Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сын тұрғысынан ойлау стратегилар

Сын тұрғысынан ойлау стратегилар


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу 


Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. 
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
.34.42ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді
 

Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- автор оқырманды қалай қызықтырады?
- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Ассоцациямен жұмыс.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады. 
Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады. 

Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды. 
Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады. 
Психологтер еңбектеріне сүйеніп әдіскер ғалымдар тұлғаның ойлау қабілетін арттырып, өз бетінше пікір білдіру, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету, оқуға мотивациясын арттыру мәселесіне байланысты түрлі тиімді тәсілдерді қарастыруда. Американдық ғалымдар Р.Сперри мен Р.Орнстайн жетпісінші жылдары адам миының бөлшектерінің әр түрлі жұмыс істейтінін көрсетті. Егер олар бірігіп қызмет атқарса, онда тұлғаға үлкен шығармашылық мүмкіндікке жол ашылады. 
Адам миы оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлік: алынған ақпараттарды кезекпен өңдейді, оны бөліп талдайды; ұғымдар мен ережелерді ойластырады; соңғы нәтижесі әрекет болып табылады. Ал оң жақ бөлік: бардық ақпаратты бір мезгілде өңдейді; жүйелейді; бейнені елестетді; соңғы нәтижесін сәйкестендіру, ұқсастықты анықтау болып табылады. 

Аталған ми бөлшектерінің толық жұмыс істеуіне, тұлғаның сыни ойлау іскерліктерінің қалыптасуына тиімді тәсіл ретінде бізге ғалымдар «Ассоцациямен » жұмыс, «Мind Map» тәсілін ұсынады. 
Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым – қатынас деңгейіне жеткізу. 
.35.47«Mind Map» тәсіліне қысқаша тоқтала кетер болсам, аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады

Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:
-негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
-көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
-ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.


Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданып қазақ әдебиеті сабағын өткізу үлгілері

“Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.


V сынып Әдебиет
Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қуандық Шаңғытбаевтың өмірінен қысқаша мәлімет алады.
«Сабалақ» өлеңінің мазмұнымен танысады. Абылй ханның өмір деректері туралы білімдерін толықтырады. 
Міндеттері: 

  1. Мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.

  2. Сөздік қоры молаяды, өлең мазмұнын игере алады.

  3. Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.

Стратегиялар: «Ассоциация», «Кубизм», «5 минуттық эссе», «Семантикалық карта»
Құрал – жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер
Көрнекілік: Қуандық Шаңғытбаевтың, Абылай ханның портреттері.
Сабақтың барысы:
I Қызығушылықты ояту
1. Хан сөзіне «Ассоциация» стратегиясы бойынша сынып оқушыларының барлығы бірдей жұмыс жүргізеді.
1.Жеке жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды
II Мағынаны ажырату
Қуандық Шаңғытбаев өміріне қысқаша шолу

  1. «Сабалақ» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып шығады.

  2. Әрбір оқушы өлең мазмұнымен жекелей іштей оқып танысады.

  3. Сөздік жұмыс

Сүңгі –найзаның ұшы
Боздақ – жастай қаза болған жауынгерлер
Қар талды – қолдан күш кету
Нәскес – қарғыс мағынасында
Таралғы – үзеңгі мен ердің аралығындағы жіп
Қыл, қынап – қылыш салатын теріден жасалған қап.
Алдаспан – қару.
Дүзген – шөптің аты.
Бесін – уақытты білдіреді, сағат бестің кезі.
Қаяқ – диалекті сөз, қай жақ деген мағына береді.
Оқушылар өлең мазмұнымен, өлеңдегі түсініксіз сөздермен таныс болғаннан кейін «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты айналдырып лақтыра отырып, әрбір топқа берілген сұрақтың ретін анықтайды.
сұрақ беріледі

  1. жеке жұмыс

  2. жұппен жұмыс

  3. топпен жұмыс

  4. спикер қорғайды

  5. суреттеу, сипаттау

Сұрақ. Аңырақайдағы қазақ – қалмақ соғысын ақын қалай суреттейді? Суретке қарап әңгімелеңдер. Өлең жолдарына мысал келтіре отырып айтып беріңдер.

Салыстыру. Сұрақ. Соғыстың әрбір сәтінен мысал келтіре отырып, Әбілмәмбет ханның бейнесіне салыстырмалы мінездеме беріңдер.
Зерттеу. Сұрақ: Сабалақ кім? Ол неге «Абылай да Абылай» деп ұран салды?
Қажеттілігін бағалау. Сұрақ «Сабалақ » өлеңін оқи отырып, қандай жаңа мәліметтермен таныстың?
... Абылай тағы туа ма қазақтан
Тосып келем, сол – ендігі арманым – деген өлең жолдарындағы ақын арманының маңыздылығы неде?

ІІІ «5 минуттық эссе» стратегиясы
Тақырыбы: Абылай хан
Оқушы жеке жазады.

  1. жұппен жұмыс

  2. топпен жұмыс

  3. спикер ең жақсы эссені оқып қорғайды.

Үйге тапсырма: «Семантикалық картаны» толықтырып аяқтау. Өлеңге жоспар құру, мәнерлеп оқу. 
Семантикалық карта

Сипаттама

Зерттеу объектісі


Өлең құрылысы


Эпитет 


Теңеу 


Кейіптеу 


Синоним


Антоним 

Әдеби – теориялық ұғымдар, өлеңнің көркемдік тіліне талдау

16 шумақ, 4 тарма, 11 буынды

Жеңіл ғанашидемшапан киген

Қаршығадайтас қомданып түйілген

Өлік тосып, ескі, мылқау молалар

Айқас, қаржасу, шабу, шаншу, шабысты, айысты, қағысты т.б.

... деп ызағаӘбілмәмбетбуындыҚалды кенет жүзіжайнапжадырай 

37.72Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады
Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Оқушыға көркем туындыны оқытуда өз тәжірибеме сүйене отырып ең тиімді әдіс «Ой қозғау», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «5 минуттық эссе» деп айтар едім. Дәйекті түрде тақырыпты аша түсу үшін 9 «А» сыныбына өткізілген сабақтардан мысал келтірейін: «Исатай – басшы, мен - қосшы» әдебиет пәнінен өткізілген сабақ құнды ойлар мен пайымдауларға толы болды. Қызығушылығын ояту кезеңі бойынша «Махамбет кім?» деп аталған сұрақ төңірегінде оқушылар жұппен жұмыс және шағын топта жұмыс жасайды. Спикер оқып береді немесе ауызша айтады. Мағынаны тану кезеңінде топ бойынша мына сұрақтар көлемінде оқушылар сұрақтарға жауап беруге дайындалады. 
Махамбет бейнесін суреттеу

  1. Махамбет бейнесін Жәңгір ханмен салыстыру

  2. Тарихи жағын зерттеу

  3. Болжау жасау (Махамбет сенімі бүгінгі күнде ақталды ма?)

  4. Махамбет көтерілісі біздің қоғамға қажет пе? Өлеңдері күнделікті қолданыста ма, мәнін жойды ма?

.38.85Ой толғаныс кезеңі бойынша 5 минуттық эссе «Махамбет патриот ақын». Оқуға деген қызығушылығы оянған олар өз бетінше оқып, жеке топтарда талдап, талқылай ой бөлісті. Бұл сабақтан шығатын қорытынды - оқушылар Махамбет өлеңдері және оның мәні туралы білім – көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытады

Бұдан шығатын қорытынды: жазу процесі арқылы оқушының ойлау қабілеті дамитынына тағы да көз жеткіздім:
Жазу жұмысы оқушы ойын жүйелейді;

  1. Жазу әдісі оқушының өзіндік пікірі мен көзқарасын, жазу стилін қалыптастырады;

  2. Жазу олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады;

  3. Оқушының өзін - өзі бағалауына, тануына ықпал етеді.

Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады. Ол үшін үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілдерін қолдануға болады. Қызығушылықты ояту, мағнына тану, ой толғаныс кезеңдері.
І Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Мысалы, тақырыптың атын, затын түсіндіруден бастаймын. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі,не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. 
ІІ Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кзеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейтді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, V білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңалық, ? мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып, оны тобымен талқылайды.
топ. Мәтінді түсініп, әңгімелеп, өз көзқарасыңды айт («Өмір сүргім келеді» авторы Баубек Бұлқышев ).

  1. Топ. Мәтінге байланысты сурет сал (соғыс жүріп жатқан кезең немесе жауынгер ерлігі).

  2. Топ «Ой толғау » деп аталады. «Өмір сүргім келеді» туындысын оқи отырып, Баубекке мінездеме береді.

«Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Кубизм» сияқты стратегиялар ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін :
-Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
-Оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану;
-Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;
-Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап теу.

.40.44Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірді тыңдауға, құрметтеуге, бар ынтасымен оқуға беріледі, баланың танымдық белсенділігі артады, өз бетінше білім алады, шығармашылығ артады және ізденеді

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ


Сыни тұрғыдан ойлау

Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

  • Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;

  • Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;

  • Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;

  • Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.


Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:

  • Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.

  • Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.

Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.


  1. Алты ойлау қалпағы

Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.


hello_html_m70ef55b3.png Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

 

hello_html_1f033bdc.pngСары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

hello_html_3ff53c12.pngҚара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

 

hello_html_m34eff429.pngҚызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

 

hello_html_m7e18be29.pngЖасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

 

hello_html_22d154d6.pngКөк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.


  1. Ойшылдардың шартты белгілері

Тони Райан жасаған ойшылдардың шартты белгілері бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет кешені болып табылады.

Бастапқы бірқатар сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдамалық, сыни және креативтік ойлау қабілетін ашу үшін шартты белгілер ретінде ұсынылған.

  • Кері өзгеріс – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдаланыңыз, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».

  • Егер де – «егер де» деген сұрақты қойыңыз және олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.

  • Әліпби – берілген тапсырмаға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

  • АҚА – аббревиатура А=артық, Қ=қосу, А=алып тастау, тиісті сабақты жоспарлайды.

  • Құрылым – шектеулі мөлшерді креативтілікпен пайдалануды талап ететін проблемаларды шешу жөніндегі тапсырма.

  • Кемшіліктер – нақты бір пән немесе практикалық сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

  • Әртүрлі пайдалану – күнделікті объектілерді әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.

  • Қиыстыру – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.

  • Жөнсіздік – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.


  1. Сананың әдеттері

Сана әдеттерін әзірлеген Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» - шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары болып табылады.

Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:

  • Құндылық: Өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық үлгісін қолдану.

  • Ауытқу: Зияткерлік мінез-құлық үлгісін пайдалану үдерісін сезіну арқылы.

  • Сезімталдық: Мінез-құлық үлгісін пайдалану мүмкіндіктерін және оның орындылығын қабылдау

  • Мүмкіншілік: Мінез-құлықты жүзеге асыру үшін негізгі дағдылар мен мүмкіншіліктерді меңгеру.

  • Жағдаят: Зияткерлік мінез-құлық үлгісінің өнімділігін ойластыруға және жақсартуға ұдайы ұмтылу арқылы.


Сананың 16 әдеті бар:

  1. Табандылық

  2. Басқарушы албырттық

  3. Басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен

  4. Ойлау икемділігі

  5. Ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатанымдылық

  6. Дәлдік пен шынайылыққа ұмтылу

  7. Проблемаларды пайымдау және тұжырымдау

  8. Бар білімін жаңа жағдайға қолдану

  9. Анықтықпен және дәл ойлау және өзара іс-қимыл жасау

  10. Барлық сезіммен ақпарат жинау

  11. Құру, ұсыну және оңтайландыру

  12. Таң қалып, ілтипат білдіру

  13. Тәуекелдер үшін өзіне жауапкершілік алу

  14. Әзіл-оспақ іздестіру

  15. Өзара байланыстырып ойлау

  16. Үздіксіз оқу.


  1. Жазбаларға назар аудару

Жазбаларға назар аударуды Аризона Университетінің профессоры доктор Марилис Витт жасады деген пікір бар. Ол студенттерінің аурулар туралы беймәлім мәліметтердің белгілі мәліметтерден көп екендігін білгендігін қалады. Нәтижесінде студенттер білу үшін қандай әрекет жасағаны туралы сұрақтар жазды.

Бұл техника ойластырылған, пайдалы ойлау құралына айналды. Жазбаларды пайдалану тәсілдерінің бірі төмендегі кестеде көрсетілген. Бұл серпінді тапсырма болуға тиіс, яғни жаңа ақпараттың пайда болуына қарай оған үнемі толықтыру, оны түзету немесе жаңа сұрақтармен толықтыру қажет.


БКТЗО кестесі


Б

Ол туралы мен не білемін?

К

Нені білгім келеді?


Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Мен нені зерделеуім керек?

О

Одан әрі не істеу керек?












  1. Ойлау карталары

Әмбебап ойлау үдерісін оқытуға арналған сегіз көрнекі құралдан тұратын кешен:

  • МӘНМӘТІНДЕ АЙҚЫНДАУ

  • СИПАТТАУ

  • САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚОЮ

  • ЖІКТЕУ

  • БӨЛІК/ТҰТАС

  • ТІЗБЕКТІЛІК

  • СЕБЕП ПЕН САЛДАР

  • ҰҚСАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Ойлау карталарын доктор Дэвид Айрль әзірлеген. Олар ойлаудың жалпы көрнекі тілін көрсетеді және танымдық дағдыларды егжей-тегжейлі үйрену үшін пайдаланылады, ойлау карталарын барлық оқу салаларына және бүкіл жастағы топтарға қолдануға болады.


Ойлау карталары сынақтан өткізіліп, жастарға әртүрлі ойлау үдерістерін қалай дамыту және оларды пайдалану жолдарын оқытуда тиімді болып шықты. Олар ойлау сапасын кеңейтеді және жетістікке жеткен оқушыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұдан басқа олар оқыту мен оқудың көптеген аспектілеріне елеулі әсер етеді, соның ішінде жазбалардың сапасына да ықпал етеді.






  1. Блум таксономиясы


Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.

hello_html_3f07c0c0.png


  1. ТНАОҚ

Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы –Эдвард де Боно ойлап шығарған.

  • С&Ж – Салдарлар және Жалғастыру
    Кейбір іс-қимылдардың, шешімдер мен ережелердің салдарларын көру үшін болашаққа көз жүгірту.

  • ҚАҚ – Қосу, Алу, Қызықты
    Шешімдерді немесе міндеттерді қабылдағанға дейін сұрақтардың жан-жақты қаралғанына көз жеткізіңіз.

  • ТТБ - Тану, Талдау, Бөлісу.

Тұжырымдаманы басқаруға ыңғайлы, неғұрлым кішірек бөліктерге бөліңіз.

  • БФЕ – Барлық факторларды ескеріңіз
    Іс-қимылдарға, шешімдер мен жоспарларға байланысты барлық факторларды зерделеңіз.

  • ЦЗП – Мақсаттар, Міндеттер, Заттар

Іс-қимылдарды қозғайтын ниеттерге тікелей және саналы түрде көңіл аударыңыз.

  • БМТ – Баламалар, мүмкіндіктер, таңдаулар

Баламаларды саналы түрде пайдаланыңыз.

  • БАП – Басқа адамдардың пікірі
    Басқа адамдардың пікірлеріне қараңыз.

  • БҚҚ – Басқа да қатысы бар құндылықтар

Ойымыздың құндылықтарымызға қызмет ететініне көз жеткізіңіз.

  • БМБ – Бірінші маңызды басымдықтар

Ең маңызды идеяларды, факторларды, заттарды таңдаңыз.

  • ЖШТӘІ – Жоба, Шешім, Тұжырым, Әдіс-тәсіл, Іс-қимыл

Ой тұжырымдарына және кейінгі іс-қимылдарға тікелей көңіл бөлу.


  1. Ойлау бутерброды

Бұл – ойды басқару стратегиясы.

Бастау алдында алдымен тоқтап, ойланып алыңыз!

1-қадам

Дайындалыңыз.

Мыналарға уақыт бөліңіз:

  • Ақыл-ойыңызды таза ұстаңыз.

  • Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.

  • Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға келтіріңіз.

Енді жаңа тапсырмаға кірісіңіз.

2-қадам

Мыналармен байланыс іздестіріңіз:

  • Өзіңіз білетін басқа заттармен;

  • Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;

  • Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.

3-қадам

Өзіңізден сұраңыз:

  • Не жақсы шықты?

  • Не қиындықпен жасалды?

  • Нені жақсартуға болады?





Автор
Дата добавления 27.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров387
Номер материала ДБ-294416
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх