Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Статьи / Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс -тәсілдерін Қазақстан тарихында қолдану

Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс -тәсілдерін Қазақстан тарихында қолдану

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:



Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға ғана жетелеуге болмайды. Егер біз баланың бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсақ, оның өмірі төзгісіз болады. Ол оқушы ғана емес, ең алдымен сан қырлы қызығушылығы, сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек.

(В.Сухомлинский)

Тарих-мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы біледі. Тәуелсіз демократиялық мемлекетіміздің болашақ тұтқа ұстар ұрпағының білім дәрежесі қандай деңгейде болуы керек екендігі әрбір ұстаздың көңіліндегі түйткіл ой.

Тарих-мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адмгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным-әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу.  Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп. Мен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта өзім сабақ беретін 7-сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіруді жөн санадым. Тарих сабағын оқыта отырып, сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, пікірталас, сынақ, өзіндік жұмыс және тарихи диктант т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет- иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек-сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелігі, күнделікті сабақпен салыстарғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып, жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады.








Тарих сабағында әсіресе тарихи оқиғаларға байланысты, еліміздің тарихында ерекше орын алатын мемлекет қайраткерлеріне (хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ұлттық зиялы қауым өкілдері) байланысты сергіту сәттерін жасау арқылы оқушылардың көңілін сабаққа аудара алсақ, әрі өткен материалдарға шолу жасап алуға да жол ашылады.

Әртүрлі әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Топпен, ұжыммен және өз бетінше жұмыс жасауға жағдай жасау
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:
 

  1. Негізгі ойды суреттеу
    2. Топтастыру
    3. Бес жол өлең
    4. Эссе жазу
    5. Галереяға саяхат
    6. Венн диаграммаcы
    7.Авторға сұрақ қою
    8. Әлемді шарлау
    9.Ой қозғау

 
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір — бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Мұғалім сабақта тек қана көпірше бола алады, қолдаушы, демеу, бағыт беруші болады. Материалды жеңіл тілмен, көрнекіліктер пайдаланып, ситуациялық ойындар, практикалық мысалдармен







ұштастыра өткізілген сабақ оқушының білім сапасын, олардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін жоғарылататынын байқауға болады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой — толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Сабақ үстінде қолданылған әдіс-тәсілдер мен ойындар арқылы оқушылар өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік жасайды. Бұл әдіс-тәсілдер тиімділігі мынадай нәтижелерінен  көрінеді.

  1. Оқушыны басқа адамның рөліне енгізіп, оның ойын сезімін, іс-әрекетін, мақсаты мен мәнін түсінуге көмектеседі.

  2. Оқушының сабақта алған білімі эмоциялық бояулармен, сезімдік әсерлермен қабылданып, тарихи оқиға туралы өзіндік қорытынды жасауына мүмкіндік береді.

  3. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуді, өзара дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді.

  4. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізу мұғалімнің сабақ жоспарын, өтілетін материалдық мазмұнын, жан-жақты ойластыруын, қосымша материалды алдын ала жинақтауды, тарихи тұлғалар рөлін ойнайтын оқушылардың сабаққа дайындалуына дұрыс жетекшілік жасауын талап етеді.

Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы әр балада өзіндік ой пайымдауы, бір-бірімен қарым- қатынас жасаудағы белсенділігі, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас белсенділігінің артқандығын көруге болады.

Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой — пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым – білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек, — деп білім саласына да көп көңіл бөлген.




Түйіндеме

  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012ж. 15 желтоқсан.

  2. А.Ш.Журасова.Тарихты оқыту әдістемесі. Орал 2012

  3. Тәрбие құралы №1, 2013

  4. Қазақ тарихы №6, 2011



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров118
Номер материала ДВ-479647
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх