Инфоурок Окружающий мир Конспекты"Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы"

"Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: ӨСІМДІКТЕРДІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ. БӨЛМЕ ӨСІМДІГІ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің адамға пайдасын, адам өміріндегі рөлін, адам мен өсімдік арасындағы байланысты түсіндіру.

Дамытушылық: дәрілік өсімдіктермен таныстыру.

Тәрбиелік: өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаңа ақпараттар технологиясы, тест.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар


І. Ұйымдастыру

Ал, кәнекей, балалар,

Дайынбыз ба сабаққа

Риза болсын ұстаздар,

Келген бізге қонаққа-

дей отырып сабағымызды бастаймыз.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемнің қандай айы?

- Көктем мезгілінде неше ай бар және олар қалай аталады?

- Мамыр деген сөз нені білдіреді? /құс балапанының тойынуы, семіруі/

- Не семіреді? Неге?

- Көктемнің тағы қандай белгілері бар?

- Жыл құстары деген не?

- Оларды атаңдар?

- Үй жануарларының балаларын не деп атайды?

- Аюдың баласы, түлкінің баласы қалай аталады?


ІІ.Ал, енді көктем туралы өлең жолдарын тыңдаңдар:

Көктем келді күлімдеп,

Міне саған гүлім деп.

- Көктемнің 1-ші гүлі қалай аталады?


БӘЙШЕШЕК /Слайд/

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын

Мәз боламыз күлеміз

Көріп гүлін жарғанын-дей отырып, сендерге сұрақ:

Бәйшешек-ол не? /өсімдік/



ІІІ. Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы /Слайд/

1.Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. /пайдасы, көмегі/

2. Ал, балалар, мен енді сендерге өсімдіктер туралы әңгіме айтып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар.

Өсімдік өспейтін жер жоқ. Өсімдік суда өседі, тауда да өседі, таста да өседі, құмды, шөл далада да өседі екен. Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біреуі шөлді ұнатады, яғни су аз жерді, біреуі суды, ал біреуі көлеңкені ұнатады. Біреуі қатты аязға шыдаса, біреуі аз суықта өліп қалады.

Олар қайда өссе де адам баласына пайдалы екен. Адамдар өсімдіктерден киім, тамақ, дәрі, құрылыс материалдарын, үй жиһаздарын, түрлі бояуларды жасайды.

Өсімдіктер ауаны тазартады. Зиянды улы газдарды жұтады, оттегін /пайдалы газды/ бөліп шығарады.

- Әңгіме түсінікте ме?

3. - Олай болса, мен сендерге үйде, тұрған жеріміздің өсімдіктері туралы әңгіме құрап кел дегем. /кім айтады?/


ІV.

а\ Көктемде ағаш отырғызамыз, неге?

/күйген, кесілген, шіріген ағаштардың орнына/

ә\ Жазда орманға жиі барамыз, неге? /ең таза ауа, таза жер/

б\ Жеміс ағаштарынан жеміс тереміз.


V. Балалар, мен сендерге жаңа айтып кеттім өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайды деп. Олай болса, мен сендерді қазір кейбір өсімдіктердің емдік қасиетімен таныстырамын.

Дала дәріханасы. /Слайд/

1. Көзше-ішек-қарын ауруларына және жараларға қарсы қолданылады.

2. Қалың бұталы тарақшы- тұнбасы без ауруларына қарсы қолданылады.

3. Белла сарғалдағы- ерте көктемде шығады. Мал жақсы көреді және тер шығаруға емдік қасиеті бар екен.

4. Жіңішке жапырақты косатик- ішекте болатын құрттарды жояды.

5. Жантақ-түйенің тамағы, бауыр, асқазан ауруларын емдейтін қасиеті бар екен.

6. Аконит-жүйке ауруларын емдейді.

7. Иван шай- ыстықты басады екен.

Ал, келесі өсімдіктер туралы сендер оқып беріңдер.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.


VІ. Ойын „Жасырынған әріп„ Жоқ әріпті қою керек. Слайд.


VІІ. Келесі тапсырма: „Венн кестесі„

Жемістер мен көкөністерді жазу, ортасына пайдасын жазу. = > < =


VІІІ. Ал, енді, балалар, бүгінгі сабақтан алған білімімізді бекіту үшін тірек сызба толтырамыз. /сызба тақтада/


ІХ. Ойын „Ойлан, тап„


Х. Тест жүргізу.

ХІ. Сабақты қорыту.

Сонымен балалар, біз өсімдіктерден көп көмек, пайда көреді екенбіз.

Ал, біз, яғни адамдар,өсімдікке қандай пайда келтіре аламыз?

- Ағаш, гүл отырғызамыз.

- Ағаш, бұталарды сындырмаймыз

- Орманда от жақпаймыз.

-Орман, тоғайға қоқыс тастамаймыз т.б.

Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.


Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 2237
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Берентаева Эльмира Койбагаркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48840
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек