Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.

библиотека
материалов


Оңтүстік Қазақстан облысы


Шардара ауданы


«Сырдария» жалпы орта мектебі




Тақырыбы:




«Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау арқылы белсенділікті арттыру.»













Бастауыш сынып мұғалімі: Утегенова Гульжан Акбаровна












Қоссейіт ауылы 2016 жыл


1.Автор туралы мәлімет


Аты-жөні: Утегенова Гульжан Акбаровна

Білімі: жоғары

Оқу орны, бітірген жылы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Диплом бойынша мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны: «Сырдария» жалпы орта білім беру мектебі

Педагогикалық еңбек өтілі: 17 жыл

Қызметі бойынша еңбек өтілі: 17жыл
Санаты: жоғары

Марапаттар : облыстық ,аудандық ,мектепішілік мадақтама грамоталары мен алғыс хаттары.



2.Тәжірибенің теориялық базасы.

  1. Дауыс пен көрініс // № 3,2001ж,№ 3 2002 ж,№ 1,2003 ж.

  2. Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.

  3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау.

  4. С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж

  5. Сариева К., Рауандина А.,т.б. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы: РОНД, 2002 ж.

  6. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4

  7. Интернет жүйесі.


3.Тәжірибенің өзектілігі.

Бастауыш сыныптарда сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісі бастауыш сыныптарды оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Қ.Бітібаеваның «Логикалық модельмен оқыту технологиясы» сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.


4. Педагогикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.

Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Алдын ала мұғалімнің даусымен жазылған аудио-мәтіндерді, ән- күйлерді тыңдау жұмыстары жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасуға машықтандыру.

Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету – педагоикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.






5. Тәжірибенің технологиясы

Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор екеніне көз жеткізуге әбден болады.

  • таным әрекетін ұйымдастырудың формасы-инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізу, СТО, ТИСО, модульдік оқыту, компьютермен оқыту;

  • оқушының жаңадан білім алуына, таным белсенділігін және қызығушылықтарын оятуға талпындыру.

  • компьютермен оқыту-оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі.

  • қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңашыл сабақтар өткізу үшін, АКТ-ды тиімді қолдану.Ол үшін пайдалы бағдарламаларды меңгерту және сабақта қолдану арқылы оқушыға жан-жақты білім алуына жағдай жасау.


6. Тәжірибенің нәтижелігі.

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы;

  • оқушылардың мектептік, қалалық, сайыстарға белсене қатысуда құштарлықтарының дамуы;

  • оқушылардың қалалық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуы;

  • әр түрлі оқулардан жүлделі орын алуы;

  • білім сапасының жоғарылауы;



Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлау арқылы белсенділікті арттыру.



Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта

талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Тақырып туралы
ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?
─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Біз жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік. Қалғандары осы тақырыптар арнайы ұйымдастырылатын курс жұмыстарында талқыланады.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері  Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді  Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді  Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды  Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.


Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді
RWCT    с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері  Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды  Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды  Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады  Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды  Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.



ІІІ. Ой толғаныс сатысы.


1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды



Бастауыш пәні мұғалімі Г.А.Утегенова

Сабақтың тақырыбы: Шешен билер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Үш жүздің билері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы білімдерін ортаға сала отырып, олардың шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.


2. Дамытушылық: Аталмыш билер туралы білімдерін ұштастыру, жинақтау арқылы оқушылардың ізденгіш, сөйлеу қабілеттерін арттыру.


3. Тәрбиелік: Шешен билер бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып, ақыл парасаттыққа, әділдікке, шешендікке баулу.


Сабақтың көрнекілігі: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің портреттері, нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар, компьютер.



hello_html_7ecb25af.pnghello_html_m6d4cccf7.pnghello_html_4eb866e0.png


Т ТӨЛЕ БИ ӘЙТЕКЕ БИ ҚАЗЫБЕК БИ


hello_html_m3b15d3f4.png


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары: ойшақыру, топтастыру, еркін жауап, дискуссиялық карта,

5 жолды өлең, еркін жазу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (1минут)

А) Сәлемдесу

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.

Б) Оқушыларды топқа бөлу.

Мотивация кезеңі: (2 минут). Қызығушылықты ояту

  • Балалар, бүгін аптаның қай күні?

  • Бүгін – сәрсенбі.

  • Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?

  • Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.

  • Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып , тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін.

Тақтада «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз жазылады. Осы сөйлемнен негізгі ойды таба отырып, жаңа тақырыпқа шығамыз.. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз: «Шешен билер»

Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызамын.


  1. Ойшақыру (1 минут)

Үш жүзді басқарған қандай билерді білесіңдер?Оқушылар билерді өздері атайды. Әр топқа әр бидің атауы беріледі.

Iтоп: Төле би ауылы IIтоп: Қазыбек би ауылы IIIтоп: Әйтеке би ауылы


  1. Топтастыру ( 5минут)

Үш топқа да бірдей «Билер» деген сөзді топтастыру тапсырылады. Осы сөзді естігенде, ойларына қандай сөз келеді, соны топтап жазады.



Мысалы:



әділ данышпан

hello_html_65d22bea.gifhello_html_m41e4f308.gifhello_html_m28c4c07c.gif шешен


hello_html_m331ea399.gifhello_html_m295c6c43.gif беделді Билер тапқыр

hello_html_3be48d67.gifhello_html_58acc30d.gifhello_html_56c7af11.gifhello_html_m53895bce.gif

ел құрметі

адал

ойланып сөйлеген

hello_html_7d1c6e73.gifЕркін жауап (мағынаны тану, 12 минут)

А) Әр топ өздеріне берілген билер туралы ойларын ортаға салады, билердің өмірбаянына қысқаша тоқталады.

Ә) Әр топ билерінің айтқан шешендік сөздерін жатқа айтады. Өз билерінің шешендігін дәлелдейді.

Ескерілетін нәрсе:

  1. Есте сақтау қабілеті

  2. Дауыс ырғағы

  3. Мәнерлеп айтуы

  4. Тіл тазалығы

  5. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу




Грамматикамен ұштастыру. (5 минут)

Үш топқа да үлестірмелі карточкалар таратылады. Үш түрлі сөйлем жазылады.


Дискуссиялық карта ( 10 минут)


Иә

Ұлы билер қалдырып кеткен үлгі өнегенің қазіргі қоғамда әсері бар ма?

Жоқ

1



1

2



2

3



3





  1. Бес жолды өлең ( 3 минут)

1. Төле би 1. Қазыбек би 1. Әйтеке би

2. 2. 2.

3. 3. 3.

4. 4. 4.

5. 5. 5.


Үйге тапсырма: ( 1минут)

1. «Шешен билер мәңгі біздің есімізде...» тақырыбына шағарма жазу.

2. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.

Астана қаласында орнатылған ескерткіш


hello_html_754d35df.png


Қорытынды кезең (3минут)

Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?

Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?

Өзіңе қандай тәлім-тәрбие алдың?

Сабақта мақсатымызға жеттік пе?


Бағалау (2минут) Оқушылардың тиісті бағаларын қою. Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.


Жеке тұлғаны қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары.

Ой қозғау – ынталандырудағы танымдық тәсілдің бірі.

Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту.


ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

«Сын тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

1 сызба.

hello_html_5488b1b8.gif

2 сызба.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже береді:

hello_html_m5cbf2bb8.pnghello_html_6dbaf0ab.png

Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.

Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын


оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.

Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:

1. “Көрнекілік арқылы баяндау” стартегиясы бойынша “Көктем” тақырыбына арналған 3 сынып оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).

I топтың жұмысы :

hello_html_1faaefdd.png

А) Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты.






Б) Көктем кереметі.

Көктем келді.Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке қарай тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре бастады.Көктемде бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.

2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында

V - білемін

- - білгеніме сәйкес келмеді

+ - жаңа ақпарат

? - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

Осы стратегия бойынша 3 б сынып оқушысы Жалел Аянаның жұмысы:


Ыбырай Алтынсарин

V

-

+

?

Ыбырай Алтынсарин

ұлы ұстаз,жазушы,

ағартушы.Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан.

Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожа бидің тәриесінде болған.

«Қазақ хрестоматиясы»деген

оқулықтың авторы.Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған.1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.

Отбасы,балалары туралы білгім келеді.


INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау,оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді. 3 сызба.





Бұл технологияның тиімділігі:


hello_html_3de02309.png


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту // .№ 9,2006 ж.

2.Дауыс пен көрініс // № 3,2001ж,№ 3 2002 ж,№ 1,2003 ж.

3.Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.

2. «Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы». Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 2007ж. №1.

3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.

4. С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж.

5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4

6. Интернет жүйесі

































Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров834
Номер материала ДВ-440296
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх