Инфоурок / Русский язык / Конспекты / "Сын тұрғысын ойлау технологиясы" баяндама
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

"Сын тұрғысын ойлау технологиясы" баяндама



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m22df530d.gifhello_html_m27f54bff.gifhello_html_6a2a6fc6.gifhello_html_78deb8e8.gifhello_html_m62d3f5c9.gifhello_html_m5a6ad58.gifhello_html_m7a7524af.gifhello_html_443c0ba6.gifhello_html_m1e372bae.gifhello_html_10632f96.gifhello_html_ma81fd2b.gifhello_html_450430f9.gifhello_html_484cf340.gifhello_html_madbe5ff.gifhello_html_mb7d2aa1.gifhello_html_m3b94824.gifhello_html_77fe4281.gifhello_html_714b7370.gifhello_html_m4757d56c.gifhello_html_m18256ca9.gifhello_html_4aa1290f.gifhello_html_78d2b7dd.gifСын тұрғысынан ойлау техналогиясы

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа техналогиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар:

  1. Модульдік технология.

  2. Рейтингтік жүйе.

  3. Дамыта оқыту технологиясы.

  4. Сын тұрғысынан ойлау.

Әрбір технология өзіндегі жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер аясындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімнен тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі – Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламаның негізгі философиясы- ашық қоғамда өмір сүретін тұлғаны қалыптастыру. Әлемнің он сегіз елінде сынақтан өткізілген бұл технологияның әдіс-тәсілдерін мына сызба арқылы көрсетуге болады.

СТО

Сабақ кезеңдері:

І. Қызығушылықты ояту (мотивация)

ІІ.Мағынаны ашу (жаңа ақпарат алу)

ІІІ.Ой толғаныс (рефлексия)

ІV.Бағалау(оқушылардың өзін-өзі бағалауы, мұғалімнің бағалауы, жалпы бағалау, критерийлер арқылы бағалау)

V.Сабақты аяқтау(бір пікірге келу, өз пікірін дәлелдеу, үйден жалғастыру)

Стратегиялары:

  1. Топтастыру

  2. Венн диаграммасы

  3. ЖИГСОН І,ІІ

  4. Инсерт

  5. Кубизм

  6. Бес жолды өлең

  7. Блум таксономиясы

  8. Өзара оқыту

  9. Авторға сұрақ қою

  10. ББҮ(білемін, білгім келеді, үйрендім)

  11. РАФТ

  12. Негізгі идеяны суреттеу т.б (100 астам статегиялары бар)





«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану, оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты- барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн- түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір,ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тезарада шешімдер табуға атсалысатын бірден бір тиімді бағдарлама деп айтуға болады.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай-қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор. Жаңа білімді қабылдау,бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сыни тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әртүрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы- ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, толғанып жүрген мәселелерді шешуге бағыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын сәуле екеніне көзім жетті. Әр оқушыда өзін-өзі дамыта, жетілдіре, бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін, мына шараларды білу қажет:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып –толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әртүрлі идеялармен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйек болуын талап ету.

  6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау

Ал оқушыларға байланысты:

  • Сенімділікпен жұмыс істеу;

  • Бар ынтасымен оқуға берілу;

  • Пікірлерді талдау, құрметтеу.

Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:

-Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

-Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті,-деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сонымен қатар оқушылардың ой-өрісі, ізденімпаздығы, шығармашылық қабілеттері дамиды. Әсіресе оқушылардың белсенділігі артады.

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:


-Сабақты белсенді , әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

-Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

-Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

-Әртүрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

-Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

-Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау;

-Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Осындай технологияларды қолдануда әрбір мұғалім өзінің біліктілігі мен шеберлігін көрсете білсе, сонда сол мұғалімнің кәсіптік шеберлігі артады. Сондықтан өмір талабына байланысты жаңа оқу үрдістерін тиімді пайдалану әр мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруда да зор маңызын тигізеді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету- біздің басты мақсатымыз.

Сөзім дәлелді болу үшін әдебиеттік оқу мен, қазақ тілі пәнінен өткізілген сабақ жоспарыма тоқтала кетейін.



Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Жаз»

Сабақтың мақсаттары: 1.Оқушыларға жаз айының ауа райындағы ерекшеліктерді, жаздағы табиғаттың жандануын түсіндіру;2. Сөздік қорын дамыту, тіл байлығын жетілдіріп, ойла, көру, сезіну қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға дағдыландыру.3.Отанын, туған жерін, арманын, көлін табиғатын сүюге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Оқытудың түрі: Жеке, топтық, фронтальды.

Пәнаралық байланысы: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі.

Стратегиялары: Венн диаграммасы, 5-жолды өлең.Топтастыру.

