақталады. Ол көбінесе суы тапшы жерде басқа бір өсімдікке жабысып өсетіндерде (эпифиттер) және өте шырынды өсімдіктерде кездеседі.

Суы тапшы, ауасы құрғақ, күн сәулесі көп түсетін жерде өсетін өсімдіктерді «ксерофиттер» дейді. Олардың құрамына жусан, изен, сиыр құйрық, кекіре сияқты өсімдіктер кіреді. Жасуша қабықшасы жұқа, вакуольі ірі, шырыны сұйық болып ыстық күнде қорға жиналған суды пайдаланады. Су қорын жапырағына жинайтындар: сораң, алоэ, агава, бозклем, жасаңшөп, ал сабағына жинайтындар кактустар, сүттігендердің біраз түрлері.

Ауа қорын жинаушы өсімдіктер сазды, батпақты, сулы ортада өседі. Суда өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы жасушаларының жасушааралық кеңістіктері өте кең болғандықтан жиналған ауа, оттегі және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етеді. Сонымен негізгі ұлпаға, фотосинтездеуші, органикалық заттар, су, ауаны қорға жинаушы ұлпалар кіреді. 

Тірек ұлпа. Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).

Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады.

Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады.

Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.

Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі. Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола) діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады.

Ағаш сүрегінің қатты, тығыз немесе жұмсақ жеңіл болуы сүрек талшығы жасушалары қабықшасының қалындауына байланысты. Жасушасы өте қалың қабықшалы ағаштар: емен, талшын, қайың, т.б. Сүрегі өте тығыз, салмақты және берік қабықшасы онша қалыңдамағандарға тал, үйеңкі, шаған, т.б. жатады. Ал сүрегі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, бұл қасиеті әр түрлі өнеркәсіп орындарында түрлі бұйымдар (ыдыс, аспап, уық, кереге, шаңырақ, есік, терезе, т.б.) жасағанда еске алынады.

Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш пайда болған кезде жасушалары тірі болады. Қорыта келгенде тірек ұлпасы өсімдіктің барлық мүшелерінде қаңқа қызметін атқарады, сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, өсімдікке мықтылық, иілгіштік, серпімдік қасиет беріп, морт сынудан сақтайды.  

Өткізгіш ұлпа. Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.

Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрек жасушалары түтікше тәрізді, оны трахеида деп те атайды. Трахеида деп қабықшасы сүректенген (қатайған), екі ұшы сүйір, өте жіңішке ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жететін өлі жасушаларды айтады. Алғаш түзіле бастаған кезде жасуша қабықшасы таза целлюлозадан тұрғанымен өсе келе қатайып, сүректеніп беріктік қасиет береді. Әсіресе қылқан жапырақты өсімдіктердің сүректерінің 80-90%-ы трахеид жасушаларынан тұрады. Көктемде түзілген трахеида жасушаларының қабықшасы жұқа, ішкі қуысы кең. Жаздың соңғы айларында түзілгендерінің қабықшасы қалың, ішкі қуысы тар болады. Сондықтан ерте көктемдегі трахеида суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады. Трахеида арқылы түйнек пен тамырда қорға жиналатын қант пен басқа да органикалық заттар көктемде  жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.  Жоғары ағыс жолы жасушаларында трахеяда (түтік) жатады. Ол трахеидадан ұзын, себебі жас жасушалар біртіндеп ұзарып, көршілес жасушалардың бір-біріне түйіскен жері алдымен шырыштанып бөрітіп, ақырында еріп кетеді де, жасушалар өзара қосылып трахея (түтік) пайда болады. Оның ішіндегі цитоплазмасы жойылып орнына су толып, ұзындығы (көлденең пердесіне дейін есептегенде) 10 см-ден 5 м-ге дейін (лианаларда), (еменде 2 метрге) жетеді. Көлденең перделерінде көптеген майда саңылаулары болғандықтан бір жасуша екінші жасушамен тығыз байланысады. Түтік жасушалары тозған кезде айналасын қоршаған тірі жасушалар өзекке еніп қабықшасындағы өсінділермен ішін бітеп су жүрмей қалады. Түтік жасушалары трахеидадан да  кейін пайда болғандықтан тек гүлді өсімдіктерде өте жақсы дамыған. Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрлі жасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашық тұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісі трахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұл жасушалар сабақтың сүрек бөлімінде болатындықтан су мен онда еріген минералды тұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен жоғаы қарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т.б. мүшелеріне таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі түтіктері арқылы қозғалады. Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша қабықшасының жан-жағына орналасқан.

Сүзгілі түтік жасушалары тірі, бірінің үстіне бірі қаланып жатқан жасушалардың көлденең перделерінде сүзгі тәрізді көптеген майда тесіктері болады, сол арқылы көршілес орналасқан жасушаларға органикалық қорек заттары өтеді.

Сүзгілі түтік ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан соң тесіктері бітеліп күзге қарай істен шығады. Кейде көктемде сүзгі тесіктері ашылып, қайтадан органикалық заттар қозғалысы қалпына келеді, мысалы: жүзімнің сүзгілі түтігі 2 жыл, жөкенікі 3-4 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Сүзгілі түтіктің сүзгі тәрізді жасушалардан айырмашылығы оның айналасында қабықшасы жұқа, цитоплазма мен ядросы бар ұзынша бір немесе бірнеше серік жасушаларының (жанама жасушалар) болуында. Сүзгілі түтік пен серік жасушасының бір-біріне жанасқан беттерінде саңылаулары болады, сол арқылы бір-бірімен қатынасады. Екеуі де бір меристемалық жасушадан пайда болады.

Өсімдік сабағында төмен ағыс жолы элементтері (флоэма) ксилеманың (сүрек) сыртында (қабықта) жапырақ тақтасының астыңғы бетіне орналасқан.

Өткізгіш шоқтар сүрек (ксилема) пен қабық (флоэма) өткізгіш элементтерінің шоғырлануы кейде тек ксилемадан немесе тек флоэмадан ғана құралуы мүмкін. Шоқтың айналасында басқа да тірі және өлі жасушалар болады. Дара жарнақты өсімдіктердің (бидай, жүгері, пияз) сабақтарында өткізгіш шоқтар шашырап ретсіз орнасса, қос жарнақтылар мен ашық тұқымдыларда белгілі бір ретпен шеңбер құрып орналасады.

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің өткізгіш шоқтары түзілген соң құрылысында ешқандай өзгеріс болмайды, ал қос жарнақтыларда шоқтары қалыңдап өсіп, көршілес жатқан шоқтармен тұтасып шеңбер құрады. Ол камбий жасушаларының болуына байланысты. Камбийі жоқ шоқтар ары қарай өспейді. Оны тұйық, ал камбийі барларды ашық шоқ дейді.

Ксилема және флоэма элементтерінде қосымша тірек ұлпасы болса, оны түтік – талшық шоқтары деп атайды. Тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет беріді, әрі қолайсыз жағдайлардан қорғайды. Кейде шоқты айнала қоршай орналасып өткізгіш ұлпа жасушаларының қуысы қабысып қалмауына себепші болады.

Өткізгіш шоқтар өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Жапырақ тақтасындағы әр түрлі пішінде тарамдалып жатқан жүйкелері түгелдей өткізгіш шоқтардан тұрады, ол сабақпен байланысты. Сондықтан жоғары және төмен ағыс жолдарымен қозғалатын қоректік заттардың барлық түрлері. Өсімдіктің бүкіл мүшелерінің бірін қалдырмай бәріне жеткізіледі.

Бөліп шығарушы ұлпа. Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а)схизогенді; ә)лизегенді.

Схизогенді жолмен бөліп шығарушы ұлпа ең алдымен бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзілген жасушалардың бір-бірінен ажырауынан жасушааралық кеңістіктер пайда болып әрі қарай кеңи береді. Жан-жағында орналасқан жасушалардан бөлінген шырыш, шайыр, эфир майы жасушааралық кеңістікте (кейде бөліп шығаратын заттардың «арнаулы орын» деп те атайды) жинала береді, мысалы: қылқан жапырақты ағаштардан (қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, т.б.) бөлінетін шайыр жолы созылып едәуір жолды алып жатады. Шайыр жолы қабықтан сыртқа шықпайды. Бірақ көп жағдайда қарағай діңінен мөлдір сарғылт түсті шайырдың ағып, тамшылып тұрғанын жиі көруге болады. Бұл тек шайыр жолы тесіліп, жарақаттанған кезде ғана болатын құбылыс. Қабығы тұтасып жатқан жерден шайыр ақпайды, шайыр сыртқа шығысымен дереу қатып қалады. Шайырдан скипидар камифоль дайындау үшін шайыр жолын кез келген жерінен кесіп барып шайырды ағызып алады. Шайыр жолы сүрек пен қабық бөлімінде ұзындығынан бойлап та, көлденең бағытталып та, кейде өзара бір-бірімен қосылып күрделеніп кетеді.

Сүт жолы бөліп шығарушы ұлпаның ерекше типіне жатады. Ол өсімдіктің барлық мүшелерін қамтиды. Сүт жолын құрайтын жасушалардың вакуольінеде сүт шырыны (латекс) бар. Өсімдік түріне байланысты сүтті шырын ақ (сүттіген, таусағыз,  бақбақ, жер сағыз, т.б.), қызғылт-сары (сүйелшөп) түсті болады. Сүтті шырының құрамында алколоидтар, иілік заттар, көмірсулар, майлар, нәруыздар бар. Сондықтан резңке, каучук жасау өнеркәсібіне кеңінен қолданылады.

Лизигенді (еру) жолымен пайда болу кезінде алдымен жасушалар тобы ақырғы өнімдерді (шайыр, эфир майы, т.б.) көп бөледі де ақырында жасушалр тобы еріп бос орын түзіледі.

Безді жасушалар өсімдік түріне қарай әр түрлі болғандықтан ішкі және сыртқы бездер деп екіге бөлінеді. Ішкі  бездер өсімдік мүшелерінің ішкі бетінде орналасатын безді жасушалар, оған шірнелік (нектарник) жатады. Шірнеліктер көбінесе гүл тостағанша мен күлтесінің түбінде, аналақ жатынның қабырғасында, гүл табанында, кейде вегетативтік (өсу) мүшелерінде де кездесіп қалады. Пішіні мен құрылысы түтік тәрізді, безді төмпешік жапырықша тәрізді жалпақ, т.б. болады. Шірнеліктен бөлінетін шірне аздаған нәруызы бар қант, спирт, хош иісті зат орналасқан қанттың сұйық ерітіндісі. Шірне тек тозаңдандыратын жәндіктерді ғана еліктірмей, өсімдіктер ондағы қорекік заттарды зат алмасу процесінде пайдаланады.

Эфир майын түзетін безді жасушалар өсімдіктердің жапырақтарында, гүлдерінде (жалбыз, раушан, шайшөп, шалфей, т.б.), жеміс қабығында (лимон, апельсин, манарин) көп болады. Тамақ, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Сыртқы бездерге өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінде кездесетін түктер жатады. Сыртқы бездердің жасушалары тірі, түзілген затты эфир майы немесе эфир майына еріген шайыр. Эфир майы мен шайыр ерітіндісі жасуша қабықша мен өңездің арасына жиналып көпіршіктеніп тұрады. Егер оған бір нәрсе тисе жарылып, іштегі сұйықтық сыртқа ағады да өсімдіктен аңқыған иіс шығады. Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің жапырақтарында ас қорыту бездері болады. Ол безді түктері желім тәрізді сұйықтық пен нәруызды қорытатын фермент бөледі. Жапырақтарына қонған майда жәндіктер (шыбын, маса, шіркей, т.б.) түктен бөлінген желімтек сұйыққа жабысып қалады да фермент жәндіктің құрамындағы нәруызды қорытады, жапырақ жасушаларына сіңеді. Азот жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктер осылайша өзін азотпен қамтамасыз етеді. Жәндіктермен қоректенітін өсімдіктерге непентез, шықшылдық, альдрованда, т.б. жатады.

Сү жанаспалы жасушалары (су устьицесі) - өсімдік денесінен су бөліп тұруға икемделген безді жасушалар тобы. Жапырақ тақтасының өңінде болатын ауа жанаспалы жасушалары сияқты, олар өң жасушаларының бөлінуінен қабықшалары жұқа, жанаспалы жасушалар ірі жапырақ жүйкелерінің ең ұшында жеке-жеке немесе топтанып орналасады. Безді жасушалар рөлін атқаратын су жанаспалы жасушалары арқылы артық сулар жапырақ жиектерінен тамшы болып бөлінеді. Су жанаспалы жасушаларының ішінде суға толы жасушааралық қуыстары көп.

ІV. Бекіту.

Өсімдік ұлпалары

Аттары

 

Ұлпалардың құрылысы және маңызы

 

Өсімдікте орналасуы

Түзуші ұлпа

Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жас өсімдіктер(өскін) өсіп шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі.

Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында

Жабын ұлпа

Жасушалары бір-біріне өте тығыз жанасады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (ыстық, суық, қатты жел, зиянкестермен зақымдану) сақтап қорғайды. Сыртқы ортамен қатыныс жасайды (ауа мен пайдалы газдарды, күн сәулесін ішке өткізіп, сыртқы судың артығын буландыру).

Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.

Тірек ұлпа

Жасушаларының қабықшасы алғашында жұқа болғанымен біртіндеп қалыңдайды,  мықтылық, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сыныудан, майысудан қорғайды. Өсімдік қанша нәзік болса да тірек ұлпасының арқасында қатты дауылға, нөсер жамбырға майысып барып, қайта қалпына келеді.

Өсімдіктің барлық мүшелдерінде белгілі бір тәртіппен орналасады. Тамыр мен сабақта. Жапырақ жүйкелерінде. Жемістің жұмсақ етінде. Тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т.б. жерлерде.

Негізгі ұлпа (қор жинаушы, фотосинтездеуші)

Жасушалары ірі, сондықтан зат алмасудың артық өнімдері қорға жиналады, онымен ұрық және тағы басқа өсімдіктердің жас мүшелері қоректенеді. Жапырақтағы фотосинтездеуші ұлпаның жасушаларында хлорофилл дәндері болатындықтан жарықта органикалық зат түзеді. Онымен бүкіл тірі организмдер қоректенеді. Жасуша арасында бос кеңістікте ауа жиналады. Онымен өсімдіктер тыныс алады. Ірі жасушаларда су жиналады. Қуаңшылық жерде өсетін өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Атқаратын қызметіне байлансты жасуша пішіндері де әр түрлі.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде қабықтан бастап барлық ұлпалардың арасын толтырып тұрады. Жапырақтың ортаңғы қабаты, сабақтың, тамырдың, тұқымның, түйнектің, пиязшықтың, тамырсабақтың барлығында болатындықтан негізгі ұлпа д.а.

Өткізгіш ұлпа

Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады. Сол арқылы жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде. Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады. Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.

Бөліп шығарушы ұлпа

Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді. Зат алмасуда бөлінген артық заттар мал жемеуден, ауру тудыратын микробар мен зиянды бунақденелілерден сақтайды. Сүтті шырыннан резеңке, каучук жасалады. Эфир майын сабын, дәрі, иіс суға қосады, хош иіс береді. Шірне бунақденелілерді еліктіріп, тозаңдануға көмектеседі, алкалоид, т.б. заттардан дәрі жасалады.

Өсімдік мүшелерінің әр жеріде шашыранды болып жатса да барлық мүшесінде: тамыр, тамырсабақ, жапырақ, сабақ, гүл, жеміс тұқымдарда кездеседі.

 

Үй тапсырмасы. §5,6 оқып, тақырыптар соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

3-4-зертханалық жұмыстар.

Тақырыбы: Өсімдік ұлпалары.

Мақсаты: Өсімдіктерге тән ұлпалардың құрылысын салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: бидайдың 10 күндік жас өскіні, қарағаш, қарағай, терек қабықтары, өрік, жаңғақ сүйектері, алмұрт жемісі, сәбіз, қызылша жемтамырлары, асқабақ немесе жүгері сабағы, бақбақ кеппешөбі (гербарий), бөлме өсімдігі – фикус, қарағай шайыры.

Жұмыстың барысы:

1. Бидайдың 10 күндік жас өскінінің тамыр ұшынан препарат жасап микроскоп пен қарап түзуші ұлпамен танысу, жасуша ерекшеліктеріне көңіл аудару.

2. Бөлме өсімдігі жапырағының астыңғы мөлдір өңін сылып алып, препарат жасап, микроскоппен қарап өң жасушалары – жабын ұлпамен танысу. Қарағай, қарағаш, терек қабықтарын қарау.

3. Өрік сүйегі, грек жаңғағының сүйегін жай көзбен қарау. Алмұрт жемісінің жұмсақ етіндегі қатты түйірін әбден езіп, микроскопта тірек ұлпасы жасушаларымен танысу.

4. Сәбіз, қызылша жемтамырлары, пиязшық пен кактустың (немесе басқа да шырынды өсімдіктер) сабағын жай көзбен қарап, қор жинаушы ұлпамен танысу.

5. Жүгері, асқабақ сабақтарының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап өткізгіш ұлпамен танысу (бар болса дайын микропрепаратты пайдалануға болады).

6. Сүтті шырын ағатын, шайыры бар өсімдіктердің (сүттіген, бақбақ, таусағыз, бөлмедегі фикус, т. б.) кеппешөптерін, қарағай шайырын қарап, бөліп шығарушы ұлпалармен танысу.

Нәтижесі:

І. Берілген сипаттамалардың тұсындағы әріпті дәл келетін ұлпа бағанына жазыңдар:

1. а) өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды; ә) жасушалары жас, ұдайы бөлінеді; б) өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады; в) жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайды; г) өсімдікті жуандатып өсіреді; ғ) жапырақтың жұмсақ бөлігіне күн сәулесін еркін өткізеді; д) өсімдіктің зақымданған жерін қайта калпына келтіреді; е) сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді; ж) құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктердің жасушаларында су жинаушы.


Түзуші ұлпа

Жабын ұлпа

Негізгі ұлпа

 __________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

 __________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

 __________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

 

2. а) өсімдікті мал жеуден қорғайды; ә) жапырақ тақтасын керіп тұрады; б) сүт жолы мен шайыр жолы болады; в) хош иіс, тәтті шырын бөледі; г) қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз етеді; ғ) жасушалары қатты, қиыршықты; д) тін талшығы жақсы жетілген; е) жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы; ж) тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.


Тірек ұлпасы

Өткізгіш ұлпа

Бөліп шығарушы

 __________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

 __________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

 __________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

 

Қорытынды:

1) Ұлпа дегеніміз не?_____________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2) Мына ұлпалар өсімдіктің қай мүшесінде кездеседі?

Түзуші ұлпа немесе меристема_____________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Жабын ұлпа____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Негізгі ұлпа_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Тірек ұлпа______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Өткізгіш ұлпа___________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Бөліп шығарушы ұлпа ___________________________________________________________

_______________________________________________________________________________



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров784
Номер материала ДВ-330309
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх