Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Заключительная неделя! Разыгрываем 200 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Статьи"Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту"

"Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту"

библиотека
материалов

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту


Қазіргі білім беру саласында баланың жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі , оқу үдерісін жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастыра білгеніне байланысты. Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу». «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан , әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек » ( Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру) Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қамтамасыз ету арқылы, оқытудың сапасын көтеріп, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, бүгінгі қоғамға өте білімді және бәсекеге қабілетті жас буынды оқытып, тәрбиелеуіміз керек. Бүгінгі күнгі экономиканың басты мақсаты адамға, оның біліміне бағытталған. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. « Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарына білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» » ( Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру) Егемендігін алған еліміздің жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағыттылған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті-білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, әдепті тәрбиелі, жан-жақты болуын қамтамасыз ету. ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу. Oртa бiлiм  бepy жүйeсiндe әлeмдiк жoғapы  дeңгeйгe қoл жeткiзгeн aнaғұpлым тaнымaл oқытy әдiстeмeлepi apaсындa  сындapлы (кoнстpyктивтi) тeopиялық oқытyғa  нeгiздeлгeн  тәсiл  кeң  тapaғaн.  Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы ,өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Әрине, бұл мақсатқа әр сабақта жаңа әдістемені қолдану арқылы ғана жеткізуге болады.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытулан айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау-бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Жеке, топтық жұмыстар жасау, эссе, әртүрлі кесте, пікір алмасулар, жазба жұмыстары, тірек сызбалар, логикалық-ойлау кескіндері, пікірталасты жүргізу дағдысын жетілдіру тәсілдері. Сыни ойлауды дамыту технологиясы оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуінде. Сабақ барысында оқушы белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізіп білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, басқаларды тыңдауға , өзге пікірді сыйлауға , онымен санасуға үйренеді. Бұл стратегия оқушының жекеленген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталған. Тұлғаның тек білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің басты мақсаты-өзіне-өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, өзін-өзі бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, өркендей білетін, өз өмірі мен іс-әрекеттерін жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуға мейлінше тиімді жағдайлар жасау. Мұндай қасиеттерді бойына қалыптастырған тұлға ғана өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасайды.

Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-488725

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и охраны исторических памятников»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.