Көрнекілігі. Жаз суреті, «Жыл мезгілдері» бүктеме, «Құстар»бүктеме, А.Құнанбаев суреті.

Әдісі: оқыту, әңгімелеу, салыстыру, ізденушілік, жинақтау.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ: «Төрт түлік» сөзтізбегін шешу.

2-топ: «Құстар біздің досымыз» өз ойын жазу.

ІІІ. Жұмбақ шешу.

Күн ысып,

Су жылынып,

Егін басын тұр иіп

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түрініп

Шешуін жаз.


Жаз- жазылуы бірдей, көп мағыналы сөз.

Жаз- жыл мезгілін білдіреді.

Жаз-сөз табы бойынша етістік.

Жыл мезгілдерінің айларын анықтайық (топтастыру)


Күз: Жаз:

Қыркүек маусым

Қазан шілде

Қараша тамыз

Мезгілдер

Қыс: Көктем:

Желтоқсан наурыз

Қаңтар сәуір

Ақпан мамыр


Сұрақ- жауап арқылыжыл мезгідерінің ерекшеліктеріне тоқталамыз.


І V. Жаңа сабақ. Абай атамыздың жазған «Жаз» өлеңіне тоқталайық.

А) Біз әдебиеттік оқу пәнінен Абайдың қандай өлеңдерін оқыдық?

Абай құнанбаев туралы білімдерін пысықтап, толықтыру.

Ә)Өлеңді мәнерлеп оқып, мазұнын түсіндіру.

Б)Іштей оқу.

В)Дауыстап жеке оқушының оқуы, өлеңнің мазмұнын өз топтарында талдау.

Мазымұнын бір біріне түсіндіру,,талқылау.

Әр топтан бір оқушы топтастыру жасайды.

Ойлары Жан –жануарлар

Жаз

Өсімдіктер Құстар

Сұрақтар:

  1. Шілде жылдың қай мезгілінде келеді?

  2. Жазда ағаштарда, шөптерде қандай өзгерістер болады?

  3. Өлеңдегі жаз мезгіліндегі елдің тіршілігі, еңбегі туралы әңгімеле.

  4. «Бүйірі шығып, ыңқылдап» деген тіркесті бір сзбен қалай айтуға болады?

Сергіту сәті: «Жаз келд,і алақай!» әнін қимылмен орындау.

V. Тапсырмаларды орындау.

А) дәптермен жұмыс.

Жаз айларының аттарын жазу.

Б) 5-жол өлең шығару.

Алақай жаз келді,

Айналам құлпырып.

Көбелек ұшады,

Құстар да сайрады

Табиғат шат болып.

VІ. Қорыту.

Авторға хат жазу.

VІІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттау.

VІІІ. Бағалау.






Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаттары: Сөйлем құруға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер деп аталатынын түсіндіру.

Дамытушылығы:Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, сауатты жазуға дағдылау.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәбиелеу.

Көрнекілігі.Сызба, сынау, Венн диаграммасы.

Әдісі.Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. Үйден жазып келген мақал-мәтелдерін оқытып, сызықша қою себептерін айту.

Жаңа сабақ.Сөйлем мүшелері сөйлем құрамында атқаратын қызметтеріне қарай тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінетінін айту. Тұрлаулы мүше деп – бастауыш пен баяндуышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталатынын түсіндіру.

Не? Қайтті? Кім? Қайтті?

Мысалы: Қоңырау соғылды. Жадыра келді.

Оқулықпен жұмыс (172-жаттығу). Мәтнді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.

Балалар, Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Сызба бойынша сөйлем құрау. Аққу жүзді. Оқушылар серуенге шықты. Тоқтар – ғарышкер.

73-жаттығу. Ауызша орындау. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, сөйлемнің қандай мүшесі екенін айту.

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмдә пісіреді.

Венн диаграммасымен жұмыс істеу. сұрағы

Сұрағы

Зат есім Бастауыш Сөйлем мүшесі қимылды білд.

Жекеше көпше Сөйлем бола алады

Сөйлемен басталу күрд.сөз.тір.

175-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазу. Баяндауыштардың астын сызу, сұрақ қою. Олар қай сөз таптарынан жасалған? Сызықша қою себептерін түсіндіру. \

Ғазиз – оқушы. Алматы – сәулетті қала. Қыдыралі – атақты шахтер.


Оқушы білімін бағалау. Сабақты тұрлаулы мүшелер деген не екендігін мысалдар келтіра отырып, қорыту

Үйге тапсырма. Ереже жаттап келу. 174 – жаттығуды орындау. Бастауыштарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлем мүшелеріне талдау.


















Глазунов орта мектебі






Баяндама.



Тақырыбы:







Дайындаған:

Бастауыш сынып мұғалімі: Садықова З.С.






2013-2014оқу жылы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-532447

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>