Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Өсімдік тектес өрнек" сабақ жоспары

"Өсімдік тектес өрнек" сабақ жоспары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Пәні:бейнелеу

Сыныбы:3 «б»

Мерзімі:11.12.2015

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік тектес өрнек»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды өсімдік тектес өрнек түрлерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: өсімдік тектес өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: ою-өрнектің шығу тарихын қолданылуын, қоршаған ортамен, табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.

Тәрбиелік :ою-өрнектің мән-мағынасын түсіндіре отырып, ұлттық өнерімізді терең ұғынуға , еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой қорыту, ойын технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік тектес өрнек салынған суреттер, кітап

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу

Пайдаланған әдебиет: бейнелеу 3 сынып Алматыкітап.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІІІ.Жаңа білім негіздерін игерту.

Сергіту сәті.

ІV.Сарамандық жұмыс.

V.Бекіту.

VI.Қорытындылау.

А)үй тапсырмасы.

Ә)бағалау.

Б)рефлекция.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қалдарың қалай? Мен бүгін сендерге бейнелеу өнерә пәнінен сабақ беремін.Аты-жөнім:Еркинбекова Меруерт Айдыновна.

Ә)түгендеу.

-Сабақта кім жоқ?

Б)Психологиялық дайындық:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.

-Алға қадам жасау үшін біз өткен тапсырманы еске түсірейік.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ.Жаңа білім негіздерін игерту.

-Балалар, сендер қандай ою өрнек түрлерін білесіңдер?

Өте жақсы! Ал енді мына суретке назар аударыңдаршы, бұл неге ұқсайды?

C:\Users\Admin\Desktop\Меруерт\ою\1397634791.jpgC:\Users\Admin\Desktop\Меруерт\ою\1397634824 (1).jpg

-Өсімдіктерге, гүлдерге ұқсайды.

-Жақсы,олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Өсімдік тектес өрнек» Сендер өрнекпен бұрыннан таныссыңдар.

-Өрнек дегеніміз не? Кім айтады?

Жақсы «өрнек» латын тлінен аударғанда «әшекейле», «өрнекте» деген мағынаны білдіреді.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. 

Ою-өрнектердің түрлері

шыныгул.JPG«ШЫНЫГҮЛ» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.

гул.jpg«ГҮЛ»  ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

шытырман.JPG«ШЫТЫРМАН»  ою-өрнегі көп жапырақты өсімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады.

-Мұндай ою-өрнектерді қай жерден кездестірдіңдер?

Өсімдік тектес өрнектерді көбінесе ғимараттардан, тұрмыстық заттардан, киімдерден, әшекей бұйымдарынан, ыдыс-аяқтардың сыртынан, қораптардан кездестіруге болады.

Ою-өрнек арнайы бір ретпен орналасады. Өзіндік заңдылықтар сақталып, симметриялы ырғақпен байланысты өрнектеледі.Өрнектер белгілі бір заттарды көркем безендіру үшін қолданылады. Өрнектер – өсімдіктердің, жануардардың, табиғат құбылыстарының, тіпті адамдардың стильденген яғни жеңілдетілген бейнелері. Бүгін біз өсімдік тектес өрнектерді саламыз. Олай болса, өзіміздің авторлық өрнегімізді жасап көрейік.

Ең алдымен, өрнектердің суретін салғанда, ең маңызды тәсілдің стильдеу екенің есімізге түсірейік.

Стильдеу –бейнеленетін пішіннің түс және сұлбасы бойынша жеңілдетілуі. Яғни маңызды бөлшектерін алып, пішінді өрнектегі ненің бейнесі екені білініп тұратындай болу керек.

Өрнектердің түстері мен бояулары

Шеберлер өздері қолөнерде пайдаланылатын бояуларды  оларға әр түрлі қоспаларды қосып, қолдан жасап алатын.
Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.
Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде ұнтақ түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.   

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

ІV.Сарамандық жұмыс.

Оқушылар өсімдік тектес өрнекті бейнелеуге кіріспес бұрын, кезеңдермен жұмыс істей отырып, өрнекті бейнелеуге кіріседі.

1-кезеңде

Оқушылар қағаз бетінен орны белгілейді.

2-кезеңде

Көмекші сызықтар арқылы салайын деп отырған суретті қағазға түсіреді.

3-кезеңде

Артық сызықтарды кетіріп, жарық көлеңкелерін ажыратып бояу.

4-кезеңде

Жұмыстың аяқталуы.

V.Бекіту.

-Балалар менің қолымда әдемі ою-орнектермен безендірілген сөмке бар.Сол сөмкенің ішінде не бар екен қарап көрейік.Сөмкенің ішінде сұрақтар жасырылған.

1.Өрнек деген сөз латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

«өрнек» латын тлінен аударғанда «әшекейле», «өрнекте» деген сөздің мағынасын білдіреді.

2.Өсімдік тектес өрнектерді қай жерден кездестіруге болады?

Өсімдік тектес өрнектерді көбінесе ғимараттардан, тұрмыстық заттардан, киімдерден, әшекей бұйымдарынан, ыдыс-аяқтардың сыртан, қораптардан кездестіруге болады.

3.Өрнектер не үшін қолданылады?

Өрнектер белгілі бір заттарды көркем безендіру үшін қолданылады.

4.Стильдеу дегеніміз не?

Стильдеу –бейнеленетін пішіннің түс және сұлбасы бойынша жеңілдетілуі.Яғни маңызды бөлшектерін алып, пішінді өрнектегі ненің бейнесі екені білініп тұратындай болу керек.

5.Қандай өсімдік тектес өрнек түрлерімен таныстың?

Гүл, ағаш, жауқазын,жапырақ, шиыршық.

6.Авторлық жұмысыңды оқушыларға таныстыр.

VI.Қорытындылау.

А)үй тапсырмасы.

Салған суретті үйден аяқтау.

Ә)бағалау.

Б)рефлекция.

-Оқушылар сабақ аяқталды сау болыңыздар!




hello_html_m2210c7e4.png hello_html_77a04d10.png hello_html_77a04d10.png hello_html_m70a75493.png








Өрнек деген сөз латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?




Өсімдік тектес өрнектерді қай жерден кездестіруге болады?




Өрнектер не үшін қолданылады?




Стильдеу дегеніміз не?




Қандай өсімдік тектес өрнек түрлерімен таныстың?



















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-285357
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>