Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру

библиотека
материалов


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: “Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан табатын өнер”, - деген екен. Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осы әдістемені жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруде өз тәжірибемде менде жиі қолданамын. Күнделікті сабақ үрдісінде алдымда отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өтілетін сабақтың мақсатына, тақырыбына сай, әдістерді таңдап аламын. Ол әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық білімін, көзқарастарын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталады. Сын тұрғысынан ойлауға арналған әртүрлі қызықты тапсырмалар орындау, топтық жұмыста белсенділігін арттыру мақсатында постерлер жасату баланың қызығушылығын арттырады. Әрбір сабақ соңында оқушылармен кеңесу барысында оларға зерттеушілік қабілетті арттыру үшін интернет желісіне кіріп, іздену керектігін және кітапханаларға барып тіл байлықтарын арттыру үшін әдеби оқулықтар алып оқуға кеңес беремін. Сонда ғана оқушы білімді, саналы, ойлау қабілеті мен сөйлеу шеберлігі дамыған, өмірге көзқарасы қалыптасқан, белгілі бір шешімді қабылдай алатынын, алған білімін кез-келген жерде пайдалана алатын тұлға қалыптасады деп ойлаймын.


Сын тұрғысынан ойлауға құрылған сабақтың құрылымы үш бөлімнен тұрады.

1.Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа

тарту. Білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны тану:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, талқыла, сұрақ қоя білу, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңі.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.Оқушылар ақпаратты өз ойларымен, өз сөздерімен айтып, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды, қорытындылайды.

Бұл бағдарламада стратегиялар өте көп. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Ой қозғау

2. Топтастыру

3. Пікірталастар

4. Жүзім шоғыры

5. Бес жол өлең
6. Эссе жазу
7. Болжау
8. Галереяға саяхат
9. ЖИГСО
10. Венн диаграммасы
11. «Т» кестесі
12. Автор орындығы
13.Семантикалық карта
14. Ойлан,жұптас,талқыла
15. ІNSERT

16.ББҮ

17.Кубизм

18. РАФТ.

19. Блум таксаномиясы т.б.
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасты. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айтады.Сабақ соңында оқушылар ой - толғанысын жасап, тақырыптағы ойға байланысты түйінді сөзін мақалмен қорытындылап, жазбаша жазуға да дағдыланды.

Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақтардағы мұғалімнің әдістері:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіреді.
2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.
3. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.
4. Шығарма жазуды тапсырады.
5. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақта:
1. Жаңа тақырып бойынша оқушы іздене отырып меңгереді. Мазмұнын

айтып береді.
2. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
3. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады,

жаттығу орындайды.
4. Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
5 .Эссе жазады. Венн диаграммасын жасайды.
6. Сыни тұрғысынан ойлана отырып ой қорытып, тұжырым жасап,
оны қағаз бетіне түсіреді.
7. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.
Оқушылар нені үйренеді?
1.Топпен жұмыс істеуді, ойлауды;
2. Пікірлесуді,өзгенің пікірін тыңдауды ;
3. Қалай оқу керектігін ;
4.Ойын еркін жеткізуді, кеңесуді;
5.Сыни тұрғыдан ойлауды, елестетуді, қиялдауды, болжам жасауды үйренеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар береді.
2. Тапсырма берілгеннен соң, белгілі бір уақыт мөлшерін белгілейді.
3. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешімін табу керектігін түсіндіреді.
4. Топта бір-бірінің
пікірін тыңдауға, пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туғызады.
6. Оқушының берген жауабының мағынасына назар аударып, мұқият тыңдайды,бақылайды,зерттейді.
Сыни тұрғысынан ойлаудың тиімділігі:
1. Оқушының сөздік қоры артады ;
2. Өз бетінше,жұппен, топпен жұмыс жасайды ;
3. Білім алуға өзі жауапты екенін сезінеді ;
4. Шапшаң, тез ойлау,сөйлеу қабілеттері шыңдалады ;
5. Өз пікірін білдіріп, оны қорғай білуге үйренеді.
6. Ұяң, көп сөйлемейтін оқушылардың сөйлеу қабілеттері ашылады.

Мұғалім де, оқушы да іздену үстінде жүрсе, білім деңгейі артады. Алдағы уақытта Кембридж бағдарламасындағы әдістерді өзімнің іс-тәжірибемде қолдана отырып, жеті модульді тиімді қолданып, оқушылардың білім алуына бағыт-бағдар беріп, олардың сыни тұрғысынан ойлауына қолдау көрсетемін.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров164
Номер материала ДБ-402340
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх