Инфоурок Всеобщая история СтатьиСын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Скачать материал

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifЕкібастұз қаласы С. Торайғыров атындағы №22 гимназия- мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі

Урумбаева Қазкен Тауекеловна

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

«...отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

Н.Ә Назарбаев.

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. "Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді»- деген Ы. Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технология мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін - өзі дамытуына, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша арнайы семинар - курстан өттім. Бұл технологияны өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын тәжірибеге енгізу - жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс - әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Әр оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру негізінде жұмыстанамын.

Шығармашылық – ізденушілік тақырыбым: «Сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту - оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұрады.

І.Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан басталады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңде “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, «Ой қозғау», “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) қолданылады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Сондықтан сабағымды бастамас бұрын ең алдымен ұйымдастыру кезеңіне қатты көңіл бөлемін. Ең алдымен, оқушыларды психологиялык дайындықтан өткізу керек. Оқушыларды бір-біріне жылы сөз, жақсы лебіз немесе тілек айтқызуға болады. Мұндай іс-әрекет оқушылар арасында өзара сыйластық, түсінушілік, достық қарым-қатынасты жандандырады.

ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар сызбаға немесе тірек схемасына сүйеніп, жұмыстарын жалғастырады. Мысалы: тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады өз білімін, тәжірибесіне сүйеніп немесе өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді

Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, еркін жазу» тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

сөз жұмбақ құрау, шешу;

шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;

әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:

Мектеп шеберханасына, мұражайға апару;

әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша еркін жазу;

суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;

газет – журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;

тарихи шығармаларды сабақтарда кеңінен пайдалану.

дипломат

сұлтан

Хан

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз – келешек ұрпақты еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу – одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан – жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.Сабақта өт –кізілетін тақырыптың мазмұнына сәйкес стратегияларды тиімді қолданудың өзі ерекше. Мысалы , 9 сыныпта Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы өнеркәсіптің дамуы тақырыбын өткен кезде біздің өлке туралы деректерді пайдаландым. Соның нәтижесінде «Екібастұз қаласындағы шыны зауытының тарихы » тақырыбына материалдар жинақтап, ғылыми жоба жазды. Бұл жобамен 9сыныптан бастап, 11 сыныпта қалалық, облыстық ғылыми жобалар сайысына қатысты. Облыстан Е. Бекмаханов атындағы сыйлыққа ие болды. 8 сыныпта Абылай хан тақырыбын өткен кезде «Топтастыру » , «Инсерт», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылды.


Қоғам қайраткері

Қолбасшы


Абылай

саятшы

Күйші




Топтастырудан кейін оқушыларға «Абылай хан», « Абылай - дипломат», « Абылай - күйші» т. б тақырыптарға рефераттар, баяндамалар дайындауға тапсырмалар берілді. Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орынды алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Қазіргі уақытта заман талабына сай білім берудің дамуы бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50 - ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу, бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Демек, қазіргі кезде оқытудың күн тәртібінде «Шәкірттерді қалай үйрету керек?» яғни, оқыту мазмұны мен әдістемесі болу керек деген сұрақтар тұр.Озық ойлы ұстаздардың дені дәстүрлі оқытудың негізін құрайтын репродуктивтік үрдістен бас тартуда. Білім дегеніміз ойда сақталған мәлімет емес екендігіне баршаның көзі жеткен сияқты. Шындығында да «білім - ақпарат» формуласы бойынша оқыту әлдеқашан ескірген.Ал оқытудың жаңашыл жобаларының философиясы бойынша ақпараттың барлық жиынтығын оқып білу адам мүмкіншілігінен тыс жатыр және де оқыту мен танымның басты мазмұны ақпаратты игеруде емес. Сондықтан да оқыту процесінде басты салмақ оқытушыдан оқушыға ауыстырылуы тиіс. Үйрету мүмкін емес, тек үйренуге болады деген өз ойымды, шығыс даналығында айтылатын «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» яғни, бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөзбен тұжырымдағым келеді. Сөйтіп, оқыту мен үйрету процесінің негізін белсенді іс - әрекеттер құрауы керек, оқушы тарапынан тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді. »Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа алған. Солардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы, (RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі - осы бағдарлама деген болар едім. Шығармашылық, танымдық қабілеттің дамуы үшін:

бала өз-өзіне сенуі, мұғалімге сеніп еліктеуі керек;

оқушы мұғалімді құрмет тұтып, сыйлауы керек;

оқушы мен мұғалім бірін–бірі түсінуі керек;

мұғалім әрбір балаға сеніп, жеке тұлға ретінде қарым-қатынаста болуы шарт;

оқушы да, мұғалім де еңбек етуден жалықпауы керек;

оқушы да, мұғалім де жеткен жетістігіне қуана білуі керек;

танымдық қабілеттің белгілі бір түріне деген қабілетті дер кезінде анықтап, оның қалыптасуы мен әрі қарай дамуына жағдай жасау;




Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2.ҚР-ның «білім туралы заңы»

3. Сарбасова Қ. Т. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003

4. Модульді оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы,2002

5. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // білім- Образовние -2006. №6

6. С. Асрандин. Педтехнологияларды тиімді пайдалану //Қазақ тарихы-2012, №3

7. Ә. Жұбанышев . Дарынды оқушылар – ел болашағы. //Қазақстан тарихы-2010, №12























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 1938
    • DOCX 45.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Урумбаева Казкен Тауекеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Урумбаева Казкен Тауекеловна
    Урумбаева Казкен Тауекеловна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7574
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1352 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе